СҚО әкімі Ұлы Отан соғысының ардагеріне сыйлық тапсырды (ФОТО)

  • 27.08.2014
  • 330 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Ұлы Отан соғысының ардагері Миннигүл Кряжевскихтың үйінде бол, оған гүлдер және шаңсорғыш тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2014 жылғы желтоқсанда Миннигүл Кряжевских 92 жасқа толады. 1941 жылы ол Кеңес армиясының қатарына жазылып, майданға өз еркімен кетті. Оны Мортовая селосында орналасқан Оңтүстік-Батыс майданының Харьков бағытындағы полкіне жіберді. 1942 жылы ол бірінші және екінші Украин майдандарында қызмет етті. Көптен күткен Жеңісті ол Чехословакия жерінде қарсы алды. «Жұрттың бәрі шаттанды, қуанышта шек болған жоқ. Бақыттан көз жасына ерік берді» – деп әңгімелейді Миннигүл Кряжевских.

Батылдығы үшін М.Кряжевских «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік  қызметі үшін», «Сталинград үшін», Германияны жеңгені үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен, ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталды.

Соғыстан кейін ол Петропавлда ЖЭО-2 мекемесінде жұмыс жасады. Бүгінде Миннигүл Хасанованың үш қызы, бес немересі және төрт шөбересі бар. Ардагер әлі ширақ. Ол өзінің ұзақ жасауын салауатты өмір салтын ұстануынан деп біледі.

Бүгінде Петропавл қаласында Ұлы Отан соғысының 178 қатысушысы тұрады.

Алдыңғы «
Келесі »