Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды

  • 26.08.2014
  • 341 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Белгілі өнер жұлдызы әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala батареяларын шығаруды қолға ала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған.

"Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi – Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса…" – деп жазады Қ.Болманов.

Айта кетейік, «Бал-бала» компаниясы қазақша сөйлейтін қуыршақтар өндірумен айналысады. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері – қазақ халық фольклорының кейіпкерлері болса, бір бөлігі жан-жануарлар кейпінде бейнеленген.

Алдыңғы «
Келесі »