Өскеменде «Мектепке жол» акциясы өтті

  • 25.08.2014
  • 318 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Өскеменде Амфитеатр алаңында «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін 60 балаға көмек ретінде  оқушы сөмкесі  ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова жиылғандарға: «Көмекке зәру әр балаға мектепке дайындауға қолдау көрсетеміз. Бастысы,  біздің балаларымыз жақсы оқып, ата-аналары мен мемлекеттің үмітін ақтаса игі», деп атап өтті. Бұдан кейін балалар мен олардың ата-аналарына арнап оқушылар шығармашылығының сарайы ұжымы концерт қойды.   Қуыршақтар балалардың көңілдерін көтерді.

Өскемен тұрғыны, 5 баланың анасы Алмагүл Ахметова көрсетілген көмек үшін алғысын білдіруде. «Балаларды мектепке дайындау өте оңай емес. Бүгінгі шара біз үшін айтарлықтай қолдау болды. Бүгін менің ұлым – №35 мектептің оқушысы Ералы Мұратов  портфельге ие болды. Ол екінші сыныпты тәмамдады, жақсы оқиды, мұғалімдер оны мақтайды. Жазда ол қалалық әкімдіктен ұсынылған демалыс базасына тегін жолдама алды. Барлығына көп рахмет!, – деді  Алмагүл.

Сыйлыққа ие болған балалардың ата-аналары мен қамқоршылары шынайы алғыс сезімдекрін білдірді. «Илья – менің немерем, менің ұлым, әкесінің қаза тапқанына байланысты жәрдемақы алады. Ұйымдастырушыларға, демеушілерге көп рахмет. Балаларға сырттан осындай қолдау көрсету – жақсы дәстүр», – дейді Өскемен тұрғыны Лариса Степанова.

Әкімдіктен бөлек балаларға «Асфарм» ЖШС басшысы Зәуре Көшербаева да сыйлық жасады. Ол «Өскемен қаласы балаларының досы» атағына ие болған.

«Мектепке жол» акциясы әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардан шыққан балаларды мектепке даярлауға айтарлықтау қолдау көрсетті.   Жалпыға бірдей білім беру қорының (136156,0 мың теңге) қаржысы есебінен 3937 балаға көмек көрсетілді, оның ішінде: 3446 бала тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан,  439-ы қамқоршылар қарамағында, 52-сі – мүмкіндігі шектеулі балалар. Сонымен бірге қаланың барлық шағынаудандарындағы мектептерде мерекелік шаралар өтті. Онда әлеуметтік қорғалатын жанұялардан шыққан 59 балаға 590 мың теңге көлеміндегі сомаға сыйлық жасалды.

«Мектепке жол» акциясына демеуші ретінде: «ПРОФИТ» ЖШС, «АЛАМАН» ЖШС, «Асфарм» ЖШС, «Аманат» ЖШС, «Каин» ЖШС, «Арника» ЖШС, «Амбулаториялық орталық» ЖШС, «Илья» ЖШС, «Сорбент» ЖШС, «Медсервис плюс» ЖШС Өскемен қаласы бойынша филиалы,  «Евразия фарм» ЖШС, «Стофарм» ЖШС, «Ромат» Өскемен қаласы бойынша филиалы, «Альянс фарм» ЖШС, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар қатысты.

Шара барысында мектепке қажетті заттар нарықтағыдан төмен бағамен сатылған жәрмеңке өтті, деп хабарлады қала әкімдігінен.

Алдыңғы «
Келесі »