Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің республикалық спартакиадасы өтеді

  • 23.08.2014
  • 336 рет оқылды
  • Пікір жоқ

23-24 тамыз аралығында Конституция күні қарсаңында Астанада орталық мемлекеттік органдардың республикалық спартакиадасы өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік қызметшілер спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынасады. Үстел теннисі, волейбол, жүзу, шағын футбол және бильярд спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады. Спартакиадаға 20-дан аса мемлекеттік органдар қызметшілерінің қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы, салауатты өмір салтын насихаттау.

Спартакиада Астана қаласының заманауи спорт ғимараттарында өтеді.

Алдыңғы «
Келесі »