Астанада 2 қыркүйекте ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

  • 22.08.2014
  • 333 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Өкімі

2013 жылғы 21 тамыз     №65     Астана, Парламент Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының  бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2014 жылғы 2 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің Төрағасы Қ.ЖАҚЫПОВ.

Алдыңғы «
Келесі »