Н.Назарбаев: Жезқазған мен Арқалық жаңаша дамитын болады

  • 22.08.2014
  • 339 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа теміржолдары пайдалануға берілуімен Жезқазған мен Арқалық қалалары жедел дамитын болады, деп мәлім етті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл»  темір жолдарының ашылу салтанатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл» желілері енді өңірдің келбетін танымастай өзгертеді. Бұдан былай Жезқазған көлік тұйығы болмайды. Бұл қаланы дамыту үшін өте маңызды. Арқалық та теміржол тұйығы болмайды. Бұл өңір тұрғындары үшін үлкен бақыт және үлкен оқиға. Енді ол республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта орналасқан, деп атап өтті»,  – Мемлекет басшысы бүгін екі жолды пайдалануға беруді бастай келіп.

Президент жаңа тармақтар қашықтықты, аграрлық және өнеркәсіптік өнімдерді жеткізу мерзімін қысқартатынын атап көрсетті.

«Біз теміржолдармен орасан үлкен еліміздің шығысын, орталығын, батысын, солтүстігін және оңтүстігін берік байланыстырдық. Елдің көлік өндірісінің бірлігі және қалыпты теміржол желісі құрылды. Бұл бизнес үшін, әсіресе өндірістік секторға жаңа тәртіп мүмкіндігі. Біз тасымалдарды оңайлатумен қатар осы жолдар салынған үлкен аймақтың ресурстық базасын айналысқа тартамыз. Оның үстіне қанша адам жұмысқа ие болады», – деп қосты Н.Назарбаев.

Алдыңғы «
Келесі »