Н.Назарбаев Түркияның жаңа сайланған Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

  • 21.08.2014
  • 394 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның жаңа сайланған Президенті  Реджеп Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың төрағалығымен министрліктің басшылық құрамының кезекті жұмыс жиыны өткен.

«26 тамыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеден одағына мүше  мемлекеттер мен Украина басшыларының  отырысына, сонымен бірге тамыз айының соңында Түркияның жаңадан сайланған Президенті Реджеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Алдыңғы «
Келесі »