ҚР Президенті Алматы облысының активіне жаңа әкім Амандық Баталовты таныстырды

  • 20.08.2014
  • 285 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы облысына жұмыс сапарының екінші күні облыс активімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Талдықорғанда Тілдер сарайында жергілікті бизнес құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесу барысында Н. Назарбаев өңірдің 2 млн.-ға жуық адам тұратын республикадағы ірі аймақ ретіндегі айрықша маңызын атап өтті.  Президент сондай-ақ жергілікті аграршылар қолда бар ресурстарды пайдаланбай, жаңа технологияларды енгізумен айналыспай отырғанын атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келіп, Мемлекет басшысы өңірдің жаңа әкімі  Амандық Баталовты таныстырды.

Алдыңғы «
Келесі »