Лондонда Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығы ашылады

  • 20.08.2014
  • 320 рет оқылды
  • Пікір жоқ

26 тамызда Ұлыбританияның Лондон қаласында Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықтың ашылуы – этносаралық толеранттық және қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін танытуға, мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, саяси, сауда-экономикалық және білім беру, мәдени ынтымақтастықтың басым секторларында екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталған.

Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасының депутаты сэр Тони Болдри және британдық инвесторлар, ғалымдар, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде қарым-қатынас жүргізетін компания өкілдері қатысады.

Алдыңғы «
Келесі »