Елбасы туралы киноэпопеяның төртінші фильмі экранға шығады

  • 20.08.2014
  • 438 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған "Елбасы жолы" киноэпопеясының төртінші бөлімі түсіріліп бітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Партком хатшысы" ("Секретарь парткома") деп аталатын фильмде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің партия басшысы ретінде қызмет атқарған өмір жолдары баяндалады.

Төртінші сериядағы оқиғалар өткен ғасырдың 70-ші жылдары өтеді. Сол кезеңде болашақ мемлекет басшысы Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы қызметін атқарған еді. Фильмде сонымен қатар Н.Назарбаевтың отбасына көп көңіл бөлінген.

Түсірілім жұмыстары Қарағанды облысында, Мәскеуде жүргізілген. Фильмге қазақстандық актерлермен қатар, Валентин Гафт, Владимир Стеклов, Ксения Раппопорт, Евгений Сидихин, Евгений Стычкин сынды ресейлік әртістер де қатысты. Жоба режиссері – Рүстем Әбдірашев.

"Партком хатшысы" 2014 жылы желтоқсанда экранға жол тартады деп жоспарланған, деп хабарлайды kinostan.kz.

Алдыңғы «
Келесі »