Ақтау қалалық әкімдігінде жаңа тағайындаулар

  • 19.08.2014
  • 366 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында қала әкімі Е.Жаңбыршиннің өкіміне сәйкес, Ізғалиев Берік Қабылұлы арнайы тексеру өткізгенге дейін Ақтау қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ізғалиев Берік Қабылұлы 15 ақпан 1985 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында дүниеге келген. Соңғы лауазымдық қызметі: Қарақия ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы.

2001-2006 жж. Е.Букетов атындағы ҚарМУ-дың «заңгер» мамандығын оқып, бітірген.

Сонымен қатар, қала әкімінің №01-61 ж/қ санды өкіміне сәйкес, Тулебаева Светлана Дюмбаевна ағымдағы жылдың 13 тамызынан бастап, арнайы тексеру өткізгенге дейін «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

Тулебаева Светлана Дюмбаевна 29 қаңтар 1967 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Жетібай кентінде дүниеге келген.
Соңғы лауазымдық қызметі: Ақтау қалалық «Экономикалық лицей» мемлекеттік мекемесінің директоры.

Алдыңғы «
Келесі »