МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМ – мәртебем

  • 08.02.2012
  • 491 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИЕВ,

Қазақстанның құрметті

журналисі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Тәуелсіздік Алтын күм¬без дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі –Әнұран, үшіншісі – көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.

Егер тәуелсіздік алып, егеменді ел болмағанымызда ен¬ді бір жиырма жылдан кейін қазақ тілі мүлдем құритын еді. Енді міне, қасиетті ана тіліміздің бойына қайтадан қан жүгірте бастадық, оны одан әрі жетілдіре беру- әр қазақтың қасиетті борышы» – деген сөзін тебіренбей оқу мүмкін емес.

Осындай қазақ топырағынан шыққан ғұламаларымыз бен ойшылдарымыздың тіл туралы айтқан даналық сөздері ойға-нәр, бойға – мақтаныш сезімін сыйлайды.

Қасиетті Тәуелсіздігімізге де – 20 жыл. Соңғы жылда¬ры тіл саясаты – мемлекет саясаты, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш болды десем, ар¬тық айтқандық емес.

Осы жылдары Ақтау қаласы ішкі істер басқармасы бас¬шылығы Мемлекеттік тілге айрықша мән беріп, ал-ғашқы жылдары қоғамдық негіздегі әдістемелік топ құрып, топ мүшелерінің жұмысын қатаң бақылауда ұстады. Кейінгі жылдары штат бойынша Мемлекеттік тілді дамыту тобы құрылып, осы топ баспасөз қызметімен біріктіріліп, Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімшесі болып кеңейтіліп қайта құ¬рылды. Бас¬қармада жыл сайын қыркүйек айының бірінші жұлдызынан бастап, мамыр айының соңына дейін, қазақ тілі курсы өз жұмысын барынша нәтижелі жүр¬гі¬зеді. Сонымен қатар, мем¬лекеттік тілде үздік іс жүргізетін қыз¬мет¬керлерімізді моральдық және материалдық тұрғыдан көтермелеу жұмысы да қолға алынған.

Ақтау қалалық «Қазақ тілі» қоғамымен тығыз байланыс жасай отырып қалалық Ішкі істер басқармасы өз қыз¬мет¬керлерінің қазақ тілін меңгеруді одан әрі ұштай түсу, біліктілігін жоғарлату, оқыту сабақтарының әдістерін жетілдіру сол арқылы әр қызметкердің мемлекеттік тіл¬ді білу деңгейін барынша арттыруды не¬гізгі назарда ұстайды.

Басқарманың барлық бөлімдерінде іс қағаздары тек мемлекеттік тілде жүр¬гі¬зіледі. Облыстық ішкі істер департа¬мен¬тімен бірлесіп, тіл мәселесіне қатысты семинар-кеңестер, дөңгелек стөлдер т. б. іс-шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазақ тілінің аясын кеңейтіп, абыройын асқақтату, сондай-ақ, мемлекеттік тілді ер¬кін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында «Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы» атты Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, ана тілін жетік білетін ма¬ман¬дармен бірге, қазақша судай ағып тұрған өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен Маңғыстау облысы ІІД басшылығының ұйымдастыруымен өткен сайыста, Мемле¬кеттік тілді терең меңгерген қырғыз қызы – Ақтау қаласы ІІБ ТАБ инженері полиция кіші лейтенанты Гүлзат Кокоева бас жүлдеге ие болса, молдаван қызы – Ақтау қаласы ІІБ ҚҚБ ЛРеЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Әсель Рошка 2 орын¬ға ие болды.

Міне осындай жетістіктерге қол жет¬кізу біздің басты мақсатымыз бен мін¬детіміз.

Қазақ тілі бөлмесін заманауи техникалармен жабдықтау, сөздіктермен қамтамасыз ету, қазақ тілін оқытудың әдісте¬ме¬сін жетілдіріп, көрнекі құралдарды ұтым¬ды пайдалану сияқты мәселелер күн тәртібінен түскен емес.

Нағыз саналы жеке адам қызметінің мотивтері қоғамдық мақсаттармен ұштас¬тыру, сондай жағдайда ғана оның іс-әре¬кеті қоғамға бағынады, қоғамдық мұқтаждықтарды қажетті дәрежеде қанағаттандыру үшін қызмет етеді.

Басқармада қазақ тілі курсына қатысып жүрген қызметкерлерден, қажетті¬лікті толық түсіну, аттестациялаудан өту, келешекте қызметтік баспалдақтан жоғарылау сияқты мәселелерге баса көңіл бөлу, тілге деген қызығушылықты жылдан жылға арттырып отырғандары байқалады.

Бүгінгі таңда басқармада қазақ тілі курсында дәріс алып, осы курстарды же¬міс¬ті аяқтап, өзінің негізгі лауазымдық жұмыстарын, іс-құжаттарын мемлекеттік тілде дайындауды жүзеге асырып жүрген 17 өзге ұлт өкілдері бар.

Тіліміздің мәртебесін арттыру үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларымыз, рухани байлығымыз – ана тілімізді атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың бір жолы деп санаймыз.

Ал біздің, қоғамның бүгінгі таңдағы ең басты мәселесінің бірі – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап, оның қолдану аясын кеңейту. Сондықтан да елі¬міздің әрбір азаматы ұлты мен нәсіліне қа¬рамастан тіл мәселесін терең түсініп, жауапкершілікпен атсалысуы тиіс.

Алдыңғы «
Келесі »