Мемлекет басшысының Жарлықтары

  • 12.08.2014
  • 254 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды akorda.kz сайты.

Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы  қызметіне тағайындалды.

Алдыңғы «
Келесі »