• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Алматыдағы жаңа ауданды дамытуға 112 млрд. теңге қажет – қаланың бас сәулетшісі Садырбаев Ғабит

Алматыдағы жаңа ауданды дамытуға 112 млрд. теңге қажет – қаланың бас сәулетшісі Садырбаев Ғабит

  • 11.08.2014
  • 409 рет оқылды
  • 1

Алматыда жаңадан ашылған Наурызбай ауданын дамытуға алғашқы есеп бойынша 112 млрд. теңге қажет. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Садырбаев Ғабит айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа аудан бойынша әзірге қаржылық жоспарлау жұмыстары жасалып жатыр. Біздің есебімізге сәйкес жаңа қосылған елді мекендердің жолын салу, су, электр, газ кіргізіп, мектеп салу жұмыстары 112 млрд теңгені талап етеді», – деді Ғ.Садырбаев.

Бас сәулетшісінің айтуынша, қазіргі таңда қаланың бас жоспары қаралып жатыр. 2015 жылдың соңына қарай жоспар толығымен бекітіледі. 80 мың га территорияға лайықталған бас жоспар қаланың үш бағытта дамуын қамтамасыз етеді.

«Қала, солтүстік, батыс, шығыс бағытта дамитын болады. Әсіресе, батыс бағытты дамытуға ауқымды қаржы кетпек. 23 мың га жерді игеру оңай емес. Нысандардың барлығы біріккен жоспарсыз құрақ сияқты әр учаскелерде салынған. Ешқандай мәдени, әлеуметтік нысандар салынбаған. Енді Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен жыл сайын мұнда 5 мектеп, 5 балабақша, 1 аурухана салынатын болады», – деді ол.

Қаланың жаңа бас жоспары келесі жылы қала құрылысы кеңесінде бекітілетін болады.

 
 
Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Жаңа ауданның кескін-келбеті, бейнесі заман талабына сай болуы тиіс. Бұл өзі иесіз жатқан жер. Құрылыс бей-берекет салынған. Бәрін осы бастан ретке келтіру қажет. Нашар, ескі үйлерді бұзып, көшені, ауланы осы бастан дұрыстап салуға назар аудару керек. Мәдени-әлеуметтік және басқа нысандардың құрылысын салу кезінде тынығу алаңдарына да баса көңіл аударған жөн. Қып-қысқа, шолақ, тұйық көшелер көбейіп кетті. Оған жол берілмесін.Емдеу орны жоқ. Жедел жәрдем нысаны да қарастырылғаны дұрыс. Балалардың ойын алаңына мән берілмей отыр. Жүйесіз салынған, көшені қақ ортасынан бөліп жатқан жеке тұрғын үйлер кімге қажет? Осы мәселелерді шешу – уақыт талабы.

Пікірлерге тыйым салынады.