Елбасының бұл реформасы көп ұзамай өзінің жемісін береді – Сайын Борбасов, саясаттанушы

  • 08.08.2014
  • 687 рет оқылды
  • 1

"Қандай да болсын, әкімшілік реформалардың барлығы еңбек өнімділігін арттыру үшін жасалады". Саясаттанушы Сайын Борбасовтың осындай пікірі «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бүгінгі санында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Рас, бізде кез келген салада басы артық құрылымдар көп. Солардың көбі нақты ешқандай тірлікпен айналысып жатқан жоқ.

Былайша айтқанда, «дайын асқа – тік қасық» болып отырған «арамтамақ». Елбасы дұрыс айтады, бір бөлмеде он адам отырса, соның екеуі тырмысып жұмыс істейді де, қалған сегізі сол екеуінің арқасында күн көреді. Бұлай болуға тиіс емес. Жұмыс орнында тек білікті мамандар отырғаны жөн.

Осының бәрін таразыға салған Президент дұрыс қадам жасады. Басы артық дүниені қысқарта отырып, қаншама қаржыны үнемдеуге, тек кәсіпқой мамандарды қалдыра отырып, жұмыс қарқынын арттыруға болатынын көрсетті.

Бұл реформа көп ұзамай өзінің жемісін береді деп ойлаймын, – дейді саясаттанушы өз сөзінде.

 
 
Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Молдағалиұлы Сайын Борбасов мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісем,”тік қасық”біреудің арқасында қүн көріп, соның атын жамылатындар аз емес. Президент жасаған кадамның сәтті болғанын менде қалаймын.Іскер маман еңбегі жанса екен.

Пікірлерге тыйым салынады.