Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

  • 07.08.2014
  • 331 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен – бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын басқару, ормандар, жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнер­кә­сіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалып­тас­тыру және дамыту саласындағы функциялар мен өкілет­тік­тер­ді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар минис­тр­лі­гінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйым­дастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оған:
бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өк­і­лет­тіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экономика және бюд­жет­тік жоспарлау министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік);
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінен – мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, оған:
электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің;
мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағ­дайлар министрлігінен – өнеркәсіптік қауіп­сіздік саласындағы;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агент­тігінің функциялары мен өкілеттіктері бері­ле отырып;
4) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы;
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – таби­ғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пай­да­ла­нылуын бақылау және қадағалау, қатты тұр­мыстық қалдықтарды кәдеге жарату, жаңар­тылатын энергия көздерін дамыту сала­сындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, «жасыл экономиканы» дамы­тудың мемлекеттік саясатын бақылау сала­сындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;
5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігінің функ­ция­лары мен өкілеттіктері беріле отырып құ­рылсын.
3. Мыналар:
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
Қазақстан Республикасы Мәдениет минис­тр­лігі;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағ­дайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Статистика агент­тігі;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қор­ғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі;
Қазақстан Республикасы Дін істері агент­тігі;
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі таратылсын.
4. Мыналар:
1) жаңадан құрылған және қайта ұйым­дас­тырылған мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес тара­ты­латын мемлекеттік органдардың құқық­тары мен міндеттемелерінің құқықтық мирас­қорлары;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нис­трінің екі орынбасары болады деп белгі­ленсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта ұйым­дастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
2) қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын мемлекеттік органдардың сабақтас салаларын кешенді реттеуді;
3) осы Жарлықта көзделген реформа жүргізілетін кезеңде орталық атқарушы органдар жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін;
4) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін Үкімет пен ми­нистрліктер, министрліктер мен жергі­лікті атқарушы органдар арасындағы құзы­рет­терді нақты бөлуді қамтамасыз ету, министр­лердің дербестігін арттыру жөнінде Қазақстан Рес­публикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нистрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Ми­нистрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Инвести­ция­лар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруа­шылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы ми­нистрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет ми­нистрлігі.».
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­шілігіне жүктелсін.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз. № 875

 
 
Алдыңғы «
Келесі »