Жанқожа батырдың мерейтойы қазан айында өтеді

  • 21.07.2014
  • 555 рет оқылды
  • 1

Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы алдағы 10-12 қазан күндері  Қазалы ауданында өтетін болып белгіленді. Бұл туралы BAQ.KZ ақпараттық порталы хабарлады.

Облыс орталығында ғылыми-танымдық конференция өткізіліп, баба рухына ас берілетін болады.
«Мерейтойды жоғары деңгейде өткізу біздің басты мақсатымыз. Бұл елдігімізге сын – халықтық іс. Көпшіліктің қолдауы қажет.
Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталық сөз бар. Яғни, бабамыздың ерлігі мен өмір жолын жас ұрпаққа насихаттап, оларды отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу баршамыздың азаматтық парызымыз.
Осы мақсатта, Жанқожа бабамыздың 240 жылдығы аясында өткізілетін шаралардың қоғамға маңыздылығын ескере отырып, баршаңыздың атсалысатындарыңызға сенім білдіремін, — дейді аудан әкімі, комиссия төрағасы Бахыт Жаханов.
Қазалыда Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдығын атап өту жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының отырысы болып өтті.
Атаулы жыл аясында мерейтойлық шараларды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы ұйымдастыру комиссиясы құрылды.

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Аруақыт бабалардың рухын аспандатып, келер ұрпаққа таныту бүгінгі тірілердің бойындағы азаматтық парыз деп білемін. Істеріңіз берекелі болсын. Алла жар болсынІ

Пікірлерге тыйым салынады.