Сықақшы Толымбек ӘЛІМБЕК- ҰЛЫНЫҢ әзіл-оспақ беті

  • 15.07.2014
  • 548 рет оқылды
  • Пікір жоқ

     ттҚОЙМАДЫҢДАР ҒОЙ…
– Бәке, қиналмаңыз,
Бәріміз де осы үшін жиналғанбыз.
Жер басып жүрген
Біз секілді пенделер үшін.
Сіздің үйдегі алтын басты жеңгелер үшін 
Сілтеп жіберіңіз!
– Болмайды, жігіттер, болмайды. 
Түсінсеңдерші мән-жайды.
– Ештеңе етпес,
Тартылмас дәл осыдан сіңіріңіз, 


Көзді жұмып, жүз грамм сіміріңіз!
– Қойғанмын…
– Қашаннан?
– Жарты ай болды қоштасып, 
Көзіме ыстық жас алғам. 
Қазір өзі түгіл аузыма
Ол бәленің атын алмаймын. 
Керек десең,
Бір грамм да татып алмаймын.
– Бәке-ау, арақ деген су емес. 
Дегенмен нешауа 
Өзіміз-ақ ішеміз. 
Көнбесеңіз не шара?
– Ой, жігіттер-ай,
Ойнамайтын жерде ойнадыңдар ғой. 
Қойып кетіп ем, қоймадыңдар ғой!

Күйеудің жыры
Әнге салып жайдары «Жайдарманға»,
Жеңіс күйін шертетін майдандарда.
Күйеу болғым келеді күйеу болғым,
Күйеулерін сыйлайтын «Пайғамбарға».

«Пайғамбардың» мұңы
«Жауды күту шарт емес тыстан бүгін»,
Деп жанымды мүжіп жүр мыстан-мұңым.
«Пайғамбар» боп күйеуді сыйласаң да
Жасайды екен бәрібір дұшпандығын.

АҚША
«Ақша! Ақша! Ақша!» деп,
Салмақ түсті басқа көп.
Сол салмақ төмен түсіп,
Бауыр ісіп,
Бүйректі құм басып,
Өкпе қабынып,
Соқырішек жарылып,
Жүйке тозып,
«Жыны» қозып,
Әбігерге түсіп бітті,
Денсаулықты құртты.
Сол денсаулықты жөндеймін деп,
Жуық арада өлмеймін деп,
Құмды уатамын деп,
Мұңды жұбатамын деп,
Соқырішекті алдырамын деп,
Жүйкені орнына келтіріп ап,
Ұйқыны қандырамын деп,
Едірейтіп мұртты,
Бар жиған ақшасын құртты.
Ой, оңбаған ақша,
Қажытты-ау жұртты!

Пародия
ҰЛЫ АҚЫНДЫ ТАСТАП 
КЕТПЕ – ҰЯТ ҚОЙ…

Бұл өмірдің өлшеп-пішіп парқын да, 
Көлеңкемсің, қалма ізімнен, тартынба. 
Күн шуаққа қарап тұрдым шомылып, 
Ал сен болсаң құлап жаттың артымда.
Қолым жетпей қиял ұзап жеткенмен, 
Ауыл аттап, арман сапар шеккенмен 
Сен жанымнан кетпей қойдың, 
                   Көлеңкем, 
Талай достар мені macman кеткенмен.

«Көлеңкемен сырласу» 
Шөмішбай САРИЕВ 

Шаруаң қанша бұл өмірдің парқында, 
Ей, Көлеңкем, қалшы осы қалпыңда. 
Бойыммен де, ойыммен де бірге боп, 
Салпаң қағып жүре берші артымда.
Өлеңді ойлап, кез болған жоқ көз ілген, 
Өлең – бота, мен – жанашыр, бозінген. 
Ей, Көлеңкем, жүр артымда салпақтап, 
Қара басып, озып кетпе өзімнен.
Ей, Көлеңкем, сенен іздеп баспана, 
Қырау түсті мына бұйра шашқа да. 
Күн ашықта кей достардай жалт 
                         берген 
Мені тастап, кетіп қалма басқаға!
Қиын екен табылмаса шуақты ой, 
Ал табылса, ақынға да қуат қой. 
Шөмішбайдың көлеңкесі, құлақ сал, 
Тастап кетсең ұлы ақынды – ұят қой!

Әзімбекке әзіл

Әзімбек Жанқұлиевтің айтыста аты дүрілдеп тұрған кезі. Республика сарайын­дағы кезекті айтыста Әзімбектің артынан Жамбыл қаласынан екі бірдей қыз іздеп келеді. Бірі үйленейін деп жүрген болашақ жары, екіншісінің де Әзімбекке бір қатысы бар. Тіпті сахнаға шығып, ел алдында Әзімбек жайлы жайсыз әңгіме де айтпақшы. Қастарына омырауына орден, медаль таққан қария еңбек ардагері де бар. Солардың алдын алу үшін Толымбек пен Алтынбек Қоразбаев үлкен еңбек сіңіреді. Келіп қалған қауіптің бұлтын сейілтеді. Дегенмен осының барлығының қатты әсерінен Әзімбек орынға да ие болмай қалады. Шу басылғанда Толымбек ақын інісіне әуенімен мынадай әзіл тастайды:
Әзімбек келіп қапсың, ахау, қырды                           асып-ай,
Бір қатын аз болды ма бір басыңа-ай?
Қос қатын Алматыға іздеп кепті
Әкеңнің құны бар ма ұрғашыда-ай?

Алдыңғы «
Келесі »