«Қазақ газеттерінің » 15 жылдығы аясында өтетін Шахмат турниріне шақырамыз!

  • 08.07.2014
  • 401 рет оқылды
  • Пікір жоқ

«Қазақ газеттерінің» 15 жылдығына орай, «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының жүлдесі үшін журналистер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі шахмат турнирі 11 шілде күні , сағат 10- да басталады. Биылғы турнир шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Жансая Әбдімәліктің Алматы қаласындағы шахмат академиясында өтеді. Академия Сәтбаев пен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан, ғимараттың аула жағынан кіреді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шахмат турниріне біздің сайт арқылы және телефонмен хабарласып, алдын ала жазылуға болады. Әзірге барлығы 26 адам тіркелді. Шахмат турниріне қатысушылардың тізімі: «Тенгри» журналынан- Т.Әбдрахимов, Би-ньюс порталынан -Н.Рамазанова, «Заң» газетінен- Б.Әшірбаев, О.Сахидәулетұлы, Қаз ҰТУ-дан- Д.Кұмар,Б.Кәкімұлы,С.Рахымбеков,Т.Бегімов, «Қазақ спорты» газетінен-З.Жекейұлы, «Казахстанская правда» газетінен- В.Масин, ардагерлер Ғ.Тәшімбай,  Ж.Әнесұлы, «Ақиқат» журналынан А.Әлім,   Ә.Бәкіров, « На страже» газетінен Т.Жалмұхамед, Қазақ радиосынан А.Жоламанов,«Қазақ газеттерінен» Ф.Нәлібаев, «Ұйғыр авази» газетінен И.Баратов, «Экономика» газетінен А.Шопан, «Ана тілі» газетінен Н.Құмар, Б.Нәлібаев, «Дала мен қаладан» А.Беков. Тіркеу әлі де жалғасуда, шахмат турниріне қатысамын деушілерге есік ашық.

Биылғы шахмат турнирінің бас демеушісі- Тұңғыш Президент қорының білім беру қоры. Жеңімпаздарға ноутбук, диктофон сияқты бағалы сыйлықтарымыз бар. Егемен еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істейтін барлық әріптестерімізді жақсы жаңалықтан құр қалмауға, ақылдылардың ойынында бақ сынауға шақырамыз!

Ұйымдастыру алқасы

Алдыңғы «
Келесі »