ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ИДЕЯСЫНАН – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ кемелденген көкжиегіне

  • 23.06.2014
  • 716 рет оқылды
  • 2

Қазақстан Республикасының  Прези­денті  Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 28 сәуір күні М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзі

Мен университет ұжымын соңғы он­жылдықтарда ММУ-де жүзеге асқан ора­сан өзгерістермен құттықтаймын.
Мені университеттің Құрметті про­фессоры ретінде сіздердің ғылы­ми жеңіс­теріңіз, әлем­дік ғылым мен бі­лім беру­дегі шептеріңізді ны­ғайт­­қан­да­­рыңыз қуан­тады.


Мен осыдан 14 жыл бұрын Владимир Путин Астанада М.В.Ломоносов атын­­дағы ММУ-дің филиалын ашу туралы идеям­ды қолдағанына терең қанағат се­зіміндемін.
Осы жылы Астанадағы филиал өзінің мыңыншы тәлімгеріне диплом тапсырып үлгереді.
Бұл – айтулы оқиға!
Бүгінде ММУ дипломы бар мамандар Қазақстанның экономикасында, ғы­лымында және басқа да бағыттарда та­бысты жұмыс істеп жүр.
Сондықтан ММУ-дің қазақстандық фи­ли­а­лының қалыптасуына қатысқан­дардың бәріне ризашылығымды білдіремін. 
Қымбатты достар!
Жиырма жыл бұрын ММУ қабырға­сында мен алғаш рет жаңа интеграция­лық бірлестік – Еуразиялық экономика­лық одақ құру туралы идеяны ұсындым.
Оның тұжырымдамасы біздің елде­ріміздің барлық азаматтарына бірдей жақын және түсінікті шындыққа не­гізделді.
Ортақ тарих, өзара экономикалық тар­тымдылық, мәдениеттердің тығыз өзара бай­ланысы мен адамдардың жақындасуға ұм­тылысы біздің халық­тарымызға көпқырлы мемлекетаралық байланыстардың жаңа үлгісін құруға мүмкіндік береді.
Мен Еуразиялық Одақ тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағи­даттары мен әр қатысушы елдің праг­матикалық мүмкіндіктерін есепке алған­да ғана мүмкін деген ұстанымда болып кел­дім және соның берік жақтаушысы болып қала беремін.
Бұл бастама қазір Еуразиялық ин­теграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналды.
Біріншіден, сол уақыттағы ТМД-дағы көптеген саясаткерлер үшін түсініксіз және лайықты бағаланбаған менің идеям бүгін іскер топтарда және қоғамдық-гу­манитарлық деңгейде кең қажеттілікке айналды.
Еуразиялық интеграцияны нәрлен­діре­тін  көптеген бірлескен алаңдар пайда болды және жемісті жұмыс істеп тұр.
Бұл – Еуразия Даму банкі, Еуразия Іскер­лік кеңесі, Еуразиялық Медиафорум, Еуразия университеттерінің ас­социациясы және тағы басқалар.
18 жыл бұрын Астанада біз алғаш ашқан нысандардың бірі Лев Николае­вич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бол­ды.
Бүгінде бұл – Орталық Азиядағы жетекші ЖОО.
Лев Николаевич Гумилев Ресей мем­лекетінің еуразиялық жолының тағдыр­шеш­тілігін алдын ала білген көреген орыс интеллектуалдарының бірі болып табылады.
Бұған аса көрнекті ойшылдар К.Леон­тьевтің, Д. Данилевский мен басқа да көптеген ғалымдардың еңбектері айғақ бола алады.
Бұл туралы Ресейдің тарихы, геогра­фиясы, мәдениеті, экономикасы да айтады.
Бүгінде «еуразиялық интеграция» тү­сінігі саясаткерлер, экономистер, жур­налистер мен қоғамдық орта белсенді пайдаланып жүрген бренд болып отыр.
Екіншіден, қазіргі заманғы еуразиялық бастама ешқашан шындықтан алшақ болмағанын ерекше атап көрсеткім келеді.
Бірінші кезекте, ол тәуелсіздік пен сая­си егемендік интеграциялық үдеріске қа­тысушы барлық мемлекеттер үшін ба­сымдыққа ие екенін әркез есепке алып келді.
Сонымен бір мезгілде, оның мәні әуелден Қазақстанның, Ресейдің, Бе­ларусь­тің, сондай-ақ Еуразия кеңіс­тігіндегі бас­қа да елдердің қарапайым азаматтарының мүдделері туралы шы­найы қамқорлықта жатқан еді.
1998 жылы мен «Қарапайым адам­дар­ға қарай қарапайым жиырма қадам» бағдар­ламасын ұсындым.
Осы жылдар ішінде оның барлық не­гіз­гі ережелері іс жүзінде орындалды.
Кеден одағы мемлекеттері арасын­да­ғы бірлескен шекаралар біздің елдері­міз­дің азаматтары кедергісіз кесіп өту үшін, жүктер мен тауарлар, валюта қаржы­ла­рын алып өту үшін мөлдір болды.
2009 жылдан бері Қазақстанның Еуразия­лық экономикалық кеңістік және Кеден одағы әріптестерімен тауар айналымы 88 пайызға артып, 24,2 мил­лиард долларға жетті.
Біздің Ресей мен Беларуське экспор­тымыз 63 пайызға өсті, оның ішінде өң­делген тауарларды шығару 2 есеге ұлғайды.
Біз ресейлік және беларусьтік ком­пания­лармен бірлескен кәсіпорындар ашудамыз.
Біздің елдерімізде жоғары, орта жә­не кәсіптік білім туралы дипломдарды өзара тану туралы келісім жұмыс істейді.
Жыл сайын Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің, сондай-ақ басқа да бірқатар ТМД елдерінің ондаған мың азаматтары біздің мемлекеттеріміздің ЖОО-ларында оқуға, еңбекке орналасу­ға және жедел медициналық көмек алуға теңдей құқықтарды пайдаланады.
Бір мемлекеттің азаматтарының бас­қа қатысушы елдің аумағында шағын және орта бизнес жүргізу үшін жағдай­лар кеңейіп келеді.
Еуразиялық интеграция мәдени-гума­нитарлық байланыстарды, туризмді же­місті дамыту үшін көптеген басымдық­тар береді.
Осының барлығы – миллиондаған адамдар үшін нақты тиімділік.
Және бүгінде осының барлығы бол­мауы ықтимал екенін елестетудің өзі мүмкін емес.
Үшіншіден, еуразиялық бастама бү­кіл ТМД кеңістігінде интеграциялық үде­рістердің сипатын өзгертіп, серпінділік берді.
Осылайша Ұжымдық қауіпсіздік ту­­ра­лы шарт ұйымы құрылды.
2000 жылы Еуразиялық экономи­ка­лық қоғамдастық бекітілді.
Тұтастай алғанда, Тәуелсіз Мемлекет­тер Достастығының қызметі мен оның құры­лымдық буындары нақтырақ бола түсті.
Оның шеңберінде 40-қа жуық сала­лық мемлекетаралық органдар жұмыс істейді.
Төртіншіден, ХХ және ХХІ ғасырлар­дың тоғысында еуразиялық бастамасы халық­аралық қатынастарға, оның ішінде оның алғашқы кезіндегі географиялық алаңынан тыс жерлерге де айтарлықтай ықпал етті.
Арқаулық еуразиялық қағидаттар Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруда және қызметінде қолданылды.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте де осындай праг­матикалық негіздегі үдеріс 20 жыл­дан астам уақыттан бері табысты жүргі­зіліп келеді.
2010 жылы ЕҚЫҰ-ның Астана сам­митінде мен Еуразиядағы қауіпсіздіктің ортақ құр­лықтық тұғырнамасын қа­лып­тастыру бойынша жұмысты бас­тауды ұсындым.
Сенім, тең құқықтылық және өзара тиім­ділік қағидаттарына негізделген ол еуропалық және азиялық өлшемдерді қоса алған болар еді.
Бұл ұстаным ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіз­дік қоғамдастығы жолында» деп аталған Астана декларациясында көрініс тапты.
Бесіншіден, еуразиялық идеясы қазір, ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы­ның ортасында нақты геоэкономикалық жә­не геосаяси сұлбаға ие болып келеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия табысты жұмыс істеп тұр.
Қазақстан, Беларусь және Ресей Бір­тұтас Кеден кодексін қолданып, өздері­нің макро­экономикалық саясаттарын үйлестіріп отыр.
Еуразиялық экономикалық одақ құру идея­сының 20 жылдығында Астанада осы интеграциялық бірлестік құру ту­ралы тарихи шартқа қол қойылуы жос­парлануының нышандық мәні бар.
Одақ жұмысына қатысуға бірқа­­тар басқа да елдер қызығушылық танытып отыр.
Еуразиялық интеграцияның эконо­микалық әлеуеті өте жоғары.
Тек қатысушы үш ел экономика­сы­ның жиынтық көлемі 2,2 триллион дол­ларды құ­райды.
Үш ел шығарған өнеркәсіп өнімі­нің жалпы көлемі 1,5 триллион АҚШ долларына жуықтады.
Жиынтық ІЖӨ-нің өсімі түріндегі инте­грациялық тиімділіктің перспекти­васы 2030 жылға қарай шамамен 900 миллиард долларды құрай алады.
Осылайша еуразиялық интеграция бізге келе жатқан Үшінші жаһандық ин­дустриялық революция алдында ортақ стратегиялық басымдықты қамтамасыз етеді.
Ол әлемдік құрылыс парадигмасының көпқырлылық жағына қарай ауысуы дра­малық актісі жағдайында жүріп  жа­тыр.
Қазіргі жаһандық тұрақсыздық – бұл тек экономиканың ғана емес, сондай-ақ халықаралық құқықтың, жаһандық саясаттың дағдарысы.
Олардың алдында G-8 және G-20 дәрмен­сіз­дік танытуда.
Нақ сондықтан 2012 жылы мен G-GLOBAL бастамасын ілгерілеттім.
Оған 160 ел интерактивті қатысуда.
G-GLOBAL әлемнің ХХІ ғасырдағы іргелі қағидаттарын: эволюцияны, әді­леттілікті, теңдікті, консенсусты; жа­һан­­дық толеранттылық пен сенімді; жа­­һандық транс­паренттілікті; конструк­тив­ті көп­қыр­лылықты қамтиды.
Мен егер халықаралық құқықта, сыртқы саяси практикада, мемлекетаралық қаты­настар тәсілінде түбегейлі өзгерістер жүре­тін болса, онда қазіргі жаһандық сын-қа­терлер еңсерілетін болады деп есептеймін.
Сондықтан біздің G-GLOBAL қағи­дат­­тары туралы ұсыныстарымыз әлемдік қо­­ғам­дастыққа бүгінде қай кездегіден де пай­далы.
Мен олардың әлемнің дамуына кон­струк­тивті сипат беруге қабілетті екеніне сенімдімін.
Тұтастай алғанда, бүгін біз еуразиялық интеграциялық үдерістің орасан зор оң рөлі мен нақты нәтижелерін көріп отырмыз.
Интеграцияны одан әрі тереңдету – бұл тек жаңа мүмкіндіктер ғана емес, біздің мемлекеттеріміздің қазіргі және болашақ буын азаматтарының алдындағы ортақ па­ры­зымыз.
Қымбатты достар!
Жиырма жыл бұрын мен Еуразиялық экономикалық одақ құруға апаратын ин­теграциялық үдерістердің ядросын нақ Қа­зақстан мен Ресей құрауы тиістігін айтқан болатынмын.
ХХІ ғасырдың басында еуразиялық ин­те­грациялық дамудың жаңа серпін алға­нында Владимир Путиннің маңызды рөлін атап өту қажет.
2010 жылы оны Дмитрий Медведев қол­дады.
Қазақстан мен Ресейдің қатынасы әркез әріптестіктің үлгі тұтар мысалы болып кел­ді және болып қалып отыр.
Өткен 2013 жыл біздің елдеріміз үшін серпінді жыл болды.
Екатеринбургте ХХІ ғасырдағы ізгі көр­шілестік және одақтастық туралы ғаламат шартқа қол қойылды.
Бүгінде біздің елдеріміз сенімді негізде өзара іс-қимыл танытпайтын сала іс жү­зін­де жоқ.
Өнеркәсіптік кооперация үдерісі, оның ішінде өңіраралық деңгейде де, жүріп жа­тыр.
Энергетикалық әріптестік, ғарыш сала­сындағы ынтымақтастық табысты дамып келеді, мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл кеңейе түсуде.
Ресей – Қазақстанның аса ірі сауда әріп­тесі.
Өткен жылы біздің елдеріміздің арасын­дағы тауар айналымы 24 миллиард дол­лар­ды құрады.
Бұл – біздің қарым-қатынасымыздың барлық тарихындағы рекордты көрсеткіш.
Ол көп жағдайда Кеден одағы мен Бір­тұтас экономикалық кеңістіктің арқасында мүмкін болды.
Жалпы, өткен жыл біздің экономика­ла­рымыз үшін оңай жыл болған жоқ.
Өткен жылдың соңында Әскери-техни­калық ынтымақтастық туралы екіжақты шарт жасалды.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бір­тұтас жүйесі жұмыс істейді.
Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мә­селелерінде біз Ресеймен халықаралық ұйым­­дар аясында тығыз өзара іс-қимыл танытудамыз.
Сенім, тең құқықтылық, өзара тиімді ынтымақтастық пен одақтастық – бұл біз ұрпақтан-ұрпаққа әрі қарай да беруге міндетті болып табылатын қазақстандықтар мен ресейліктердің ортақ құндылықтары.
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Әлем әлі де толықтай айыға қоймаған жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс планетаның түрлі ареалдарының өңірлену үдерісін жеделдетті.
Ол Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Парсы шығанағы субөңірі мен араб-мұсылман әлемінде, Австралия мен Океанияда, Батыс Африкада жүріп жатыр.
Біз мемлекетаралық экономикалық-қар­жылық қатынастарда ортақ алго­ритм­дерге ие ірі өңірлік жүйелер қалай қалып­тасуда екенін көріп отырмыз.
ХХІ ғасырда өңірлік интеграция түрлі жа­һандық тәуекелдерге қарсы тұруда ма­ңызды фактор болатыны айдан анық.
Қазір, жалпыға ортақ жаһандану жағ­дайында, бұл – мемлекеттердің экономи­калық және өркениетті дамуын­дағы, олар­дың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру­да­ғы түбегейлі мәселе.
Бүгін, Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтқанда, сарапшылар мен сая­сат­керлердің бәзбіреулері әлемдік қоғамдық пікірді Кеңес Одағының мифтік «реинкар­нациясымен» қорқытады.
Мұндай пікірлер шындықтан алыс жа­тыр және негізсіз деп есептеймін.
Біріншіден, бүгін кеңестік үлгі бойынша реинтеграция үшін, тіпті институттық база да жоқ.
Барлығы түп-тұқиянымен тарих қой­науына кеткен.
Екіншіден, посткеңестік кеңістік ха­лық­тары өздерінің жеке мемлекеттілігін құрды.
Үшіншіден, меншіктің қазіргі жүйесі, біз­дің қоғамдарымыздың әлеуметтік құ­ры­лымы мен экономикалық қалпы кеңестік архаикадан тым алысқа ұзап кетті.
Және мұнда біз Ресей және Беларусь басшылығымен бір пікірдеміз.
Алайда, қазіргі дүниеде жүзеге асырылып жатқан бірнеше өңірлік интеграциялық жобалар бар екенін байқамау да қиын.
Бірақ олардың бірде-бірі қалыптас­ты­рылып жатқан Еуразиялық экономикалық одақ сияқты біржақты бағалауларға ие емес.
Ашық айтайын, мұндай теріс бағалау­лардан мен, бір жағынан, Еуразиялық эко­номикалық одақ жаһандық экономикалық гравитацияда басқа орталықтарға айтар­лықтай күшті бәсекелес болатындай әле­ует­ке ие деген қауіпті бүркемелеу әрекетін көремін.
Іс жүзінде, құқық тілімен айтқанда, әң­гіме біздің жаңа интеграциялық бірлес­тігіміздің қалыптасу кезеңінде-ақ жаһан­дық ауқымдағы әділетсіз бәсеке әдіс-тәсілі ту­ралы болып отыр.
Неліктен олар Еуропалық және Еуразия­лық экономикалық одақтардың орасан зор жақындасу перспективалары туралы айт­пайды?
Бұл жерде пайда әркімге де айқын.
Екінші жағынан, түрлі ақылға қон­бай­тын әңгімелер ағыны еуразиялық интегра­цияның әлеуеті мен перспективаларын тек нақтылай түседі.
Жиырма жыл бұрын, Еуразиялық Одақ жобасын ұсына отырып, мен экономика­лық прагматика оның табыстылығын айқын­­­дайтынын алдын ала болжаған едім.
Қашанда «Әуелі – экономика, сосын саясат» белгілі формуласының шынайы жақтаушысы болдым және болып қалып келемін.
Бұл қағидат біздің еліміздің ішкі де, сыртқы да саясатына теңдей тарап, жалпыға ортақ сипатқа ие болып отыр.
Мұндай қадам Қазақстан дамуының барлық саласында – экономикалық ре­формалардан халықаралық аренада әріп­тестермен прагматикалық қатынастар қа­лыптастыруға дейінгі экономикалық ре­фор­малардың дәйектілігін қамтамасыз етті.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бас­тап біздің еліміз бұралаңсыз және түсініксіз қимылдарсыз, әлеуметтік сілкіністерсіз және ішкі жанжалдарсыз дамып келеді.
Біз қашанда лайықты әріптес болып қа­лудамыз, флюгер секілді өзіміздің сыртқы саяси басымдықтарымызды ауыстыр­май­мыз.
Ашығын айтқанда, ТМД-ның көптеген елдеріне осындай кешенді саясат түзіп, осындай тұрақты дамуға қол жеткізу мүмкін болмады.
Бүгін, бүкіл дүниежүзі Украина туралы айтып жатқанда, мен де бұл мәселені айна­лып өте алмаймын.
Сіздер менің Украинада оқыға­нымды, украин халқының тағдырына бей-жай қа­рай алмайтынымды білесіздер.
Мен осы елде болған сілкіністерді жүре­гім қан жылай отырып қабылдаймын.
Украина бұрынғы Одақта өзінің өнеркә­сіптік әлеуеті, индустриялық базасы бо­йын­ша екінші болатын.
Ол өз бетінше сенімді даму үшін басқа бар­лық республикаларға қарағанда ал­ғашқы мүмкіндіктері айтарлықтай көп ел еді.
Алайда тәуелсіздіктің екі он жылында бұл елде экономикамен және қарапайым адам­дардың әл-ауқатымен айналысқандар аз болды, есесіне саясатпен көп әуестенді.
Қазіргі Украина дағдарысының басты себебін осыдан көремін.
Біз бауырлас украин халқына тұрақты­лықты, келісім мен бірлікті жедел қалпына келтіруді тілейміз. 
Қандай жағдайда да Украинаға біздің елдерімізбен сауда қатынасы тиімді.
Мұны естен шығармау керек.
Мемлекеттің интеграцияға қатысуы ұлт­тық экономиканы индустриялан­дыру, адам­дарды жұмыспен қамту, бизнесті да­мы­туға оңтайлы жағдай жасау үшін ын­таландырушы қызметін атқаруы тиіс.
Халықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін, бірінші кезекте, тиын-тебен үшін жат жұртта емес, өз елінде адам­дарға адал да әділетті еңбек ету үшін жаңа мүмкіндіктер беретін интеграция ғана та­бысты болады.
Экономика мен азаматтардың әл-ауқаты мәселелері Қазақстанның еуразиялық ин­те­грацияға қатысуы тұрғысынан басым­дық­қа ие.
Біз болашақта Еуразиялық экономи­ка­лық одақтан еліміздің инновациялық сер­пінділігі мен жедел дамуы үшін орасан мүмкіндіктер көреміз.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда да­му­дың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жаңа стра­тегиясы жүзеге асырылып жатыр.
Біз «Қазақстан – 2030» стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырдық және ен­ді өз алдымызға жаңа – ХХІ ғасырдың ор­тасына қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналу мақсатын қойдық. 
Біз бұл мақсатқа жалпы еуразиялық гео­эко­номикалық кеңістіктің егемен және лайықты бөлігі ретінде қол жеткізбек ниет­теміз. 
Біздің Еуразиялық экономикалық одақ бойынша әріптестерімізге жоғары меже – 2050 жылға қарай әлемдегі интеграциялық бірлестіктер көшбасшыларының алғашқы үштігіне ену межесін қоюды ұсынамын. 
Бұл жерде Ресей экономикасының рөлі өте маңызды.
Сондықтан біздің бірлестіктің дамуы эко­номикалық прагматизм; теңдік пен жауапкершілік, дамудың эволюциялығы мен Еуразиялық экономикалық одақтың ашықтығы қағидаттарында арқаулық алуы тиіс. 
Қазақстан жаңа биіктікке жолды жоғары қарқынмен бастайды. 
Өткен жылы біз Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде 50-елге айналдық. 
Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша біз 50-орын алдық және бұл көр­сеткішті жақсартудамыз. 
2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ІЖӨ 6 пайызға өсті. 
Елдің жиынтық халықаралық резервтері қазірдің өзінде шамамен 100 миллиард долларды құрайды. 
Қазақстанда айқын жаңғырту міндеттері алға қойылып, жүзеге асырылуда. 
Бұл, ең алдымен, экономиканы үдемелі индустрияландыру.
Оның шеңберінде 4 жылда 780 жаңа кәсіпорындар салынып, 250-ден астам өнімнің жаңа түрлері игерілді. 
Бүгінде әлемнің 111 елі қазақстандық кәсіпорындардың дайын өнімдерін сатып алуда. 
Біз жыл сайын, электр энергиясы, энер­гия үнемдеу және «жасыл технологиялар» саласындағы жобаларды қоса алғанда, жүз­деген жаңа инновациялық кәсіпорындар­ды іске қосудамыз. 
Біз ТМД-да бірінші болып «Жасыл эко­номиканы» дамыту стратегиясын қабыл­дадық. 
Бізде мұнай-газ шикізатын мұнай-хи­миясы, туризм, терең өңдеу сияқты инно­вациялық кластерлер дамуда. 
Қазақстанда бұрын ешқашан болмаған экономиканың жаңа салалары – авто­мо­биль және авиақұрылыс, тепловоздар мен вагон­дар, Жер серігі, электроника және бас­қа да көптеген салаларға негіз қаланды. 
Азық-түлік өндірісінің өңірлік орталығы ретінде аграрлық сектор ырғақты дамуда. 
2015 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы аяқтала­ды – бұл біздің аумақ арқылы өтетін және Ресей мен Беларусьте салынып жатқан 2700 шақырым. 
Өз көршілерімізбен бірге біз Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға, Иран мен Парсы шығанағы елдеріне шығатын жаңа темір жол магистральдарын салып, аяқтадық.
Бізде білім беру саласында маңызды өз­ге­рістер жүзеге асуда. 
Бүкіл әлем бойынша жетекші универ­ситеттерде 20 мыңға жуық жас қазақстан­дықтар білім алуда. 
Озық халықаралық ЖОО-лардың 10 мың түлегі қазірдің өзінде біздің экономикада, мемлекеттік қызметте, өндірісте, мектеп­тер­де, ЖОО-лар мен ауруханаларда жұмыс істейді. 
Астанада әлемдік деңгейдегі жаңа уни­вер­ситет ашылды, барлық өңірлерде 20 ин­теллектуалдық мектептер салынды. 
Жүректі және басқа да органдарды ауыс­тыру жөнінен операциялар, діңгекті жасу­шалармен емдеу және басқа да иннова­циялар қазақстандық медицинаның шын­дығына айналды. 
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артуда. 
Бұл осы салаларға елеулі мемлекеттік қаржыларды салудың арқасында мүмкін болып отыр. 
Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашанда «еуразиялықтар мектебі» ғылыми мұ­ра­сы­на, әсіресе, Лев Гумилевтің бірегей тарихи тұжырымдамасына ерекше құрметпен қа­радым. 
Бұл бағыт бізге көптеген уақыттан озық идеялар қалдырды.
ХХІ ғасырда оларды тереңдетіп оқу ерек­ше көкейкестілікке ие болуда. 
Бірақ жаппай жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан біз үшін ең құндысы сол, Гумилев еңбектері барлық халықтарға өзі­міздің бірегей тарихи-мәдени кодымызды, және біздің бәріміздің еуразиялық екені­міз­ді мақтан тұтуға мүмкіндік береді!
Еуразиялық интеграция – ол бізге екі мыңжылдық белесінде тарихи прогрестің объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік. 
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Еуразиялық Экономикалық Одақ идея­сы қалың жұртшылықтың, соның ішінде ғылыми қоғамдастықтың қолдауымен нақ­тылы іс-қимылдардың егжей-тегжейлі бағ­дарламасына айналды. 
ЕурАзЭҚ, ТМД-ның көптеген елдерінің қатысуындағы еркін сауда аймағы, Қа­зақ­стан, Беларусь және Ресейдің Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік – бұл біз­дің бірлескен жұмысымыздың дәйекті же­мі­сі. 
ХХІ ғасырда біз қысқарған тарихи уақыт феноменінің куәсі болдық. 
Бұл бүкіл жаһанданған әлем бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлердің бірі. 
Еуразиялық интеграцияның көптеген нақты мәселелерін бізге мейлінше шектеулі мерзімдерде шешуге тура келеді.
Салыстыру үшін Еуропадағы интеграция үдерісінде, кеден одағын құруға – 11 жыл, ортақ рынок құру үшін – 34 жыл, эконо­ми­калық және валюталық одақ үшін 40 жыл қажет болды.
Бірақ онда өзгеше тарихи жағдай, тәуе­келдер мен сын-қатерлердің басқадай жүйе­сі болды. 
Еуразиялық интеграцияда бүгінде еш­қандайда «уақыт байлығы»жоқ. 
Кеден одағы тек 2011 жылдан бастап қана жұмыс істей бастады. 
Бізге ХХІ ғасырдағы туындап келе жат­қан және бұлтартпас кең ауқымды тех­но­логиялық өзгерістер және өзге де сын-қа­терлер салдары ретіндегі жаһандық эко­номиканың цейтноты жағдайында іс-қимыл жасауға тура келеді. 
Еуразиялық одақтың, бүгінде Еуроодақ бастан кешіп отырғандай, әлемдік эко­но­микадағы түрлі дағдарысты ахуалдармен бетпе-бет келуі мүмкін. 
Дағдарысты ахуалдар біздің эконо­ми­каларымызда да пайда болуы мүмкін. 
Украиналық жағдай – біз үшін жақсы уақыт емес. 
Біздің идеямыздың күйреуін қалай­тын­дар да аз емес. 
Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қойғанда осы сын-қатерлерді барынша ескеруге тиіспіз. 
Бұл факторлар біздің шешімдерімізде қандайда бір «бұлдыр сағым» көзқарастар туындатуға тиіс емес. 
Өкінішке қарай, сараптамалық деңгейде алаңдатарлық «шыдамсыздықтар», ашық айтқанда, болашақ экономикалық одақты дағдылы қалыппен «тезірек қалқитуға» ұм­ты­лушылық бар. 
Әрине, мазмұнға нұқсан келтіре отырып.
Мен мұндай қарадүрсін көзқарастардың жақтаушысы емеспін. 
Бәрі де геоэкономикалық немесе гео­саяси конъюнктуралардың жаңа өзгерістері жағдайында еріп кетуі мүмкін ақшаңқан түспен жарқылдаған ақшақар соғып жатпа­ғанымызды түсінуі керек.
Шынайылық үшін еске сала кетейін, ТМД-дағы жекелеген интеграциялық бір­лес­тіктер туралы бұған дейін де «жылдам ше­шімдер» қабылданған болатын. 
Бұрынырақта, сонау 90-жылдары, жал­пы валюталық, кеден және экономи­калық және басқа да кеңістіктер құру ту­ралы түрлі форматтардағы келісімдерге қол қойылды. 
Солар қазір қайда? Олар кімнің есінде?
Олар тек тіпті, тарих оқулықтарында да көрініс таппаған табыссыз талпыныстар күйінде қалды. 
Еуразиялық экономикалық одақ жағ­дайында біздің мұндай қателіктер мен бос ұрандатушылыққа құқымыз жоқ. 
Ашық айтайын, бүгінде кез келген асы­ғыстық немесе жете ойласпаушылық оны іскер топтар мен миллиондаған адамдардың қолдауынан айыра отырып, интеграциялық үдерістердің түбіне жетуі мүмкін.
Қазақстанның экономикалық одақ құру туралы келіссөздер үдерісіндегі бірқатар қағидатты ұстанымдарының негізінде дәл осындай сенім жатыр.
Биыл біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қоюдың тарихи белесіне шығамыз. 
Сонымен бірге, бүгін одан арғы страте­гиялық іс-қимылдарды кем дегенде 15-20 жыл алға белгілей отырып, көкжиектен әрі көз тастаудың маңызы зор.
Ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақтың ХХІ ғасырдың бірінші жартысын­дағы басты миссиясының екі маңызды ас­пектіден тұратынын түсінудің маңызы зор. 
Біріншіден, әлемдегі шешуші экономи­калық макроөңірлердің бірі болу.
Сарапшылардың есептеуінше, қазіргі жүзжылдықта «экономикалық тартылыс­тың» әлемдік орталығы Шығысқа, Азияға, соның ішінде, болашақ экономикалық одақтың аумағына қарай ауысады.
Біз әлемнің ең ірі өндіруші массивтері – Еуроодақ пен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасында орналасқанбыз. 
Бұл Шығыс пен Батыстың, Еуропа пен Азияның арасындағы геоэкономикалық кө­пір ретінде бізге табиғи бәсекелестік артықшылығын береді. 
Сонымен бірге, бір ареалдан екіншісіне тауарлар мен технологияларды беруде әншейін делдал болып қала алмаймыз. 
Еуразиялық экономикалық одақ бірден трансұлттық бизнес үшін жаһандық инновациялар мен тартылыстардың жаңа орталығы ретінде құрылуы тиіс. 
Екіншіден, Еуразиялық интеграцияның маңызды құрамдас миссиясы әрбір қаты­сушы елдің әлемнің неғұрлым дамыған мемлекеттерінің қатарына енуін қамта­ма­сыз етуінде. 
Еуразиялық экономикалық одақ халық­тар мен бүкіл ұлттық экономикалар үшін ауыртпалық емес, игілік болуы тиіс. 
Бізде еуразиялық интеграцияның ха­лық­тың әл-ауқатының, экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуі­не тигізетін ықпалын өлшейтін инди­каторлардың айқын жүйесі болуы керек. 
Тек осындай көзқарасты ұстана отырып қана, біз «еуразиялық таңдаудың» тар­тымдылығын қамтамасыз етіп, Еуразиялық экономикалық одақтың тағдыршешті мақ­саттарына қатысты кез келген күмәнді бір­жола теріске шығара аламыз. 
Еуразиялық интеграцияның бүкіл үде­рісі дәл осынау маңызды екі бірегей өрке­ниетті миссияны шешуге функциялық жә­не практикалық тұрғыда бағындырылуы тиіс.
Тек осылай ғана еуразиялық интегра­ция­ның үзіліссіз табысын және оның мақ­саттары мен міндеттеріне деген жалпыға ортақ қоғамдық қолдауды қамтамасыз етуге болады. 
Менің пайымдауымша, Еуразиялық эко­номикалық одақтың таяудағы 15-20 жыл­дағы даму стратегиясында келесі ба­сымдықтарды қарастырған маңызды. 
БІРІНШІ. Ол ұлттық экономикалар мен еуразиялық интеграцияның бүкіл кеңісті­гінің жеделдетілген инновациялық техно­логиялық серпілісі үшін арқаулық жағ­дай­лар қалыптастыру. 
2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Еур­азиялық инновациялық-технологиялық өзара іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеп, қабылдау маңызды деп санаймын. 
Онда күш пен қаржыны шашыратып ал­май, экономикалық өсімнің бірлескен нүк­телерін белгілеу, неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша бірқатар индустриялық консорциумдар құру маңызды. 
Мәселен, минералды ресурстарды те­реңдетіп қайта өңдеуде, аэроғарыш, химия, машина жасау, агроөндіріс, энергетика, кө­лік салаларында. 
Біздің инновациялар саласындағы қыз­меттестігіміздің мәселелерімен айналы­са­тын теңбе-тең негіздегі Еуразиялық инно­вациялық Кеңес тағайындау маңызды деп санаймын. 
Екіжақты, сондай-ақ көпжақты негізде бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлер құру қажет. 
Нақты жобалар экономикалық интегра­цияның қозғаушы күшіне айналып, бәсе­кеге қабілетті өнімдер шығарып, жұмыс орындарын құрып, ұлттық бюджеттерге аударымдарды ұлғайтуы тиіс. 
ЕКІНШІ. Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы, бүкіл Еуразия ауқы­мында, жалпықұрылықтық инфра­құрылымның озық буынына айналуы керек. 
Бұл жерде бірқатар жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру маңызды. 
Мәселен, Біртұтас Еуразиялық Телеком­муникациялар Желісін құру, Минск – Мәскеу – Астана – Алматы бағыты бойын­ша жүрдек темір жол магистралын салу, қазіргі бар, әсіресе, батыста – еуропалық, шығыста –қытайлық көлік жүйелеріне шы­ғатын автомобиль және темір жолдар желі­сін жаңғырту, сондай-ақ «Еуразия» арна­сының «Каспий-Қара теңіз» жобасын жү­­зе­ге асыру.
Келісілген және біркелкі тарифтер бо­йын­ша бүкіл ұлттық экономикаларды газ­бен қамтамасыз ететін Бірегей ішкі газ та­сы­мал­дау желісін құрудың болашақ еуразия­лық экономиканың беріктігі үшін маңызы зор. 
Энергетика кешенін терең интеграция­лаудың жол картасы ретінде бірлескен «Еуразиялық энергетика» бағдарламасын әзірлеп, қабылдау қажет. 
Сондай-ақ біз Ресеймен бірлесіп, бізде АЭС салуға тиіспіз. 
ҮШІНШІ. Жалпыеуразия­лық эко­но­миканың негізін шағын және орта бизнес құру екені мен үшін барынша ашық мәселе. 
Бұл мүмкін деген экономикалық си­пат­тағы барлық жаһандық сын-қатерлерге икемді жауап беруді қамтамасыз етудің ең маңызды мәселесі. 
Қаржылық және сервистік қолдау ин­с­ти­туттарын жұмыс істеп тұрған Еуразия­лық даму банкі базасында құруға болады.
Еуразиялық интеграцияның ақпа­рат­тық-сараптамалық және ғылыми-тәжі­рибелік инфрақұрылымын құру қажет. 
Еуразиялық экономикалық одақ меха­низмдерін қалыптастыру біздің елдеріміздің озық сарапшылары мен ғылыми әлеует­терінің күшін тарту нүктесіне, мүдделерді үйлестіру көзқарастарын белгілеу алаңына айналуы тиіс. 
Ұлттық аграрлық салалардың ғылыми-тәжірибелік әлеуетін біріктіре алатындай Еуразиялық аграрлық академия тағайындау орынды болмақ. 
Аграрлық сектордағы кооперация азық-түлік экспортына қуатты серпін береді, сонымен бірге ол біздің ауыл шаруашылық тауар өндірушілер арасында бәсекелестік туғызбауы керек. 
ТӨРТІНШІ. Еуразиялық экономикалық одақ мақсаттары оның құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктеріне айрықша талаптар қояды. 
Олар қатаң қағидаттарға негізделген, сонымен бірге кез келген өзгерістерге тиі­сінше әрекет ете алатындай жеткілікті икем­ділікке ие құрал болып табылуы тиіс. 
Еуразиялық экономикалық одақ орган­дарын басқару құрылымы мен тәсілдері өзге интеграциялық құрылымдардан алын­ған әншейін бір көшірме болмауы тиіс екені белгілі. 
Менеджменттің біздің бірлестігіміздің ерекше миссиясына жауап беретіндей инновациялық модельдерін іздеу қажет. 
Бұл оларды бюрократиядан және ұлттық мемлекеттік аппараттар шенеуніктерінің қажет емес синекурасына айналуынан қор­ғайды. 
Сіздер менің Еуразиялық экономикалық одақтың ұлтүстілік органын Еуразия құр­лығының дәл жүрегінде орын тепкен Аста­нада орналастыруды ұсынғанымды біле­сіздер. 
Бұл жерде ешқандай асқақ ойлаушылық жоқ.
Бұл кез келген ел үшін жүктеме. 
Мен мұны, біріншіден, бүкіл экономи­калық кеңістікті реттеу алгоритмін теңдес­тіру қажеттілігі бойынша негіздедім. 
Екіншіден, Ресей «бәрін өзі үшін құруда» деген еуразиялық интеграцияға қатысты барлық сыртқы күмәндарды жоюдың ма­ңыз­дылығы үшін. 
Басқа нұсқа ретінде мен осыдан жиырма жыл бұрын географиялық жағынан Еуропа мен Азия түйісетін өңірде орналасқан қала­ны одақтың орталығы жасауға шақырға­нымды еске сала кетпекпін.
Қазақстандық Атырау, Ақтөбе немесе ресейлік Екатеринбург қалаларының кан­ди­датураларын зерттеуге болады деп есеп­теймін. 
Бірақ Астана бұл рөл үшін анағұрлым дайын. 
Бүгін мұндай таңдауды мен қосымша жаңа еуразиялық агломерация, еуразиялық интеграция аумағының орталық бөлігінде жаңа өсу орталығын құрудың маңызды­лығымен дәйектеймін. 
Ол Еуразиялық экономикалық одақтың әкімшілік орталығының біртұтас экономи­калық кеңістіктің шеткі нүктелерінен шама­мен бірдей алшақтығы негізінде бүкіл реттеуші тетіктерді бекемдей алар еді.
БЕСІНШІ. Мен экономикалық инте­грацияның біздің халықтарымыз арасын­дағы мәдени-гуманитарлық байланыс­тардың белсенділігін арттыратынына және оларды неғұрлым тереңдете түсетініне се­німім мол. 
ХХІ ғасыр мәдени сегментті ІЖӨ өсуінде қомақты пайыздар әкелетін ұлттық эконо­микалардың сөзсіз маңызды құрамдасына айналдырады.
Бұл – туризм, соның ішінде тарихи-мә­дени экологиялық және медициналық ту­ризм. 
Бұл – инновациялық-индустриялық даму мен басқару жүйесі үшін айрықша маңызды білім беру қызметтері.
Бұл – экономиканың көңіл көтеру, спорт сектор және ақпараттық өнім өндірісі. 
Сонымен бірге мәдени-гуманитарлық интеграция үдерісінің қандайда бір сег­менттің үстемдігінен еуразиялық кеңістік­тегі рухани-мәдени алуандылықты жойып жібермеуі де маңызды. 
Мен біздің кез келген елімізде мәде­ниеттің ұлттық мазмұнының эрозиясына жол беруге болмайды деп есептеймін. 
Сондықтан мүше мемлекеттердің мек­тептері мен ЖОО-ларында бір-біріміздің тарихымызды, әдебиетімізді мәдени мұ­ралар мен тілді оқып-үйренуді ынталан­ды­рудың маңызы зор. 
Бізде болашақта пайда болатын еуразия­лық хабар тарату құрылымдары интегра­циялық үдеріске қатысатын барлық ел­дер­дің мемлекеттік тілдерін пайдалануы ма­­ңызды деп санаймын.
Ол бізді жақындата түседі және сенімді арттырады. 
Сондай-ақ Астанада Еуразиялық эко­номикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою күнін Еуразиялық интеграция күні деп жариялауды ұсынамын.
Қымбатты достар!
ХХІ ғасырда еуразиялық интеграцияға жүріп өтуге тура келетін стратегиялық жол­ға қатысты менің пайымым, бүтіндей ал­ған­да осындай.
Мен сіздермен – жастармен тікелей жұмыс істейтін ғылыми элитамен тағы да өз ойларымды бөлісіп отырмын. 
Біздің экономикалық одақтың құрыл­ғысы – қатып қалған догмат емес. 
Бізге уақыттың көптеген күрделі сын-қатерлерімен бетпе-бет келуге тура келеді. 
Интеграциялық таңдау – «сиқырлы таяқ­ша» емес және таңғажайыптарға ке­пілдік бере алмайды. 
Тек уақыт қана барынша иландыру да­рынына ие.
Мен еуразиялық интеграция идеясын жариялағаннан кейін өткен екі онжылдық тәжірибесі оны растай түседі.
Мен Еуразиялық экономикалық одақ­тың қалыптасуының маңызды сатысына деген менің көзқарастарым мен пайымдау­ларымның ғылыми топтар мен жұртшылық арасында қолдау табатынына шынайы үміт артамын. 
Мен ХХІ ғасырдың ұлы, өркендеген Еу­разия жүз жылдығы болатынына терең се­німдімін. 
Назарларыңызға рақмет!

 

Алдыңғы «
Келесі »

2 Пікір бар

  1. Tailwinds in key markets and a positive shift in product mix benefit bottom line results.
    air jordan 1 mid cool grey
    [url=http://gosci.com/?pid=2054]air jordan 1 mid cool grey[/url]

  2. Basically, I want to use it as an everyday purse, something that I can just thrown on and leave the house, and it would be fine for any sort of casual occasion. Normally, I carry around my wallet, a water bottle, my iPhone, a small makeup bag and an umbrella. The only thing is, I want to be able to fit my 13 Macbook Pro Retina display not that I carry it with me everyday, but I am going to be going on a trip soon, and I would like to fit my laptop in it. I don carry too much with me on the plane, just my everyday essentials, and my laptop, so do you think that it would fit?
    louboutin homme infidele d’adrian lyne
    [url=http://www.wall-art.fr/img/cl.php?louboutin=louboutin-homme-infidele-d’adrian-lyne]louboutin homme infidele d’adrian lyne[/url]

Пікірлерге тыйым салынады.