Жер-су аттарына мән беріп жүрміз бе?

  • 23.06.2014
  • 8562 рет оқылды
  • 10

Жер-су атауларының қойылуында ұлттық таным мен салт-дәстүрдің және елдегі саяси жағдайдың ықпалы  мол болатыны белгілі. Сондықтан болар, географиялық атаулардың (топо­нимдердің) шығу төркіні, олардың аталу себептері адамзат баласын ерте заманнан-ақ қызықтырып келеді. Бұл орайда қазақ даласының жер-су аттарының шығу тарихын зерттеу арқылы сол замандағы ұлтымыздың таным-түсінігін анықтай аламыз. Мысалы, ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы мен XVIII ғасырдағы жоңғар қалмақтарының шабуылы нәтижесінде біраз жерлеріміздің атауы моңғол (қалмақ)  тілінен енді. Біз сол атауларды толығымен зерттей алдық па? 


Шындығын айтайық, қазақтың ұлан-байтақ жеріндегі жер-су аттарының  өзіндік мән-мағынасы, шығу тарихы, көпшілікке беймәлім сыр-құпиясы толығымен ашылып болған жоқ. Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Біле-білген адам үшін жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Топонимист ғалым Е.М.Поспелов: «Географиялық атаулар мен қоғамдық институттар тікелей саясатпен байланыс­ты дамып отырады. Қоғамдағы үстем тап жұртшылықты өзінің идеологиясы мен саясатына жер-су атаулары арқылы бағындырады», – депті. Яғни, әр ғасырдағы саяси-экономикалық өзгеріс сол қоғамның топонимикалық жүйе кеңістігіне терең із қалдырғанын жасыра алмаймыз. Мәселен, мына үш жағдайды ескеріңіз. Бірінші, ХІІІ ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы мен XVIII ғасырдағы жоңғар қалмақтарының шабуылы нәтижесінде моңғол (қалмақ) тілінен енген жер-су атаулары пайда болды; екінші, XVIII ғасырда басталған патшалық Ресей отаршылдығының әсері; үшінші, XIX-XX ғғ. басында Ресей мен Украинадан қоныс аударушыларының көптеп келуі (Столыпин тұсында); Біз бүгін бірінші жағдайға байланысты қалыптасқан (бүкіл Қазақстанды қамту мүмкін еместігін ескеріп Қарағанды облысын ғана алуды жөн санап отырмыз) жер-су атауларын қарастыралық. 
Шыңғыс хан шабуылынан кейін бес ғасыр бойы қазақ жері моңғолдардың қол астында болды. Осыған байланысты мемлекетіміздің аумағында қазір тікелей моңғол тілінен қалған 217 топонимикалық атаулар бар екен. Мұның біраз бөлігі Қарағанды облысы аумағына тиесілі. Осы облыста басынан мұнар мен бұлт арылмайтын «Өкпеті»деген шың бар (өкпеті – моңғолшадан қазақшаға аударғанда «сиыр жайылатын бет» деген мағынаны береді). «Нарын» – сөзінің түп-төркіні моңғолдың «нарин» сөзінен шығуы мүмкін. Бұл «жіңішке», «жұқа»  мағына береді. Бұл атау Қарағанды облысында ғана емес, республиканың біраз жерлерінде кездеседі. Мысалы, Нарынқұм (Атырау-Батыс Қазақстанда), Нарынқол (Алматы облысында), Нарым, Нарынқаба (Шығыс Қазақстанда) деген жер аттары бар. Сондай-ақ, «Моңғолша -қазақша» сөздікте «наран» – «күн», «күнгей» ұғымын беретіні жазылған. Бұлдырты – өзен және елді-мекен атауы. Бірқатар ғалымдар, бұл атауды моңғол тілінен шыққанын айтады. Біздің ойымызша, бұл атауды облыс топо-жүйесіндегі көне атаулардың бірі деп қарастыру керек. Өйткені, Бұлдырты түркі-моңғол тіл бірлестігі кезеңінен бері осы күйінде қол­данылып келе жатыр. Оны VІІ ғасырда қазақ даласы арқылы бұлғарлардың жеріне сапар шеккен Араб халифатының елшісі, әрі саяхатшысы Ахмет ибн Фадланың еңбегі арқылы дәлелдеуге болады. Қалдығайты – өзен атауы. Осы өзен бойында Бұлан атты ауыл бар. Бұлан – аша тұяқты, бұғы тектес ірі аңның бірі екені белгілі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қалдығайты өзенінің бойында бұландар көп болыпты-мыс. Тіпті, өзен атауындағы «қандағай» сөзі моңғол тілінде «бұлан» деген ұғымды білдіреді екен. Сонымен қатар, Байбақты руының бір тармағы Бұлан деп аталады.  Шағатай – елді мекен атауы. Бұл атау ХІІ ғасырдағы татар-моңғол шапқыншылығы кезеңінен қалған. «Шағатай» сөзі Орта түркі дәуіріндегі Шағатай ұлысының атауы болғаны, сол мемлекеттің ресми тілі саналған шағатай тілі Орта Азияны мекендеген қазақ, өзбек, түрікмен, қарақалпақ әдеби тілдерінің қалыптасуына негіз болғаны белгілі. Шалқар – аудандағы көл.Моңғол тілінде «цалгиа» – «үлкен толқын», «су сыбдыры», «цалчих» – «жарға соғу», «толқындау» ұғымын береді. Демек, көл атауы шалқы – «ернеуінен асып төгілу» деген ұғымнан да алыс емес деген сөз. Бұл сөздің түбі түркілерге барып тірелуі де мүмкін. Қарғалы – аудандағы өзен және елді мекен. Қарғалы –Қазақстан, Батыс Моңғолия, Сібір, Солтүстік Еуропада кең таралған атау. Қарғалы – тастар мол үйілген жер.Қарғалы – түркі-моңғол тілдеріне ортақ топоним. Қотантал – бұл топонимнің құрамындағы «қотан» сөзі туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Э.М.Мурзаев бұл сөздің шығу тегін «куткат» – «бекініс, биік дуалмен қоршаған алаң» деген мағынаға сүйеніп, иран-парсы тіліне жатқызады. Алайда, көптеген ғалымдар бұл сөздің шығу төркінін моңғол тіліндегі «қоршау», «дөңгелене орналасу» мағынасымен байланыстырады. Бірақ, бұл сөздің моңғол тілдерінде де, түркі тілдерінде де кездесетінін естен шығармау керек. Саралжын – елді мекен. Саралжын атауының шығу тарихы төңірегінде бірнеше пікір бар: Бірінші, «Саралжын» өсімдігінің атына байланысты қалыптасқан. Саралжын – суы тартылған өзен арналарында өсетін жусан тектес шөп. Екінші, Саралжын – топонимі моңғол тіліндегі «сиралджин» (қурай) сөзінің негізінде қалыптасуы мүмкін. Үшінші, сар (сары) сөзі моңғол тілінде «сұр» мағынасын беріп, қазақ тіліндегі құла, сұр түстерімен мағыналас келеді. Ал, «алжын» – сын есімнің шырай категориясының көне жұрнағы. Сары сөзінің жер-су атауларының құрамында келіп үлкен қызмет атқаратыны белгілі. Сондықтан шөптің түсіне байланыс­ты берілген бұл пікірді де жоққа шығаруға болмайды.
Дересін – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жер аты. Жері шилі, қалың шөпті болып келеді. Бұл монғолдың дэрс (үн) – «шилі», «шөпті» деген сөзінен алынуы мүмкін. Ғалым Ғ. Қонқашбаев та осы пікірде бола отырып, бұл аймақта Бас – Дересін, Орта – Дересін, Аяқ – Дересін деген жерлер бар екендігін көрсетеді. Сарышаған – сулы мекен аты, жұмысшы кенті. Көне түрік тілінде және монғол тілдерінде: шаган>сацан>цахан – өсімдік аттары. Аққора өзені – түркі-моңғол тіліндегі «қора» сөзі – бостық, ойпаң, бекініс мағынасында қолданылады. Шешенқара – елді мекен (тау). Шешенқара күрделі түсінігі бар атау. Шешен сөзінің түбірі монғол мен түркіге ортақ «шешен» және «цэцэн» сөзімен байланысты. Екі тілде де, бұл сөз «ақылды, парасатты, есті, қызыл тілді»  деген мағынаны білдіреді. Толағай – таудың атауы. Биіктігі – 550,4 м. Осы «толағай» (тологой/толгай/толгой) сөзі моңғол, бурят тілдерінде де кездеседі. Мәселен, Баян-Толгой, Лам-Тологой, Бурят республикасында Чулун-Толгой, Ундэр-Толгой деген тау аттары бар. Монғол тілінде толгой – «бас» мағынасын, ал, топоним ретінде «төбе, шоқы» дегенді білдіреді. Ғ. Қонқашбаев тіліміздегі «толағай» сөзін моңғол тілінен енген «шоқы, жеке тұрған биік тау», – деп түсіндірген. Дара – мекен аты. Түркі мен моңғолға ортақ «дара» сөзі «шат, тау аралығы, терең сай» мағынасында қолданылған. Баятар – Нұра ауданындағы көл. Бұл атау монғолша баян /бай/ + тар – /жіңішке «сай», «ор»/ сөздерінің бірігуі арқылы жасалған болуы мүмкін. Нұра – Қостанай, Астана, Қарағанды облыстарының жері арқылы өтетін өзен. Бұл атаудың шығу төркіні жайлы пікірлер – әр қилы. Зерттеушілер моңғол тіліндегі «нураа», «нуруу» және «нур» сөздерін бір қатарға қойып, осы сөздердің бәрін «нұра» сөзінен өрбіген немесе өзгерген түрі деп жаңылыс талдайды. Бұл сөздердің моңғол тілдерінде жеке-жеке мағынаға ие, дербес лексема екендігінде мән бере қарастырғанымыз жөн. Монғол тіліндегі норах – «опырылыс», «құлау; бурят тілінде нуралта – «құлау, жылжу»; монғол тілінен эвенк тіліне енген «нура» – «жар» деген мағыналарды береді. Монғол тілінде нуруу – «тау жотасы, тау сілемі», «тізбегі» деген ұғымға да сай секілді. Арғанаты – Ұлытау ауданында орналасқан тау атауы. Атаудың шығу төркінін талдаған ғалымдар халық этимологиясы: бірінші, «арғын ата»; екінші, «арыған ат» сияқты болжамдарды көрсетеді де, ғылыми этимологиясы бойынша: «монғол тілі негізіндегі арга // аргалын тұлғасына түркі тілінің ты (ту<ту<тау) морфемасының қосылуы нәтижесінде жасалған «арқартау» мағынасындағы атау» ретінде пайымдайды (Қойшыбаев, 1985, 50). Бұл пікір бұдан он жыл бұрын айтылған А. Әбдірахмановтың ой-толғамын қайталау сияқты. Онда: «Атаудың түбірі «арғана» көне алтай заманында «арқар», «тау ешкі» ұғымын білдіріп, кейін моңғол тілінде «арғал», ал, түркі тілдеріне «арқар» түріне көшсе керек. Ал, «-ты» жұрнағы –  осы заттың бар екендігін білдіретін, «Алматы», «Бұғыты», «Ырғайты» тәрізді атауларда сақталған туынды сын есім жасайтын көне жұрнақ», – деген еді (Әбдірахманов, 1975, 64).
Басбайтал –Ұлытау ауданындағы тау. Бұл атаудағы «байтал» сөзінің тіліміздегі жалпы есім «байтал» сөзімен байланысы жоқ сияқты. Өйткені, оның байса тұлғасы бурят тілінде «тау» деген мәнді білдірсе, моңғол тіліндегі «байқ, байқа» сөздері «жартас» сөзімен төркіндес екен. Ал, сөз соңындағы дауыссыз л монғол тіліндегі көптік жалғаудың көрсеткіші екендігі сөзсіз. Демек, Басбайтал – «жоғарғы жартас, басқы тау» дегенді аңғартса керек. Мақанжан – Ұлытау ауданында Мақанжан аталатын бастау бар. А.Әбдірахманов Мақаншы топониміне байланысты: «Қалмақша «махн» – ет деген сөз. Монғол тілінде де «мах» – ет. Мұнда сөз аяғындағы н дыбысы түсіп қалатынын ескерсек, бұл форма да заңды. Осыған қарағанда Мақанжан атауындағы Мақан сөзі де қалмақ, моңғол тілдеріндегі ет мағынасын беру керек. Оған жан компоненті қосылып антроним (кісі аты) жасалған да, ол ат гидронимге қойылған – дейді.
Нарынбайсай – Ұлытау ауданындағы өзен аты. А.Әбдірахмановтың топшылауынша «нарын» сөзі моңғолдың «наран» – «күнді, күнгей» деген сөзінен жасалған. Нарын түріне айналуын оның нарын құмы деген тіркестегі, құм сөзіндегі «ү» дыбысының әсерінен деп түсіндіреді. Ал, Г.К. Қонқашбаев «нарын» сөзі монғолдың нарин -«жіңішке» деген сөзінен алынған деп есептейді. Нөгербек – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Нөгербек (Нөкербек) дейтін өзен бар. Түркі және моңғол тілінде «нөкер» деген сөз «жолдас», «дос» деген мағына беретіні белгілі. Оған бек сөзі қосылып, кісі есімі жасалған да, ол өзен атына ауысқан.
Ұлтымыздың басынан «сан қилы» тағдыр өтті. Бұл көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына, басқа атаудың пайда болуына әсер етті. Осыған байланысты бүгінгі күні жер-су атауларын зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Кез-келген аймақтың топонимикалық жүйесінде географиялық атаулардың алар орны ерекше. Мамандардың болжамына қарағанда, республикадағы жер-су аттарының саны «орташа есеппен 1 ш.м. жер бір атауға ие» деп есептегенде, кемінде 2,5 миллионға жуық атау бар көрінеді. Демек, республикамызда мыңдаған ірілі-ұсақты елді-мекеннің, 50 мыңнан астам көл, 85 мыңнан аса өзен атаулары бар деген сөз. Осы орайда «осы мыңдаған атаулар қай тіл негізінде дүниеге келді?» деген заңды сұрақ туындайды. Кез-келген ғалым республикамыздағы жер-су аттарының қойылуына қазақ тілінің, қала берді түркі тілінің ықпалы мол болғанын жасыра алмайды.  Десек те біз бұл талдауымыз арқылы жер-су аттарына белгілі бір дәрежеде моңғол-қалмақ тілінің ықпалы болғанын айта кетуді жөн санадық. Десек те, «аталған жер-су атауларының бәрі тек моңғол тілі негізінде қойылды» деген пікірді білдірмейді. Керісінше, саяси-әлеуметтік үрдістердің топонимдерге қалай әсер еткенін көрсетеді. Сондықтан да, болашақта еліміздің ономастика мәселесінде абай болуға тиіспіз. Біздің айтпағымыз – осы.  


Пайдаланылған әдебиеттер:

Абдрахманов С.А. Суверенному Казахстану – независимая топонимическая политика. /История земли – история народа. – Алматы, 1997.
Әбдірахманов А. Қазақстанның жер – су аттары. – Алма-Ата, 1959.
Жартыбаев А. Қарағанды өңірі топо­нимдерінің мағыналық және құры­лымдық сипаттары. – Қарағанды, 1998.
Комков А.М. Проблемы стандартизации и нормализации географических названий в национальном и международном аспектах. Ономастика и норма. – М., 1976.
Конкашбаев Г.К. Словарь казахских географических названий. – Алма-Ата, 1963.

А. Алматықызы, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 

2 курс магистрі 

 

Алдыңғы «
Келесі »

10 Пікір бар

  1. Жер – су аттары туралы қарындасымыз жақсы қозғап отыр. Жер -су аттры ұлт және мемлекетіміз үшін өте маңызды. Біздің егемендікті алғанымызға жиырма жылдан ассада Петрапавол, Павлодар қаларына тарихи атауын қайтара алмай жүруіміз өте өкінішті .Енді біздің евразиаттық одақта болғандықтан /экономикалық одақ деп жүрмізғой/ жалтақтамай осы мәселені көтеруіміз қажет.Орыстардың біздің ішкі ісімізге араласпауы керек.Қазіргу уақытта Солтүстік облыстағы барлық кішігірім жер су аттарын түгелімен қазақыландыру қажет .Ол Ұлтымыздың бір тірегі.

  2. ATL live im Park rockten mit Teddy Riley und die R眉ckkehr der Blackstreet
    ceinture hermes aaa
    [url=http://news.theironyard.com/?pid=2172]ceinture hermes aaa[/url]

  3. Have been used few times, but still are in PERFECT condition, but plz note that inside of the shoes Chanel motif / logo is slightly fadded there are few unnoticeable scratches scuffs as pictured ! Main colour is patent black with open toe, 4.7″ / 12cm heel 1″ / 2.5 cm platform. Also, plz note, that all “Christian Louboutin” shoes run smaller, but these shoes were stretch to true UK5 / EU38.
    michael kors outlet commerce ga
    [url=http://www.healthcaresaboutipv.org/?p=32849]michael kors outlet commerce ga[/url]

  4. il mio ragazzo si è sciolto con quel calendario ke è davvero spettacolare!!!!!
    hermes birkin 35 capucine
    [url=http://renginiai.info/?pid=565]hermes birkin 35 capucine[/url]

  5. “This will be the first time they meet, so effectively we will have a showdown to see who the top sprinter in Europe really is. We are also hopeful that Inspiration may be given the green light.”
    toms women’s earthwise grey
    [url=http://teenchuse.com/data/app.php?toms=toms-women’s-earthwise-grey]toms women’s earthwise grey[/url]

  6. Ізденіспен жазылған екен. Алдыңғы жылдары мен де Нарынқол, Боралдай, Қаскелең, Түрген топонимдерінің “моңғолдық” емес, қазақы сөздер екенін дәлеп көрсетуге тырысқан едім

  7. Қазақ жер атауларының әрқайсысының мағынасы бар.

  8. Дұрыс айтасын Айдос.

  9. маавпимааааааааааааааааааа

  10. Казактар биригип улес коссак,
    Кала аттарымызды озгертуге мумкиндигимиз бар!

Пікірлерге тыйым салынады.