ИСЛАМ ЖӘНЕ БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ

  • 23.06.2014
  • 7475 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Батыр Айтжанов,
ветеринария  ғылымдарының 
докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Ислам және оның сеніміндегі мұсыл­мандар туралы сөз болғанда кейбіреулердің, әсіресе Батыстың көз алдына бір қолында автоматы, бір қолында гранатасы бар, сақал-мұрты өскен, кір-қожалақ біреулерді көз алдына елестетеді. Жасырын емес, сол себепті де олардың түсінігінде «ислам терроризмі», «ислам экстремизмі», «ислам шовинизмі», «панисламизм», «меджехеттер», «шахидтер» және тағы басқа да осы тақылеттес сөздер кең етек алған. Олардың пайымдауынша Ислам әлемі ғылым мен білімге көп көңіл бөліп, мән бермейтін, мәдениеті мен әдебиеті жоқ, өркениеті өспеген кеңістік. Исламдағы барлық құндылықтар батыстан келген құндылықтар. Шын мәнінде Ислам әлемі ғылым мен білімді және оның жетістіктерін жоғары бағалап, өркениетке өзгелерден бұрын мойын созған әлем. Батыстың ғылымы мен білімі, мәдениеті мен өркениеті негізгі бастауын осы Ислам әлемінен, Шығыстан алғанын айқындайтын айшықты дәлелдер аз емес. Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына Батыстың қосқан үлесі қаншалықты бұлтартпас шындық болса, Батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен технология саласында көптеген жаңалықтарға қол жеткізуіне мұсылман ғалымдарының қосқан үлесі өте зор. К.В. Бодлейдің айтқанындай, қазіргі Батыс мәдениеті ренессансқа, ренессанс өз кезе­гінде Исламға қарыздар.


Ал, енді, осы Исламның ғылым мен білім­ге қандай мән беріп, осы салада жаңалық ашқан ғалымдарды қалай бағалайтынын бір сәт еске түсіріп көрейік. Бұл мәселе туралы сөз қозғағанда бірінші кезекте әрине ең соңғы Пайғамбар, Пайғамбарлардың Пайғамбары Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уасәлламның  айтқан сөздері, өсиеттері мен хадистерінің және ақиқаттың ақ кітабы, әлемде теңдесі жоқ және болмайтында кітап – Құран Кәрімнің сүрелері мен аяттарының еріксіз еске түсетіні баршамызға аян. Құ­ранның алғашқы аяты «Иқра», яғни, «Оқы» деп түскен. Бұл бұйрық тек Құранды ғана емес, әлемді оқу, адамды оқу, әлемнің жаратылыс сырларын оқып, ғаламды зерттеп-зерделей оқу дегені еді. Пайғамбарымыз (с.а.у) ғылым- білімді жай ғана оқу емес «ғылымға үйрену-әрбір мұсылман ер кісіге де, әрбір мұсылман әйелге де парыз» деп ғылым үйренуді әйел-еркек деп бөлмей, әрбір мұсылман баласына парыз етіп қойды. Киелі Құранның ең бір ерекшелігі – білімге, оқып-үйренуге, ұстаздыққа көп мән беретіндігі. Көптеген сүрелерден ғы­лым мен ғалымдарға деген құрмет айқын аңғарылады. Мысалы, дүниенің бұзылмай тұруының  төрт себебі бар, оның біріншісі – ғалымдардың ілімінен, екіншісі – патшалардың әділдігінен, үшіншісі – сақылардың сақылығынан, төртіншісі – мұсылмандардың дұғасынан дей келіп, бірінші кезекке ғалымдардың ілімін қояды. Ілім жолы – қиын жол, бұл жолда сабырлы бол, сонда ғана ілімге ие боласың. Алла Тағала мұсылманның білімді болғанын қалайды дейді. Ілім – гауһар, ал, оның досы – ізденуде дегенді де еске сала кетеді. Дін мен ғылымды байланыстыра келіп діннің апаты пасық ғалымнан, залым патшадан, шешім шығарушы шала молдадан болмақ дейді.
Құранда Құдайдың адамдарды жарат­қанда ілім алу қабілетін қоса дарытқаны ай­тылады. Сондай-ақ, бұл қасиетті кітапта  білімсіздерге қарағанда ғалымдардың Аллаға әлдеқайда сүйкімді және жақын екендігі аз айтылмайды. Құранда Алла зейінділер мен білімділердің дәрежесін әлдеқайда жоғары бағалайды.Сен айт: «Білімділер мен білмейтіндер тең бола ма? – мұны тек ақыл иелері ғана ғибрат етеді» – дейді (Зумар сүресі 39. 9 аят). Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің көптеген өсиеттері мен хадистерінде ғылым мен білім алудың маңыздылығын жоғары қойып, білім алуға, ғылым үйренуге ұмтылудың қажеттілігін айтып, баса талап етеді.Бір өсиетінде «Егер, қажет болса, дінсіздерден де білім ал» десе, ал, енді, бірінде «Қытайға барып білім алу керек болса да, ғылымға ұмтыл» деген екен. «Ілімімен адамдарға пайда келтіретін ғалым мыңдаған тақуа сопыдан да артық» деген сөзі де оның ғалымдарды айрықша жоғары бағалағаны емес пе?
Пайғамбарымыздың (с.а.у) бір хадисінде, садақа берудің сауаптылығын айта келіп, садақа берген адамға сауаптың әртүрлі деңгейде еселеп қайтатынын, атап айтқанда оның бірінші дәрежесінде мысалы, жетім-жесірге берген садақаң 10  есе, кедейлерге берген садақаң 70 есе, жақын мұқтаж мұсылмандарға берген садақаң 700 есе, ал, оқу-білім үйреніп, ғылыммен шұ­ғылданып жүрген ғалымдарға берген садақаң 7 мың есе қайтады деп бәрі­ненде ғылым мен білімді және онымен шұғылданып жүрген ғалымдарды жо­ғары бағалайды. Реті келгенде айта кететін бір жайт белгілі ғалым Майкл Харт өзінің «100 великих людей» деген кітабында Мұ­хаммед Пайғамбарды (с.а.у) Иисус Христос, Моисей, Будда, Конфуций, Исаак Ньютон,Альберт Эйнштейн, Луи Пастер және басқада ғалымдар, оқымыстылар, қоғам қайраткерлері мен ұлы тұлғалардың ішінде бірінші кезекке қоюы Батыстың Исламның ұлы тұлғалары мен ғылыми құндылықтарын жоғары бағалайтындығының айғағы. Кітап 1978,1992,1998 және 2000 жылдары төрт рет қайта басылып шықты. VІІ ғасырда өмір сүріп, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі болған Әзіреті Әліде (Әли ибн Абу Талиб) білім мен ғылымды жоғары бағалап өткен. Ұлы Әмір Темірдің немересі Мырза Ұлұғбектің (1394-1449ж.) айтуынша Әзіреті Әлі Әбутәліпұлы жан-жақты білімі бар, грек тіліндегі жәдігерліктерді оқи алатын, ірі ғалым да, ақын да, тәржімашы ғалым да, батыр да болған. Ә. Дербісәлиевтің 1992 жылы жарыққа шыққан «Араб әдебиеті» оқу құралында Әзіреті Әлінің білімділігі, шешендігімен қатар, көзсіз батырлығы да айтылады. Жастық шағын Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у) жанында өткізген ол, Пайғамбарымызбен бірге талай жорықтарға қатысып, майдан даласындағы жаужүректілігі үшін «Сайфл- ислам» – «исламның қылышы» деген атақ алған дейді. Оның шығармалары бірнеше дүркін Бейрутте, Каирде, Делиде, Тегеранда және басқа да қалаларда басылып шыққан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) оның ілімін жоғары бағалап «Мен ілімнің шаһары болсам, Әлі – шаһардың дарбазасы» – деген.
Еңбегін ер Әлінің ғылымдағы, 
Ғалымдар мойындаған бұрын бәрі.
Мұхаммед ғылымдағы қала болса,
Қаланың қақпасы де Әзіреті Әлі (Т. Айнабеков. 2003ж.)
Әзіреті Әлі өзінің «Жауһарлар тізбегі» кітабында (өзбекшеге тәржімелеген Әлишер Науаи, өзбекшеден қазақшаға тәржімелеген Тұрсынәлі Айнабекұлы 2003ж).
Ілім өлсе, шарафатты дінде сында,
Үйренуге бару шартшын машынға.
Ғұламалар безентер дінді әр жылда,
Көңіліңде сәулең болса сенде тыңда – дей келіп, бұл шумақта Мұхаммед (с.а.у) хадисінде айтылған «Ілім іздеп Қытайға барсаңда артық болмас» деген тұжырымын дамыта түседі. Әзіреті Әлінің ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас-өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібереді.Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақ қою­ға келіскен. Егер, осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана оның халифалығын, ғалымдығын мойындамақ болған. Сонда, Әзірет Әлі әр адам қойған сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:
– Білім артық, өйткені, ол пайғам­барлардан қалған мирас, байлық-бақылдардан қалған мұра.
– Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал, бай адамның қасында амал достар көп болады.
– Білім артық, ол досыңды көбей­теді, байлық дұшпаныңды арттырады.
– Білім артық, оны қанша жұм­сағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.
– Білім артық, оны ұры-қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал, жиған дүниеңді сырт көздерден қорғаштаумен өтесің.
– Білімің көп болса ел саған қызы­ғады, байлығың көп болса ел сені қыз­ғанады, білімнің артық болатыны сол.
– Білім артық, білімің көп бол­ға­­нымен есеп-қисап жүргізбейсің, бай­лығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 
– Білім қанша көп болса да іріп-шіріп кетпейді, дүние мал болса бүлінеді, сондықтан, білім артық.
– Білім артық, ол кісілігің мен кіші­лігіңді арттырады. Байлық болса сараң­дық пен қомағайлығыңды арттырады.
– Шынайы білімді адам орнымен сөй­лейді, ізеттілігі де артады. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астам­шылық көрсетеді, сондықтан бі­лім артық деген екен (Мырзагелді Кемел «Абзалдың әліппесі» «Аңсар» 2006ж).
Әзіреті Әлінің хикметтері мен насихаттарында ғылым мен білімге байланысты мынадай сөздер көптеп кездеседі: «Ілім – адам баласына ең ұлы мұра», «Білмегеніңізді үйренуден ұялмаңыз», «Ілімге амал қылмаған ғалым-надандар қатарына кіреді», «Дүниеде жақсы білім тек ойланып-толғану арқылы ғана болады», «Діннің опырылуы – ғалымдардың өлімі нәтижесінде дүниеге келеді», «Ілімдегі мәртебе – мәртебелердің ең биігі болар», «Кісіні еске алуда оның ілімі мен білімі, ақыл-ойы себеп болады», «Ғалымның айыбы асып-тасып  лепіруінде болар», «Әлсіз ғалымдардың құралы – арызқойлық болар» және т.б.  Өкініштісі, келтірілгендердің ішінде ғұламаның соңғы екі насихатын біздің кейбір ғалымдарымыз көп қолданып жататыны.
Жоғарыда келтірілгендерден көңілге түйетініміз Пайғамбарымыздан (с.а.у) бас­тап, оның халифтері, сахабалары мен олардың жолын жалғастырушылардың халықты ғылым-білімге тартып, «Ғылым дамыған кезде Ислам да дамиды» деп жастарды үнемі білім үйренуге, ғылым іздеуге шақырып отырғандығы. Осындай шақыруға үн қатқан мұсылман ғалымдары да қарап қалмай, ғылым мен білімде өте жоғары жетістіктерге жетті. Өткенге көз салсақ ғылым дамуының көш басында мұсылман ғалымдары тұрғанын байқар едік. Қазіргі ғылымның, оның ішінде Батыс ғалымдарының таңғажайып жетістіктері Ислам білімі мен өркениетінен бастау  алған, Ислам  ғылымы мен  мәдениетіне қарап бойын түзеген  десек, ешбір қате­леспеген  болар  едік. Себебі, Абу Али Ибн Сина, әл-Фараби, Хорезми, Бируни, Ұлықбек және т.б көптеген мұсылман ғалымдарының ғылыми  еңбектерін  Европа  ғалымдары  күні кешеге дейін басшылыққа  алып  келгені  баршамызға белгілі. «Ислам білімі мен ғылымы», «Ислам мәдениеті мен өркениеті» дегенде Ұлы жаратушы Алла-тағаламыздың Пайғам­барлардың Пайғамбары, ең соңғы Пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у) түсірген ең қасиетті, ең теңдессіз, теңдесіде болмайтын  Құран  Кәрімді  еске  алмау  мүмкін емес. Бірінші сүресінен бастап соңғы сүресіне дейін білім мен  ғылым, мәдениет пен өркениет, адалдық пен әділ­ділік, имандылық пен ибалық, сыйластық пен сыпайылық және тағы  басқада толып  жатқан  адами құндылықтар жазылған кітапты Ұлы жаратушымыздың  мұсыл­мандарға түсіруі біз үшін үлкен бақыт, зор мақтаныш. Осындай  қасиетті  кітап  Құран  мен  ғылымның бірлігін  біздің  келешегіміз  бен болашағымыз жастарға түсіндіріп, ұғын­дыру біздің қасиетті борышымыз. Бір  қарағанда, бір-біріне қарама-қайшы  көрінетін  ғылым  мен  діннің  бірін-бірі  толықтырып айқындай түсетін, келісімге келіп, үйлесімділікке үндеп, бірлестік тауып жатқан  жақтары  өте  көп. Себебі, Исламның  біріктіруші  фактор  ретіндегі рөлі  өте жоғары. Мысалы, бір саяси ұйым бірнеше мыңдаған, әрі кетсе бір­неше миллиондаған адамды ғана  бірік­тірсе, Ислам 2 миллиардқа жуық адам­ды  біріктіріп отыр. Планетамыздағы әрбір  үшінші адам мұсылман.  Қазіргі ашылып  жатқан  ғылыми  жаңалықтардың  осыдан XII-XIVғасыр бұрын түскен қа­сиетті Құран Кәрімде жазылуы Құран  мен ғылымның өте жақын екендігін, қа­сиетті кітаптың  ғылыми  жетістіктерге  толы екендігін  көрсетеді. Бұған  белгілі  ислам­танушы  Қайрат  Жолдыбайұлының «Имами гүл» кітабынан мысалдар кел­тіруге болады. Мысалы, өсімдіктердің  аталық-аналық ұрықтарға бөлінетіндігі  соңғы ғасырларда  ғана белгілі болған болса, ал,  Құран  Кәрімде он  төрт  ғасыр  бұрын  былай деп  жазылған: «Жерден  өсіп-өнетін  барлық өсімдіктерді, өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін  нәрселердің  жұп-жұп  қып  жаратқан Алла қандай пәк» (Ясин сүресі, 36аят). Бізге  ең  жақын  бес-алты  галактикадан  басқа  барлық  галактикалар бізден өз қашықтықтарына сай  жыл­дам­дықпен ұзап жатқанын 1929 жылы  астроном  Э. Хаббл (Hubble) зерттеп тапқан  болатын. Бұл  жағдай  Құран Кәрімде  былай  деп  көрсетілген. «Аспанды  құдіретімізбен  біз жараттық және оларды үнемі  кеңей­тудеміз» (Зарият сүресі, 47 аят). Ғалым­дардың дәлелдеуі  бойынша   ғаламдағы  заттардың бір-бірінен ұзап, алшақтап жатқаны Құран аятында «үнемі  кеңей­тудеміз» де айтылып тұрған жоқ па?    Батыс әлемі (Коперник, Галилео Галилей) Жердің  домалақтығын, кейіннен эллипс тәрізді сопақша  келетін­дігін және оның өз-өзін және Күнді айналатындығын  ХVI ғасырда жазған болса, бұл туралы  Құран­ның Зумар және Назиғат сүре­лерінде былай деп  келтіріледі. «Түнді  күндіздің үстіне, күндізді түннің  үстіне орай­ды» (Зумар сүресі, 5 аят). Араб  тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір  нәрсені орау, байлау деген мағынаны біл­діреді. Сол себепті, жер шар тәріздес  болған­дықтан  күн  мен  түн  үшін  «орайды» сөзі қолданылып отыр. Жер пішінінің аздап сопақтау (эллипс) тәрізді екендігі «Назиғат» сүресінде былай келтіріледі: «Со­дан кейін жерді түйе құсының  жұ­мырт­қасы  пішініне  келтірді» (Назиғат сүресі, 30 аят). Неміс ғалымы Алфред Вегенер ХХ  ғасырдың басында таулар мен жер бетіндегі құрлық­тардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен олар түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы  тұжырымдаған болса, ол туралы Құран  Кәрімде 13 ғасыр бұрын  мына төмендегідей мазмұнда айтылып кеткен болатын: «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал, олар болса бұлт­тардың көшуі тәріздес жылжуда» (Нәміл сүресі, 88 аят). Теңіздердің  бір-біріне араласпауы Құран Кәрімде былайша баяндалады: Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен  қабысады, бірақ араларында  перде болғандықтан бір-бірімен  араласпайды (Рахмат сүресі, 29 аят). Осы  құбылысты ХХ ғасырдың екінші жартысында (1962 ж.) бірнеше жыл бойы зерттеп, нәтижесінде  оның  1400  жыл  бұрын Құран аяттарында жазылып  қойғанын  мойындаған  аты әлемге әйгілі ғалым Жак Ив Кусто былай деп жазады. …Смысл  этого  явления  совершенно  ясно описан в Священной Книге  Ислама в Коране, ниспослонном  человечеству около 1400 лет назад. Когда я  узнал  об  этом, я  поверил, что  Коран – это «Слова  Аллаха». Я выбрал Ислам, истинную религию Единого Бога-Творца. Духовный  же потенциал, заложенный   в  мусульманстве, дал мне силы  преодолеть  боль, которую  я  испытал  после потери моего сына (Жак Ив Кусто, www.islam.ru) Тәржіма барысында оның мазмұнына өзгеріс енбесін деген оймен оның орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз беріліп отыр. Адам баласының ана құрса­ғындағы даму кезең­дері, дүниеге  келуі, сәбидің жынысын анықтау тәрізді  құбы­лыстарды  ғалымдар  соңғы  жылдары  ғана анықтап жатса, бұл құбылыстар  қасиетті Құран Кәрімде бұдан 14 ғасыр бұрын мынадай нұсқада жазылған екен  «Расында біз адамды нағыз (сүзілген) бал­шықтан  жараттық. Сосын,  оны шәуеттің  бір там­шысы күйінде мықты жерге (жатырға) орна­ластырдық. Сосын, ол тамшыны алаңаға (жабысқан ұрық­танған клеткаға), сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрі­нісіндегі жаратылысқа), сосын, муд­ғаны сүйектерге айналдырдық, сосын, сүйек­терді етпен  қаптадық, сосын, оны  басқа  бір жаратылыс жасадық. Алла ең керемет жаратушы» (Муминун сүресі, 12-14 аят). Қазіргі эмбриология ғылымының жетістігі  бойынша ұрық  бір  аталық және бір аналық клеткадан өсіп  дамиды. Құранда  бұл ақиқат былайша баян етіледі: «Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) басы  бос қоя берілемін деп ойлайма? Ол әу баста тамызылған бір  там­шы  шәует емес пе еді. Сонымен бірге, заманауи  эмбриология жаңа пайда болған  сәбидің ұл  болуы  ана ағзасындағы  Х хромосома  мен  аталық  клеткадағы У хромосоманың, ал,  қыз болуы Х хромосомасымен  бірігуі  нәтижесінде  пайда  болады  дейді. Себебі, адам ағзасындағы 46 хромосоманың  екеуі  ғана  жыныс  хромосомалары  деп  аталады  да, бұл  екі  хромосома  еркектерде ХУ, ал, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хромосома еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік ген­дерді тасиды. Бұл құбылыс VII-ғасырда түскен Құран Кәрімде сәби­дің жынысы құрсаққа құйылған аталық (ХУ) хромосомадан жаратылатыны былайша айтылады: «Ол(Алла Тағала) еркек пен ұрға­шы жұбын ытқып шыққан ер кісінің шәуе­тінен жаратты» (Нәжім сүресі,45-46 аят). Адам ұрығы дамуының Құран аяттарында өте дәлдікпен жазылғанын мойындай отырып,Торонта университеті «Анатомия және эмбриология» кафедра­сының профессоры Кейт Мур өзінің «Клиническая анатомия», «Развитие человека» және «До нашего рождения» деген әлемнің сегіз тіліне аударылып жазылған кітап­тарында былай дейді: «…как мог Мухаммед (с.а.у), так точно описать эмбрион и фазы его развития 1400 лет тому назад, если ученые смогли узнат об этом лишь 30 лет тому назад. «……Эти факты стали доказательством того, что Мухаммед (с.а.у) является послаником Аллаха. Я не столкнулся с какими-либо трудностями, признавая то, что Коран это слова Аллаха, и решил написать исламское дополнение к третьему изданию своей книги «Pазвитие человека» (Коран и современная наука). Бұдан артық қандай мойындау керек. Жоғарыда келтіріл­гендерден басқа Құран Кәрімдегі ғылым мен білімге байланысты аяттар мен сүрелердің шынайылығын мойындап, тіптен, Ислам дінін қабылдаған аты әлемге әйгілі батыс пен шығыс ғалымдары (араларында Нобель сыйлығының иегерлері де бар) аз емес. Олардың қатарына С.Харт, Жан Поуль Роул, Виктор Имбердес, доктор М.Букайле, профессор Шрейдер Родвел, И.В.Гете, Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, А.И.Бунин, НАSA астрономы,  профессор Армстронг, профессор Т.В.Персо, профессор Джо Ли Симпсон, профессор Альфред Кронер, профессор Палмар, медицина докторы Али Сельман Беруа және тағы басқалар. Келтірілгендердің ішінде Нобель сыйлы­ғының иегері В.Н.Бунин Құранның ақиқат­тығын, Алланың барлығын мойындап, мұсылман болады.Оның:
«Проклят тот, кто великий Корон                 не слышит,  
Проклят тот, кто учас для                           молитвы и битв, 
 Кто для жизни не дышит, как 
бесплодный чеджас» – деуі соның дәлелі. Орыстар пір тұтқан тума талант А.С.Пушкиннің Исламға бас иіп, Құранға еліктеуі, Ислам жөнінде бірнеше өлеңдер жазуы қасиетті Құранды мойындағандығы. Пушкинтанушы ғалым В.Филоненконың айтуы бойынша «ақын Ислам діні жайында қалам тербеу арқылы өзіне керекті дүниетанымы мен философиялық өмір толғаныстарына және басқада көптеген сауалдарға қа­сиет­ті Құраннан ғана тиіс­ті жауап ала алғанын айтады». Ол да қасиетті Құранды мойындай отырып былай дейді.                                                                        
«…Творцу молитесь; он могучий; Он правит ветром в знойный день, На небо на­сылает тучи; дает земле древесну сень.
Он  Милосерд; Он Магомету открыл Сияющий Корон,
Да  притечем  и мы ко свету и да падает с очей туман».
Атақты Л.Н Толостой «Мені мейірімді Мұхаммедтің (с.а.у)үмметі деп біліңіздер» – десе, немістің классик ақыны И.Г.Гете де «Адамзат баласы хазіреті Мұхаммедке (с.а.у) қарыздар» деп ұлағатты сөз айтқан. (Жас қазақ үні, 2010). И.Г.Гете сонымен бірге «Шығыста жеті жұлдыз бар менен артық» – деп Физули, Шамси, Сайхали, Науаи, Сағди, Фердауси және Хожа Хафиз еңбектерін мойындап, үлгі тұтқанын да жасырмайды.

Алдыңғы «
Келесі »