Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: БАСЫМ БАҒЫТТАРЫМЫЗДЫҢ ТҰЖЫРЫМЫ

  • 30.11.2011
  • 518 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекеттік тәуелсіздік – бұл тарихтың сыйы емес және тек қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес. Бұл – өткеннің алдындағы парыз және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Қазіргі ұрпақтың рөлі мынада – ол осы мемлекеттік пен тәуелсіздікті тек нышандармен ғана емес (олар қандай сүйкімді болып көрінсе де), қайта нақты мазмұнмен толықтыруға тиіс. Жай ғана саяси тәуелсіздік пен күшті мемлекет арасын орасан зор қашықтық бөліп жатыр. Біздің мақсатымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін ақиқат шындыққа айналдыру, экономикалық, құқықтық, әскери, а:қпараттық өлшемдерді ақиқат шындыққа айналдыру. Бүгінгі мемлекетіміздің аксиомасы осындай…

Ұлтаралық келісім – бұл тәуелсіздігіміздің бірінші және екінші бесжылдығының мәселесі емес және жалаңаш саяси прагматизмнің мәселесі емес. Біз қарапайым екі ақиқатты игеріп, келесі ұрпаққа беруге тиіспіз; Қазақстан әрқашан да көпұлысты мемлекет болды және ешкім, ешқашан да қандай да бір ұлттық тазартуды жүргізбейтін болады;  біздің көп ұлыстығымыз – орасан зор мәдени, экономикалық және саяси ресурс. Алдымызда қарапайым міндет тұр – біздің  бәріміз азаматтық ортақтығымызды сезінуге тиіспіз. Бірақ осындай қарапайымдылықтың ту сыртында орасан зор күрделіліктер бой тасалауда; өткенді аңсау да, мен ағамын, сен інісің деген сияқты жаман әдет те бар. Біз жаңа саяси болмысты – тәуелсіз Қазақстанды – тезірек сезінсек, әркім өзінің оның тағдырына қатыстылығын тезірек сезінсе біздің ұлтаралық татулығымыз да одан бетер бекем бола түседі.

«Тарих тағылымдары және қазіргі  заман» кітабынан

Алдыңғы «
Келесі »