Ағайындардың азаматтық алу мәселесі талқыланады

  • 21.05.2014
  • 371 рет оқылды
  • Пікір жоқ

27 мамыр күні Астана қаласында Оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі мен халықаралық саяси апталығы «Түркістан» газетінің ұйымдастыруымен «Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтпек деп хабарлайды BAQ.KZ

Дөңгелек үстелге көші-қон саласына қатысты құзырлы органдардан, көші-қон басқармаларынан, көші-қон полициясынан, ҚР Парламент депутаттарынан, қоғамдық ұйымдардан және оралмандардан өкілдер қатысады.
Басқосуда Үкіметтің қазіргі көші-қон саясаты және Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары, көші-қон заңнамалықтарына енгізілетін өзгерістер мен тұрақты тіркеудің шырғалаңдарын жою мәселелері сөз болмақ.
Қазақстан этникалық қазақтарды көшіруді 1991 жылдан бастап қолға алғаны белгілі. Алайда оралмандарды тарихи отанына орналастыру, азамаитық алу мәселелері 2000 жылға дейін өз шешімін таппады. Оралмандардың құқықтық проблемаларын реттеу, заңнаманы жетілдіру мәселесі 2000 жылдары ғана жолға қойылды. Дегенмен 2012 жылы өз сүрлеуін тауып, құқықтық проблемалары шешілді деген көші-қон саясаты күрт өзгеріп, өзгеше бағыт пен сипат алды. Қазақстанның көші-қон саясаты дағдарысқа ұшырап, оралмандардың азаматтық алу мәселесі 4 жылға дейін шегерілді. Қоғамдық талқылаудың және ақпарат құралдарындағы оралмандар мәселесінің үздіксіз күн тәртібіне шығуы Үкіметтің осы саладағы көзқарасын мүлдем өзгертуге ықпал етті. Қазір Үкіметтің көші-қонға қатысты жаңа заң жобасы көпшіліктің талқысына ұсынылды. Отырыста осы мәселе егжей-тегжейлі сөз болып, оралмандардың өзінің қатысуымен нақты қандай кедергілер барлығы талқыланбақ.

Алдыңғы «
Келесі »