Н.Назарбаевтың ҚХР-ға сапары аясында 15-ке тарта екіжақты құжатқа қол қою жоспарлануда

  • 19.05.2014
  • 392 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталады. Оның барысында 15-ке тарта екіжақты келісімге қол қою жоспарлануда, ондағы экономикалық келісімдердің жалпы сомасы шамамен 8 млрд долларды құрайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында 15-ке тарта екіжақты құжатқа қол қойылады. Ондағы экономикалық келісімдердің жалпы сомасы шамамен 8 млрд АҚШ долларын құрайды», — делінген хабарламада.

Олардың басым бөлігі өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, ауыл шаруашылық, химиялық және энергетикалық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Алдыңғы «
Келесі »