Нью-Йоркте қазақ жазушысының кітабының тұсаукесері өтті

  • 11.05.2014
  • 309 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Нью-Йоркте қазақ жазушысы Қоғабай Сәрсекеевтің кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы ҚР Бас консулдығына сілтеме жасай отырып, ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

«Аталмыш шара америкалық аудиторияны қазақ әдебиетімен таныстыруға бағытталған серияны жалғастырады. Бұған дейін Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменовтың кітаптарының тұсаукесері өткен болатын», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Қоғабай Сәрсекеев  кітабының тұсаукесерін қазақ тілінде өткізді. АҚШ-та қазақ тілінде кітаптар сирек кездесетіндіктен қазақ диаспорасының өкілдері аталмыш басылымға қызығушылық танытты.

«Уақыт өте келе біздің қазақ жазушыларының америкалық оқырмандары артатынына сеніміміз мол. Әзірге біз оларға Америкамен танысуға септігімізді тигізудеміз», — деді тұсаукесер рәсімі кезінде ҚР  Бас консулы Раушан Есболатов.

Кітаптың тұсаукесері ҚР Бас консулдығының көмегімен «Қазақстан-Америкалық Альянс» бейкоммерциялық ұйымымен ұйымдастырылды.

Алдыңғы «
Келесі »