ҚР Президенті: Көрші елдердің баршасыменен достық қарым-қатынастамыз

  • 07.05.2014
  • 236 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгінгі алмағайып дүниеде лаңкестік күштер бас көтеріп тұрған заманда әрқашан  дайын болуымыз қажет. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда

Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруде ҚР Президенті –  Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біздің Әскери доктринамыз бейбітшілік жағдайындағы қорғанысқа бағытталған. Көрші елдердің баршасыменен достық қарым-қатынастамыз. Шекарамызды толығымен айқындап, бекіттік. Дегенмен, әр мемлекет өзінің Тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жан аямай қорғай білуі тиіс. Біз де Қазақстан солай болуымыз керек. Бүгінгі алмағайып дүниеде лаңкестік күштер бас көтеріп тұрған заманда армиямыз әрқашан дайын болуы қажет. Бұл елдің әскерлері алдында қоятын талабы болады», — деді Мемлекет басшысы.

Әскери шеруге 2,5 мыңнан астам адам, 250 техника мен 75 әуе техникасы қатысты. Биылғы әскери шерудің басты ерекшелігі онда отандық әскери-өндірістік зауыттарда құрастырылып, жаңғыртылған техникалар көрсетілді. Мерекелік іс-шараға шеру тобы, әскери техника, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің авиациясы, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Республикалық гвардиясы қатысты.

Алдыңғы «
Келесі »