• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды

  • 29.04.2014
  • 358 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті бұдан 20 жыл бұрын өзінің ММУ-де оқыған дәрісі кезінде жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын алғаш рет ұсынғанын атап өтті. – Оның тұжырымдамасы біздің елдеріміздің азаматтарының бәріне бірдей жақын және ұғынықты ақиқатқа негізделген. Ортақ тарих, өзара экономикалық тартылыс, мәдениеттің өзара тығыз байланысы және адамдар ұмтылысының жақындығы біздің халықтарымызға көптарапты мемлекетаралық байланыстардың жаңа сипатын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мен Еуразиялық одақ тек еріктілік, тең құқылық, өзара тиімді және оған мүше әрбір елдің прагматикалық мүдделерін ескеретін қағидаттар негізінде ғана мүмкін екендігін табанды түрде жақтаушы болдым және солай болып қала беремін. Бұл бастама қазіргі еуразиялық интеграция деп аталатын жаңа тарихи үдерістің бастапқы нүктесіне айналды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды Елбасы бірлестіктің мақсаты мемлекеттеріміздің бәсекеге қабілеттігін арттыру екенін және ол экономикалық бөлік шегінен шықпайтынын атап көрсетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды – Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтқанда сарапшылар мен саясаткерлердің кейбірі әлемдік қоғамдық пікірге Кеңестер одағының мифтік «қайта тірілетінін» айтып, үрей салады. Бұл жөніндегі пайымдарды шындықтан алыс әрі негізсіз деп есептеймін. Біріншіден, бүгінде кеңестік үлгімен қайта ықпалдасу үшін институционалдық база жоқ. Екіншіден, посткеңестік кеңістіктегі халықтар өздерінің дербес мемлекеттерін құрды. Үшіншіден, қазіргі меншік жүйесі, әлеуметтік құрылым және қоғамдарымыздың экономикалық қалыбы кеңестік ескіліктен әлдеқайда алға озып кетті. Бұл тұста біз Ресей және Беларус басшылығымен бір пікірдеміз, – деп атап өтті мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды Нұрсұлтан Назарбаев ММУ-дің студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамының сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы екі елдің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының перспективалы бағыттары туралы айта келіп, Қазақстан айқындаған индустрияландырудың жаңа кезеңі басымдықтарына оның сай келуінің біз үшін маңызды екендігіне тоқталды. Бұл іргелі ғылымдардың алдыңғы қатарлы салалары – нанотехнологиялар, роботты техникалар, гендік инженерия және медицина болып отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыды Кездесу соңында М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры Нұрсұлтан Назарбаевқа университетте болуы туралы естелік диплом тапсырды.

Алдыңғы «
Келесі »