“Алтын қалам – 2014” әдеби байқауы басталды

  • 22.04.2014
  • 350 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін сағат 15:00 Қазақстандық Баспасөз клубында өтетін баспасөз маслихатында «Алтын қалам – 2014» әдеби жүлдесіне жұмыстарды қабылдау басталады деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жүлденің мақсаты – заманауи авторлардың шығармаларына оқырманның назарын аудару, қазақстандық заманауи әдебиетті дамыту.

«Алтын қалам» үшінші рет келесі номинацияларда өткізіледі:

1.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ

2.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ

3.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯСЫ

4.​ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ШЫҒАРМАСЫ

5.​ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН

Барлық жұмыс abai.kz сайтында орналастырылады. Жүлдегерлер сайт оқырмандарының үздік шығарманы таңдауы арқылы анықталады. Оқырмандар лайықты әдеби туындыға 2014 жылдың 1 маусымына дейін дауыс береді. Кез келген адам танымалдылығына, кәсіби дайындығына, шығармашылық одақтардағы мүшелігіне, мекен-жайына және т.б жағдайларға қарамастан жүлдеге қатысуға құқылы. Қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған шығармаларды ұйымдастыру комитетінің adebiet2014@gmal.com электронды мекен-жайына жіберуге болады. Әдеби жүлденің қорытындысы 2014 жылдың маусым айында жарияланады.

 

Алдыңғы «
Келесі »