Сайт оқырмандары не дейді?

  • 09.04.2014
  • 326 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ұлттық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының сайты оқырмандар саны бойынша  «Қазақ газеттері» серік­тес­тігіне қарасты басылымдардың арасында алдыңғы орындарда келеді. Бүгінгі күні сайтқа 20 мыңға жуық оқырман кіріп, ой-пікірлері мен сауалдарын жолдаған. Біз үшін әрбір оқырманымыздың пікірі маңызды. Байланысымыз одан әрі жалғасын табады деген оймен ең өткір, қызықты пікірлерді жарияладық.

«ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» 

Авторы: Қалтай Мұхамед­жанов.
Дана: Тамаша. Осы ой­ларды дәлелдеп, орыс ті­лінде қағазға түсіріп жатырмын. Қазіргі гендер сая­­­са­­тының екпінді енгізу жолына түскендерге айтар сөз көп. Өзге елдің мәселесін талқылау қанша­лықты біз­ге қажет!
Қазақтың дәстүрлі мә­де­ние­тіндегі гендерлік қа­­тынасты барлығына дұ­рыс жариялау арқылы мәсе­леден гөрі үлгі боларлық тарихымызды паш ету керек емес пе?

«ЖҰМСАҚ»
Авторы: Есен­ғали Раушанов
Қыр қазағы: Түкке тұр­май­­тын жүз мақаладан ар­тық. Осын­дай дүниелер көп болса ғой.

«Қазақ әдебиеті» га­зеті – ұлттық рух жаршысы» 
Авторы: Сейдолла Са­ды­қов
Төлеубек Мұсатайұлы: Жұ­ма­байдан басқа қа­сын­да Жай­лыбай Ғалым, Райым­бек Маралтайдай ақын-жазу­шылар барында Қа­зақ әдебиеті өрлеп, әлі де биікке шығарына сенім­дімін. Қазір де бұл газет көп­шілікпен оқылады. Көп нәрсе алуға болады.

«ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ ТУРАЛЫ» 
Мір­жақып Дулатовтың 1924 жылы Орынборда қа­зақ-қыр­­ғыз білімпаз­да­ры­ның тұң­­ғыш съезінде сөй­леген сөзі
(Гүл­нәр Міржақыпқызының же­ке архивінен)
Орынбай Абай: Бұл мақа­ла шамасы, ла­тынға көшпейік деген сыңай сияқты. Бірін­шіден, қазір басқа заман. Уа­­қыт басқа. Мақала 20 ға­сыр­дың басында жазылған. Қазір компьютер тілі пайда болды. Компьютер тіліне ең қолайлы латын әліпбиі кириллге қарағанда. Екін­шіден, қазіргі біздегі қол­даныстағы әліпби ки­рилл әліпбиі. Ал Мір­­­­жақып бұл мақалада араб әліпбиімен салыстырып отыр. Қазіргі уақытта араб әліп­биіне көшудің ешқандай мән-мағынасы жоқ. Ал кирилл әліпбиі қазақ тілінің бол­мыс-бітімін еш аша ал­майды. Кейбір қазақ сөздері өзгеріске ұшырап жатыр. Ал орыс тілінен енген сөздерді ешқашан қазақша жаза алмаймыз мына әліпбимен. Ки­­­рилл әліпбиіне көшкелі қа­­­зақ тілі кірме сөздерді, әсі­ресе орыс тілінен, өз тіліне бейімдеу қабілетінен айырылды. Бұлардай кемшіліктерден құтылу жолы – латынға көшу.
Дана: Әріпті өзгертсе, елі­мізде талай ғаріп пайда болады деп ойлаймын. Орыс­тың жазуынан қашып,  Европаға ұмтылғанмен не пайда? Тарихымызды бәрібір өзгерте алмаймыз. 20 жылда қазақ тіліне жеттік десек, жаңа әріппен жазып, тағы ақсай бастаймыз емес пе? Біреуіміз тіл біліп жазуға қиналса, екіншілер жазуды біліп біздің жазуды ұға қоймай қазақты біріктіруден ғөрі ортамызға тағы іріткі салғанмен бірдей деп ойлаймын. Абай, Шәкәрім, Мұқтар мен Міржақыптардың кириллицамен жазылғандарын қайта жазып азаптанудың ка­жеті бар ма?

«Қазақ немқұрай­дылы­ғы­­ның қатері»
Авторы: Сейілбек Мұса­таев.
Мақсат: Әлеуметтік жағ­дай түзелмей немқұрай­дылық та жойылмайды. Автор дұ­рыс айтады, ынталандыру жүйе­сін дұрыстауымыз қа­­жет. Мен де көп таныс­тарым­ның хал-ахуалын бі­лем, кейбірі 30 мың теңге айлық алады, 40-45 мыңмен жүргені қанша. Бәрінің жоғары бі­лімі бар маман. Шықпа жа­ным шықпа деп зорға жүр. Мүл­дем жұмысы жоқ, ай­лық жалақы дегенді біл­мей­­тін жұмыссыздар қан­­шама… Ал байларың жүр, ша­шып-төгіп… Қиын…Нем­құ­­­райдылық шы­­ны­мен қиын проблема… Өті­рік мақтану мен ұрандау түбімізге жетіп жүр­месін.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір ха­лық – бір ел – бір тағ­дыр» 
Мухтарова Гүлиза: Өте жақсы жазылған, көп рахмет! Еліміз аман, жұр­тымыз ты­ныш болсын!

«Хиджаб пен Ұждан арасы…»
Авторы: Жарқыннұр Бо­лыс­­­ханқызы
Түргеш: Айналайын, Жар­қыннұр қарындасым! Орамал тақпасаң, ол өз шаруаң. Алайда орамал таққандарды айыптау, оларға жала жа­бу – бұл советтік тәсіл. Қазір қазақ елінде бұрын соңды болмаған қаракөз жез­өк­ше­лер көп. Орыс жі­гітіне тұр­мысқа шыққан қа­зақи иісі жоқ қыздарымыз қаншама. Сен одан да сол мәселелерді қоз­ғасаң нетті?

«КЕРУЛЕН» ТОБЫ 
ЖӘНЕ АЙГҮЛ»
Авторы: Сейілғазы Әбдікә­рімов.
Балсұлу: Жалпы мен Ай­гүл Үл­кен­­баеваның өне­ріне ба­­сымды иемін, ол ба­тыс­­­тың әуе­німен күй тарт­­қанда мен елім­нің то­пырағын басып жүр­ген­дей күй кешемін. «Ке­ру­лен» то­­бына өнердің биік-биік шың­дарынан көріне бе­­руіне шын жүректен тілек­тес­пін.

Алдыңғы «
Келесі »