Н. Назарбаев ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді

  • 03.04.2014
  • 258 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚазАқпарат агенттігі Мемлекет басшысы ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді деп хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесу барысында Серік Ахметовтің Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлай келіп, оның басшылық жұмыста мол тәжірибесі бар екенін айтты.

– Бүгінгі күні ол бұл қызметке ең лайықты адам деп санаймын. Біз Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамытуды, армиямызды заманауи техникамен жабдықтауды жалғастыру, сондай-ақ мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жақында өткен жедел-стратегиялық кеңес кезінде алға қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы Күштері әскери міндеттерін орындауға әрдайым дайын болуға және өз кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыруға тиіс екеніне тоқталды.

Алдыңғы «
Келесі »