Келешегіміз кемелді болмақ

  • 06.03.2014
  • 290 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан қазір экономика саласында біраз жетістіктерге жетті. Білім беру, әлеуметтік салаларда да өрлеу бар. Бір мүдде, нұрлы болашақ, бір мақсат жолында Елбасы елін алға бастап келеді. Ең бас­тысы бізде тыныштық салтанат құруда. Қазір қақтығыс болып жатқан Украинада экономикалық даму болады деп айту қиын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын оқи отырып, болашағымыздың жақсы, келешегіміздің бұданда бақуатты болатынына күмән келтірмеймін. 
Елбасы қашанда экономикаға бас­ты назар аударады. Міне, сондықтан, Жолдауда: «Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімінің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді» – деген қағидада маңызды мәселе көтеріліп отыр. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу мақсаты бұл – шын еңбек пен қажыр-қайратты талап етеді. 


«Қазақстан жолы – 2050» – бұл халықты игілікті іс-әрекетке, пайдалы харекетке, жасампаздық еңбекке жұмылдыратын қуатты рухани күш. Сондықтан, экономика мен рухани сала қатар дамуы қажет. Жолдауда Мәңгілік Ел болу үшін кәсіп пен ақыл-ойды шынайы үйлестірудің жолы анық бейнеленген. 
Биылғы жылқы жылындағы Жолдау «Ер қанаты жылқы» дейтін қазаққа күш-қуат, рух-жігер беретін шабыт десек артық болмас.

Марат НАДЫРОВ,
ғылым докторы, профессор.

Білім биікке самғатады

Кеңестік дәуірде «еңбек пен оқу егіз» дейтін қағида бар еді. Әсіресе, кәсіптік білімге ерекше мән берілді. Республиканың барлық аудан орталықтарында кәсіптік-техникалық училищелер жұмыс істеді. Қазір заман талабына сай олардың орнына колледждер келді.
Елбасы Жолдауында жастарға заманауи білім берудің мәселелері айрықша айтылады. Білім мен еңбек арқылы шағын және орта бизнесті дамытудың жолдары Жолдауда нақты көрсетілген. Өйткені, бізге қазір кәсіпті, бизнесті дамытуға, еңбекті жетілдіруге тәлім мен тәрбиені түйсік-санаға сіңіретін білім керек. Жолдауда: «…барлық дамыған елдердің саналы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» деген жолдарда білім берудің қазіргі жағдайы мен болашағы да айтылады. Әсіресе, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыруға баса көңіл бөлінген. Сондай-ақ, келешекте жастардың тех­ни­калық білім алуын мемлекеттік кепіл­дендіруге көшірудің жолын меңзеу – бұл шын мәнінде кемеңгерлік көрініс.
Бұрынғы кәсіптік училище қазір – техникалық колледж біздің білім ордасында болашақ құрылыс мамандары қазір заман талабына сай дайындалып жатыр. 

Сқақ НҰРМҰХАНБЕТОВ,
Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры,
Ағарту саласына еңбегі сіңген ұстаз. 

 

Алдыңғы «
Келесі »