Темірғали Нұртазиннің «Тұрардың анты» деректі романы туралы

  • 28.11.2011
  • 1128 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Б. Рахметова – филология ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы.

Қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуында өзіндік орны бар әдебиетші-ғалым, сыншы, аудармашы Темірғали Нұртазин «Ұлы әңгіме» (А.Байтұрсынов) жанрына да қалам тербеп, роман жазды.

Белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы роман  «Тұрардың анты» деген атпен 1989 жылы кітап болып басылып шықты.  Кейбір деректерге қарағанда, жазушы аталмыш романды көзі тірісінде баспаға тапсырған. «Зерттеуші, сыншы, жазушы бәрінен бұрын, бейнетқор ғалым белгілі қоғам қайраткері  Тұрар Рысқұлов туралы роман жазып, баспаға көзінің тірісінде тапсырыпты. Артында қалған мұрасы, үлкен еңбегі, романныѓ қолжазбасы да аз шыр­ғалаѓға түспепті.  Кейбір беттері сарғайып, опырыла бастаған осы қолжазба белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтыѓ ерекше тағдыры мен профессор Темірғали Нұртазинніѓ табан ет, маѓдай терін қойнына тығып алып, ондаған жылдар бойы Сүлеймен Құлбаев деген біреудіѓ архивінде, шаѓныѓ астында жатыпты. Сол бетімен жата беруі де әбден мүмкін екен, соѓғы кездері әлде қандай себептен бір қайырымды адамдардыѓ назарына ілігіп қалып, іздеудіѓ күшімен қолжазба 1984 жылдыѓ 18 декабрь күні «Жазушы» баспасыныѓ портфеліне қайтып оралыпты» [1], – деп жазады жазушы Н.  Қазыбеков.

Бұл деректі Т. Нұртазинніѓ жұбайы Г.Н. Нұртазинаныѓ Республикалық Орталық партия комитеті жанындағы партия тарихы институтыныѓ директоры, тарих ғылымдарыныѓ докторы, профессор Р. Р. Ахметованыѓ атына жазған өтініші [2] дәлелдей түседі. Мұнда жазушыныѓ жұбайы 1975 жылы «Жазушы» баспасына тапсырылған, қоғам қайраткері Т. Рысқұловтыѓ өмірі мен қызметіне арналған, 675 беттен тұратын қолжазба түріндегі тарихи романныѓ қазір қайда екенін, дерегін біліп беруді және оныѓ өзіне қайтарылуын сұрап, өтініш білдіреді.

Сондай-ақ, 1984 жылы Қазақстан Жазушылар Одағыныѓ хатшысы О.Сүлейменовке жазған өтінішінде де [3] осы романныѓ тағдырын айта келіп, 1987 жылы Т. Нұр­тазинніѓ 80 жылдығына байланысты, оныѓ шығармалар жинағын шығарып, сол жинаққа Т. Рысқұлов туралы романды да қосуын сұрайды.

Жоғарыдағы деректерге сүйеніп айтар болсақ, 1975 жылы баспаға ұсынылған роман араға он жылдан аса уақыт салып, 1989 жылы жарық көрген. 

Бұл аралықта 1982 жылдан бастап, белгілі жазушы Ш. Мұртазаныѓ Тұрар Рысқұловтыѓ өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған бес кітаптан тұратын романы шыға бастады.

Екі романда да жазушылар көрнекті қоғам қайраткері Т. Рысқұловтыѓ көркем бейнесін нақты деректерге сүйене отырып жасауды мақсат тұтқан.  Т. Рысқұловқа арналған Ш. Мұртазаныѓ бес кітаптан тұратын шығармасын толыққанды аяқталған еѓбек деп атасақ, Т. Нұртазинніѓ  «Тұрардыѓ анты» кітабын аяқталмаған роман деуге негіз бар.  Осындай пікір «Тұрардыѓ анты» романыныѓ аѓдатпасында да айтылады [4,4]. Денсаулығы көтерсе, өмірі жетсе, бұл роман жалғасын тапқан болар еді деп ойлаймыз. Т. Нұртазин жинаған, қазір мұрағат қорында жатқан материалдардыѓ молдығы да осындай ойға жетелейді.

Белгілі ғалым Р. Нұрғали Т. Нұртазин туралы мақа­ласында былай дейді: «Ұзақ жылдар публицистика, проза саласында ізденіп «Жаѓа саты», «Ауыл тынысы»,  «Адам бекерге жасамайды»,  «Мұрат» кітаптарын берген Т. Нұртазинніѓ бұл саладағы еѓ үлкен арналы дүниесі – белгілі күрескер, партия, кеѓес, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов туралы жазған көлемді деректі романы.  Автор көп уақыт Алматы, Фрунзе, Ташкент, Мәскеу мұрағаттарында сарылып, жүйеленбеген, әр жерде шашылып жатқан сан-салалы құжаттарды, тарихи деректі материалдарды қопара қарап, көз майын тауысып, том-том дүниелерді ақыл-ой таразысынан өткізе отырып, тұтас әдебиет жинады, көшірме фотокөшірмені былай қойғанда, өз қолымен көшіріп шыққан қағаздар едәуір жүк болардай.  Бұлардыѓ ішінде жалғыз Рысқұлов тағдыры емес, революция, азамат соғысы, ұжымдастыру, Түрксібке байланысты, көптеген қоғам қайраткерлеріне қатысты қызықты, тарихи материалдар бар» [5].

Зерттеу барысында осы айтылғандарға біз де куә болып,  көз жеткіздік.

Т. Нұртазинніѓ «Тұрардыѓ анты» романы әде­биетімізде тарихи-төѓкерістік тақырыпты игерудегі алғашқы қадамдардыѓ бірі болып табылады.  Жазушы мұнда нақты деректерге сүйене отырып, қазақ халқыныѓ біртуар перзенті, айбынды күрескер Тұрар Рысқұловтыѓ көркем бейнесін жасауды мақсат еткен.  Романда қазақ халқыныѓ төѓкеріс қарсаѓындағы, төѓкеріс жылдарындағы және кеѓес өкіметі орнағаннан кейінгі өмірі, жалпы Түркістан республикасындағы тап тартысы, халықтар достығы суреттеледі.  Осы оқиғалардыѓ бел ортасында жүрген Тұрар Рысқұловтыѓ жеке өмірі, әлеу­меттік майдандағы күрескерлігі сөз болады.

Жазушы кітапта өмірде болған оқиғаларды сол күйінде ұсынбай, көркемдік шындыққа айналдыруға тырысып баққаны байқалады. Осы мақсатта көп еѓбектеніп, ізденгені, тарихи деректерді сұрыптап ала білгені көрінеді.

«Тұрардыѓ анты» романы мен Ш. Мұртазаныѓ «Қызыл жебе» романдарындағы кісі аттарыныѓ сәйкестігі, оқиғалардыѓ ұқсастығы, олардыѓ болған мерзімдерініѓ бірдейлігі автордыѓ тарихи шындықтан ауытқымағандығыныѓ бір дәлелі бола алса керек.

Роман «Рысқұлдыѓ тұла бойы тұѓғышы» [4,5] Тұрардыѓ дүниеге келуінен басталады. Жазушы Тұрардыѓ балалық шағына көп аялдамай, оныѓ қоғамдық өмірге араласып, күреске түскен шақтарын мол қамтуға тырысқан.

Кітаптыѓ бірінші бөлімінде Тұрардыѓ қоғам қайраткері болып қалыптасу жолдарын көрсететін оқиғалар тізбегі жетерлік. Мұнда ол орталық кейіпкер ретінде көрініп, жақсы қасиеттері тереѓірек, молырақ ашыла түседі.  1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысады.  Мерке  базарында  алғаш  рет  халықтыѓ  алдына  шығып, сөз сөйлейді.  Жаѓа таныстар, достар табады. Қанды қырғынныѓ куәсі болады. Патша шенеуніктері мен ел ішіндегі байлардыѓ залымдықтарына ашынған Тұрар өзініѓ көріп-білгеніне, азды-көпті оқығанына, естігендеріне сүйене отырып, халықтыѓ арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізеді.  Өзге ұлттыѓ кедейлерін тізе қосып қимылдауға шақырады.  Полицейлер тұтқындап, бірнеше рет абақтыға жабады. Ебін тауып, олардан да құтылады. Әулиеатада төѓкерісшілдермен бірлесе жүріп, «Қазақтыѓ революцияшыл жастар одағын»  құрады.  Хмелевский, Чернышев, Завадский, Карев, Асимов, Баулин сияқты большевиктермен танысады.  Ішкі жағдайымен жете танысу мақсатында қырғыз, өзбек, тәжік өлкелерін аралайды.  Аласапыран тұста Қытайға өтіп кеткен қазақтардыѓ аман-есен кері оралуына жәрдемін тигізеді.  Жазушы романныѓ бірінші бөлімінде күрескер болып қалыптаса бастаған Тұрар Рысқұловтыѓ шынайы бейнесін осылай жасаған.

Романныѓ екінші, үшінші бөлімдері өте күрделі кезеѓді қамтиды.  Мұнда Тұрардыѓ Түркістан республикасы ауатком төрағасыныѓ орынбасары болып сайланғанынан бастап, 1926 жылы РСФСР Совнаркомы төрағасыныѓ орынбасары қызметіне ауысқанға дейінгі күреске толы өмірі, өсу жолдары сөз болады.

Шығармаға арқау болған алмағайып заманныѓ жай-жапсарын, әр түрлі топтардыѓ ара-қатынасын, тап күресініѓ әлеуметтік мәселелерін бір-екі  адамныѓ бейнесімен көрсетудіѓ мүмкін еместігі белгілі.  Романда  дәуір тынысын, заман талабын реалистік тұрғыда көрсетуге септігін тигізетін қаһармандар баршылық.

Кітапта Т. Рысқұловпен әр уақытта, түрлі кезеѓде қызметтес болған Сағдолла Тұрсынқожаев, Санжар Асфандияров, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Ғани Мұратбаев секілді әйгілі қоғам қайраткерлерініѓ бейнесі берілген. Бірақ оларға жан-жақты тоқталуды жазушы мақсат етпеген.   Бұл кейіпкерлердіѓ іс-әрекеті Тұрарға қатысты жерлерде ғана сирек көрінеді. Бұлардыѓ қай-қайсысы да – уақытында әр салада белгілі қызмет істеген, тарихта өзіндік орны бар тұлғалар. Әрқайсысы – дербес зерттеу нысанына айналайын деп тұрған немесе айналған, жеке тақырыптық тыѓ тұлғалар.

Романда күні өтіп, құруға айналып бара жатқанын білсе де, оны мойындағысы келмейтін үстем тап  өкілдерініѓ бейнелері де бар.

Өмірде болған оқиғаларды осылай шынайы түрде бейнелеу, жекелеген кейіпкерлердіѓ болмысын, басынан өткен кейбір сәттерін талғап беру – қаламгердіѓ басты ерекшеліктерініѓ бірі.  Кейіпкер­лердіѓ келбеттерін психологиялық тұрғыдан көрсетуде, олардыѓ тағдыры мен талайын аласапыран заманныѓ оқиғаларымен астастыра алып суреттеуде де жазушыныѓ машығы байқалып отырады.

Тұрар Рысқұлов – қазақ халқыныѓ маѓдайына біткен жарық жұлдызы.  Туған елініѓ тәуелсіздігі мен еркіндігін аѓсаған, жалпы, Орта Азия халықтарыныѓ бірлігі мен достығын көксеген озық ойлы, ерекше жаратылған тұлға.

    Т. Нұртазин өмірде болған оқиғаларды, тарихи нақты деректерді негізге ала отырып, алғашқылардыѓ бірі ретінде Тұрар Рысқұловтыѓ әдеби көркем бейнесін жасады.       

Пайдаланылған Әдебиеттер:

1. Қазыбеков Н.  Қарапайым қаламгер // «Семей таѓы» газеті – 1987 ж.

2. ҚРОММ, 2162-қор   1 тізбе, 410-іс

3. ҚРОММ, 2162-қор   1 тізбе, 410-іс

4. Нұртазин Т. Тұрардыѓ анты – Алматы: Жазушы, 1989. – 352 бет

5. Нұрғалиев Р. Талант қырлары // «Қазақ әдебиеті» газеті 1987. – 25 желтоқсан

Алдыңғы «
Келесі »