«Жас Тұлпар» жайлы ой

  • 06.01.2014
  • 311 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Досмұхамед Кішібеков,
ҚР ҰҒА академигі
Тарих өткен өмір. Бүгінгі күн ертең тарих. Оған қашанда халық мән берген. Сол өмірдің жүрек соғуын, оның тамырын ұстап сезетіндер болған. Ал, енді тарихтың белгісіз қимылын білмей-ақ, өмір талабы кейде ойда жоқ көтеріліп, кейбір істерге бастама да болған. Соның бір көрінісі бұдан жарты ғасыр бұрын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университетінде оқып жатқан қазақ жастарының бастауы. Бұл бастама-қозғалыс «Жас Тұлпар» деп аталды. Оны ұйымдастырған жастар алдына қоғамды өзгерту деген мақсат қойған да жоқ болатын. Ойына келгені, тығырыққа догматизм тыққан қоғамға кейбір жаңарту ойларын айтып, пікір бөлісу. Өмір талабын да олар солай сезінді. Бірақ, ол бастаманы сол кездегі жүйе жақтырмады. «Өмір өзімен өзі жүріп жатқан жоқ па, «Жас Тұлпар» не үшін керек?» деп, оның пайда болуын бір нәрсенің нышаны деп сезіктеніп түсінгендерде болды. Бірақ, «Жас Тұлпарды» ұйымдастырған жастар ол жағын түсінді ме, әлде жоқ па, ол жағы белгісіз. Дегенмен, бұл қайнап жатқан қазаннан шыққан көбіктей, өмір көрінісі еді. Бұл стихиялық бастама аржағында, қоғамның тығырықтан шықпақ болған талабы болса керек. Ол талап, бәрі бір жол тапты. Бірақ, ол жаңалықты бастаған «Жас Тұлпар» МГУ студент-жастары арасынан емес, Теміртау қаласындағы Металлургия комбинаты жастары арасынан табылды. Қазір ол әлемге әйгілі. Бір қызығы, сол өмір талабын орындаушы жас тұлпарды өмір өзі тудырғаны былай тұрсын, өмір оны қолынан жетектеп өсірді. Жоғары орындарға көтерді. Бұл өмір талабы еді және оның ең бір әділ дұрыс шешілген түрі болатын.


Керек кезінде тарих өзі жол табады. Шешім басқаша болса, онда әрине мұндай жайдарлы, табиғилық болмас еді. Кеңес үкіметін де сол тығылық құ­латты. Бірақ, бәрі табиғи жолмен бейбіт шешілді.
1986 жылғы Алматыда желтоқсанда болған көтерілісте, сол секілді консер­ваторлық болмыспен тәртіпке негізделген қоғамда халықтың ренжіс көрінісі еді. Мұндай жағдай неліктен болады? Егер, қоғамда билік жүйесі прогреске кең жол аша алмаса, халық тілегі орындалмаса, ел тығырыққа тірелсе, онда өмір өзі сол жағдайды өзі шешеді. Бұл объективтік процесс. Ал, сылтау ол негізгі себепке жатпайды. Себеп болса сылтауға кез кел­ген жағдай жата береді. Мәселен, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінде Д.А.Қонаевты орынсыз қызметінен босатып, оның орнына басшыны сырттан әкелгендігі дейтіндер де болды. Бұл да рас. Болған жағдай. Бірақ, себеп емес, салдар. Себеп тереңде жатыр. Ол Кеңес үкі­метінің құлауымен аяқталып ше­шілді.
Сонымен, «Жас Тұлпар» 1986 жылғы «Желтоқсан» туралы мақала жазған авторлар мәселенің осы жа­ғына көңіл аударғаны жөн болар еді. Тарихтың тамырын ұстап отырған басшы прогресс талабын дер кезінде байқап, кедергілерді алып тастап, прогреске жол ашады. Даму деген міне осылай жүреді.
Бұл да тарих философиясына жататын проблема.

Алдыңғы «
Келесі »