Жайбарақаттылық жүйкеге тиеді

  • 23.12.2013
  • 374 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Серік БУРАЕВ,
кәсіпкер

Қазан айындағы Үкімет отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министр­лер мен шенеуніктердің жұмысындағы сорақы­лықтарды айтып, қатты сынға алды. Жалпы, Үкімет жұмысындағы берекесіздік пен жауапсыздық, жемқорлық бұл шектен шыққан құбылыс. Обалы не оппозициялық басылымдар мұны бұрыннан айтып келе жатыр. Ал, Елбасының өзі ашына айтқан соң – бұл халық тарапынан қолдау тауып отыр.
Мен біраз жылдар кәсіпкерлікпен шұғыл­дандым. Министр, әкімдердің алдында талай болдым. Жасыратыны жоқ – ашық ақша сұрайды. Олар ақыл-оймен жұмыс істеуді, мәселені парасатты шешіп, тез шаруаңды бітірмейді. Жүйкеңе тиіп, жолыңды байлайды. Алдау, өтірік айту оларға тән құбылыс. Жең ұшынан жалғасқан рулық-топтық жем­қорлардың кеңірдегі кең. Олар тоймайды. Қа­зы­наның қаржысын сүліктей сорып жатыр. Өйткені, ақпарат құралдарын оқысаңыз күнде бір шенеунік ұсталып қамалады. Қыл­мыс жасалған жерде таза кәсіпкерлік пен бизнестің жолы ешқашан болмайды. Әкім, министрлердің өз беттерінше мәселе шеше алмайтыны бұл қоғамдағы дерт. Міне, сондықтан «қауқарсыз үкімет, әрекетсіз әкімдер» деп күллі ақпарат құралдары мұны текке жазып жатқан жоқ. Олай болса Елбасының өзін дабыл қағып, сөйлеттіруге мәжбүр еткен үкіметтегі дағдарысты халықтың біліп, қолдап отырғаны бұл – дұрыс.
Алматы қаласы.
 

Алдыңғы «
Келесі »