Тәуелсіздік шежіресі

  • 28.11.2011
  • 9870 рет оқылды
  • Пікір жоқ

1991 жыл

16 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңына қол қойды.

17 желтоқсан – Алматыдағы Орталық алаңда ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митингі болып өтті.

20 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Әзірбайжанның, Арменияның, Грузияның, Бело­русьтің, Ресейдің,Тәжікстанның, Түркменстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Украинаның, Эстонияның, Латвияның, Литваның мемлекеттік тәуел­сіздігін тану туралы жарлыққа қол қойды.

21 желтоқсан – Алматыда ҚР Президентінің Резиденциясында бұрынғы КСРО-ның құрамына енген 11 тәуелсіз мемлекет басшылырының келіс­сөздері басталды. Осылайша жаңа саяси құрылым ТМД дүниеге келді.

23 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Полестинаны азат ету ұйымы Атқару комитетінің төрағасы Ясир Арафатты қабылдады.

24 желтоқсан – Республикалық баспасөзде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ТМД басшыларының Алматыдағы кездесуінде сөйлеген сөзі жарияланды.

31 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жаңа жылдық құттықтау сөзін арнады.

Мерекелер мен атаулы күндер

1-2          – Жаңа жыл мерекесі.

1     – Бейбітшілік күні. Рим Папасы Павел Үl жариялаған. 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы  аталмыш мерекені ресми жариялады.

7        – Христиандардың Рождество мерекесі.

15    – Діндердің дүниежүзілік  күні БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

21      – Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады.

26            – Кеденшілердің халықаралық күні. 1983 жылдан бастап атап өтіледі.

27            – Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылы қаңтардың 27-де Освенцим концлагері тұтқындары азат етілген бұл күнді бірқатар елдер атап өтеді.

28            – Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Дели декларация­сы негізінде атап өтіледі.

01 – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жағда Өгізбаевтың туғанына 100 жыл (1912-1962).

     – Қазақтың тұңғыш инженер-шахтері Матен Рахымбектің туғанына 100 жыл (1912-2006).

     – КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова 90 жаста (1922-2011).

     – КСРО Халық әртісі Шолпан Жандарбекованың туғанына 90 жыл (1922-2005).

     – Қахақстанның халық әртісі Байғали Досымжановтың туғанына 90 жыл (1922-1998).

     – Химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Гауһар Закунбаева 80 жаста.

    – Ақын Марат Ысқақовтың туғанына 80 жыл (1932-2004).

    – Техника ғылымының докторы, ҰҒА-ның академигі Әбдіғапар Әшімов 75 жаста.

02 – Жазушы Тұтқабай Иманбековтың туғанына 75 жыл (1937-1995).

     – Халық әртісі Сара Тыныштығұлова 70 жаста.

05 – Қазақстан ҰҒА-ның академигі Шауқат Алтаев 85 жаста.

     – Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан 75 жаста.

06 – Химия ғылымының докторы, ҰҒА-ның академигі  Надыр Надыров 80 жаста.

08 – Журналшы, жазушы Мұхамеджан Сералиннің туғанына 140 жыл (1872-1929).

     – Халық әртісі, күйші Қали Жантілеуовтің туғанына 110 жыл (1912-1970).

     – Жазушы Тілеуғазы Бейсембеков 70 жаста

10 – Белгілі қазақ жазушысы Қосжан Мүсі­реповтың туғанына 80 жыл (1932-1967).

12 – Аса көрнікті саясат және мемлекет қай­раткері. үш мәрте Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл (1912-1993).

      – Жазушы Саттар Сейітхазиннің туғанына 85 жыл (1927-1999).

14 – Химия ғылымының докторы Лариса Бимендина 70 жаста.

15 – Кеңес Одағының Батыры Төле Кенжебаевтың туғанына 110 жыл

     – Астроном ғалым Хасен Әбішевтің туғанына 110 жыл (1902-1981).

     – Жазушы Естай Мырзахметов 85 жаста.

     – Жазушы Рахмет Өтесінов 85 жаста.

     – Ақын, журналист Боранғали Ырзабаев 80 жаста.

17 – Жазушы Энгельс Ғаббасов 75 жаста.

18 – Ақын Тілепалды Жамбыловтың туғанына 70 жыл (1942-2011).

21 – Қазақстан ҰҒА-ның академигі Мая Шығаева 85 жаста.

     – Жазушы Зәкір Асабаев 75 жаста.

22 – Кенші, қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов 80 жаста.

24 – Халық әртісі Әтейбек Жолымбетовтың туғанына 100 жыл (1912-1994).

Оқиғалар

03 – Бұдан 50 жыл бұрын (1962 ж.) Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты Сарыбай руднигінің екінші кезегі пайдалануға берілді.

05 – Бұдан 70 жыл бұрын (1942 ж.) Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклі алғаш рет сахнаға шықты.

07 –  Бұдан 105 жыл бұрын /1907/  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі  екендігі» атты кітаптары басылып шықты.

14 – Бұдан 55 жыл бұрын (1957 ж.) Қазақ КСР-ы Ленин орденімен марапатталды.

16 – Бұдан 75 жыл бұрын (1937 ж.) Е. Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсы алғаш рет сахнаға қойылды.

23 – Бұдан 205 жыл бұрын баспа тәсілімен қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – «Сейфіл-Мәлік дастаны басылып шықты.

29 – Бұдан 60 жыл бұрын (1952 ж.) Текелі қала атанды.

Алдыңғы «
Келесі »