Қазіргі қазақ жастары қандай?..

  • 23.12.2013
  • 3571 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қай елдің де келешегі – жастар. Жаратқан Иеміздің өзі қалыптастырған бұл ақиқат заңдылықты ешкім бұза алмайды. Яғни, жастар қандай болса, елдің болашағы да сондай…


Ауыр сұрақ, салмақты сауал…
Әрине, «Интернет дәуірінде дүркіреп жүріп жатырмыз, жастарымыз бірнеше тілдерді біледі, өркениетке жарты қадам қалдық…» деп, өз-өзімізді алдап, сол құр қиялымызға малданып жүре берсек те, бізге ешкім ештеңе демейді… Сөздің турасы, кешегі комсомолдың жинақылығы мен тәртібін, ары мен ұятын қайтарып алу – құр қиял ғана. Есесіне, Алланың атын жамылып, пайғамбардың сүннетін бүркеніп, бұрыс беткей, қисық қиянға беттеген жастарымыз қаптап кетті… Қазақтың жауы ғана емес, қасиетті Ислам дінінің дұшпандары, ішімізге кіріп, бауырымызға жабысып алды. Осынау ойы оқшау, қылығы «қызық» «діншілдер» ертеңіміздің діңгегіне балта шаппақшы…


Біреулері – қазақ ұлтының тарихын­дағы мұсылмандық кезеңдерді мойын­дағысы келмейді; келесілері – пайғам­барымыздың сүннетін парыз санамайды, үшіншілері – әруақтарды мүлдем жоққа шығарады… Керек десеңіз, аталған түсініксіз ағымдардың «Ақнұр-шейх», «Шейх Халил», «Тоирджон-шейх», «Мухаммад әл-Қазақстани» атты өз көсемдері мен көшбасшылары пайда болған көрінеді.
…Қазақ топырағында басқа да толып жатқан алуан-алуан діндердің алаяқтары еркін тұрып, үрлеп ішіп, шайқап төгіп жүр. Бір-ақ мысал: Шымкент қаласында «Сунн Бок Ым» деп аталатын Оңтүстік Корей Евангелия христиан шіркеуінің ірі бөлімшесі жұмыс істейді. Оңтүстікте кәрістер көп, аталған шіркеу өз бауырларын «құдайға жақындатамыз» деп уағыз айтып, ұлты кәріс пастор Юрий әкей «киелі су» бүркеп-ішкізіп, жар салады. Ал, шын мәнісінде айналысатын кәсіптері – алаяқтық. Қазақ елінің құқық қорғау орындары Юрий әкейдің «киелі суының» құрамынан адамды есінен адастырып, іс-әрекетіне жауап бере алмайтын зиянды заттар тапты… Алматыда «Благодать» атты «Евангелия миссионерлік орталығы» діни ұйымы заңды жұмыс істеп, 5 мың мүше жинап, байлыққа белшесінен батып отыр. Осы «Евангелия миссионерлік орталығы» діни ұйымының рухани басшысы, Корей Республикасының азаматы Ким Сам Сон 2011 жылдың қыркүйек айында 130 мың АҚШ долларын елімізден заңсыз алып өтпек болғанда Алматы әуежайының кеденшілеріне ұсталып қалды. Әрине, осыншама мол ақшаның қайдан жиналғаны өз-өзінен түсінікті… Сөйтіп, қазақ елінің барлық ұлттарының жастары «ұстағанның – қолында, тісте­геннің – ауызында» кетіп жатқанда, Ақтау қаласының бай-шонжарлары күн сайын кешкі асын Баку қаласына ұшып барып ішіп, кейін қайтады екен. Күн сайын… Ол аз десеңіз, ақтаулық олигархтар әр демалысын Гүржістанда өткізетін көрінеді… Бұл сұмдық пен шындықтың бетін мәжіліс депутаты Рауан ШАЕКИН ашты… Ал, Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағұлов Астана мен облыс орталықтарына қатынайтын ұшақтардың бағыттарынан «адасып», Ақтау әуежайын­да жүргенін біле ме?… Сөз жоқ, жастар – болашағымыз. Бірақ, мынадай бассыз­дықты көріп-өскен өрендер өздерінің бола­шақтарын ойлай қояр ма екен?!.

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Алдыңғы «
Келесі »