Көне жазбалардағы Сақтар

  • 23.12.2013
  • 1018 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мысыр сағаналарындағы тас мүсін­дер, сына жазулар перғауындардың фәни өмірдегі еңбектері мен бастан кешкендері, жасаған ерліктері жайлы мәліметтерді бақи дүниеге жеткізуді көздейтін көрінеді.Бұл мүсін-жазбаларды зерттеуді өмір бойы жүргізсең де ұшығына жете алмайды екенсің. Ағылшындық ғалым келіншек М. Итон-Краусс осылай депті (журнал Вестник древней истории № 2.1993г.). Оның зерттеуге алған ғылыми тақырыбы «Мысырдың көне дәуірлеріндегі сағана­ларындағы (гробницы) бедерлі мүсіндер.» Бұған қарағанда Мысыр сағаналары өте ертедегі, ертедегі, орта кезең және соңғы кезеңдер болып шартты кезеңдерге бөлінетін көрінеді.Олардың көнесінің 157 мүсінін, орта кезеңнің 15 скульптуралық мүсін­деріне назар аударуының өзіне қыруар уақыт кеткен екен. Солардың ішінде Орта Азия Сақтары жайында да деректер кездескен. Итон-Краусстың зерттеулеріндегі сақтар жайлы біз көрген мақалада таратып айтылмапты. Оның есесіне ескі Шумер жазба дерек­терінде Новухороносор патшаның билік құрған тұсында шаруашылық жұмыстарына байланысты жазбалар табылып, онда бірнеше қызықты жайттар сақтар жөнінен хабардар етеді. СССР Ғылым Академиясы «Әлем тарихы хабаршысында» «Бабыл құжаттары жайлы деректер» атты зерттеу мақала жарияланыпты (журнал Вопросы древней истории №1 1977).


Мұнда біздің жыл санауымыздан бұрынғы VII ғасырда далалық скифтер (Саки) Кавказ тауларын басып өтіп Кіші Азияға, одан Палестинаға дейін же­тіп, тұрақтап қалған көрінеді. Бұл жауынгерлер бәрі дерлік соқа басты бойдақ екен де, уақыт өте келе жергілікті тұрғындармен араласып тұрақты қалып қойыпты.Бұлармен қабаттаса Парсылар Бабылды жаулап онда өздерінің әскери колониялық тәртіптерін орнатыпты.Әр аймақтарға өздерінің әскер басыларынан өкілдер қойып салық жинау істерін қатты қадағалайтын болған.Бұл деректер Мурашу атты басшы қызметтегі адамның шаруашылық құжаттары мұрағатында сақталған екен. Геродоттың айтуы бойынша, Парсылар да, Бабылдықтар да барлық скифтерді Сақтар деп атаған.Ал, Гректер Сақтар деп Қара теңіздің теріскей бетіндегі және Каспий теңізінің сыртындағы көшпенділерді атайды екен. Ассириялықтар скиф-сақтарды ишкуздар депті.Ассириялықтардың 640-жылғы жазуында Сақ патшасы Тугдамме деген көсем болыпты, оны тағы да көтей сақтарының Умман Мандасы деп атапты. Сақтар бұдан әрі Геродоттың айтуынша Сирияны тізе бүктіріп Мысырға дейін жеткен. Сонда елін шапқыншылыққа ұшыратпау үшін Мысыр перғауыны Псамметих 1 (первый) алдарынан шығып, көп тарту таралғылар жасап, елге әскерімен кірмеуін өтініпті (Әлгі ағылшындық ғалым әйел айтқан перғауындар жазуларында сақтар да кездеседі дегені осы болса керек). Вавилондықтар сақтарды Киммериялықтар деп,ал, ахеминд құжаттарында үш түрлі сақ тайпалары болды деп көрсетеді. Хаумаварга, тигрохауда (әлгі шошақ бөрік­тілер деген атпен тарихқа енгендер) және парадраялар немесе теңіздің арғы жағындағы сақтар.Бабыл еліне әб­ден сіңіп кеткен сақтар, енді, оларды қорғайтын жауынгер топқа айналып, жергілікті жауынгерлерге ат, ер тұрман, қайыстан істелген әбзелдер бере бас­тайды. Міне, сол Бабылдың жаңа патшалары Новуходоносор ІІ, Набонид тұсында сақтарды атты әскер жарақтары мен қарулары жөнінде деректер сақталған. Белгілі Шығыс зерттеушісі академик Дьяконов «Мидия тарихы» еңбегінің авторының басшылығымен көне тарих зерттеушісі М.А.Дандамаев мынадай мәтінді ұсынады: «mfsak til-li sa- amel-gima-ra-a-a ina (Бабылдардың айтуындағы сақтардың киммарилықтар дегені)… орысша нұсқасында «..Кожанные ремни киммерийские даны в распоряжение Римута надсмотрщика над лошадьми. Месяц Шабату, 16 день 41 год Навуходоносора царя Вавилона. Біз бұл үзіндіде тек құжаттың қалай жазылғанын ғана көрсетіп әдейі қысқарттық. Жазылуы қиын болғандықтан.
Тағы бір, сондай, құжаттар Бабыл елінің басқа қалаларынан да табылыпты. Бұл жағдай бізді Сақтар туралы, олардың месопатамия аймағында кәсіппен айналысып, жергілікті үкімет орындарымен сауда, алыс-беріс жасап тұрғандығынан хабардар етеді. Бұл құжаттар Набонида патшалық құрған 15 жылы тебету айының 24 күні Урук қаласындағы Эанн ғибадатханасынан алынған. Мұнда гимери­ліктер (сақтар) шыбықтан жо­нылған 200 жебені, олардың 180-нің ұштары мыстан жасалған және бір садақты айырбастауға әкелгенін айтады. Ал, мына, бір жазба неміс ғалымы Дж.Н. Шртассмейер 1892 жылы Лейпциг те басып шығарған Дарийдің жазбалары Вавилон зерттеулері еңбегімен куәландырыпты. Құжат № 458. Бұл мәтінде орысшаға аударылғанда мына жағдай айтылады. «Судя по этому документу, в начале царствования Камбиза персидский наместник в Вавилонии Гобри распорядился передать в пользование киммерийцам и Субарецам канал около поселения Хандид. Под кимерийцами, по видимому, имеются в виду Саки». Мәтін мынадай; – .. 50 siglu kaspiu sa ina 1siqlu pit-ga nu-uһ –һu-tu sa me-e-gi bar-su amel im-bu-ka-ku-a-a ina muһһi si-rik apli-su sa iddana …» болып кете береді (айтпақшы, екерту: бұл мәтіндер латын алфавитіне транскрипцияланған, мұны жасаған прф. Дандамаев). Бұл текстіні келтіріп отырғанымыздың бір қызығы бар: орысшаға аударылғанда мәтін «..50 сиклей серебра, которое в каждом сикле содержит 8-1 примеси серебра..» делінген. Бұл сөз жай бір жолы айтыла салған сөз емес пе екен деп басқа мәтін­дерді де қуалап тексергенімізде, ол барлық жерде каспи сөзі күміс деген мағынаны беретіндігіне әбден көз жеткіздік. Енді! Сенсация! Шумер жазуындағы каспи сөзі бізше күміс дегенді білдіреді екен. Осыған қарап ойға келеді: біздің Каспий теңізі деп жүргеніміз күміс теңіз болып шықпай ма!? Бәлкім, алыстан аппақ ақ тауларымыз күнге шағылысып күмістей жарқырап көрінген болар, бәлкім бауыры жарқылдап шоршып ойнаған аққайран балықтар күмістей боп көздің жауын алған болар. Әлде аппақ ұлу тастардан салынған зәу­лім ғимараттар теңіздің парсы жағы­нан келе жатқанда күмістей боп менмұндалап тұрған шығар! Қалай болса да, Каспий теңізі маңынан бар­ған Сақтар Бабыл еліне өзінің ықпалын аз тигізбесе керек.
Тарих қоламтасын осылайша қаузай берсеңіз небір тосын жағдайларға кезігіп, баяғы Сақ бабаларымыздың ерлік істері, жауынгершілік қасиеттері әр жерден қылаң беріп, өзіне ынтықтыра түседі.Дүниені түгел табаныма салам деген Ескендір Зұл­қа­рнайынның да бетін қайтарған Сақ ба­һадүрі Шу батыр еді ғой. Ал, бұл туралы жазылған ерлік дастаны өз алдына керемет дүние екені даусыз.
Дулат Тұрантегi,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Созақ ауданы

Алдыңғы «
Келесі »