ӨНЕР-БІЛІМ – СҰЛУЛЫҚ МЕКЕНІ

  • 14.11.2013
  • 674 рет оқылды
  • 1

женпиЖауқазындай жаз дидарлы жастар үйі екен – бұл. Қыр гүліндей құлпырған қыздар үйі екен – бұл. Алуан асқақ арманның арна үйі екен – бұл. Бақыт пенен шаттықтың мекен үйі екен – бұл. Өлең-жырға өрілген өнер-ғылым, білімнің ұя-үйі екен – бұл. Сұлу тұлға, сұлу тән, сұлу жүрек, сұлу жан махаббат үйі екен – бұл. Қазақ қыздарының үлкен ғылыми қара шаңырағы – Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университеті – бұл. 

Қазақ Мемлекеттік Қыздар пе­даго­гикалық университетінің Қо­ғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2005 жылы құрылған. Алғашқы 2001-2002 оқу жылынан бастап кафедраны ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы, профессор Ә. Нысанбаев, 2004-2005 оқу жылынан доцент Е. Найзағараева, 2005-2009 жылдары профессор Н. Сейтахметов басқарды. Ал 2009-2013 жылдары саяси ғылымдарының кандидаты Э. Туғанова, биылғы оқу жылынан бас­тап саяси ғылымдарының докторы, профессор Б. Иманбекова басқарып отыр.
Қазіргі кезеңде кафедрада – 4 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 8 ғылым магистрі қызмет атқарады. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы бүгінгі заман талабына сай кәсіби шеберлігі жоғары деңгейдегі педагог-кадрларды дайындау мақсатында жемісті еңбек етуде. Кафедраның оқытушылық құрамы көп жылдар еңбек еткен тәжірибелі педагог мамандардан құралған. Атап айтсақ, педагогика ғылымының кандидаты Д. Нө­кетаева, философия ғылымдарының докторы, профес­сор С. Оспанов, саяси ғылымдарының докторы, доцент Б.Иман­­бекова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент К. Толыс­бай, философия ғылымдарының докторы, Б. Аташ,саяси ғылымдарының докторы, про­фессор Н. Абуева, саяси ғылымдарының докторы, доцент К. Жайшыбекова, саяси ғылымдарының докторы, Э. Туғанова, саяси ғылымдарының докторы, доцент Н. Әшкеева, социология ғылымының кандидаты, А. Қалиева, саяси ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Сәрсенбаева, аға оқытушылар Р. Саурбаева, Ә. Сәр­сенова,Қ.Туғанбаев, оқы­тушылар: С. Қосдәулетова, Р. Саутбаева, С. Туленова, Н. Қайдаулова, Г. Отын­шиева.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасында 5В010500-«Әлеуметтану» және 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша бакалавр және магистратура бар.
Қазақстан Республикасының стра­тегиялық даму бағыттарына сәй­кес бәсе­кеге қабілетті мамандар дайын­­­дауға бел­сене ат салысып ке­ле­ді. Қазақстан Рес­публикасының ЖОО-на қойылған талап­тарға сай инновациялық оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруде. Кафедра білім беру мен ғылымды дамыту мақсатында шетел ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. 2013 оқу жылының 26.09-09.10 аралығында АҚШ-тың Миссисипи Валлей Стейт университетінің PҺD докторы Кэтти Голден магистранттар мен студенттерге арналған «Халықаралық саясат және әлеуметтік мәселелер» атты тақырыпта шеберлік класын өткізді.
Жыл сайын қоғамды-гуманитарлық пәндер кафедрасының магистранттары LAMS Ұлыбритания, Түркия универ­ситеттерінің ғалымдары мен тәжі­рибе алма­сып отырады.

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Дефектология мамандығы бойынша сырттай оқу бар ма? Бар болса неше жыл және ақысы қанша ?

Пікірлерге тыйым салынады.