Адамзаттың өткені мен келешегін зерделейтін еңбек

  • 14.11.2013
  • 505 рет оқылды
  • Пікір жоқ

СейдахметЖуырда Қазақстан Респуб­лика­сының Ұлттық кітапхана­сының Көрме залында белгілі саясаттанушы, публицист, Қазақстан Журналистер академиясының және Қазақ ПЕН-клубының мүшесі, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадамның «Дао Алтая» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапты «Олжас кітапханасы» баспа үйі жарыққа шығарды.


«Дао Алтая» – автордың үшінші кітабы. Бұған дейін автор «Служение нации» және «Казахская драма» кітаптары арқылы оқырман қауымға жақсы таныс болатын. «Дао Алтая» тақырыптық жағынан алдыңғы екі кітабынан өзгеше. «Служение нации», «Казахская драма» кітаптарының мазмұны саяси сипатта болса, «Дао Алтая» – автордың ежелгі тарихқа саяхаты. Сейдахмет Құттықадам бұл еңбегінде зерттеушілік жанрды, яғни бастапқы білімнің және қазіргі өркениетке төніп тұрған қауіптің себеп-салдарын ашып көрсеткен.
Бұл орайда автор әлемдік және отандық тарих туралы өзінің ерекше болжамын жасайды. Қазіргі таңда әлемде көптеген ежелгі археологиялық артефактілер жинақталып қалды, оларға әлі күнге дейін қазіргі заманның тарих ғылымы тұрғысынан түсініктеме берілген жоқ. Сондықтан айналамызда беймәлім аспан денелері және бей­әлемдік сана көрініс табуда. Атал­ған мәселелер жаңа көзқарасты және оларды тарихи парадигма шең­берінде, логикалық, жүйелі тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сейдахмет Құттықадам бұл күрделі сауалдарға өзіндік жауабын ұсынады.
Бұл кітаптың қазіргі кездегі өзек­ті­лігі – «Халық тарих толқынында» ат­ты Елбасы ұсынған тарихи зерттеу бағ­дар­ламасымен, сондай-ақ ұлттық тарихты жаңғырту мәселесімен айқындала түседі. Тұсаукесер рәсімі ұлттық тарихты жаңғырту шараларының жос­парына енгізілген шешімдерді жүзеге асыру аясында орындалады.
Кітап адамзаттың өткені мен келе­шегіне ой жүгіртетін талғампаз оқыр­мандарға арналған.
Тұсаукесер модераторы – тарих ғылым­дарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев.
Шара барысында Сейдахмет Құтты­қадамның өмірі мен шығармашы­лығынан сыр шертетін көрме ұйымдас­тырылды.
Тұсаукесер рәсіміне қоғам қайрат­кер­лері, танымал жазушылар, «Қазақ газет­тері» ЖШС және Қазақстан Журналистер академиясының қызмет­керлері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Алдыңғы «
Келесі »