Пирамидаларды салған кім?

  • 05.11.2013
  • 5915 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бекжан Бейсенбай,
отырартанушы

«Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата- бабаларым үстемдік құрған. Дүниенің төрт бұрышы оларға дұшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышын түгел бағындырған. Олар кемеңгер де, ержүрек қағандар болған. Олардың қызметіндегілер де білгір, ержүрек болса балалары да халықпен ынтымақты болған. Олардың мемлекетті ұзақ бас­қарып тұрғандығы да содан».
Дана Тоныкөктің ескерткішінен. 716 жыл.

Сөз басы

Пирамида десе есімізге Мысыр елі түседі. Жыл сайын миллиондаған ту­ристерді Мысырға қарай магнитше тар­татын «Әлемнің жеті кереметінің» бірі бұл пирамидалар саны Мысырда 118. Ніл өзенінің солтүстік батыс жағалауына шашырай орналасқан бұл пирамидалардың ең көнесі – Джосер пирамидасы. Бұл пирамиданың негізі осыдан 5000 жыл бұрын қаланған. Бұл ғимараттың құрылысын Имхотеп атты шебер басқарған. Ал, Мысыр пирамидаларының ең үлкені Гиза даласында орналасқан Хеопс пирамидасы. 20 жыл салынған бұл пирамидаға салмағы 2,5- 3 тоннаға жететін 2 млн 300 мың тас кірпіш жұмсалған. Оның ішінде орналасқан «патша бөлмесінде» салмағы 80 тоннаға жететін алып кірпіштер де бар. Бұл пирамиданың биіктігі 146,6 м, әр қырының ұзындығы 230 метрді құрайды. Сол сияқты пирамидалардың Америка материгінде барын да біз бұрыннан білеміз. Әсіресе, қазіргі Мексика жерін б.з V-X ғасырларында мекен еткен Майя тайпасының салдырған пирамидалары ерекше. Майялықтар ғажайып құрылыстар салумен бірге ғылым- білімнің шырқау биігіне көтерілген. Әсіресе, олардың математика, астрономия, астрология саласында жеткен жетістіктері таң қаларлық. Майялықтар бұдан 1000 жыл бұрын жасаған күнтізбенің сырын толық ашуға қазіргі заман ғылымының өзі дәрменсіз. Ал, енді, Қытай еліндегі пирамидалар туралы біз енді-енді естіп жүрміз. Себебі, қытайлықтар бұл өлкені әлі күнге дейін жабық, жасырын ұстайды екен. Бұл өлкеге шетелдіктердің баруына тыйым салынған.
Қытайдың Шэнси өлкесінде орналасқан жүздеген пирамиданың биіктігі 25-100 метр. Тек Цзя Линь өзенінің жағалауындағы пирамида ғана ең үлкен. Оның көлемі Мысырдағы ең үлкен Хеопс пирамидасынан екі есе үлкен дейді. «Ұлы Ақ пирамида» деп аталатын бұл пирамиданың биіктігі 300 метр, ал, ені 500 метр екен.
Бұл пирамидалар бұдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған деген дерек бар.
Ал, енді, Тибеттегі атақты Кайлас тауын­­дағы пирамидалар ең ғажайып құры­лыстар. Мысырдағы Хеопс пирами­дасының биіктігі 146 метр болса, Кайлас тауындағы пирамидалардың кейбірінің биіктігі 100 метрден – 1800 метрге дейін жетеді. Әрі Кайлас әлемдегі ең көп әрі ірі пирамидалар орналасқан өлке. 2012 жылы орыс зерттеушілері Қырымнан 7 ғажап пирамида тапты. Олардың жасы Мысыр пирамидаларынан да «кәрі» көрінеді. Ғимараттардың маңайынан бітімі адамға келетін аса ірі тіршілік иелерінің сүйектері табылған. Жер серігі арқылы түсірілген суретте Севастополь қаласының маңындағы Федюн жотасында үлкендігі 795х715 болатын алаңқай табылған. Зерттеушілер ол жерді өте ерте заманда шаһар болғанын анықтады. Осындай ғажайып құрылыстар мен пирамидалар тек жер бетінде ғана емес, су астынан да табылуда. Орыс-қытай бірлескен экспедициясы Қытайдағы екі мың метр биіктікте орналасқан таудағы Фушиан Ху көлінен мыңдаған жылдардан бері мұрты бұзылмай сақталған су түбінен ғажайып шаһарды тапты. Ғалымарды таң қалдырған дүние, қала ғажайып үш пирамиданың айналасына шоғырлана орналасқан. Ғалымдар пирамидалардың биіктігі кем дегенде жүз метрден асады дейді. Өте дәлдікпен шеңбер ішінде орналасқан пирамидалардың жасы ғалымдардың есебінше, Мысыр пирамидаларынан екі есе үлкен. Ғалымдар «Бұл әлемдегі ең көне шаһар, қаланың іргесі бұдан 15 мың жыл бұрын қаланған» дейді. Қаланың тас қабырғаларына салынған суреттер мен таңбалардың кереметтігі Мысыр пирамидаларына салынған таңбалардан әлдеқайда ғажап, көркем. Таң қаларлық жағдай, олардың ешқайсысы бұзылмаған. Ғалымдардың есебінше, Фушиан Ху көлінің жасы кем дегенде 12 мың жыл. Ал, қала одан бұрын салынған. Куба жағалауындағы Бермуд үштағанының түбінен ғалымдар алып қала құрылысын тапты. Құрылыстың ішінде 4 үлкен пирамида бар орналасқан. Олардың біреуі шыныдан жасалған. Олардан басқа бірнеше Сфинкс және басқа мүсіндер бар. Ғалымдардың пайымдауынша қала үнді өркениеті кезінде шамамен 1,5-2 мың жыл бұрын салынған. Ғалымдар «Бұл жерде кезінде өте үлкен мегаполис болған, кейіннен қуатты жер сілкінісі мен теңіз суының көтерілуінің кесірінен қала су түбіне батып кеткен» деп есептейді. Пирамидалар Египеттегі Гиза пирамидаларына ұқсас, бірақ размері одан да үлкен. Ал, үлкен кристал тәріздес шыныдан салынған пирамида размері жағынан Египеттегі Хеопс пирамидасынан да үлкен.
Енді, «осы пирамидаларды кімдер салған» деген сұрақ туатыны заңды.
Кейбіреулер ешқандай дәлелі болмаса да бұл пирамидаларды жат планеталықтар салған дейді. Айтатын дәлелі ең кішісі 2,5 тоннадан 80 тоннаға дейін жететін тастарды мынандай дәлдікпен қалау адам баласының қолынан келуі мүмкін емес дейді. Ал, Еуропалық ғалымдар б.д.д 359 жылы ежелгі грек ғалымы Платон жазып кеткен атланттар салған дегенді айтуға құмар. Платон және бір грек ғұламасы Солоннан естідім деп ғажайып өркениетке қол жеткізген Атлантида туралы айтады. Оның айтуынша, атланттар аса зор болған.Ірі пирамидалар тұрғызған. Сонда өмір сүрген. Ғажайып теxнологияларға қол жеткізген. Жеті қат жердің астын һәм жеті қат көк аспанды да зерттеген. Суға сүңгіген, көкке ұшқан. Олар өмір сүрген мекен жұмақпен бірдей болған. Бірақ, кездейсоқ оқиғадан кейін (табиғат апаты болуы керек) Атлантида өркениеті жойылған. Атлантиданың астанасы Атлас қаласы болған. Платонның жазуынша атланттар аралда өмір сүрген. Бірақ, ол мемлекет қай жерде өмір сүрген, ол Арал мен Атлас қаласы қайда? Бұл туралы ешнәрсе айтылмаған.
Қазір Еуропа ғалымдары осы Атлан­тиданың қалдығын іздеп әуре.
А) Осыдан бірнеше жыл бұрын Батыс ғалымдары ғарыштан түсірілген сурет арқылы Испания жағалауынан батып кеткен аралды, ондағы аса үлкен ғимараттардың сұлбасын көрген. Мүмкін, «Атлантиданың астанасы Атлас қаласы осы болар» деп зерттеу жұмысын бастап кетіпті. Б) Ал, биыл орыс ғалымдары Қырымнан тапқан жеті пирамида мен Севастополь маңындағы Федюн жотасынан табылған алаңқай орнын Атлас қаласының орны болуы мүмкін дейді. Дәлелі Федюн жотасындағы қала орны мен Платон айтқан Атлас қаласының үлкендігі (925м) дәл келеді. Орыс ғалымдары Атлантиданы осы жерден Қара теңіз түбінен іздеген жөн дейді. В) Ал, Америка ғалымдары Куба жағалауындағы Бермуд үштағанынан табылған суасты қаласының қалдығын Атлантида туралы айтылғандарға дәл келеді деп есептейді. Себебі, арал табиғи апаттан суға батып кеткен.
Енді, осы түрлі болжамдар мен аңыздарды былай ысырып қойып, нақты не белгілі соны талдап көрейік.
Осы әлемнің түкпір-түкпірінен табылып жатқан пирамидалардың ішіндегі ең жасы оңтүстік Америка жеріндегі Майялықтар салған пирамидалар. Бұл жерде талас жоқ, пирамидаларды тұрғызған ешқандай жат планеталықтар емес, аңыздағы атланттар да емес, тарихтан белгілі майя халқы.
Майя халқының түрік текті халық екенін дүниежүзі әлдеқашан мойындаған. Алла тағаланың түркілерге салған ерекше белгісі – жаңа туған нәрестенің құйымшағында «көкшіл таңба» басқа бірде бір халықта болмайды. Ал, майялықтарда ол бар. Екінші майя халқының тілі түркі тілінің ішінде қазаққа өте жақын қыпшақ диалектісінде сөйлейтінін ғалымдар дәлелдеген.
Куба жағалауындағы су астынан табылған қала да шамамен осы үнді майя өркениеті кезінде, яғни 1,5-2 мың жыл бұрын салынған дейді ғалымдар.
Ал, Қырымды атам заманнан түркі халықтары мекендеп келе жатқаны даусыз шындық. Ал, енді, осы Мысыр пирамидаларын, қытай пирамидаларын, оңтүстік Америкадағы пирамидаларды зерттеген ғалымдар олардың таң қаларлық ұқсастығын көп табады. Куба жағалауындағы су астынан табылған пирамидалардың жанынан Мысырдағыға ұқсас Сфинкстың бірнеше мүсіні табылған. Қытайдағы Фушиан Ху көлінің түбінен табылған пирамидалардағы тас қабырғаға салынған суреттердің, таңбалардың кереметтігі Мысырдағы пира­мидаларға салынған таңбалардан әлдеқайда ғажап, көркем. Фушиан көліндегі пирамидалардың тас қабырғаларының үлкендігі Мысыр пирамидаларымен шамалас, ал, сәулеті жағынан Америкада майя тайпасы салған пирамидалармен үндесіп жатыр. Ешқандай Қытай жазбаларында пирамида, мұндай қала туралы ештеңе айтылмаған. Ал, Қытайлар Шэнси өлкесіндегі алып пирамидаларды бүгінге дейін жасырып келген. Қазір Қытайлықтар ол өлкені жабық аудан есебінде, ешкімге көрсетпей, сырт көзден құпия ұстап отыр. Бұл түсінікті де. Себебі, біз қазір Қытай атап жүрген ханзу халқының тарихы б.д.д бірнеше ғасырдан ғана басталады. Қытай тарихының атасы атанған Си-ма Чиян Қытай мемлекеттігінің басталу мерзімін б.д.д 697 жыл деп көрсетеді. Ал, ұлы философ Кун-Фу-Зы б.д.д 357 жылдан бастайды. Қытай тарихшылары өз елінің ең ежелгі тарихын былай бастайды: «Сиуңнулардың атасы Шүн-Віи есімді кісі Шиа-Хиушы әулетінің ұрпағы болатын». Қытайдың дәстүрлі астарлап сөйлеу мәнерінен турасына аударсақ бұл былай болып шығады: «Қытайлармен алғашқы байланысқа түскен Сиуңнулар мен Қытайдың алғашқы билеуші әулеті бір әулеттен болатын». Немесе қысқаша айтқанда «Қытайлардың алғашқы билеуші әулеті көшпенділер әулетінен шыққан» деген сөз. Қытайдың алғашқы билеуші әулеті де, көне Қытайдағы бірнеше княздіктің басын біріктіріп, «Аспан асты империясын» құрған Ши Хуан-ди патша да көшпенділер әулетінің өкілдері. Осы жерде түрік императорлары өздерін «Көктің ұлы», «Тәңір құт» деп атағанын айта кеткен жөн. Түріктердің ұстанатын діні – Тәңір діні десек, түріктер Тәңір құдайдың мекені аспанда, зеңгіркөкте деп есептеген. Ал, өздерін тәңірдің жердегі өкілі – Көктің ұлы деп атаған. Сондықтан да, олар құрған империя Көктің ұлы империясы – Аспан асты елі деп аталған.
Қанша ерте дамыған дегенмен қазіргі ғылымға белгілі қытай жазба тарихы б.д.д бірнеше ғасырдан ғана осылай басталады. Ал, «Шенси өлкесіндегі пирамидалардың салынғанына 5000 жыл болған» дейді ғалымдар. Фушиан Ху көліндегі пирамидалардың жасы 15000 жылға кетеді. Демек, бұл пирамидаларды салуға ханзу халқының еш қатысы жоқ. Ал, алдыңғы Азияда ең алғашқы тарихы белгілі хатқа түскен өркениеттің негізін қалаған Шумерлер де, Кіші Азия жерінде алғашқы өркениеттің негізін қалаған Хаттар да, Еуропадағы ең алғашқы өркениеттің негізін қалаған (б.д.д 1500 ж) этрускілер де түрік тектес халықтар екені қазір дәлелденген шындық.
Мысыр еліне бірнеше ғасыр билік жүргізген көшпенді халық – Гиксостар туралы дерек тарихта бар.
Ежелгі еврейлердің қасиетті кітабында пайғамбар өз үмбеттеріне «Мен сендерге, Израйль шаңырағына, сонау алыстағы халықты, аса күшті халықты, ертеден жасап келе жатқан халықты жіберемін. Олардың барлығы да шетінен ержүрек. Олар сендердің ұлдарың мен қыздарыңды құрбан етеді,… сен сеніп отырған қамал мен қоршаған қалаларыңды күл-талқан етеді» деп қорқытады. Ал, осы «ертеден жасап келе жатқан халық» дегені көшпенділер өкілдері Кемерлер мен Скифтер болатын. Осы жерде түрік әлемінің алтын бесігі атанған Алтайды жан-жақты зерттеген академик А. П. Окладников бастаған ғалымдар Алтай тұрғындары жасап, пай­даланған тас құралдардың жасын 200 мың жыл деп анықтапты. Тағы да бағзы замандарда Қиыр Шығыстағы Биринг жер мойнағын басып өтіп, Америкаға қоныс аударған Американың байырғы тұр­ғындарының тарихы туралы профессор Әділ Ахметов «Азия­дан Америкаға адам баласының қоныс аударуы дүркін- дүркін болғандығын, яғни, бірінші рет 40- 35 мың жыл бұрын, екінші рет 28- 25 мың жыл бұрын және үшінші рет 14- 10 мың жыл бұрын қоныстанғанын аңғаруға болады» – деп көрсетеді. Осы Американың байырғы тұрғындарының түрік нәсілдес екені сырт пішінінен де тілдерінен де дәлелденген. Бұл осы мәселемен жан жақты айналысқан Америка ғалымдарының дерегі. Ал, көне өркениеттер тарихын жан-жақты зерттеген атақты француз ғалымы Рене Груссе өзінің «Дала империялары» атты еңбегінде былай дейді.
«… Кочевник всегда владел огромной военной властью. Он был стрелком в седле. Техническим оружием, которое давало ему великое превосходство над оседлыми народами, как артиллерия сов­ременной Европы для остальнога мира, была невероятно мобильная конница опытных стрелков. Это правда, что ни китайцы, ни иранцы не имели такого оружие».
«Стрелки на седлах из степей правили над Евразией …до XVI-го века».
«…Тюрки будучи умными, уравновешенными, практичными людьми, были, тем не менее созданы для правления».
«С появлением артиллерий эти лучники перестали быть завоевателями мира».
Еуроцентризмді ту қып ұстанған бұл ғалым алғашқы от қару шыққанға дейін көшпенділерге соғыс өнерінде тең келетін халық болмағанын мойындай тұра, түркілерді жабайы, надан етіп көрсеткісі келеді. Бірақ, қазір Еуропаның ақсүйекпіз деп жүрген халықтарынан түркілер жазу-cызуды бұрын игергені дәлелденген шындық. Ең алғашқы жазуды игерген Еуропалықтар да емес, қытай, үнді, еврейлер де емес түркі тектес шумер, хаттар болатын.
XX ғасырдың басында Югославия, Болгария жерінде Винча өркениеті табылғанда Еуропалықтар қандай қуанды дейсіз. Себебі, Винча жазуы бұған дейін әлемдегі белгілі ежелгі жеті жазудың ішіндегі ең көнесі шумер жазуынан (3100ж. Б.д.д) төрт ғасырға жуық (б.д.д 3470 ж. Винча жазуы пайда болған) көне болатын. Бірақ, тексере келгенде бұл жазу Еуропалықтарға емес, түркі тектес этруск халқының жазуының бастапқы кезеңі екені дәлелденді. Этруск әліппесі 26 әріптен тұрады, оның 5-eуі дауысты. Б.д.д. IV-V-ғасырда өмір сүрген сақтар да, б.д.д I-ғасырда өмір сүрген қаңлылар да, б.з. VII-ғасырындағы түріктер де осындай әліппені қолданған. Ал, енді, осы әлемнің түкпір-түкпірінде салынған пирамидаларға ұқсас, түркілердің ата қонысында – Орталық Азияда не бар? Орталық Азияда түріктер тастан пирамидалар салмаса да, атақты патшаларына биік қорғандар салып, оны өте қастерлеген. Қазақстан жеріндегі осындай қорған оба­лардан қазір қанша патшалар мен патшайымдардың алтындаған бұйымдары табылды. Бұл құнды жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың сол көне заманның өзінде өркениеттің жоғарғы сатысына жеткенін көрсетеді. Жақында Моңғолия жерінен осыдан 1300 жыл бұрын салынған көк түріктердің жерасты мазарын тапты. «Жер бетінен 8 м тереңдікте жатқан қорымның үстіңгі көмбесінің биіктігі 4 м. Ал, есікке бастайтын дәлізінің ұзындығы 40 м. Дәліздегі қос қабырғаның бір жерінде бос орын жоқ. Барлығына сурет салынған» – деп хабарлайды түріктанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы. Жақында Германия жерінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан неміс жұмысшылары жер­астынан б.д.д 1300 жылдары жасалған өте қымбат алтын мен асыл тастардан жасалған қазына тауып алған. Қазынаны жан-жақты зерттеген неміс ғалымдары бұл заттардың бұдан 3300 жыл бұрын Қазақстан жерінде жасалғанын даусыз дәлелдеп берді.
Әлем ғалымдарын қызықтырып отырған Қазақстанның солтүстігіндегі Торғай даласында жатқан «Үштоғай төрттағаны» мен «Торғай свастикасы» деп аталатын тарихи ғимарат. Бұл ғимараттар ғарыштан қарағанда көрінеді екен Дүниежүзі археологтарын таңқалдырған бұл нысандардың көлемі Париждегі Елисей алаңы мен Мәскеудегі Қызыл алаңнан да үлкен. Ға­лымдар бұл геоглифтерді б.д.д 7-9 мың­жыл­дықтарда салынған, Мысырдағы Гиза пирамидаларынан да екі мың жыл бұрын салынған эпикалық ғимарат дейді. Қазір ғалымдар зерттеп жатыр.
«Егер, бұл ғимараттардың Гиза пирамидаларынан «кәрі» екені дәлелденсе, бүкіл адамзаттың тарихы Қазақстан жерінен басталатын болмақ», – деп ха­барлайды «Айқын» газеті. Ал, енді, осы ең кіші тасы 2,5 тонна, ал үлкені 80 тон­наға жететін алып пирамидаларды қалай тұрғызған. Бұған дейін бұл туралы талай жорамалдар да айтылды. Бұлардың ішіндегі ең көп зерттелгені Мысыр пирамидалары болатын. Мысыр пирамидаларын таудың тасынан қашап алып, блок-блоктан құрастырған деген ой көбірек айтылатын. «Бірақ мұнша ауыр тастарды қалай көтерген», – деген сұраққа ешкім де жауап бере алмады. Мысыр пирамидаларының қалай салын­ғаны туралы ең көңілге қонымды ойды алғаш рет айтқан қазақтың біртуар ұлы, өнертапқыш Сейілбек Қышқашов болатын.
1980 жылы ғалымдар Хефрен пирами­да­сының ішіндегі қазынаға апаратын жолдан тас қабырғадан елеусіз ғана шығып тұрған адамның шашын байқайды. Бұл тасты таудан қашап алған деген ойдың қате екенін, қайта пирамида кірпіштерін бетон сияқты құйған деген ойға жетелейді, Сейілбек ағамызды. Бұл бетон құйған құрылысшылардан кездейсоқ қалып қойса керек. Пирамидалардың жанынан балшық айдайтын қырманға ұқсас өте үлкен бассейндер табылған. Оның не үшін екенін ешкім де айтып бере алмайды. «Менің ойымша бұл тас ерітетін бассейндер», – дейді Сейілбек Қышқашов. Ол 1993жылы көптеген тәжірибелерден соң бие сүтінен жасалған еріткішпен қызыл гранит тастарды ерітіп, бетон сияқты қайта құю технологиясын игерген болатын. Бұл тек пирамиданы зерттеген ғалымдарға ғана емес, медицина үшін де теңдесі жоқ жаңалық болатын. Бұл еріткіш организмдегі өт, бүйрек, ас қорыту жүйесіндегі тастарды тазалауға таптырмайтын әдіс еді. Ең өкініштісі сол, дарынды өнертапқыштың осы жаңалығына қазақ шенеунігі патент бермек түгілі, мазақ қылып қайтарып жіберіпті. Ал, арада жиырма жыл өткенде қазақтың ұлттық тағамы қымызды немістер патенттеп алды.
Ал, осы пирамидаларды ұзақ жылдар зерттеген мысырлық ғалымдар, жақында, Сейілбек Қышқашовтан 20 жылдан кейін, «Бұл пирамидалардың кірпіштері қолдан құйылған» деген қорытынды жасапты. Кірпішке химиялық анализ жүргізген мамандар тастың тау жынысының ұсақталып, үгінді күйінде келетінін, содан соң арнайы қоспалар қосылып, ағаш қалыпқа құйылғанын анықтаған. Виктория университетінің профессоры Кен Маккензи «Жердің ежелгі тұрғындары қазіргі заманның бетонынан сапасы асып түсетін табиғи бетон жасай алған» дейді. Әлемнің атақты қасқа бас ғалымдары енді ғана білген бұл жаңа­лықты қазақтың қарапайым өнертапқышы бұдан 20 жыл бұрын ашып қойғанын олар қайдан білсін. Олар әлі де біле алмай жүрген еріткішті Сейілбек Қышқашов бұдан 20 жыл бұрын тауып, көзге көрсетіп, қолға ұстатып та қойған. Бірақ, қазақтың абыройын көтерер сол жаңалықты кертартпа қазақ шенеунігі тіркемей қойыпты.
Сейілбек Қышқашовтың «Жер бетінде бір де бір өсімдік синтездей алмайтын уксусты жылқының сүт бездері ғана синтездей алады екен. Бие қымызынан қызыл гранитті еріте алатын еріткіш жасап шықтым. Пирамида тастары осылай ерітіліп, қалыпқа құйылған» – деген сөзі дәлелденсе пирамида құрылысына жылқының көптеп пайдаланылғаны дәлелденбек. Демек бұл, пирамидаларды салған көшпенді түркілер деген сөз.

Алдыңғы «
Келесі »