Тарих оқулығындағы олқылықтар

  • 03.06.2013
  • 471 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Кожа АхметХасен Қожа-Ахмет,
композитор, өнертанушы

Қазақ Ресейге қалай «өз еркімен» қосылды

Бұл «қосылудың» қаншалықты заң­ды я заңсыз екенін 1970 жылдардағы мақа­лаларымда жазғандықтан бұл жолы мен осынау «қосылу» кезіндегі адамдардың мі­нез-құлықтары жайына тоқталмақпын. Осы мәселеге психолог мамандар да назар аударып, бүгінгі қазақ қалпымен салыстыра қарап пікір айтса жөн болар еді.


Ресейге қазақтың «өз еркімен қосылуы­ның» 250 жылдығына орай баспалардан қаулап шыққан тарихи-романдарға шолу жасаған «Өзекті тақырып өресі» атты мақа­ласының («Қазақ әдебиеті»,07.09.1984 ж.) бір тұсында Х.Әдібаев: «Үркер» романын­дағы жетекші проблеманың бірі – Россия мен қазақ даласының алғашқы қарым-қа­ты­насы, ұрпақтар тағдырына әсер еткен зор құбылыстың бастауы. Сол проблема романда қалай шешіледі? Жазушы алғашқы қадамның қиындығын, Әбілқайырдың саясатын шытырман тартыс-күреспен күрделі бейнелейді, бірақ, әлсін-әлсін көрінетін арзан шешімдерге қарның ашады. Жарқыраған арзан шыны бұйымға, қызыл-жасыл шүберекке таласқан ата­ларымыздың рухани қасиеті риза етпейді. Әбілқайыр мен ел басқарған көшпелі билердің араздық-достығы он шақ­ты метр кездеме-бұлдан аспапты. Ел қамын ойлаған азамат қайда? дей келіп, енді авторды тыңдап көрейік: «Әбілқайыр елшіге: – Егер қазақ шонжарларына көңіл­дерінен шығатын сыйлық тауып бере алсақ олар ешқандай да қастандық жасамайды, ақ патшаның боданы болуға көнеді» (337-бет), «Тевкелевтер шыққан бойда ақ ордадан әжеп-тарқы айқай-ұйқай дауыс шықты. Әлденелер сарт-сұрт ете қалғандай болды. Сөйтсе, бұлар шыққан бойда айқай-дау басталыпты. Бұның тас­тап кеткен сый-сияпатын ортаға үйіп, таласып-тармасып бөлісе жөнеліпті. Бір-біріне қамшы сілтесіпті. Қызыл кеңірдек топ елшіні еліне аман жіберуге болмайды, өзін өлтіріп, дүние-мүлкін талап алу керек деп шешіпті» (342-343 бет). Міне, ел билеген, ел бастаған қайраткерлердің түрі. Тарихи бастауда тұрған азаматтар сиқы» – дейді Х.Әдібаев. Бірақ, өкінішке қарай, бұл Ә.Кекілбаев қиялынан туған жолдар емес. Қазақ елінің тағдыры қолдарында тұрған атқамінерлеріміздің мінез-құлқы аталған «Казахско-русские отношении 16-18 вв.» жинағындағы құжат­тарда тап осылай жазылғанын көреміз. Енді осы құжаттар бойынша «Ресейге өз еркімізбен қосылудың» қалай басталып, жүзеге асқанына шолу жасалық. №19 құ­жат 1718 ж. қаңтар-тамыз аралығында Б.Брянцев бастаған орыс бар­лаушыларының қазақтар мен жоңғар қалмақтары арасындағы жағдайды барлап қайтқандағы мәлімдемесі екен. Мұнда, 5 наурызда оларға Әбілқайыр ханның туы­сы Мамайдың келіп, Үргеніш қаласында соғысып жүрген орыстарды тыюды сұрағаны, 4 мамырда Әбілқайыр ханның аулына келіп, түн ортасында оған сыйлықтар тапсырғаны айтылады. 5 мамыр күні Әбілқайырға Сібір губернаторы М.Гагариннің хаты тапсы­рылғанын, ол орыс патшасы адамдарына ешкім тиіспеуі үшін осы хатты Бұқара мен Ташкентке жіберетіндігін айтқаны баяндалған. Бұдан, Әбілқайыр 1718 жылы-ақ өзін қазақ түгіл Бұқара мен Ташкенге де әмірі жүретін хан болып көрінбекке тырысқаны байқалады. №24 құжат – 1722 ж. Парсы мемлекетіне жорық кезінде І Петр патшаның: «Хотя-де оная Киргиз-Кайсацкая степной и лехкомысленный народ, токмо-де всем азиатским странам и землям оная-де орда ключ и врата; и той ради причины оная-де орда потребна под Российской протекцией быть, чтоб только через их во всех Азиатских странах комоникацию иметь и к Российской стороне полезные и способные меры взять» дегені туралы В.Тевкелевтің жаз­ған естелігі. №25 – Ресей патшасы Ан­на Иоановнаға Әбілқайыр ханның: «Мы, Абул­хаир-хан, с подвластным мне многочисленным казахским народом Среднего и Малого жузов, все преклоняемся перед Вами, являемся Вашими слугами и все вместе с простым народом желаем Вашего покровительства…Желаем Вам всякого благополучия и будем Вашими подданными», деген 1730 ж. 30 сәуірде жазған хаты; №26 – Әбілқайыр елшілерінің Петербургте «Бүкіл қазақ жерлері мен хандарының Әбілқайырға бағынатыны туралы ауызша айтқан мәліметі жазылған. Қосымша, 1731 ж. қаңтарда Бопай ханымның хатында да: «Вашего величества всенижайшей рабы муж мой Абулхаир хан над всеми ханами главной» деп, осыған сендіру көзделініп жазылған; №30 құжат: (1731 г. февраля) – «Инструкция Коллегии ин. дел В.Тевкелеву, отправленному во главе посольства к Хану Абулхаиру для принятия от него присяги на подданство России» деп аталады: «1. Ехать ему в Киргиз-кайсацкую орду, где обретатись будет главной их и первой хан Абулхаир…3. Также, ежели при том Абулхаир-хане будут прочие ханы, и ему, Тевкелеву, тех ханов, також-де обнадежить е.и.в. милостью и приличное жалование им дать, разведав о каждом из них, кто чего достоин, из отправленной с ним казны. Однако, то учинить по получении присяги; 9. И посланцов сюды Абулхаир-хан с согласия других ханов и всего народа прислал, и народу приятно ль сие, что они приняты в подданство ее импер.вел». №31 құжатта Әбіл­қайырдың: «Знатной бухарский хан Аболфеиз хан отдался в мою волю.Брат мой хивинский хан Албас- хан отдался в мою же волю. Кочующий по реке Ходже Ченнет-Даряс-Акбатур-бек в мою же волю отдался. Барак-хан, владение ево 4000, город Ташкент, Сири, Торкостан, в наших руках» деп, «Қазақтың барлық хандары менің қолымда» деген, шындыққа жатпайтын хаты берілген.
Әбілқайыр күткен Ресей елшісі Мамет Тев­келев өз күнделігінде (№33 құжат) 1731 жылғы 5 қазанда, оның Ырғыз өзені бойын­­дағы ордасына келгенін жазған. Бірақ, қазақ рубасылары патшадан әкелінген грамота ел көзінше оқылмайынша хан мен елшіні жеке кездестірмеу үшін күзет қояды. Сондықтан, тарихта айтылып жүргендей, суретте салынғандай «Ресей елшісін ханның салтанатты қабылдауы» болмаған, олар түн­де ұрланып, даладағы бұта ішінде кездес­кен. «Октября 6-го числав полночь прислал Абулхаир-хан к Тевкелеву, чтоб он пришел к нему тайно или он, Абулхаир хан, к нему, Тевкелеву, будет. А как Тевкелев стал быть во оной кибитке, в то время, особливо от старшины кайсацкой, к Абулхаир-хану и к нему, Тевкелеву, определен тайной караул, чтоб прежде объявления ее импер. велич. грамоты не допускать с ним, Тевкелевым, видиться и прежде желая слышать, что во оной написано.Через башкирца Кидряса от хана приказано, чтоб Тевкелев, надев на себя худое платье кайсацкое, пришел к нему, Абулхаир-хану, в поля и виделся…И, по обычном с обеих сторон поздравлений, хан ему, Тевкелеву, начал говорить, что он, хан, просил себе протекции всероссийской без согласия других ханов и салтанов, и киргиских старшин, один, и то, что без согласия оных просил, имеет сумнение, но как бы то ево намерение в совершенное желание привести. Против чего переводчик Тевкелев спрашивал ево, Абулхаир-хана, чего ради он один, без согласия других ханов и салтанов и киргис-кайсацких старшин то учинил, и что тому притчина». Елші сұрағына Әбілқайыр хан, Ресей қол астына кіруіне себеп: біріншіден, оның ата-бабасы мен өзі билеген Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларын, сондай-ақ, әйелі мен өгей шешесін жоңғар қонтайшысының тартып алуы; екіншіден, Еділ қалмақтары, башқұрттар және бұқарлықтармен соғысуы. Дәл қазір Бұқара, Хиуамен тату, бірақ қал­маққа сенімі аз екенін айтады. «Того ради он, Абулхаир-хан, к ее импер. велич. послал своих посланцов и просить протекцию российскую, чтоб ему с волскими калмыками и с оральскими башкирцами быть в миру, а от хонтайши отискивать свою реванж было ему свободно». Міне, қазақтың екі жарым ғасыр орыс отары болып 300 рет ұлт-азаттығы үшін көтеріліс жасауына, талай рет аштық, ядролық қару сынау, т.б. арқылы геноцидке ұшырауына, бүгінге шейін өз ана тілінде сөйлей алмауына жеткізген себептің түрі әлгідей – жоңғар қолындағы Әбілқайырдың әйелі мен өгей шешесін қайтарту және орыстар түртпегімен жасалып отырған башқұрт-қалмақ барымтасын тоқтаттыру ғана екен! Бірақ, әңгіме барысында Әбілқайыр бар ынтасымен қа­зақтарды Ресей қол астына қаратуға тырысатынын, өйткені, ол халқының дәстүрін білгендіктен, осыдан кейін өзін барлық хандардың біріншісі етіп жариялайтындығын айтады. Әрі қарай құжатта Әбілқайырдың: «Також говорил ему, Тевкелеву, чтоб он, Тевкелев,не вдруг их принуждал к присяге. И чтобы в первом понуждении не показалось им противно. И сперва ж надобно знатных старшин довольствовать подарками, чтоб они тем умяхчились. А ежели-де знатные старшина на то склонятца, и киргис-кайсацкие народы от старшин отстать не могут. И многократно Абулхаир-хан Тевкелеву подтверждал, чтобы он старшин дарил, понежа киргис-кайсацкая орда – люди дикия, вдруг их в путь наставить невозможно, так надобно с ними поступать как уменьем ловят диких зверей» дегені жазылған. Тевкелевтің тағы да: «Чего ради посланцы ево неправедно словесно предложили в Москве, что Абулхаир-хан-де желает быть в подданстве всероссийское с согласия всех ханов и всего войска кайсацкого, а ныне то стало ложь, токмо один ты собою оное учинил?» – деген сұрағына, Әбілқайыр: «Егер, бір өзімнің атымнан өтініш жазсам патша мұнда елші жібермес еді» дейді. Тевкелевтің «Егер, қазақтар Ресей қол астына кіруге келіспеген жағ­дайда өз басыма қауіп төнбей ме?» деген қорқынышына Әбілқайыр: «Ежели-де знатные старшина подарками удовольствованы будут, то никакой опасности не будет, и в подданство всероссийское привести их будет не трудно» депті. Әрі қарай: «И пополуночи в 5-м часу Тевкелев пошел от хана в свою кибитку. Башкирец Кидряс проводя Абулхаир-хана, шол к Тевкелеву возвратно, тогда поймали ево караульщики, которые приставлены были от киргис-кайсацких старшин, и Кидряса били и спрашивали, что не свел ли он Тевкелева с ханом», «Того ж октября в 7 день поутру прислал Абулхаир-хан к Тевкелеву тайна верного человека чтобы Тевекелев прислал к нему как можно поскорея, товаров: сукна и протчаго, что есть у него для подарения старшинам. И Тевкелев на то ханскому служителю сказал, что пока хан, присягу не учинит, то он жалование и милостивные знаки не отдаст…Потом вторично он, хан, того человека прислал…И того ж 7-го дня Тевкелев к Абулхаир-хану пополуночи в 10-м часу пошел, взяв с собою е.и.в. грамоту и жалованье. А с ним, Тевкелевым, вошло двое геодезистов, семь человек старшин башкирских. И он, Тевкелев, е.и.в. грамоту поднес. Тогда Абулхаир-хан и при нем старшина с места встали, и грамоту он, хан, принял» делініп, ал, кездесу аяқталып Тевкелев хан ордасынан шыққанда, Ә.Кекілбаевтің «Үркер» романында айтылған әлгі жай орыс тілінде былай баяндалған: «По отпуске Тевкелева, будучая в ханской кибитке кайсацкая старшина и другие сами сошлись и данное им снесли в одно место, начали между собою делить с великим криком и дракою, и били плетьми и саблями до крови. И того времяни начали думать злое, чтоб Тевкелева убить досмерти, а пожиток ево себе пограбить и людей разобрать по себе. При чем случился быть один башкирец и оное услышав Тевкелеву объявил, також и знатных башкирцов хотели убить же». Өздерін арашалау Әбілқайырдың қолынан келмесін байқаған Ресей елшілігі қазақты беделімен тоқтатады деп Табын-тарақты Бөгенбайға (Әбілқайырдың әкесінің апасынан туған), хан күйеу баласы Есет батырға хабар жібереді. Келген Бөгенбайға Тевкелев, егер елшілікке қастандық жасалынса қазақтар Ресей патшасының жазасына ұшырайтындарын ескертеді. Бұған Бөгенбай «Хиуада князь Черкасский өлтірілсе де орыстардың олардан кек ала алмағанын» меңзейді. Тев­келев, ол кездері ақпатша шведтермен соғысып, парсыға жорық жасап уақыты болмағанын, бірақ, енді, ондай қылмыс үшін соғыс ашатынын айтады. Өздерін қорғауды өтініп Бөгенбайға берген 500 сомның мүлкін батыр алмай, өзінің тегін көмек көрсететінін айтқанына Тевкелев таң қалып: «Однако Тевкелев остался быть в сумнении, не уповая на то Бугенбая-батыря обнадеживание, что все киргисцы ненасытным оком, что ни увидят, желали б захватить, а он из всех один на то не склонился и не пожелал, и не имеет ли каковой льсти и обману, и до времяни обходился Тевкелев с ним полтикою» дейді. Бөгенбай Тевкелевке старшындар жиналысына шақырылғанда оларға батыл, қатты-қатты сөйлеу қажеттігін үйретіпті. Енді, ертесіне, әйгілі «Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу келісіміне қол қойған 1731 жылғы 10 қазан күні» оқиғасы жайында Тевкелев жазғандарын оқып көрелік: «И того ж месяца 10 дня в собрание их, Абулхаир-хана и старшин кайсацких, Тевекелев был призван и от старшин спрашиван с великою яростию и гневом, зачем он, Тевкелев, к ним в Киргис-кайсацкую орду приехал. На что Тевкелев им ответствовал… Что услыша, оная старшина начала говорить Абулхаир-хану, для какой притчины просил он, хан, подданства российского один без согласия их, киргиских старшин, и приводит их в неволю. Из древних-де лет имеетца обычай, что ханы без совету старшин ничего неповинны чинить, а он то учинил без совету, и прещаше ему смертию. Против чего Абулхаир-хан им, старшинам говорил, что то учинил для того, что он, хан, только имя носит ханское, а воли над подданными ни жадной не имеет и живет, как между скотом; понеже кто и лошадь имеет в руках, тот об ней промышляет, бережет, во всем охраняет, кормит, когда холодно – покрывает, а замараетца – моет, а лошадей же диких в степях, неимеющих оберегателя, люди ж бьют и звери ловят. И ныне, подобно тем зверям, он, хан, не имеет себе оборонителя и изобрал, яко лутчее есть, иметь подданство великого монарха, и желает видеть свету, и лутче от них убиен будет, нежели страмно живот терпеть.
И потом оная ж старшина Тевкелеву говорил з злости, что о том они ему, хану не советовали; а посланцов отправить советовали токмо затем, чтоб с Россиею быть в миру, а в подданстве быть не желают. А буде Тевкелев приехал смотреть киргис-кайсацкого войска, и высмотреть и потом будет воевать, и для того ево, Тевкелева, киргис-кайсаки в Россию жива не отпустят». Дәл сол сәтте Әбілқайырды хандық дәрежесінен аластауға тұрарлық екі жағдай болғанын көреміз: біріншісі, дәстүрді аяқасты етіп, рубасылардың келісімінсіз Ресейге бодан болмаққа ел атынан хат жолдауы; екіншісі, өзін хан сайлаған халықты місе тұтпай, қазаққа сенімсіздік білдіріп, бөтен елдің патшасына арқа сүйеймін деуі. Қазақ дәстүрі бойынша хан болып сайланған кісінің мүлкі «хан талапай» жасалғаннан соң хан халықтың жинап беретін «хан байғазысына», т.б. демеушілігіне қанағат етуге, өз күзетін өзі ұйымдастыра білуге тиіс. Ал, мынадай ете тұра неліктен оны халық «хан талау» жасап, елден аластамағаны түсініксіз. Міне, 1731 жылғы 10 қазан күнгі болған жайды Ресей елшісі Тевкелев сол кезде осылай деп хаттаған. Ал, содан 230 жыл өткенде, 1961 жылы, «қазақ орысқа өз ризашылығымен қосылған» деген саясат ұстанушы КСРО үкіметінің өзі осы құжаттарды жинақ етіп шығарған. Бірақ, тарихшыларымыз осыған қарамастан: «1731 жылы Кіші жүз бен Орта жүздің бірқатары өз еркімен Ресейге бодан болуға келіскен» деп кеше де, бүгін де тақылдап, тарихи шындықты аяқ асты етуін қояр емес. «Достығымыз» шырқау шегіне жеткен, дәл осы жинақ жарық көрген 1960 жылдары, қазақтың өз ата-мекеніндегі саны екі жарым ғасыр бұрынғы жоңғар шапқыншылығы алдындағы санымен деңгейлес күйде қалғаны да тарихи мақалалар авторларын ойлантпайды.
Әлгі құжаттан Тевкелевтің Бөгенбай үйреткендей қатты-қатты сөйлегенімен де келген старшындардың иіле қоймағанын, Ресей елшісі мен Әбілқайырды тығырықтан Бөгенбай батыр құтқарғанын көреміз. Ол өзінің де Ресей боданында болуға ниетті екенін жария етіп, Әбілқайырға ант бер дейді. Әбілқайыр құран ұстап ант берген соң, Бөгенбай, хан күйеу баласы Есет батыр, хан туысы Құдайназар ант береді. «И из знатных старшин присягали 27 человек, которые удовольствованы от Тевкелева подарками, а имянно: товару на 110 руб. на 60 коп. А протчие киргис-кайсацкие старшины– большая часть не присягали, стали быть противны, и потом отослали Тевкелева в свой обоз» (Бұл жерде ірі тайпалар емес, негізінен ру ішіндегі ұсақ аталардың 27 старшыны айтылып отыр. Мұндай старшындар ол кезде қазақта мыңдап саналған). Әрі қарай не болды? «А противная партия сего октября 10-го числа стала быть умножатца, и на каждой день грозила Тевкелева убить досмерти… А 15-го числа прислал Абулхаир-хан к Тевкелеву, чтоб прислал Тевкелев к нему для роздачи противной партии старшинам товаров, чтобы они больше не умножались и злое намерение оставили, а имянно: 60 аршин сукна простова всякова цвету, да кормазинова сукна 50 аршин, 20 бобров, 40 выдр, 20 юфтей красных кож, 5 касяков семиланных камок, 5 чернобурых лисиц, 3 тюня китайки…Тевкелев ему отказал. Октября 18-го дня Бугенбай-батыр от Тевкелева паки поехал в свой улус. И противная партия стала зело умножатца, и на каждой день на Тевкелева набегами своими днем и ночью с великими криками нападать почели, и лошадей из табуна отбивали…
А 20-го дня прислал Абулхаир-хан к Тевкелеву, чтоб он прислал немедленно к нему товаров, которых он просил октября 15-го числа для подарения противным кайсакам. Ежели Тевкелев товаров не пришлет, то хану и ему, Тевкелеву, будет не без страху. А ежели же де и затем непришлет, то велит он, Абулхаир-хан, у Тевкелева вещей и товаров всех отнять насильно и за то-де на него, хана, е.и.в. всемилостивейшая государыня императрица всероссийская гневатца не соизволит, понеже-де он, хан, трудитца, яко диких людей привести в подданство российское»… А ноября 3-го дня противная партия напали на Тевкелева неприятельским образом и жестоко до утра бились. А из противной партии башкирцы убили одного знатного старшину…» Міне, осылайша, «өз еркімен қосылуға» қарсылық жалғаса берген. «Ноября в 11 день Абулхаир спросил у Тевкелева, ежели Киргис-кайсацкую орду Абулхаир-хан успокоить не может и орда останетца в злобе, а он, Абулхаир-хан, протекциею е.и.в. от них охранен будет ли, и их разорить и неволею в подданство российское привести ему, Абулхаир-хану, войско дасса ли…». Сөйтіп, ақыры Әбілқайыр Ресейден өзін өз халқынан қорғауды я болмаса орыс әскерінің күшімен бодан болуға еркінен тыс көндіруге дайын екенін айтқан. «Ноября 19-го числа вечеру Абулхаир-хан прислал к Тевкелеву своих людей, чтобы он отдал пожитку своего, не оставя ничего, Абулхаир-хану. И как оные слова Тевкелев услышал, зело испугался и взял себе на ум, что и Абулхаир-хан знатно в одном согласии с противной партиею и, знатно, поступил он с ним лукавством», «Понеже-де велел хан сказать ему, Тевкелеву, что пожитки-де – дело наживное, а после смерти человек не оживет. Больше Тевкелев спорить не стал, отдал два сундука и два тая, в которых было собственных ево, Тевкелева, пожитков всякого товару на 867 руб. на 15 коп. Осы «товардың арқасында» қарашаның 21 күні Құдайназар мырза Тевкелевке 30 старшынды ертіп әкеліп ант бергізеді. 24-қарашада әлгі қаза болған старшынның туысы Сырлыбай тұтқынға алған башқұртты босатып, туысына құн сұрай келеді. Бірақ, Тевкелев «қазақ заңында барымташыға құн төленбейтінін» айтып, оған 50 сомның товарын береді. Ол мұны азсынған соң, тағы, 50 сомның затын берген. «И еще тем неудовольствуяся выпросил с Тевкелева платье, кафтан татарской зеляного карамзинного сукна, да бешмет, да кушак шолковой з серебром жолтой тарценельной, которое с себя Тевкелев снял и ему отдал»… Міне, Қазақстанды Ресейге «өз еркімен» қосу тауқыметі осындай саудамен жалғаса берген. А. Байтұрсынұлының әлгі өлеңінде:
«Бас адамдар халықты
Сатып, сыйлар алыпты» – деуі, осы жағ­дайды білгендігінен болса керек. Мұндай абыройсыз қылықтардың орын алуының бір себебі, жоңғармен соғыс салдарынан киімге қажет маталар әкелетін қытай керуендердің тоқтап қалуынан болар. Бұған қоса, сол жылдары Мәуреннахрдың көп жерін жаулап алған парсының Нәдір шаһының ол елге мақта өсіруге тыйым салып, матаны тек Ираннан сатып алуға жарлық беруі де қазақтарды лыпасыз қаларлық жағдайға жеткізген сияқты.
Ісі ілгерілей бастаған Әбілқайыр енді қара­қалпақ ханы Қайыпқа, Орта жүздегі Сә­меке ханға, Хиуа ханы Жолбарысқа (Эль­барс) да Ресей бодандығын қабылдауға үгіт­теп хат жолдайды. 20 желтоқсан күні Тевкелевке Табын Бөгенбай батыр келіп жасырын әңгімеде мазасыз қазақ өмірінен шаршағанын, үнемі қатерде болатынын, енді, Ресей бодандығын қабылдағаннан соң, оған Еділ өзені бойында көшіп жүруге рұқсат етуді сұрайды. «Он, Бугенбай-батыр, з зятем, обещает Киргис-Кайсацкую орду в подданство российское в два года привести саблею» деп жазады Тевкелев.
Ресей қызметкерлері мен қазақ атқамінер­лерінің осы жинақтағы хаттарынан, сапар-нама, мәліметтерінен байқайтынымыз Ресейге қосылуды бастапқыда Әбілқайыр ханға туыс батыр, рубасылар қолдаған. Өзгелер тек сыйлық үшін ант беріп, ал, хан, сұлтан тұқымдары «Әбілқайыр Ресеймен әскер алып, барлықтарын уысында ұстай ма» деген қауіптен өздерінің Әбілқайыр үгітінсіз-ақ Ресейге ант беруге әзір екендіктерін жарыса, бәсекелесе жүріп дәлелдеуге тырысқанын көреміз. Бірақ, Ресейге бодан болуға қарсы қазақтардың күресі толастамаған. Мұны 1732 жылдың 19 қаңтарындағы жазудан көреміз: «Приехал один киргис-кайсаченин к Абулхаиру-хану и сказал, что противная партия поднялась на него, хана, и на Тевкелева боеих убить досмерти; а Абулхаир-хана ханшу, привезав за волосы к хвосту лошади, будут таскать по полю». Мұндай жағдайды Тевкелев күнделігінің әр парағынан көреміз. «Абулхаир-хан приехал к Тевкелеву и стал громко плакать, объявляя то, что Тевкелев и сам видет, как он, хан с ними мучитца и от таких пакостных дел их унять не может, а дурная слава происходит все на него», «И Абулхаир-хан сказал: ежели-де построена будет на устье реки Орь крепость, а ему построен будет подле того города дом, где будет он жить, и будет он от киргис-кайсаков безопасен, и поступит с ними вначале ласкою, и как они обнадежутца, то-де можно их звать в тот город, яко в гости, обещая им подарков, и взять их всех под караул, и отослать немедленно в Россию, а иных для страху тут и казнить». Бұған қоса, Әбілқайыр Сыр-Дария өзеніне, Арал теңізіне де орыс қаласын салу қажеттігін айтқан. Бірақ, Тевкелев қазақ жеріне келгендегі 200 жылқы, 12 түйесінің түгі қалмай барымталанып, Әбілқайыр мен жақтастары тауып берген 15 атпен 1732 жылдың соңында қазақ даласынан қашуға мәжбүр болады.1733 жылы 2 қаңтарда Уфа қаласына жетіпті. М.Тевкелев С-Петербургке Сыртқы істер коллегиясына жолдаған мәліметінде қазақ халқы туралы: «Киргис-кайсаки – люди дикие и непостоянные, и страху от ханов не имеют» депті.
Әбілқайыр бастамасынан соң Ресей үкіметі түрлі жолдармен қазақтың өзге хан, сұлтандарынан да ант алуға қол жеткізгені тарихи факт. Тіпті, Қытайдан қауіптенген Жоң­ғар билеушісі Қалдан Серен де 1736 жылы Әбіл­қайырға кісі салып, Ресей бодандығына кірмек болғаны байқалады. Шындығында, ол жылдары Аңырақай шайқасынан соң жоңғардың беті қайтып, парсының Нәдір шаһынан да Қазақ еліне қауіп сейілген еді. Әбілқайыр да Тевкелевке «қауіптің ресейлік қалмақтар мен башқұрттардан» екенін айтқан. Соған қарамастан, қазақ хан, сұлтандарының бір-бірімен бәсекелескендей Ресейге ант бергендері таң қалдырады. Мысалы, Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан 1740 жылы, Барақ сұлтан, түрлі сылтаумен созып, 1742 жылы ант беріпті. Ор бекінісіне келген қазақ атқамінерлерімен кездескен соң жазған Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев 1742 жылғы 22 қыркүйектегі хаттамасында Жәнібек батырдың тархан атағын сұрап алғаны айтылыпты: «Джанбек, встав, просил тайного советника, чтоб ево за верность и на память ево потомкам пожаловать тарханством, дабы он тако в повелениях командирских свободнее поступать мог, и то себе прчтет за особливую ее имп. велич. милость» (№96).
Әу бастан-ақ Әбілқайырдың Ресей патшасына бодан болуға келіспейтін қазақтарды көндіру үшін, тіпті, Хиуа мен Бұқараны да Ресейге бодан етпекке орыс әскери күшін қайта-қайта сұрауы, Бөгенбай батырға да айтқызуы, болмаған соң «парсының Нәдір шаһы Аштарханға шабуыл жасамақ екен» деп жалған хабар таратуы – оның орыс әскерінің күшімен қазақ елінде Ұлы хан болуды мақсат еткенін байқаймыз (20 жыл өте дәл осылайша, билікке манжүр-қытай әскерінің көмегімен келмек болған Әмірсана Жоңғар мемлекетінің жер бетінен өшуіне себеп болады). Ақыры, орыстан әскер ала алмаған Әбілқайыр оларға «Тұңғыш ант берген менен гөрі, кейін ант бергендерге көп құрмет көрсетіп отырсыңдар; Сырдария бойына қала салмай, алдадыңдар; аманаттағы Қожахметті басқа балама ауыстырмадыңдар» деген реніштермен Ресей қоныстарын, олардың бодандығын қабылдаған қарақалпақтарды, башқұрттарды шаба бастайды, жоңғар қонтайшысына қарап кетемін деп қоқан-лоқы жасайды. Әбілмәмбет пен Барақтың да жоңғар билеушісімен жақындасқанын көреміз. Әбілқайыр қазасынан кейін Ресей патшасы ұсынуымен Кіші жүзге Нұралыны хан сайлаған старшындар, артынша Батыр сұлтан сыйлық таратқанда, оны да хан сайлаған («Иные из них и при выборе Нурали-султана в ханы были, а по отъезде оттоль и к Батыр-салтану пристали. А которые при избрании Нурали-салтана и не были, тех ближния родственники к Нуралею ездили»). Бұл – сол кезеңде халықтың антқа да, сайлауға да аса мән бермейтін күйде болғанын байқатса керек.
Бірақ, кешікпей-ақ, Ресейдікі ойын еместігін, бодандарына «мән беретінін» қазақ көре бастайды. 1754 жылы Неплюев пен Тевкелевке хатында Нұралы хан: «Ныне при Илецкой соли построена крепость и для-де того не только по Яику, но и по Илеку-реке кочевья иметь будет не возможно» деп жазады (Сөйте тұра 1759 жылы Елизавета патшаға хатында Нұралы хан: «Потребно для воздерживания народного и к приведению их в порядок и послушание построить на Эмбе-реке крепостцу, где б я в зимние времена пребывать и своевольных людей в страх и послушание приводить мог» дейді. Осы жинақтан, мұндай, Ресей үкіметінің қазақтарды мекендерінен қуғаны, малын тартып алып, халықты қырғандары ай-күндеріне шейін көрсетіліп жазылған жүздеген құжаттарды оқи аласыздар.
Назар аударарлық тағы бірі – 1758 жылғы 18 қыркүйекпен көрсетілген «Письмо хана Нурали имп.Елизавете с просьбой о возваращении рабов, бежавших из Казахстана» деген №224 құжат. Хатта Нұралы хан Жайық бойындағы орыс қамалдарына қашып тығылған мал бағатын құлдарын қазақтарға қайтарып беруді сұрайды. Қазақтардың бұл құлдары Ресей патшасына қарамайтын азиялық парсы, қарақалпақ, жоңғар халықтарынан тұратынын, оларды қазақтар өз қаржысына сатып алатынын немесе өз өмірлерін қатерге тігіп соғысу ар­­қылы тұтқындап алғандарын, оларсыз малдары қараусыз қалып, қазақтардың тұр­мыс­тары нашарлайтынын жазған. Әдетте, тарихшыларымыз қазақ қоғамында құлдық болмаған деп келсе, осынау мысал ол пікірді қайта тексеруді, зерттеуді қажет қылатынын көрсетсе керек.

Түркістандағы
құлпытас кімдікі?
Енді, А.Сейдімбектің: «Қарт Әбілқайыр – 1730 жылдардың қанды шайқасында мерт болып, сүйегі Ахмед Яссауи ғимаратына қойылды. Бұл күндері Яссауи ғимаратының қазандық бөлмесінде тұрған көк тас, кезінде осы Әбілқайырдың басына қойылған» дегеніне тоқталайық. 1990 жылдары Түркістандағы Қожа-Ах­мет мавзолейіне үш рет барғанымда да «Әбілқайыр хан» деген анықтама жазу ілінген құлпытасты көріп, оны 15-ғасырдағы Ақ Орда ханы Әбілқайырға қойылған болар деп ойлағанмын. Бірақ, Қадырғали Жалайыр «Шежірелер жинағында» (Алматы. Қазақстан. 1997 ж. 120 бет): «Бұлхаир хан Ташкент, Түркістан уәлаятында патша еді. Оның қабірі Сығанақ қаласында» дейді. Сондай-ақ, Фазаллах ибн Рузбихан да «Михман-наме-ий Бұхара» аталатын еңбегінде Мұхаммет Шайбани ханның Сығанаққа барғанда атасы Әбілқайырдың кесенесіне құран оқытқанын жазған. Бұл деректер Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы құлпытастың «үлкен» Әбілқайырдікі емес екеніне дәлел. Оның сүйегін я құлпытасын Сығанақтан Түркістанға көшірген деген дерек те жоқ. Ал, 1748 жылы Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқан Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да Түркістанда жерленбеген. А.Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихы» жинағында (338 бет.): «Кіші жүзге хан болатын Әбілқайырды 1748 ж. Қабырға өзенінің бойында Барақ сұлтан өлтірді» – деп жазған. І.Есенберлин де «Жанталас» романында Әбілқайырдың Ор бекінісінен шығып Ырғыз өзенінің бойындағы Ордасына қайтқанда Барақ сұлтан бастаған мың жарым жалайырлармен Торғайдан бір күндік жердегі Улқаяқ өзенінің жағасында кездескенін жазады. Әбілқайырдың өлімі туралы: «Барақтың баласы Шағайдың қолынан ат жалын құшып құлады. Жерде сұлап жатқан ханның жанына шапқылап жеткен Барақ беліндегі ұзын сапты, сүйір ұшты Хиуа қанжарымен жүрек тұсынан сәл төмендеу жерден құлаштап ұрды» дейді (196-197 б.). Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» (1том): «Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара «Хан моласы» аталды… 2000 жылы Ақтөбе облысы әкімдігі үйінің алдына Әбілқайыр ханның ескерткіші орнатылды» делінеді. Тілші Б.Сәрсенбина (30.04.2009 ж.): «Ақтөбе облысының Торғаймен шекаралас аумағындағы Қабырға мен Өлкейек өзені қиылысында «Хан моласы» аталған қалың қорым бар. Әбілхайыр ханның сүйегі сонда жерленді деген әңгімелер үш ғасырдан бүгінге дейін жеткен. Егерде, Әбілхайыр ханның жатқан жері анықталса, сол төңірекке жаңа кесене тұрғызылмақшы» деп жазады. Тағы бір интернет сайтынан: «По словам местных жителей, примерно 50 лет назад на одном из курганов был синий камень с арабской надписью «Абылхаир». Найти его не удалось. Еще одним ориентиром служила одинокая белая ива. Но и ее в 50-х годах уничтожила молния. Согласно данным, сын Абылхаира Нуралы в 1748 году на скорую руку соорудил хану мавзолей из сырцового кирпича в слиянии рек Ульке и Кабырга. Но, как отмечает в своих исторических заметках российский ученый Иван Крафт, уже в конце 19 века мавзолей был полностью разрушен. Несмотря на результаты поисков, уже решено возвести на месте некрополя мемориал Абылхаир-хана» деген мәлімет таптық.
Аталған «Казахско-русские отношении» жинағындағы №190-құжатта Нұралы ханның: «Имеется отца моего при жизни его приказание, чтобы его с того места никуда не возить, где он умрет, тут и хоронить» – дегені, ал, №197 құжатта инженер И.Ригельман мен Я.Гуляевтің Бопай ханымға Әбілқайырға астана тұрғызылатынын хабарлағаны айтылған: «По просьбе их для построения над могилою Абулхаир-хана астаны по силе указа уже место осмотреть велено. На что она объявила: «Хотя-де я для сиротства своего и рассуждала было, что для лутчаго своего покоя и опасения, взяв ссобой кости мужа моего, уехать в Туркестан и жить там до скончания жизни моей, но ныне, как слышу от сына и от тебя у нас высочайшую ее императорское величество милость, оное свое мнение уже отменила» делінген. Нұралы хан «Әкесінің мазары биіктігі 40 метр болуы керек, бұл ел ішінде Ресей патшасының құдіреттілігін насихаттайтын болады» деп үгіттесе де, 1750 жылғы мамырда болған бұл әңгімеден екі жыл бойына Әбілқайыр басына Ресей үкіметі «астана» орнатпағанын көрсетеді. («Астана» сөзін ол кездері орыстар «мола» мағынасында қолданған сияқты). Гуляевтің губернатор Неплюевке: «А иные из старшин из подлых говорят: «На низу наших зимой кочующия на теплыя места уже русскиие люди построить крепости начинают и наверх-де летнем нашем кочевье под видом, яко над могилою Абулхаир-хана, построица хотят и тем же наши кочевья затеснить, и нас, яко башкирцов, окружить желают, токмо-де мы тому, как башкирцы, терпеть не можем» (№190 құжат) деуінен халық сөзінен қаймыққан Ресей үкіметінің мола құрлысын мүлде бастамағаны, тек Нұралы ханның асығыс қарайтқанымен қалғаны байқалады. Осы деректер 1748 жылы қаза болған Әбілқайыр Қажысұлтанұлы Түркістанда емес, Ақтөбе облысындағы Өлкейек пен Қабырға өзенде­рінің құйылысында жерленгенін дәлелдейді. Ендеше, Түркістандағы құлпы тас, А. Сей­дімбек айтқандай, үшінші – «қарт Әбілқайырдікі» болса керек. Тарихымызда тек екі ғана Әбілқайыр болған деп есептеп, олардың екеуінің де Түркістанда жерленбегенін білгендіктен болар, кейінгі кездері зерттеушілер осы құлпытасты «үл­кен» Әбілқайыр ханның баласы, Таш­­кент билеушісі болған Сүйінішқожа хан­ның құлпытасы деп жүр. Бірақ, Сүйі­нішқожа хан кесенесі Ташкент қаласында екені белгілі.

Қазақ хандары кімнің ұрпағы?
Тарихшылар мен тарих туралы шығарма жазушылар Қазақ хандарын арғысы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан таратса, ал, беріде Ұрыс (Өріс, Арыс, Орыс) ханның жеті ұлының үлкені Тоқтақия хан, ортаншысы – Құйыршық ханнан таратады. Тоқтақиядан Болат туады, Болаттан қазақтың Керей ханы, одан Бұрындық хан, ал, Құйыршықтан Барақ, Барақтан – қазақтың Жәнібек ханы туады. Бірақ, Ұрыс ханның тегі туралы екі дай пікір бар. Шежірешілердің көпшілігі оны Жошы ханның он үшінші баласы Тоқай Темір бұтағынан таратады. Мысалы, Әбілғазы-баһадұр «Түрік шежіресіндегі» «Тоқай Темір нәсілінен қазақта патша болғандардың баяны» тарауында: «Шыңғыс хан – Жошы хан – Тоқай Темір – Өз-Темір – Қожа – Бадақұл ұғлан – Ұрыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Әбусағит (лақабы Жәнібек хан)» … делінген. Ал, Тоқай Темір нәсілінен Мауреннахырды билегендерді Өз-Темірдің Абай деген ұлынан таратады. М.Мағауин де: «Қазақ Ордасының негізін салған әуелгі екі ханымыз – Керей мен Жәнібек. Ата жөнімен таратсақ, ежелгі түріктің Қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Арғы бабалары – Шыңғыс хан, одан Жошы хан, одан Тоқай Темір, одан Өз-Темір, одан Қожа, одан Бәдіғұл, оның ұлы атақты Ұрыс хан. Ұрыс ханның жеті ұлының үлкені Тоқтақия хан, ортаншысы – Құйыршық хан. Тоқтақия ханнан Болат туады, Болаттан қазақтың Керей ханы. Құйыршық ханнан атақты Барақ хан туады, Барақтың ұлы – қазақтың Жәнібек ханы» – деп таратады. Рашид ад-диннің «Жамиғ- ат-тауарихында» Жошы ханның он үшінші ұлы Тоқа Темірдің – Бай Темір, Баян, Урунк, Кен Темір атты төрт ұлы болғаны айтылады. Кейінгі қазақ шежірешілері айтатын Өз Темір бұл шежіреде Кен Темір делініп, «одан туған Қарақожа мен Абайдың балалары болмаған» деп жазған (2-кітап, 78 б.) Қ. Жалайыр «Шежіресінде» Тоқай Темірдің осы бұтағы «төртінші ұлы Кен Темір» деп аталып, «одан Қожа-қара мен Абай туады. Олардың оғландары жоқ еді» делінген (96 б.). Қ.Жалайыр еңбегінде Ұрыс хан туралы арнайы тарау бола тұра, оның кімнің баласы екені айтылмайды, тек: «Жәнібек хан опат болған соң әрқайсысы әр тарапқа тарады (Алтын Орда ханы Жәнібекті айтады – Х.Қ-А). Жәнібек ханның уәлаятын Фетка Ноуакырат («Новго-родтық» дегені болар –Х.Қ-А.) келіп бұзды. Сол аласапы­ран уақытта Ұрыс хан өз әскерімен Алатауға кетті. Сол заманда Жәнібек ханнан соң қият Исатай ұлы Шарқатлы барлық ұлысты биледі. Шарқатлыны Ұрыс хан өлтірді. Ұрыс ханды барлығы аға тұтып, оны пат­шалыққа отырғызды» деп, Ұрыс ханнан Құйыршық, одан– Барақ, одан Кіші Жә­ні­бекті таратады. Осы, Рашид-ад-дин мен Қадырғали Жалайыр еңбектеріндегі «Қарақожа мен Абайдың балалары болмаған» делінуіне байланысты «Тоқай Темірдің үзіліп қалған ұрпақтарынан қазақ хандары қалай тараған?» деген сұрақ туады. Меніңше, Рашид-ад-дин Тоқай Темір ұрпақтарының кестесін жазып, Кен-Темір балалары Қарақожа мен Абайдың «балалары болмаған» деу себебі – ол «Жамиғ-ат-Тауарихты» жазып аяқтаған 1310 жылы Қарақожа мен Абай әлі кәмелетке толмаған. Ал, Қ.Жалайыр өз кітабын 1602 жылы (үш ғасыр кейін) жаза тұра Орда-Ежен бұтағын да, Тоқай Темір бұтағын да тура Рашид-ад-дин еңбегіндегідей – 1310 жылға дейінгі оқи­ғаларды баяндап тоқтаған.
Шын мәнісінде, Қ.Жалайыр «Шежіре­сінің» «Ұрыс хан туралы дастан» тарауынан басталған соңғы 15 беті ғана осы автордың өз зерттегені, ал, оның алдындағы тараулардың күллісі Рашид-ад-Диннің «Жамиғ-ат-Тауарихының» парсы тілінен шағатай тіліне қысқартылып жасалған аудармасы деуге болады. Бұл жайлы ол өзі де кітабының соңында: «Парсы тіліндегі Шыңғыз нама кітабынан түрік тіліне аударды, ал, кейінгі замандары болғандарды өзі естіп білгені бойынша алла тағала жәрдем беріп, теріп жазды» дейді.
Ұрыс хан туралы тарауды Қ.Жалайыри Шыңғыс ханның төрт ұлына ұлыстары мен әскер бөліп бергенінен бастап Ұрыс ханға дейінгі оқиғаларға қысқаша ғана шолу жасап шыққанымен Ұрыс ханның әкесі кім, өзі Жошы ханның қай ұлынан тарайтыны айтылмаған. Сондықтан, Рашид-ад-дин «Тауарихын» аяқтаған 1310 жылдан Ұрыс ханның билікке келуіне дейінгі 1361 жылға дейінгі жарты ғасыр кезеңді «ақтаңдақ» деуге болады. Бір қатар шежірешілер Ұрыс ханды Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнің тұңғышы Сартақтайдан таратады ( Орда – Сартақтай –Қойшы – Баян – Сасы-Бұқа – Ерзен – Шымтай –Ұрыс хан).
Рашид ад-динде: «Орда–Сартақтай– Куинджи–Баян – Саты-Бука» делінген және «Баян, сын Куинджи, сейчас – государь улуса Орды» деп, өз замандастарын айтып аяқтаған. Қ.Жалайыр өз шежіресін Рашид-ад-диннен 300 жылдан соң жазса да тура осылайша, Орда-Ежен бұтағын: Сартақтай – Құйшы – Баян – Сатты-Бұқамен аяқтаған. 2009 жылы жарық көрген «Чингизиды» шежіресінің құрастырушылары Саты-Бұқадан Ерзен, одан – Шымбай, одан – Ұрыс хан туды дейді. «Аноним Искандера» деп аталып жүрген, көп тарихшылар күмәнмен қарайтын шығармада алғаш рет жазылған, осы пікірді соңғы кездері мақұлдаушы тарихшылар саны молайып отыр. Ұрыс хан мен одан өрбіген Қазақ елі хандары мейлі Орда Еженнен, мейлі Тоқай Темірден тарасын, екеуі де Жошы хан ұлдары ғой деп тоқтауға да болады. Әйтседе, шама келгенше сана, жадымыз айқын болуы үшін тарихымыздың айқын болғаны жөн.
Сөз аяғында, мен Әбілқайырдың әкесінің есімінің бес түрлі аталуы жұмбағы туралы мынадай пікір қоса кетейін. Орыстардың тұңғыш рет Орта Азияға шабуылы Бірінші Петр патша кезінде, 1715-1716 жылғы Бек-Черкасскийдің Маңғыстау мен Хиуаға жасаған екі жорығы деп есептеп жүрміз ғой. Ал, 1603 жылы туған Хиуа ханы Әбілғазы-баһадүр «Түрік шежіресінде» мың казак-орыстың Үргенішке шабуыл жасап мың кісіні өлтіргенін баяндайды: «Әкеміз келіп соғысып, орыстан бір кісі қалдырмай қырыпты. Бұл оқиғадан қырық күн өткенде біз дүниеге келіппіз. Атам: «Мұның жолы мен қадамы құтты болды, бізге жеңіс әкелді және мұның анасының жамағатын да ғазылар дейді, оның да орны бар», –деп, атымды Әбілғазы қойыпты» – деп жазған (181 б.). «Ғазы» – дін үшін күресуші (Қазақта да «Соғыста жеңген – ғазы, өлген – шейіт» деген сөз бар сияқты). Осы ханның есімі өзге тілдерде Абул-Гази-бахадур деп жазылып келеді. Ендеше, Әбілқайыр да өз есіміне жалғаған Ғазы-баһадүр сөзі – оның өзін «дін қорғаушысы», «жеңімпаз батыр» дегені. Хатқа қойған мөріндегі осы жазуды Ресей қызметкерлері орысшаға аударғанда Ғазы-баһадүрді «Қазы-сұлтан» деп, бұл оның әкесінің аты деп шатасқан сияқты, ал, қазақ шежірешілері осы Ресей үкіметі құжатындағы қатені қай­талап жүргенге ұқсайды. Сондықтан, шежірешілердің «Қажы, Әжі, Аша» деп жүргендері Әбілқайыр ханның әкесінің аты емес, оның өз есіміне қосып алған осы – «Ғазы» сөзі болар. Ал, Шығыс хан үрім-бұтағына қатысты еш шежіреде жоқ «Айтақ сұлтан», сондай-ақ, Абдолла хан мәселесі анықтауды керек етеді.
Міне,осынау айтылған пікірлерді, келті­рілген деректерді ескере отырып, тарихшыларымыз, Білім-ғылым министрлігі, ҚР Ұлттық академияның тарих институты, т.б. мекемелер әлі де осы мәселелерді тереңірек зерттеп, «Қазақстан тарихы» оқулықтарына түзетулер жасаса деген тілек айтамын.
(Соңы. Басы өткен сандарда)

Алдыңғы «
Келесі »