АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • 26.04.2013
  • 933 рет оқылды
  • 2

Its more than a game. Its an Institution.
Thomas Hughes (1822-1896)
Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында адамның, әсіресе, баланың толық және кейде күтпеген жерде қабілеті танылады. Ойын арқылы балалардың қызығушылығы артады. Балаларға әр түрлі ойын­дарды ойнатса, олар қызығып сабаққа қатысады. Коптеген ойындарды интернеттен немесе youtube видео арқылы үйренуге болады. Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арт­тырады. Ал, егер, жасөспірім сонымен қа­тар, шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүм­кіндігін ашады. Ба­ла­лар ол туралы ойлан­байды. Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Соны­сымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқы­ту­шыларын қызық­ты­рады.


Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді. Тіпті, тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тап­қыш­тық пен түсінгіштік пәнді білуден де ма­ңызды болады. Теңдік сезімі, еліктеу мен қуа­ныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келе­тіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Бақылаусыз тіл материалы меңгеріледі – «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін».
Сонымен бірге, ойынды оған тән белгілермен – сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен, күтпе­гендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырма­лардың орындалуына мүмкіндік туғызады: 1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға; 2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге; 3. Сөйлеудің жал­пы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөй­­леу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Мақ­саты – ағылшын тілі сабағында ойын әдіс­­темелерін жасөспірімдердің тапқырлық белсен­ділігін арттыру құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін талдау.
Міндеттері: 1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әде­биетті зерделеуге. 2. Ойын әдістемелерін топтастыруға әртүрлі көзқарастарды талдауға. 3. Жас­өспі­рімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге.
Объект: Ағылшын тілін үйретудегі ойын әдістемелері. Тақырыбы: ағылшын тілі саба­ғында ойын әдістемелерін жасөспірімдердің танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде пайдалану. Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-педа­гогикалық әдебиеттерді зерделеу; психо­логия­лық-педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.

Жанетта Иманкулова,
Алматы Энергетика
және байланыс университетінің
оқытушысы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Интернет желісі.
2. Қазақстан мектебі 2001 №7.

Алдыңғы «
Келесі »

2 Пікір бар

  1. Ағылшын тілін үйренгім келеді

  2. 452121656

Пікірлерге тыйым салынады.