ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ТЫҢДАП ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ

  • 01.04.2013
  • 1400 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Тыңдау – есітіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну, әрі қарым-қатынастың негізін құрайтын қасиет. Ол өз ішінде айтылып жатқан сөзді тыңдап – түсіну, оған логикалық жауап беруді қамтиды, сондай-ақ шет тілін оқытуда өте жақсы құрал болып табылады. Оның тағы бір қасиеті оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни, әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Тыңдай білу арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымы үйреніледі. Және де ол оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді. Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым-қатынас жасай алмайды. Құлақ сала білу оқушылардың айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйретеді. Тыңдап, құлақ аса білген бала  есте сақтау қабілетін дамытады. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады және кейінгі кезде өзі сол сөзді айтқан кезде дұрыс айтатын болады. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы кезеңдерінде айтқанға, оқылғанға құлақ сала білу өте маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, ол ағылшын тілінде сөйлеушілердің шынайы сөзін есітуге мүмкіндік береді. Тыңдап-түсінуге берілетін аудиомәтіннің тақырыбын таңдау өте маңызды. Ол оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай таңдалуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар түрлері: ертегі сюжеттеріне негізделген тақырыптар, жан-жануарлар туралы қызықты әңгімелер т.б.  Ал, жоғары сынып оқушыларына саясатпен, техникалармен, бүгінгі таңда ойлап табылып жатқан жоғарғы технология жаңалықтарымен (роботтар, ұялысымтетіктер, компьютерлер) және детективтермен байланысты мәтіндер өте жоғары қызығушылықтарын тудырады. Сонымен қатар, махаббат, достық туралы, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғат жайлы мәтіндер қызығушылықпен тыңдалады. Мектеп бітірушы сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдау туралы мәтіндер беру өте дұрыс шешім.

Зерттеу жұмысының өзектілігі

. Қазіргі кезде оқушылардың тыңдап-түсіну  қабілетін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңда тыңдап-түсінуді жақсарту әдістемесі әлі толық зерттелген жоқ. Тыңдап-түсінумен жұмыс жасауды жеңілдететін мұғалімдерге арналған  ғылыми әдістемелердің аздығы зерттелу керек маңызды мәселе. Сол себепті де, шет тілін оқытудағы тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын табу және практикада оның әдістемесін ұсыну бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге, шет тілін үйретудің мазмұнын жаңарту және тыңдау үрдісін жаңаша ұйымдастырудың ғылыми негіздерін терең зерделеу қажет. Зерттеу жұмысының мақсаты.  Оқушылардың тыңдау қабілетін жетілдіру, шет тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Шет елдік қоғам ортасында түрлі ситуациялардан шыға білуді үйрету. Шет тілін оқытудағы тыңдауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын практика жүзінде көрсету. Тыңдап-түсінуді ұйымдастырғанда дәстүрлі түрдегі мәтіндермен қоса, заман талабына сай жаңа, қызықты,оқушыларда шет тілін оқуға деген мотивациясын қалыптастыратын аудиоматериалдар түрлерін қарастыру. Зерттеу жұмысының міндеттері: – Оқушылардың санасында тілдік ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау; – Тыңдап-түсінуді меңгерудің тиімді әдістерін табу; – Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығудың түрлеріне тоқталу; – Тыңдап-түсіну қабілеттілігін дамытудағы жаттығуларды практикада (cабақта) қолдануды меңгеру; Зерттеу жұмысының нысаны. Шетел тілін оқыту үрдісі, шет тілін оқытуда тыңдап-түсінудің рөлі және маңыздылығы. Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Тыңдап-түсінуге үйретуді дұрыс ұйымдастыру, Тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын меңгеру, дұрыс тыңдай-түсіне білуге үйрету, тыңдап-түсіну барысында берілген тапсырмаларды шеберлікпен орындай білу біліктілігін қалыптастыру. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Шет тілін оқу процесінде тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыратын жаттығуларды сабақта тиімді пайдалану әдістемелері ұсынылады.

Жанетта Иманкулова,

Алматы Энергетика және Байланыс университетінің оқытушысы

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Интернет желісі.

2. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру” Ғаламтор желісі.

Алдыңғы «
Келесі »