ТЕХНИКАЛЫҚ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚИЫНДЫҚТАРЫ

  • 29.03.2013
  • 2014 рет оқылды
  • 5

Неологизмдер дегеніміз – ғылым, мәдениет, өнер және қоғам өмірінің өзгерісінен тілде туындайтын жаңа сөздер жиынтығы. Неологизмдердің екі негізгі түрлерін айыра білген жөн, олар: жаңа сөздер және көне сөздердің жаңа мағыналары. Осы екі түр аудару әрекетінде қиындықтар туғызады. Себебі, мұндай сөздер мен мағыналарды кәдімгі, тіпті, ең жаңа ағылшын – қазақ сөздіктерінен табу мүмкін емес. Кез-келген сөздік жаңадан туған жаңа мағына беретін сөздерді енгізуде бірнеше жылға артта қалатыны әрбір аудармашыға белгілі. Бірақ сөздіктің артта қалуы аудармашы үшін тығырыққа тірелетін мәселе емес. Ағылшын – қазақ сөздіктерінде, сондай-ақ қазақ – ағылшын сөздіктеріндегі неологизмдердің кеш тіркелуі, олардың (неологизмдердің) тілдегі уақытша немесе өткінші қолданыс аясында болатындығы басты фактор. Яғни, бұл, слэнг саласында туындайтын фактормен пара-пар. Кеңес лингвисті, лексикограф И. Р. Гальпериннің айтуы бойынша «Бірде-бір сөздік неологизмдердің пайда болуын бірден тіркемегені жөн», өйткені неологизмдер және басқа да образды сөздер мен сөз тіркестер, слэнгтар тілде, әсіресе, ғылым мен техника салаларында тез пайда болады.
Сондықтан ағылшын лексикографтар кейде неологизмдерді «окказиональды» деп атайды, яғни, бұл, тілде аяқ астынан пайда болып, қол­данысқа ие болған сөздер дегенді білдіреді. Аудармашы неологизмді кездестірген жағдайда не істеу керек? Біріншіден, аудармашы, контекстің құрамын негізге ала отырып, контекс анализы арқылы неологизмнің мағынасын табады. Атап айтқанда, мынадай бірнеше аудару әдістерін қолданады: лексикалық трансформация әдісі, транскрипциялау әдісі, транслитерация әдісі, калькалау әдісі, конкретизация әдісі, генерализация, яғни жалпылау әдісі, модуляция немесе мағыналық даму әдісі. Неологизмдерді аударудың ең кең тараған әдісінің бірі, ол қазақ тіліндегі сәйкес келетін аналогты таңдау арқылы аудару. Өкінішке орай, қазақ тіліндегі неологизмдер сөздігі өте сирек жарыққа шығады. Бұл орайда аударманың бірнеше әдістеріне қысқаша тоқталайық:
Формальды аудару әдістері: лексикалық трансформация әдісі, транскрипциялау әдісі, транслитерация әдісі, калькалау әдісі
Лексикалық трансформация әдісі аудару әдістерінің ең қысқа да ыңғайлы аудару жолы, түсінік беру арқылы жүзеге асады. Яғни, ағылшын сөздерін қазақ тіліндегі сәйкес келетін эквиваленттерімен аударылады, мысалы: collar workers – қызметші, қызметкер; gravitation – жердің тартылыс заңы; to model the behaviour of fluids – газ тәрізді немесе сұйық заттардың қозғалыс тәртібінің үлгісін бейнелеу.
Транскрипциялау әдісі – шет тіліндегі сөздің түпнұсқасын дыбыстау арқылы аудару. Бұл әдіс жер, су атауларын, ұйымдар атауларын, көптеген неологизмдерді аударғанда кеңінен қолданады мысалы: Automation is one of the ways to increase production – Автоматизациялау өндірісті арттырудың бір жолы.
Транслитерация әдісі дегеніміз – аудармада сөз түпнұсқасын графикалық формасының берілуін айтамыз. Мысалы: The Finnish plant was built on 60-year purchase contracts signed by electricity buyers, by a firm (the French Areva) that scarcely seems to be making good money on the deal. – Финдық құрылыстар, Areva атты француз ұйымының электр тоғын сатып алушылардың келісімі бойынша 60 жылға салынған және де жақсы кіріс, табыс алып келетін сияқты.
Калькалау әдісі дегеніміз – сөз элементтерді, сөз тіркестерді аударып, оларды бір бірлікке біріктіру әдісі. Мысалы: superpower = сверхдержава, дамыған мемлекет, polyethylene = полиэтилен, maneuver – өздігінен әрекет ету, first-strike weapon = бірінші соққыдағы қару және т.б.. Сөз бірліктерінің ізділігі де өзгеруі мүмкін.
Негізгі аудару әдістеріне жататындар: конкретизация әдісі, генерализация, яғни жалпылау әдісі, модуляция немесе мағыналық даму әдісі.
Конкретизация әдісін қолдана отырып, аудармашы берілген сөздің аударылатын тілдегі сөздің нақты мағынасын қолданады. Мысалы: The settlement may be considered to be of primary importance to the industries concerned. – Бұл шешім, өнеркәсіптің қатысты салаларына шешуші маңызы бар деп есептесек болады. Можно считать, что это решение (урегулирование) имеет решающее значение для тех отраслей промышленности, которых оно касается.
Генерализация, яғни жалпылау әдісі, шет тіліндегі тар шеңберлі сөздің аудару тіліндегі кең шеңберлі сөз бірлігімен алмастыруды білдіреді. Мысалы: to dissipate сөзі қазақша – арылу; бытырау; себу; сейілу; серпілу деп аударылады бірақ «to dissipate high power» сөз тіркесі – «жоғары деңгейде қуат өндіру» – деп аударылады. «performance» сөзі қазақ тіліне 1) атқару, 2) ойнау,орындау (сахнада), 3) қызметі (құрал-жабдықтың). Бірақ, қазақ, орыс тілдеріне аудару кезінде жоғарыдағы аудармалардың бірден-біреуі қолданылмайды: «The awful performance of state-owned enterprises and the growing potential of a financial disaster are surely the Achilles» heel of what is called China»s “primary stage of socialism» – сөйлемде «The awful performance of state-owned enterprises…» – «Мемлекеттік ұйымдардың нашар жағдайы», «Ужасное состояние государственных предприятий…» – деп аударылады.
Модуляция немесе мағыналық даму әдісі дегеніміз – шет тіліндегі сөздің аударылатын тілге бастапқы бірліктің мағынасынан логи­калық тұрғыдан аударылуын айтамыз. Мы­салы: to filter out unwanted frequencies – жағымсыз жиіліктен құтылу. Радионың пайда болуы мынадай неоло­гизмдердің пайда болуына себепкер болды: (radio) receiver – радиоқабылдағыш, radio inte – ference – радиокедергі, to radio – радио арқылы хабарлау.
Атомдық энергияның дамуымен қатар жаңа неологизмдер де қолданысқа ие болды: atomic-powered vessel – атомдық кеме, decontamination – қатерсіздендіру, dosimeter – дозиметр (радиацияны өлшейтін құрал) және т.б.
Шындығында, неологизмдер, тілдегі бар сөзжасам әдістерін қолдана отырып, тілдік салт­тың негізінде пайда болады. Мысалы, ағылшын тіліндегі неологизм to dieselize етістігі diesel сөзіне -ize жұрнақ жалғануы арқылы жасалды, мынадай сөздік бірліктерді негізге ала отырып: to equalize, to organize.
Егер контексте сөздікке енгізілмеген неоло­гизм кездессе жоғарыда айтып кеткендей, ау­дармашы контекстік мағынаға және де сөзжа­сам бірліктеріне сүйене отырып, өз бетін­ше неологизмнің мағынасын анықтайды. Мысалы:
Сөйлемде сөздікте жоқ propellant неоло­гизмін кездестіреміз, бұл сөздің мағы­насын анықтайық:
Сөзді – ant жұрнағынан бөліп қарастырайық, түбір сөз propel (екінші l әріпін алып тастап).
Сөздіктегі propel сөзінің етістік ретінде мағынасы: алға шығу, қозғалтқышты іске қосу-ant жұрнағы зат есімнен етістік жасаушы жұр­нақ екендігін ескере отырып мағынасын анықтасақ – propellant: іске қосушы зат. Контекстің құрамына байланысты сәйкес мағына табамыз: жағармай. Толық сөйлемді аударсақ:
Реактивті ұшақтар үлкен көлемде жағар­май­ды жұмсайды.
Етістіктердің мағынасы, жоғарыда атап өткендей, түбір сөздің мағынасынан табылады және де міндетті түрде контекстің бірың­ғай мағынасына сәйкес аударылады. Кірме неологизмдерді аудару кезінде мағынаны ашатын контекс болып саналады және де, әрине кірме сөздің тіліндегі сөздік қана көмектеседі.
Ғылыми-техникалық прогрестің шарық­тауына байланысты қоғамымыз жаңара түссе, тіліміздегі төл сөздеріміз де қоғаммен бірге жаңарып, жаңа атаулармен толығып отырады. Тілдегі сөздік қордың да байи түсуі осындай тілімізге енген жаңа сөздердің үлесі.
Сонымен, түпнұсқаны дұрыс, әрі нақты жеткізу үшін, аударма тілінде тек қажет сөздерді тауып қана қоймай, оларды сәйкес грамматикалық үлгіде жеткізе білу қажет. Оған қоса көп жағдайда еш есептен шығаруға болмайтын стилистикалық факторлар да араласады. Аудару – басқа тілде айтылған нәр­сені, екінші бір тілде толық, әрі дұрыс біл­діру. Аударма – тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма – өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы.

Эльвира Алипбаева,
Қайнар университетінің
магистранты

Пайдаланылған әдебиеттер:
И. С. Алексеева. Введение в переводоведение. Учебное пособие. Серия: Высшее профессиональное образование, 2008..
А. М. Алдашева. Аударматану: лингвис­тикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999
Л. И Борисова. Перевод неологизмов с английского языка на русский в научно-технических текстах. – М.: ВЦП, 2006.
Л. И. Борисова. Пособия по научно-техни­ческому переводу (методологический обзор). – М.: МПУ, 2000.
М. Я. Цвиллинг. Переводные эквиваленты неологизмов в словаре и тексте. М: 1984
Дани­ленко В. П. Лингвистический аспект стандартизации терминологии. – М.: 2003.
The article discusses the existing methods of translation of technical neologisms from English to Kazakh. It also describes the actions of the interpreter and recommendations for future specialists, for example, the translator can trace the «inner form» of neologism with great caution and only in cases where there is a full confidence in the adequacy of the resulting translation. However, the analysis motivated by the «inner form» is usually an essential step in the transfer of such neologisms. When translating neologisms, in each case, the translator selects the appropriate option based on an appropriate context. For belief, in this article detailed examples of the techniques and methods of translation of technical neologisms are offered.

Алдыңғы «
Келесі »

5 Пікір бар

  1. cat

  2. бәрі дұрыс бірақ зиян тимиме

  3. кешірініз сіз кім боласыз

  4. сіздерге алғыс аитамын

  5. а

Пікірлерге тыйым салынады.