Саяси коммуникациялардағы ақпарат трансформациясының мәні

  • 09.01.2013
  • 664 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Адам қоғамының жаратылуы, өмір сүруі және дамуы адамдардың қарым-қатынасы және олардың бірігу формалары әр түрлі тәсілдердің түйісу үрдісі ретінде көрінеді. Әлеуметтік қарым-қатынастар саясаттан тыс бола алмайтыны сияқты (себебі онда адам өмір сүруінің тәсілдері, адамның әлемге деген қатынасының үлгілері бекітілген), саясат та қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды – бұл бір үрдістің екі жағы деп қарастыратын жайт. Осыдан адамдардың қарым-қатынастарын оқып-білудің әдістемелік негізі зерттеудегі негізбен сәйкес келеді. Бірақ саясат феноменінің трактовкісінде бізге белгілі көптеген түрлері бар. Олардың бірнеше түрлілігін келтіруге болады: өмір сүрушілік, бағалық, технологиялық, тарихи, семиотикалық. Олардың әрқайсысы өзінше дұрыс, себебі саясаттың әр түрлі, бірақ маңызды жақтарына назар аударылады. Саяси коммуникация басым күшке ие болатын анықтама ретінде, Ю.М.Лотман ұсынысы бойынша, «ақпараттың барлық мұрагерлікке жатпайтын бірлігі, оларды ұйымдастыру және сақтау әдістері» қабылданған. Алайда ақпарат – бұл қойма емес, ол әр түрлі әлеуметтік жүйелер арасындағы қарым-қатынас, әсер құралы ретінде өмір сүреді. Сол себептен, трансляция мақсатымен адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара байланыс және әр түрлі ақпарат алмасу үрдістері – мәдени талдаудың маңызды пәні болып табылады.
Ақпарат түсінігі кибернетиканың ғылым ретінде осы күнге дейінгі тіршілігінің философиялық пікірталасы болып есептеледі, бұл түсінік – негізгілердің бірі. Ақпараттың атрибутивті, коммуникативті, функционалды концепциялары туралы жақтастар арасындағы пікірталастар әлі күнге дейін өз жалғасын табуда. Біздің пікірімізше, өзгерістер бар жерде және сырттан келетін әрекетке жауап бар жерде ақпарат та болады. Ақпараттың бір жүйеден екінші жүйеге өтудегі құрылымының қолданылуын және сақталуын, қосылымын, трансформациялануын және ерекшеліктерін ерекше форма ретінде қарастыруға болады. Қандай да бір формада және деңгейде қосылған, содан соң, өзгертілген, трансформацияланған, сақталған және қолданылған әрекет етуші жүйенің құрылымы (сол арқылы мазмұны да) әрекетке ұшыраған жүйеде ақпарат рөлін атқарады. Н. Виннердің пайымдауынша: «Ақпарат – сыртқы әлемге бейімделу үрдісімен алынғанның мазмұны мен мәні және оларға біздің сезімдеріміздің бейімделуі»./1/ Мұнда Н.Виннер қоғамда айналысқа түсетін ақпаратты сөз етуде. Осыған байланысты, табиғат пен қоғамда айналысқа түсетін ақпараттарды айыра білу қажет. Кең мағынада ақпарат әр түрлі өзгерістерді тасымалдаудың ерекше әдісі: әрекет етуші жүйе құрылымының қосылу құралы (яғни Бриллюэн құрылымды байланысқан және ішкі деп бөлген) ретінде де қарастыруға болады.
Демек, қасиет ретінде ақпараттың беріл­ген материалдық жүйесінің басқа жүйе құры­лымына қосу, сақтау және қолдану қабілеті қарастырылады. Бұл қабілет ақпаратты «қоса­тын», «сақтайтын» және «қолданатын» жүйеге, яғни, жүйе қабылдағышқа тән. Ақпараттың келесі екі жағын айыра білу қажет:
Ақпарат қабілетіне нақты жүйе класын қосу, сақтау және басқа жүйелер құрылымын пайдалану қасиеттері жатады;
Ақпараттың нобай бастамасы қорытынды жүйені ауыстырады. Ақпарат нобайы ретінде және ақпарат-нобайды алу қабілеті ретінде, бұл – бір құбылыстың екі жағы.
Кез-келген болып жатқан жағдайдың мә­ні сияқты, актуалдылық пен мүмкіндік ара­сындағы таңдау сипатын Н.Луманн ұсынған. Н.Луманның пікірінше, бұл таңдау болып жатқан жайтқа ақпараттық баға береді. Жүйедегі ақпарат сияқты әсерлердің таңдау қажеттіліктерінен пайда болады: қандай ақпараттың мәні бар, қандай ақпараттар жоқ. Осыған сәйкес, Н.Луманның түсінігінше, ақпарат – жүйедегі құрылым, қолданылысын актуаризациялайтын қатал уақытша фиксация жағдайы. Н.Луманның айтуынша, жүйедегі құрылымсыз ақпаратты өңдеу мүмкіндігі болмайды. Ақпарат жүйе ішінде жасалады, сыртқы ортадан жүйедегі құрылымдық өзгерістерге әсер ете алатын (жоқ) стимул ғана пайдаланады. Сонымен, жүйенің өзі ақпарат бар ма, жоқ па, соны анықтайды. /2/
Таңдау әр түрлі коммуникацияның негізі болып табылады. Бұл туралы айта кететін бір факт – ақпарат теориясында ақпарат бірлігі (немесе бит – bіnary dіgіt) ретінде екі тең әсерлі мүмкіндіктерден таңдау барысында алынған ақпаратты алады. Бірақ мәдениетте комбинарлы логикаға басты орын берілмейді, соған сәйкес, таңдауды үздіксіз жүргізуге болады. Өйткені, адам қоғамында тең әсерлі, тең бағамды мүмкіндіктер жоқ. Мәдениетте таңдау кезінде мәдени мағына түріндегі аксиологиялық көрсеткіш беріледі.
Леви-Стросс көрсеткендей, функция мағынаны білдіру (sіgnіfіer la sіgnіfіcatіon), аңыз функциясының іргетасы болды. «Бұл кітаптан табатын бір ғана жауап – аңыздар рухты білдіреді, яғни, қай әлем бөлігі болып саналатындығына байланысты қарастырылады Сонымен, бір уақытта аңыздар оны қарастырушы рух арқылы және әлем үлгісін құрастырудағы аңыздар рухты орналастыру арқылы пайда болады».
Осыдан шығатын қорытынды, жүйенің актуалды және потенциалды жағдайлары арасындағы таңдау әр кезде де бар.
Сонымен, арақатынас үрдісі кезінде қоғамның жүйе астындағылары бір-бірімен өзгешеліктерді ескере отырып, ақпаратпен алмасады. Бірақ бұл ақпарат нәрсенің нақты жағдайын ғана емес, жалған немесе мүмкін жағдайын да түсіндіреді./3/
Сөйтіп, қоғамның бөлек жүйе астын­дағылардың даму сатылары мен сәттерінің бар болуы қоғам өмірінің бөлек салаларына және социалды жүйеге әсер етеді. Бұл әсер жүйенің потенциалды анықталған мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуына алып келеді, яғни, ол тәртіп сипатының уақыт бойынша ғана емес, кеңістік (полистабильділік, қайта қосылу) бойынша да өзгеруін айқындайды.
Потенцияның жүзеге асырылу үрдісін Аристотель энергия деп, ал, аяқталу үрдісін (жүзеге асырылған мүмкіндік) эктелехия деп атаған. Бірақ, уақыт бойынша, мүмкіндік нақтылыққа бағынышта, Аристотельдің энтелехиясын жалпылай алсақ, ол мүмкіндікке байланысты: «барлық нәрсенің бастауы бар, яғни, қандай да бір мақсатқа (яғни, нәрсенің бастауы мақсатқа ұмтылу) ұмтылу, сонымен, мақсат деп отырғанымыз – нақтылық пен мақсат үшін қабілеттілікті дамыту».
Біз Аристотель метафизикасындағы мүмкіндік пен нақтылық диалектикасын жай қарастырған жоқпыз: біз болып жатқан үрдістер нақтылығындағы мүмкіндіктердің айырмашылығын ғана емес, жүзеге асырылуы рөлін (асырылған емес) анықтау үшін қажет болды. Потенциалдылық негізі болса да, үрдістің қалай болатынын анықтамайды: оны қорытынды нәтиже анықтайды. Айтылғандардан жүйенің актуалды жағдай ақпараты мен потенциалды жағдай ақпаратын ажырата білу қажет. Екінші негіздегі ақпарат жүйенің нақтылық логикасымен ескерілмеген өзгерістеріне алып келеді.
Микроәлемнің физикалық деңгейінде мүмкіндік, потенция призмалары арқылы нәрсенің мағынасын анықтау әдістемелік тәсіл болып табылады. Субатомды деңгейде корпускулярлық-толқындық дуализм алғашқыда қосымша сипаттаулар (толқындық және корпускулярлық) принципінде түсінілді. Уақыт өте келе, кванттық құбылыстар ешқандай толқындық та, корпускулярлық та сипатқа ие болмайды, өйткені, олардың табиғаты өлшеу пайда болғанға дейін анықталмаған және ешқандай субатомды жағдайды өлшеуден өткізбей қабылдауға болмайды. Айта кетсек, таңдау тәжірибесі көрсеткендей, жартылай жұқа айнадағы фотон (лазерлік импульс) тәжірибеші екінші айнаны қайда қоятындығын «сезеді». В.Гейзенберг атап өткендей, қазіргі замандағы физикада мүмкіндік түсінігі орталық орынды иеленді және кванттық теориядағы логика онтология модификациясын амалсыз ертіп келеді». Бұл дегеніміз бақылауға дейінгі микроәлем ішіндегі объект мүмкіндік жағдайында болып келеді, арақатынас нәтижесінде бақылау актісің өлшеу актісі болуы мүмкін, потенциалды жағдай қалыптасқан жағдайға айналады (Н. Бормен анықтаған).
Таңдау сананың нақтылыққа деген қарым-қатынасының кәсіби адами формасы болып табылатындықтан, адам өмірін көрінбейтін жіп түрінде елестетуге болады, олардың ұштары – таңдаудың әр түрлі актілері. Осыдан адамның барлық рухани өмірін нақтылы таңдауға мүмкіндік береді. Осы жағдайда қабылданған шешім тек қана таңдау элементі болып табылады.
Біздің тұжырымдамамызды түсіну үшін мынадай сұраққа жауап беру керек: таңдау статикалық, әлде динамикалық формада қалыптаса ма? Орта ғасырларда да бұл сұрақ адамдарды толғандырған. Жан Буридан айтып кеткен мысалда «есек» екі бірдей жемшөп ортасында тұрып, аштан өліп қалады. Логика тұрғысынан қарасақ, екі бірдей салыстырмалы таңдау жасау мүмкін емес.
«Шешім қабылдауда» – субъектінің іс-әрекеті ой сатысында жасалады, ал, «таңдау жасау» дегеніміз – практикалық іс-әрекетке нұсқау.
Ойластырылмаған шешімде рухани өмір сүру практика сатысына өтпестен өшеді. Таңдау қабылданған шешім алға қойған мақсатты іске асырудағы іс-әрекеттің қорытынды сәті болып табылса ғана басталады.
Басқару теориясының зерттеушілері «шешім қабылдау» мен «іс-әрекет» түсініктерінің арасында байланыс бар екенін айқындады. Дж.Мартино жазғандай: «Шешім қабылдау – жүзеге асатын іс-әрекеттің біршама түрінен біреуін таңдау… Шешім қабылдау әрекетті білдіреді. Шешім іс-әрекетке алып келмесе, ол пайдасыз. Ол іс-әрекет тек қазіргі жағ­дай­ды өзгертуді қамтиды». Алайда, бұл айтыл­ған пікірде логикалық келіспеушілік бар. Бір жағынан, «шешім қабылдау іс-әрекетті біл­діреді», ал, екінші жағынан, ешқандай өз­геріс әкелмейтін «пайдасыз» шешімдер бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, шешім қабылдау дегеніміз – рухани өмір сүрудің мақсатын анықтау, шешім қабылдау тәсілдерін, әдістерін айқындау салыстырмалы таңдау шараларының қорытынды нәтижесі. Егер, шешім қабылданған нұсқа идеалды болса, онда біз идеалдыдан материалдыға өту сияқты сапалы процеспен жұмыс істейміз. Таңдалу түсінігі сана мен әрекет арасындағы өзіндік шекараны анықтайды.
«Таңдаудың іске асырылуы» әлеуметтік үрдіс­тің белгілі сипатын береді. Мысалға эрцгерцог Франц-Фердинанданың 1914ж маусымдағы өліміне дейін австро-сербиялық қатынастары күрделі болды. Сол себептен, бейбітшілік жағдайы күрделенді. Соғысты болдырмау мүмкіндігі – Россия Сербияны шегінуге үгіттеді немесе Германия Австрияны қолдаудан бас тартты. Вильгельм ІІ мен Николай ІІ әлеуметтік таңдауына дейінгі салыстырмалы жинағы – бейбітшілік немесе соғыс. 1914 ж. шілдеде патшаның жалпылай мобилизация туралы үкімге қол қоюы – соғыстың басталуын меңзеді. Бірақ, бұл әлеуметтік шешім орындалмайынша, саяси таңдау ретінде қабылданбады. Сонымен қатар, Николай ІІ телеграф аппараттары соғыстық аймақтарға тапсырысты жеткізбей, бірнеше минут бұрын өз үкімін түзетті. Кейіннен Ресейдің шетелдер министрі Сазанов патшадан мобилизация шешімінің құптауын алды. Штабтың басшысы Якушкевич сол бетте үкімді барлық соғыс аймақтарына жеткізуді кезекші офицерге тапсыруға Сазановқа уәде етті. «Бұдан кейін, – деді Якушкевич, – мен үйден кетіп, телефонымды сындырамын да, жаңа мобилизацияны жою үшін мені таба алмайтындай қыламын».
Саяси күйді түпкілікті өзгертетін саяси таң­дау жүзеге асыру болып есептеледі. Дамудың салыс­тырмалы жолы шектеледі, ескі дилемма – бейбітшілік пен соғыс мүмкін емес болады. Әскери механизм де енгізіліп, Германия жалпы мобилизацияны жариялады. Бұдан қабылданған саяси шешімді өзгертуге немесе алып тастауға болады деуге болады. Таңдау – жүзеге асырылатын шешімді өзгертіп, даму жоспарының қалыптасуына әкеледі. «Машина қосылса» – таңдауыңды өзгерте алмайсын, жаңа таңдауды қалыптастыратын жаңа шешімді жасайсың.
Осылайша қазіргі заманғы адамның тарихи дағдары екі деңгейді бөліп көрсетеді: мүмкіндіктегі бар мен өмірдегі бар (потенциалды және іске асырылған бар). Ақпараттағы потенциал барға келіспейтін еш себебі жоқ.
Саясаттың белгілік жүйесінің түсінігі айырбас құралы ғана емес, мағынаның интерпротациялық мәселесін жаңғыртатын ақпаратты түсіну жолы болып есептеледі.
Модальдық белгілену нағыз мағынасын және оның шындыққа қатысын көрсетеді.
Нәрсе белгісінің мәні және оның реферантының 3 түрі белгіленген: символикалық, икондық және индекстік.
Біздің зерттеуіміз үшін өте маңызды репрезентациялар шын мәнінде оған, басқаларына қарағанда, көбірек сенімді болып көрінгенде, адам оған қатысты әрекет етеді. Бұл белгілер бір нәрсені тек репрезенттеп қана қоймай, сонымен қатар, шындыққа қатысты мәні сенім­ділігі, өз мәнінің шынайылылығы арнайы мәтінде сәйкестенуі болады. Кез-келген субъект нақты бір уақыт кеңістіктегі орын бойынша орналасқан, сондықтан, қоғамдағы айналымдағы ақпарат арнайы хронологиялық және топологиялық тор арқылы таралады. Адамның елестете білу қабілеті оған уақыт бойынша бір орыннан екінші орынға қозғалуына мүмкіндік береді.
Адамдар үнемі өз таңдауын іске асыруға, шешім қабылдауға мәжбүр болады және олардың өмірлік қиын жағдайлардан шығуға қажет нәрсені іздеуге бағытталған белсенділігі басылады. Мұндай жағдайлар көп жағдайда біздің өміріміздің объективті шарттарымен де, сол немесе басқа сәттегі біздің сезімімізбен де сәйкес келмейді. Бұл – динамикалық антропомәдени білім, шиеленіскен объективті жеке интерпретациялық тұлғаның орта қасиеттері, адам үшін маңызды оқиғалар «ағыны» және оның өміріндегі түрлі жағдайлар, оның өзіндік түсінігіндегі сынған және айқындалған әрекетті талап етуі.
Әлеуметтік саяси коммуникацияның белгілік сипаты оның сөзбен алмасу мәліметтерінің мүмкіндігін білдірмейді.
Сонымен қатар, бұл бегілер (соның ішінде, нақты тілдер) тек шынайы объектілерді «бай­қап» қана қоймайды, алайда, бұлар өз интер­претаторының өзіндік тәртібін және өмір сүру бағдарламасын тапсырады. Басқа сөзбен айт­қанда, белгілер жай менталды ғана емес: олар өз табиғаты мен функциясы бойынша ком­му­никативті. Белгілердің түрлі тіркестері арқылы «ком­муникативті ойындардың» алгоритмі беріледі.
Н. Луманн көрсетуі бойынша, қоғам дегеніміз бұл – коммуникация желісі, ал, коммуникацияның болуы қоғамды өзіндік сипаттау мүмкіндігін және оның өзіндік қосылуын болжайды. Осы тұрғыдан қарағанда, коммуникация басқару шешімінің нысаны ретінде емес, керісінше белсенді өзіндік ұйымдастырушылық орта ретінде көрінеді. Өзара келісілген әрекеттер және қазір және мұндағы қарым-қатынасқа қатынасқан мүшелерінің бастарынан өткендері арқылы интеракциялар қалыптасады. Қоғам коммуникацияларының бір бірімен қатынасымен қол жеткізген барлық әрекеттерді қамтиды. Әрекет әлеуметтік жүйенің біріккен элементі ретінде түсініледі. Ол онда басқа әрекет оқиғаларымен қатысты қосылады.
Коммуникация табиғатына мұндай көзқарас­пен қарау оған әлеуметтік мән береді. Сондықтан да берілетін ғана емес, сондай-ақ, ақпаратты қабылдау жүйесінің өзгеруі, сонымен қатар, ақпарат бастауы – жіберушінің өзгеруі де өте маңызды. Бұл ерекшелікті түсіну ақпаратты мазмұндық-тематикалық көзқарастан айыра білуге мәжбүр етеді. Егер, ақпаратты оны қабыл­дайтын жүйені өзгертетін қоғам және мәдениетті ұйымдастыру өлшемі деп түсінсек, кез-келген қоғамды айналымға келтіретін ақпаратты рухани мағынаны алып жүреді деп және оған әлеуметтік-типтік көзқараспен қарауға болады.
Саяси ақпарат мазмұны арқылы ішкі құрылым­дардың және үрдістердің реттелуі. Алайда, бүтін зат ретінде әлеуметтік саяси жүйенің мақсатты функциялануы, адамдардың өмір сүруінің бірлес­кен басқаруы, әлеуметтік жүйенің тасымалдануы мен жинақталуы қамтамасыз етіледі. Тұрмыстық ақпараттар заңдылықтарын зерттеу, солардың көмегі арқылы әлемнің түрлену процесін түсіндіру, саяси тарихи жолдары қазіргі заманғы ғылымның әдістемелік принципі болып табылады.
Гаухар Анапияева,
Абай атындағы КазҰПУ-дің
магистранты

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. /Н.Виннер. Кибернетика және қоғам. М., 1958. с. 31/
2. Luhmann N. Was іst Kommunіkatіon? // Sozіologіsche Auflarung B.b. Dіe sozіologіe und der Mensch – Opladen: Westdeutscher Verlug. 1995. S.117
Luhmann N. Sozіole Systeme Grundrіb eіner allgemeіnen Theorіe – Frankfurta M: Suhrkamp Verlag 1987. S 107.
3. Леви-Стросс К. Сырое и вареное 14 2001 С. 346

Алдыңғы «
Келесі »