ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХАНАФИ МАЗХАБЫНЫҢ АЛТЫН ОРДАДА ОРНЫҒУЫ

  • 26.11.2019
  • 468 рет оқылды
  • 0

Оразбек НҰСҚАБАЕВ,
социология ғылымдарының докторы, профессор

Ислам діні түрік текті халықтар мекендеген өңірлерге тек ирандық Хорасан өлкесі арқылы ғана енбеген. Сонымен қатар, сонау есте жоқ есті замандардан бері қарай түріктекті халықтардың бір бұтағы – қоңыраттардың ата жұрты ретінде танылатын – Хорезм өлкесі арқылы да енген. Бұған орта ғасырлық діни қайраткерлердің, жылнамашылардың, тарихшылардың, әрлі- берлі ағылған елшілердің, саудагерлердің және саяхатшылардың жазып қалдырған еңбектері куәлік ете алады. Солардың бірі ибн Баттута.
Ибн Баттута (1304-1377) –Абу Абдуллах Мұхаммед ибн Абдуллах ал-Лавати әйгілі араб жиһанкезі. Ол алғашқы діни білімді туған қаласы Танжердегі медреседе оқып, алған. 20 жасында шейх дін білімпазы және кади-заңгер лауазымдық атақтарын иеленген. Жиһанкездікті 24 жасында бастаған. Алдымен ибн Баттута Мекеге барып қажылық парызын өтеген. Мекеден шығып Дамаскіге барған. Онда жергілікті шейх ибн Шихна әл-Хиджазиден білімденіп «Иджаз әл-Құран», яғни6 Құран догматтарын еркін түсіндіруші деген атақты растамалайтын куәлік алған. Бұл білім көбіне көп Мұхаммедтің пайғамбарлық қызметі мен «Алла» ұғымының «беделін арттыру мақсатында» пайдаланылған. Өйткені, Құран исламға дейінгі дәстүрлермен генетикалық тұрғыда байланысты болғанымен, оны дамытуда жаңа кезең болды. Себебі, Құран өзіне дейінгі барлық жанрлардың басты қасиеттерін бойына сіңірді. 620-622 жылдардағы сүрелерде Мұхаммед өзінің пайғамбарлығын дәлелдеуде қарсыластарына Құранға «ұқсас бірдеңе жасаңдаршы» дейді. Кейінірек «Иджаз әл-Құран» түсінігін негіздеген теологтар дәл осы аяттарға сүйенген. Осы теорияға сүйене отырып ислам діндарлары ІХ ғасырда иудаизммен және христиандық ағымдармен болған айтыстарда кілең жеңіске жетіп отырған. Мұсылман дінінің артықшылығының аса маңызды айғағы ретінде Құран аяттары мысалға келтірілген. Осы айтыстар барысында діндарлардың ой-пікірлеріне сай дәлелдер жиынтығы пайда болады. Мысалы, шииттер өз ұстанымдарына сай «ас-сарфа»концепциясын жасап алды. Ал, сунниттер болса ашариттік діни доктринасын негіздеп алады да, Құранда және пайғамбардың хадистерінде өзектелмеген мәселелерді ақылға салып шешуге болады, дегендей шешім төңірегінде тоқайласады. Міне, осы екінші бағытты ұстанған ибн Баттута өзінің еркін ойлы түсіндірмелерімен мұсылмандықтың сүннеттік қалпын тұтынған елдердегі биліктілер мен діндарлар арасында өте білгір дінгер тұлға ретінде танылады. Өз саяхатының алғашқы жылдары Алжир, Тунис мамлюктік Египет, Сирияны аралаған ибн Баттута 1333 жылы Анталия арқылы кемемен Қырымның портты қаласы Керчьке өтеді. Одан Каффа қаласына барады. Каффа қаласынан атты арбаға міңгесіп Қырымның бас қаласы Солхатқа (Ескі Қырым қаласы) жетеді. Бұл қала, жиһанкездің өзі әнгімелегендей, шығыстық барлық мұсылмандық қалаларға тән қайталанбас архитектуралық әсем сәулеттілігімен таң қалдырды. Алтын Орданың Қырым өлкесінің билеушісі әмір Төлек-Темірдің жұбайы Инджибек – хатуын салдырған зәулім мешіт-медресеге барып, онда оқитын муридтермен сұхбаттасады. Ал, түнейтін орны ретінде Шейх-зада әл-Хорасанидің ханакасын таңдап алады. Ханака – бұл сопылардың тұрақжайы, құдайға құлшылық ету орны: кезбе дәруіштердің тоқтайтын үйі, тегін қонақжай.
Өлке билеушісі әмір Төлек-Темір Ибн Баттута Солхатқа келгенде ауырып жатқан көрінеді. Соған қарамастан ол қала иманы шафинт Абу Бакрді арнайы жіберіп ибн Баттутаны Сарайына алдыртыпты. Әмірмен кездесу барысында, дейді әңгімесін одан әрі сабақтаған ибн Баттута, дінтаным төңірегіндегі пікір-таласты сұхбатқа әмірмен және қаланың бас имамы Абу Бакрмен қатар аға кади ханафит Шамс ад-дин ас-Са’или, кади-шафит хидр, заңгерлік ілімнің тәлімгері Ала ад-дин ал-Али, өзі грек болғанымен шейх атағын иеленген Мұзаффар ад-дин және шейх Музхир ад-дин араласты. Сұхбат барысында өзектелген мәселелер мені өзінің тереңдігімен, исламдық діни доктринаның ашариттік бағытының түрктекті халықтар үшін маңыздылығымен тәнті етті. Себебі дін бір болғанымен, шариғаттық ұстанымның әртүрлі болуы Жаратушының бұйрығы. Кез-келген халық Жаратушының бірлігі мен барлығын мойындағанымен, өз салт-дәстүрін сақтап жүруге құқылы [Крамаровский, 2014:64-74].
Жалпылама айтқанда, ибн Баттута Алтын Орданың 12 өлкесін аралап жергілікті халықпен, діндарлармен және ел билігіндегі тұлғалармен сұхбат құрған. Өлке орталықтары саналған қалалардағы архитектуралық сәулетті құрылыстарды-сарайларды, мешіттер мен медреселерді, зәулім-зәулім тұрғын үйлерді көріп әсерленген. Қала көшелерінің кеңдігін, фонтандары мол көк майсалы алаңқайлары көптігін тамсана суреттеген. Әсіресе оны таң қалдырғаны, ол болған барлық қалаларда дәретханалық шайындыларды ағызып әкететін жерасты құбырлары барлығы, мұндай мәдениеттілік ахуалдың әлі де болса Еуропа елдері мен орыс қалаларында жоқ екендігі болған. Ибн Баттутаның Алтын Орда мемлекетінде саяхаттағанда болған қалалары өзінің мәлімдемесі бойынша мына қалалар: Керчь, Каффа, Қырым-Солхат, Маджар, Булгар, Хаджитархан (Астрахань), Үкек, Судак, Бабасалтұқ, Сарай (Сарай Берке), Хорезм.
Жоғарыдағы мазмұндаулармен қатар, ибн Баттута өзінің Хорезмде болғанда көргендері мен сұхбаттар барысында түйсініп сезімденген қызықты сәттерін сөздің майын тамыза, әсерлене әңгімелейді. Оның айтуына қарағанда, Хорезм өлкесінің орталығы Үргеніш әлемдегі ең көрікті қалалардың бірі. Көшелері кең қолтықты, сәулетті құрылыстары мол, салтанатты сарайлары баршылықты, сыңсыған базарлары біршама, фонтандар мен гүлге толы алаңқайлары керемет көріністенетін шаһар. Әсіресе, мені таң қалдырғаны, дейді жиһангез, ғибадаттық орындар – мешіттердің сансыз көптілігі болды. Шаһар тұрғындары сондай көп. Олар көшелермен ағылып жүріп бара жатқанда теңіз толқынындай тербеле ырғалып бара жатқандай көрінеді. Өлкені де, шәһарды да Алланың нұры жауған, өлкенің шамшырағы атанып қадірге бөленген Құтылықтемір сынды беделді бек басқарады. Оның зайыбы Төребике де әйел заттылардың асыл үлгісі ардақ тұтуға лайық жан. Үргеніштің мұнаралы бас мешітін осы ханым салғызған. Оның жанындағы медресені Құтылықтемірдің өзі тұрғызған. Мен Үргеніш әмірінің байлық пен берекеге малынған салтанатты сарайында әртүрлі тақырыптарда, соның ішінде исламның қоғам өміріндегі орны мен рөлі туралы рәуішті әңгімелер құрдым. Ұлыс бегінің білімі мен білігі құп жарасқан саңлақ тұлға, өз заманының алдыңғы қатарлы қайраткерлерінің бірі екендігіне сүйсініп, тәнті болдым, – дейді [Тизенгаузен, 2005 :207-240]. Ал, арабтар Хорезм өлкесін 712 жылы жаулап алғанда өлкені түгелімен ханға боятып, орны толмас шығынға ұшыратқандығы біршама тарихшылардың еңбектерінде жазбаланған қалған. Айталық, арабтардың адам айтса нанғысыз бұл қаныпезерлігі атақты түрктекті ғұлама Әбу Райхан Бирунидің (973-1048) «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» атты энциклопедиялық еңбегінде де жан-жақты көріністенеді. «Арабтар түрк жазуын білгендерді түгел өлтіртіп жіберді. Көне екерткіштерді қиратты. Ғалымдардың басын алдыртты. Ислам дінін түрктекті халықтардың қабылдай бастауы, міне, осындай сорақылықтар арқылы жүзеге асты».
Осылайша, күштеу мен зорлық-зомбылықтың нәтижесінде хорезмдіктер түрктекті халықтардан алғашқылардың қатарында араб тілінде сауаттанып, мұсылмандыққа бет бұрған болатын. Ал, біз баян етіп отырған ХІІІ-ші ғасырдың екінші жартысында Хорезм өлкесі әртүрлі мұсылмандық ағымдарды ұстанған сопылық бауырластықтардың құшынаған тұрақтарына айналып үлгерген-ді. Солардың ішінен сүннеттік бағытты ұстанған «Кубрауийа» сопылық тарихаты Хорезм өлкесінен солтүстікке қарайғы далалық өңірлер тұрғындарын мұсылмандандыруда біршама табысты қызметтер атқарды. Өйткені, бұл тарихат өз тұрақжайларында ислам діні нәрінен сусындаған муридтерін (шәкірт) муршид (жол көрсетуші) атандырып, мұсылмандыққа бас идірту үшін далалық өңір тұрғындары арасына он-ондап аттандырып жататын. Оның растамасына араб тарихшысы Бадр ад-Дин әл-Айнидің «Ақд ал-жаман» атты еңбегінде мысалданған төмендегі пікірді дәлелдемеге келтіруге болады. Мысалы, – деп жазады араб тарихшысы,- тарихат муршид атағын иеленісімен Низам ад-Дин әл-Джендиді Дешті Қыпшаққа аттандырды. Басқаларын өзге аймақтарға жөнелтті. Бірнешеуі Берке ханның ордасына жіберілді [Тизенгаузен 2005;358].
Кубрауийа ХІІІ ғасырдың басында Хорезмде Нәжім-ад-дин әл-Кубра /1145-1221/ негізін қалаған сопылық бауырластық. Әл-Джунайд әл-Бағдадидің «салауаттық туралы» ілімін жақтаушы 12 бауырластықтың бірі ретінде аталымдалады.
Әл-Кубра, Нәжім ад-дин Шейх Әбу-л- Джаннаб Ахмет бин Омар – исламның мәнін түсіндіруде өз жолын тұрақтандырған аса көрнекті парсылық ғұлама. Иранда үстемдік құрған аш-шииалық бағытқа бой бұрмастан Әли әулетіне берілген сунниттік қажы. Әл-Кубраның түсіндірмелері бойынша адам кіші әлем, дей тұрғанмен оның бойына үлкен әлем (табиғат) және тәңірі жаратқан нәрселердің бәрі сыйып кете алады. Сондықтан, бір жаратушыға берілген сезімдік экстазда (мистикалық жағдайда) адам бар зейінін тек Тәңірге, оның есімдеріне бағыттауы тиіс. Шын мәнінде Жаратушы бейнесі адам жүрегінде сақтаулы. Адам сырттай кіші болғанмен, ақиқатында үлкен әлем ретінде танылады. Бұл ұғым-түсінік исламтану ғылымында әл-Кубраның адам санасының ұстатпайтын орталығы және рух туралы теориясы деп аталымдалады. Кубрауийа сопылық бауырластығы өзінің негізін қалаушы әл-Кубраның діни танымының мистикалық жолын белгілейтін ілім жасақтаған. Бұл жол, яғни, «әл-Джунайд жолы» атанған ілім кубрауийа бауырластығы мен муридтердің мінез-құлық ережелерінің негізін белгілейтін 10 қағиданы басшылыққа алады. Олар мыналар: тәубе (тағдырға ризалық білдіріп, шүкіршілік ету, өкіну, кешірім сұрау, жіберген қатесіне қынжылып, түзеуге уәде беру); зухд (ұстамдылық, тақуалық, баз кешушілік. Этикалық ұғым әрі суфизмнің техникалық терминдерінің бірі); таваккул (үміттену, әлдекімге сену, құрандық термин. Күнделікті тіршілік қамын ұмытып, жаратушы еркіне түгелдей берілуді білдіреді); қанағат (артық дүние жинауға қызықпау); ұзлат (оңашаланып Алладан басқамен сұхбаттасудан қашу); зікір (құдай атын мадақтап дұға оқу, құлшылық ету); таваджух (сезімдену, күнделікті тіршілік қамына мойын ұсынбай, адамның тек Аллаға мойын ұсынуы, діни міндеттерін өтеуі, орындауы); сабр (төзімділік, нәпсіге қарсы соғыс (жихад); мураккаба (сезімдік ахуал, құдайлық нұрға, дидарына ұмтылыс сезімі); рызылық (адамға Алланың бөлген тіршілік рызығы, дәмі, қанағатшылдық). Бұл ілімнің «әл-Джунайд жолы» деп аталу себебі мазмұнында әл-Кубраның шәкірті Маджд ад-дин Бағдади (1919 ж.ө) іліміне арқа сүйеу болуында. Рәсімдік тазалығында ораза тұту, көп сөйлемеу, дүниені тәрк ету, Құдайды үнемі есте ұстау, муридке оның түстерінің мәнін түсіндіре алатын тәжірибелі жетекші ұстазы болуы, т.с.с. ұстанады.
Кубрауийа бауырластығында түс – сәуле нышандары жүйесі мұқият ойластырылып жасалған. Оның әрбір түр-түсі сыйынушының таным жолындағы белгілі бір сатыларын бейнелейді. Мысалы, ақ түс – исламды білдіреді. Сары түс – иманды бейнелейді. Қаракөк түс – Құдай рақымын көріністендіреді. Жасыл түс – тұрақты тыныштықты суреттейді. Көгілдір түс – ақиқатқа сенімділікті білдіреді. Қызыл түс – ішкі түйсікті сезіндіреді. Қара түс – Құдайды беріле сүюді және қатты қобалжуды білдіреді [Энциклопедия «Ислам», 1995:88-89]. Міне, осы Кубрауийа ағымы шейхтерінің ықпалымен Береке хан ислам дінін Алтын орданың басты дініне айналдыруға күш салды. Ол үшін Береке хан Мауеренахрдан 1800 ғұлама шейхтер (улема-йи баба) алдыртып, олардың мемлекеттің Батыс (Қырым, Украина, Молдова) және солтүстік өңірлерінде (Жайық және Еділ өзендерінің орта ағыстарында) отбасыланып, тұрақтанып қалуына барлық жағдайлар жасайды. Қырым мен Еділ өзені орта ағысы өңірлерін сопылық құжыраларға (ханака, рибат, теке, сопылық тұрақ) толтырады. «Бабай» атанған сопы дәруіштерін көбейттіртеді. Олар өздері ұстанған сопылық бауырластық ерекшеліктеріне сәйкес, мысалы, иасауийа тариқатындағылар қызғылт түсті киім киіп жүрсе, ал, рифаитийадағылар бастарына қара түсті сәлде сияқты бас киім киген. Қайсы бір дәруіштер жалаңаяқ жүруді әдетке айналдырып алған. Жалпы, Берке хан билігі тұсында Алтын Орда мемлекетінде иасауийа, хайдарийа, календарийа сияқты тариқаттар қанат жайған. Ал, Қырым өлкесінде жергілікті атақты шейхтер Сары Солтық Баба мен Камал ата сопылық бауырластықтары зор беделге ие болған. Екеуі де сунниттік ағымдағы шейх Ахмед Йасауидің жолын ұстанған [Крамаровский, 2014:69]. Жалпы Берке хан мемлекеттегі діни-идеологиялық саланы Мауеренахрдан шыққан діндарларға ұстатты. Халық жарым-жартылай мұсылмандықты тұтынуға бет қойды. Берке хан мұсылмандық мемлекет билеушісі ретінде Иранды билеп отырған шығу тегі бір аталасы Хулагуге қарсы Мысыр мемлекетімен одақтасып соғысты. Сөйтіп, өзін мұсылмандық өркениетті ұстанатын мемлекеттің билеушісі ретінде көрсеткісі келді. Бірақ, Берке ханның бұл әрекеті Алтын Орда халқы арасында анау айтқандай қолдау таба қоймады. Ол қайтыс болысымен (1266 ж.ө.) дінге немқұрайлы қарайтын түрктекті халықтардың басым көпшілігі мұсылмандық ғибадаттық жөн-жоралғыларға соншалықты бас ұра қойған жоқ. Тек мемлекеттің кейбір аймақтарында ғана иасауийалық тарихаттар халық арасындағы беделдерін жоғалта қоймады [Малов және басқалары, 1998: 96 -98].
Берке хан о дүниелік болып кеткеннен кейін Алтын Орда мемлекеті тағын иеленген Мөңке-Темірде (1266-1280), Төле Мөңкеде (1280-1287), Төле-Бұқада (1287-1291) мұсылмандыққа онша іш тарта қоймады. Бірақ олар оның таралуына қарсылық білдірмеді. Осыдан болар қалалықтар арасында біршама жетекшілік рөл ойнағанымен, ислам діні мемлекет халқының басым бөлігін құрайтын далалық тұрғындар арасында анау айтқандай беделге ие бола алмады. Далалық көшпелілер арасында бұрынғыша тәңірге табынушылықтың ықпалы жоғары болды. Бұл олқылықтың орнын толтыруды Хорезм өлкесі билеушілері қоңырат бектері шындап қолға алды. Олар мемлекет билеушілерін қуыршақ хандарға айналдырып алып, білгенін істеп отырған Алтын Орданың батыс бөлігінің билеушісі Ноғаймен теке-тіресте жеңіске жетіп, 1291 жылы таққа Тоқа-Темірді қондырды. Сөйтіп оның алдында беделдерін арттырып алып, мемлекет аумағында ислам дінінің мемлекеттік дінге айналуына күш салды. Бұл игілікті істің басында Хорезм өлкесінің билеушісі қоңырат бегі Құтылықтемір тұрды,- деп жазады «Қоңырат: тарихы мен шежіресі» атты ұжымдық зерттеу авторларының бірі, қаламы нәрлі журналист Жарылқап Бейсенбайұлы [Қоңырат: тарихы мен шежіресі, 2016:348-362]. Құтылықтемір, араб жылнамасышы Ас-Сафади Салах Ад-Диннің жазбаларына қарағанда, Тоқа-Темір ханның туған жиені. Сондықтан болар Тоқа-Темір Алтын Орда тағын иеленісімен туған жиені Құтылықтемірді Иран билігіндегі Олжайту ханның қызметінде жүрген жерінен сұратып алдырып, Хорезм өлкесінің әмірі әрі өзінен кейінгі мемлекеттегі екінші тұлға- беклербек еттіріп сайлатып алады [Зайнуддинов, 2016:71- 72]. Құтылықтемірге жоғарыдағы лауазымдық қызметтермен қатар бас қолбасшы мен сыртқы істер уәзірі міндеті де қоса жүктелді [Федоров-Давыдов, 1973:89-100]. Ал, тарихшы Ю.В.Селезневтің «Элита Золотой Орды» атты зерттеуінде қонырат бегі әмір Құтылықтемір өмірбаянына қатысты төмендегілердей мәліметтер берілген.
Кутлуг-Тимур-эмир Золотой Орды. Ко времени смерти Токты в январе 1313 г. занимал должность беклярибека. Вероятно был назначен на этот пост после смерти сына Токты Иксара (Ильбасара) в июне 1309- мае 1310 гг., который занимал его до этого времени. Наряду с одной из жен отца Узбека Боялынь, Ала-эд-Дином Хорезми (золотоордынский путешественник, врач, ученый, имам) Кутлуг-Тимур являлся активным участником переворота в 1313 г., в результате которого ханом стал Узбек.
Играл большую роль при дворе Узбека. В частности, В 716 г. хиджры (26 марта 1316 – 15 марта 1317 гг.) по его совету Узбек отказался от предложения занять Иранский престол. При участии эмира налажены активные дипломатические отношения между Ордой и Египтом, в результате которых было достигнуто соглашение о женитьбе египетского султана на царевне из «дома Чингиз-хана». Участвовал в походе на Закавказье зимой 1318-1319 гг. Зимой 1320-1321 гг. возглавлял войска, которые двинулись к Хорезму, с целью вторжения в Хорасан. Однако небывалые снежные метели сорвали операцию. Видимо с этим фактом, связано отстранение в 721 г. хиджры (31 января 1321 – 19 января 1322 г.) Кутлуг-Темира от должности беклярибека (заменен Исой Куркузом). В то же время он был оставлен наместником Хорезмского улуса. Однако в 724 г. (1323 – 17 декабря 1324 гг.) Узбек вернул ему эту должность. Около 1334 – 1335 гг. встречался с Ибн Баттутой. Арабский путешественник называет его также ордынским «правителем Хорасана». Также он отмечает, что ноги Кутлуг-Темира «поражены подагрой» и в привычки эмира входит ежедневный суд над подданными. Умер он в 736 г. хиджры (21 августа 1335 – 9 августа 1336 гг.).
В надписи на минарете в Хорезме, построенном при Кутлуг-Тимуре, содержится следующий его титул: «мелик могущественный, патрон царей арабов и не арабов, блеск земного мира и веры, величие ислама и мусульман». [Селезнев, 2009:116-117].
Ал, Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағында» мынадай деректер көзге шалынады. «Гейхату (Кечату) ханның бір хатуны Елтурмуш ханым болды. Ханум қонырат Құтылықтемір гүргеннің қызы-тұғын. Гейхату (Кечату) ханның ата-бабалық шежірелік тізімі төмендегіше тізбеленеді. Шыңғыс хан→Төле хан→Хулағу хан→Абаха хан→Гейхату (Кечату) хан. Құтылықтемірдің әкесі қонырат Абатай ноян. Абатай ноян Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөрте Фужиннің (ханымның) тұқымынан. Бөрте Фужин қонырат патшасы Дай ноянның қызы. Абатай ноян немересі. Бұл тұқым алтын ұрықты әулетпен қыз беріп, қыз алып құданалы болып кеткен ақсүйек әулет. Айталық, Абақа ханның ұлы Арғун хан әйелі Болған хатуын өлген соң Абатай ноянның ұлы Отаманның қызын хатуындыққа алды. Ал, оның ұлдарының үлкені Ғазан хан Абатай ноянның ұлы Құтылықтемірдің қызы Кеременге, үшінші ұлы Олжайту хан осы Құтылықтемірдің екінші бір қызы – Елтузмішке үйленді. Абатай ноянның бірнеше әйелдерінен Құтылықтемірден басқа Нарбор, Отаман, Мұхаммедқожа және Сарайтемір деген ұлдары болды. Бұл замандарда олардың ұрпақтары аман-есен әр елдерде өмір сүріп жатыр [Жалайыр, 1997:228]. Осыған қарағанда, қонырат бектері алтын ұрпақты әулеттегі жиендерін бөліп жармай бірінен біріне ауысып, олар билікте болған мемлекеттердің гүлденіп, өркендеулері үшін жан аямай қызметтенген сияқты. Мысалы, тарихи жазбаларда кейбір уақыттарда қазіргі Азербайжан аумағында Хулағу ханның ізбасарлары, келесі бір уақыттарда Алтын Орда хандарының ұрпақтары билік құрып жатқандықтары жазбаланып қалып отырады. Осындай бір сәт баян етілген Бадр ад-Дин әл-Айнидің жылнамасында Алтын Орда ханы Жәнібектің ұлы Бердібек өлке орталығы Тебризде билеуші болып отырғанда оның көмекшісі болып Құтылықтемірдің інісі Сарайтемірдің қызметтенгендігі мысалданған [Тизенгаузен, 2005:361]. Сондықтан болар, Алтын Орда мемлекетінде ірі лауазымдық қызметтерді иеленген қоңырат бектері, солардың ішінде, ең алдымен мемлекетте ханнан кейінгі екінші тұлға – беклербек атанған Құтылықтемір ата жұрты – Хорезмнен шейх Аладдин Номан әл-Хорезмиді мемлекет астанасы – Сарай Беркеге алдыртады. Оған басқа діни ұстанымдарға қарағанда ислам дінінің артықшылықтарын барынша насихаттап, оны халықтың жаппай қабылдауына ұйытқылық жасау жұмысы жүктелді. Өзіне тапсырылған бұл жұмысты шейх Аладдин Номан әл-Хорезми абыроймен атқарды. Оның үгіт-насихаттық жұмыстарды шебер ұйымдастыруының нәтижесінде мемлекет халқы жаппай мұсылмандануға бет бұрды. Осыдан болар араб тілінде жазылған ортағасырлық биографиялық жинақтарда шейх Аладдин Номан әл-Хорезми туралы деректер молынан ұшырасады. Мысалы, түбі мамлюк текті араб тарихшысы ас-Сафади Салах ад-Диннің «‘Айан ал-’аср ва ‘аван ан-наср» (Выдающиеся личности этого века и поборники победы) атты биографиялық жинағында мынадай мәлімет берілген.
Он (Нуман – Д.Р.) был благородным ученым, путешествовал по многим странам, встречался с превосходными мужами науки. Изучал логику, диалектику и медицину. Затем вернулся в свои края в 721/1301 году. Он нашел контакт с царем земель и служил у него лекарем. Став главным врачом в госпитале Хорезма.
Затем (последний – Д.Р.) отправил его к Токтаю, сыну Берке – монарху Дешта, – и тот занял у него высокое положение. Когда он (Токтай – Д.Р.) умер, и воцарился Узбек, он вручил ему много денег, чтобы часть из них он потратил на обустройство / строительство богадельни [ханака] в Иерусалиме, а другую раздал студентам-богословам. Он (Нуман – Д.Р.) родился 657/1259 году. Возвращаясь к себе на родину, он увез с собой из Дамаска много медицинской литературы 5, Т. 5, с. 522.[Зайнуддинов, 2016:773].
Бұл мәлімет жоғарыда аталған дәуірдегі өзге араб жылнамашыларының енбектерінен В.Г.Тизенгаузен аударған деректермен де растала түседі. Аладдин Номан әл-Хорезми 1259 жылы Үргеніште қоңырат отбасында дүниеге келген. Ол 21 жасқа толысымен мұсылман елдерін аралап, діни ілімнен сусындаған, медицинаны оқыған. 1301 жылы туған жеріне қайта оралып, Хорезм өлкесі билеушілерінің жеке шипагері әрі өлкелік аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған [Тизенгаузен, 2005:142-144]. Ал, Селезневтің жоғарыда сілтемеленген «Элита Золотой Орды» атты еңбегінен Аладдин Номан әл-Хорезмидің өмірі мен қызметі туралы төмендегі мәліметтермен танысуға болады. «Аладдин Номан аль-Хорезми золотоордынский путешественник, врач, ученый. Уроженец Ургенча (Хорезма). Отсюда и получил свое прозвище – аль-Хорезми. В двадцать один год, то есть в 1280 г., покинул родной город и совершил путешествие по мусульманскому востоку. По данным Эннувейри, он изучал логику, диалектику и медицину. Ала-ад-Дин Номан вернулся в Хорезм в 701 г. хиджры (6 сентября 1301 – 25 августа 132 г.). Приближен к улусбеку Хорезма Мелик-Тимуру, стал его личным врачом и возглавил хорезмскую больницу. Позже был отправлен ко двору великого хана Золотой Орды Токте, который также приблизил его к себе.
Видимо, об Ала-ад-Дине Номане ведет повествование Элайни, называя его Шейх Номаном. По его данным, Ала-эд-Дин Номан был приверженцем введения в Орде ислама, как государственной религии и поддерживал Узбека. После смерти Токты у нового хана он «пользовался великим почетом… питавшего к нему большое доверие… и выпала Шейху Номану доля обильная».
В 718 г хиджры (5 марта 1318 – 1 февраля 1319 гг.) он выполнял дипломатическое поручение Узбека. Ала-эд-Дин Номан прибыл в Каир к египетскому султану с целью передачи денег, посланных Узбеком для «богомольцев, живших в двух священных городах (Мекке и Медине – Ю.С.)». В Египте он пробыл около полутора лет, совершив хадж в Мекку. Трудно сказать возвращался ли он в Орду до 1320 г. или же встречал посольство Узбека в Египте, однако известно, что Ала-эд-Дин Номан принимал активное участие в дипломатической миссии в мае этого года. Она состояла в заключении брака между египетским султаном и царевной из рода Джучи. По данным Элайни, Ала-эд-Дин Номан прибыл с этим посольством с целью «посетить Иерусалим и (могилу) Авраама, устроить себе место (молельню) в Иерусалиме и остаться там, чтобы поклоняться Аллаху». Однако одно должностное лицо не оказало почтения Ала-эд-Дину Номану, он «обругал его и наказал его». аль-Хорезми вернулся в Орду и «сообщил Узбеку о поругании, которое встретил».
Это событие поставило под вопрос дружеские связи между Ордой и Египтом. Дело чуть не дошло до разрыва дипломатических отношений. Узбек направил в Египет посольство с нотой протеста, в которой содержалось следующее: «Шейху Номану не было разрешено устроить в Иерусалиме место для поклонения Аллаху всевышнему, тогда как царю Грузинскому дозволено построить (там) церковь».
Вероятно, именно с ним беседовал в Сарае зимой 1334-1335 гг. арабский путешественник Ибн Баттута, называя его правоведом, ученым имамом Номан-ед-Дин аль-Хорезми. Он отмечает, что имама каждую пятницу посещает великий хан Джучиева Узбек. Причем аль-Хорезми «не выходит к нему на встречу и не встает перед ним. Султан (хан Узбек – Ю.С.) садится перед ним, говорит с ним самым ласковым образом и смиряется перед ним, шейх же (поступает) противоположно этому». В то же время «обхождение его с факирами, нищими и странниками было иное, чем обхождение его с султаном: он относился к ним снисходительно, говорил с ними ласково и оказывал им почет». Также Ибн Баттута сообщает, что «это один из отличнейших шейхов, прекрасного нрава, благородной души, чрезвычайно скромный и чрезвычайно строгий к обладателям благ мирских». [Селезнёв, 2016:31-32].
Шейх Аладдин Номан әл-Хорезми Алтын Орда мемлекетінде ислам дінінің Ханафи мәзһабын тұрақтандырушы, діни ілімнің әрі медициналық білімнің білгірі атанып, атақ-даңқы күллі мұсылман елдеріне жайылған біртуар ғұлама. Оның жетекшілігімен Алтын Орда мемлекетінде ислам дінің Ханафи мәзһабы барынша өркендеп, мемлекеттік діни-идеологиялық ілімдік деңгейге дейін көтерілді. Оның жолын қуушы муридтері қатарында Ұлыс бегі Құтылықтемір, басқа да ел билігіндегі бектер, әскербасылар, ірі саудагерлер, т.с.с. аталады [Васильев,2007:15-32]. Осылайша, хорезмдік қоңырат бектері мен діндарлардың ықпалымен ислам діні, оның Ханафи мазһабы Алтын Орда мемлекетінде біржолата орнықты. Өзбек хан (1312-1342) тұсында үстем дінге айналды [Зайнуддинов, 2016:772-773].
Өзбек ханның ислам дінін мемлекеттік дін ретінде бекітуінде шейх Аладдин Номан әл-Хорезмидің, Ұлұғ бегі беклербек Құтылықтемірдің, басқа да хорезмдік қоңырат бектерінің рөлі айтарлықтай болды. Жоғарыда аттары аталған тұлғалардың еңбектерінде ғана емес, басқа да орта ғасырлық ғалымдардың жазбаларында да хорезмдік қонырат бектері мен діндарларының ислам дінінің және оның Ханафи мәзһабы жолының Алтын Орда мемлекетінде орнығуына тигізген орасан зор қызметтері мадақталған дерек көздері өте мол. Мысалы, араб жылнамашылары Ибн Думактың, Ибн Халдунның, Әл-Айнидің, Әл-Бирзалидің еңбектерінде ислам дінінің Алтын Орда мемлекетінде орнығуында хорезмдік сопылық бауырластықтардың рөлі өте жоғары болғандығы баян етіледі. Әсіресе, бұл тәлімді істе шейх Аладдин Номан әл-Хорезмидің, ел билігіндегі жоғары лауазымдық қызметтеріне қарамастан шейхке мурид болып, ислам дінінің Ханафи мәзһабының көшпелілер арасында орнығуында аянбай енбектенген қоңырат бектерінің жан қиярлық әрекеттері мадақтала мәлімделеді. Айталық, әйгілі араб жиһангезі Әбу Абдаллах Ибн Баттута жазбаларынан бұрын-соңды қазақи ғылыми айналымға енбеген төмендегідей мәліметтерді көңілге тоқи аласыз.
Алтын Орда астанасы Сарай-Беркеге Қажытарханнан үш күн жүріп жеттік. Сарай-Беркеде 75 мыңдай адам қоныс тепкен. Әлемдегі ең көрікті, салтанаты тасқан, көп елдерде әлі жоқ дәретхана шайындыларын ағызып әкететін жер асты құбырлары бар қала.
Шәһардың иін тіріскен сәулетті үйлері, самсаған базарлары, кең көшелері көз тартады.
Бірде біз оның көлемін білмек ниетке беріліп, атқа мініп айналып шықпақ болдық. Қаланың бір басында тұратын біз, азанда үйден шыққаннан, түс ауғанда ғана оның екінші басына әзер жеттік. Сол жерде намазымызды оқып, ауқаттанып алып ымыртта ғана жатын орнымызға қайтып оралдық.
Келесінде қаланың енін байқамақ боп шығып, жарты күнде ғана кейін орала алдық. Шәһарда 13 биік мұнаралы мешіттен басқа көптеген кішігірім мешіттер де бар. Астананың қазысы Бадр ад-дин әл-Арадж – ең үздік қазылардың бірі. Мұнда ислам ғұламасы имам Номан Аладдин әл-Хорезмидің де өз құжырасы бар. Мен онымен жолықтым, ол ең білгір шейхтардың бірі, соншама қарапайым әрі қайырымды жан.
Мемлекет аумағында ислам діні мен Ханафи мәзһабы жолының орнығуында Құтылықтемір беклербектің атқарған ісіне көп көмектескен бұл шейхты Өзбек ханның қатты қадірлейтіндігіне куә болдық. Алтын орда билеушісі әр жұма сайын шейхке арнайы барып сәлемдеседі. Бір қызығы, шейх оны қарсы алуға өзі шықпайды. Хан сәлемдескенде орнынан да тұрмайды. Хан оның алдына жайғасып, имаммен соншама ізет сақтай отырып әңгімелеседі. Шейх те ханға жылы пейіл, құрмет білдіре тіл қатысады».
Жалпы, Өзбек хан билігі тұсында Алтын Орда мемлекеті өркениетті дамып, гүлденудің алтын ғасырына айналды десек артық айтқандық бола қоймас. Мемлекет халқының әл-ауқаты артып, мәдениеті барынша өркендегендігі туралы Татарстан үкіметінің демеп, қолдауымен 2016 жылы Қазан қаласында жарияланған «Золотая Орда в мировой истории» атты ұжымдық монографияда (997 б.) ақиқаттылығы анықты жүздеген дәлелдемелер мысалданған. Солардың ішінен рухани-мәдени сала өркениеттілігіне қатысты мәліметтердің бірнешеуін мысалдай өтелік.
Исламдық қалалық мәдениеттің Алтын Орда мемлекетінде орнығуында хорезмдіктердің әлеуметтік иерархиялық басқару жүйесінде билік тізгінін ұстаған қоңырат Құтылықтемір, оның айналасына жиналған зиялы қауым мен дін өкілдері айтарлықтай рөл ойнады. Осы топтың ықпалымен тек қарапайым ғибадаттық амалдар жиынтығы түрінде емес, ислам Алтын Ордада бір құдайға деген сенімнің теориялық тұрғыдағы жасампаздық құралы болып қалыптасыпты. Халық ислам дініндегі Ханафи мәзһабының – жолын таңдап алып, оған бірден ұйыды. Ал, исламның мемлекеттік діни-идеологиялық ұстаным болып бекітілуі тиісті құқықтық алғы шарттарды тұрақтандырып, ел халқының әлеуметтік-рухани өмірін бір ізгілендірді. Оның дәлеліне алтынордалық дәуірдегі мәдениет көкжиегін өзектеген Махмуд әл-Булгаридің өте бай библиографиялық көрсеткіштерге толы «Нахдж ал-Фарадис» атты еңбегінен мынадай мәліметтерді мысалға келтіруге болады.
Ғұламаның еңбегінде діни-дидактикалық мазмұндағы 12 кітапқа сипаттама беріліп, олардың бәрінің Ханафиалық мәзһабтық құқықтық қағидаттардың мән-мағыналарын түсіндіретіндігі мазмұндалған. Ол кітаптар мыналар: – «Масабих ас-сунна» (Сунна шамшырағы), авторы Хусейн ал-Багави. Мухаммед ал-Калабазидің «Ат-та`аруф ли мазхаб ахл-ат-тасаввуфы» (Сопылық ілімге кіріспе). Ас-Саганидің «Машарик анвар ан-набавийа мин сихах ал-ахбар ал-мустафавийасы» (Ақиқатты таңдаулы жазбалардың жарық сәулесі). «Нисабул-ахбар». Бұл Абу`Аля ал-Аушидің еңбегі. Мұхаммед Б.Башравидің «Кензул-ахбары»(Өткеннің інжу-маржаны). `Абдулла ал-Куда`идің «Шихабул ахбары». Ас-Сарахсидің «Ал-Мабсуаты». Абу Хамид ал-Газалидің «Ихйа `улум ад-дині» (Дін ілімін қайта түлету). Абу Лейс ас-Самарканди «Тан-биятул-гафилин» (Немқұрайдыларды сергіту). Ал-Бухаридің «Ал-Джами ас-Сахихы» (Ақиқатшыл жинақ). Муслим ан-Нишабуридің «Сахихы» (Ақиқатты жинақ). `Иса ат-Тирмизидің «Джами ас-Сахихы». Шабгон б.Махиди «Муснад ан-нас». «Тафсир». Авторы Абу-Ма`ахи б.Ахмед б.Мухаммед ал-Исфахани. «Мужтала». Авторы Зайнула Имамати Фирдауси. «Кашшаф `ан хакаик ат-танзил» (Ақиқаттың ашылуы). Авторы Джарулла аз Замахшари. «Кутам-кулуб фи мусалалатул махбуб» (Жүрек жемі). Авторы Абу Талиб ал-Макки. «Магази» (Хиджрадан кейінгі Мухаммед пайғамбардың тарихы). Авторы Вакыйди. Мухаммед Катибаның «Магазиі»[Сайфетдинова,2016:408]. Сонымен қатар Алтын Ордада мұсылмандық мәдени ортаны айшықтандыра түсетін салтанатты сарайлар, архитектуралық әсемдегі керемет тұрғын үйлер, мешіттер, медреселер, мектептер, ханакалар, текелер, мавзолейлер (дюрбе), т.с.с. жүз-жүздеп бой түзеген. Олар шығыс елдерінде сонау есте жоқ ескі замандардан бері қалыптасқан архитектуралық әсем сәулеттілікті қайталайтын. Мысалы, Қырымда осы уақыттарға дейін бұзылмай сақталған көне ғимараттар баршылық. Солардың бірі 1314 жылы Өзбек хан салдыртқан делінетін «Бейбарыс» мешіті. Ал, кейбір дерек көздерінде бұл мешітті Бейбарыс елшісі арқылы беріп жіберіп, өз қаражатына салғызған делінеді.
Өзбек хан билігі тұсында Алтын Орда өз дамуының ең жоғары шыңына жетті. Хан сарайына тек діндарлар мен факихтер (заңгерлер) ғана шоғырланбаған. Сонымен қатар сарайда ғалымдар, математиктер, астрономдар, т.б. да жиі-жиі қонақ болған. Мысалы, осы жақында ғана «Ат-тухве фи илм ал-хисаб» атты математикалық трактат табылды. Авторы белгісіз. Трактатта Алтын Орданың Кырым өлкесі билеушісі Абулмузаффар Гиясаддин Өлек-Темірге ұсынылған деген жазу бар. Осы трактатпен қатар табылған екінші бір еңбек бұл Абу Бакр Каландар Ақсарай Румидің «Каландар-намасы». Бұл кітап біртіндеп ғылыми айналымға енгізілуде [Сайфетдинова, 2016:457-463]. Ал, әйгілі араб саяхатшысы Әбу Абдаллах Ибн Баттутаның жазбаларында Өзбек хан билігі тұсында беклербек Құтлықтемірмен қатар билік иерархиясында оның екі інісінің де қызметтенетіндігі күнделік бетіне түсірілген. Олардың бірі Мұхаммедқожа, екіншісі Сарайтемір деп ұлықталған. Екеуі де билік жүйесінде өте жоғары қызметтер атқарған. Айталық Мұхаммедқожа орталығы Азау (Азов) қаласы болған Қырымға дейінгі аймақтың билеушісі қызметін атқарған. Өз заманының ірі ақындары Рабгузимен, Хорезмимен, Хисам Кятибимен достық қарым-қатынаста болған. Аймақ халқының бақуатты өмірленуіне бар жағдайды тудырып, жұртшылық алғысына бөленген. Ислам дінінің жаппай тұтынушылыққа ие болуы үшін аянбай тер төккен. Мешіт-медреселер салғызып, өскелең ұрпақтың мәдениет жетістіктерімен сусындауына қолайлы жағдайлар тудырып отырған. Сондықтан болар, жазба түрк әдебиетінің негізін қалаушы ақындардың бірегейі Мұхаммед Хорезми 1353 жылы жазған «Мухаббатнама» дастанына Мұхаммедқожаның өмірі мен қызметін арқау еткен.
О, арыстан жүректі, Қоңырат ұрығы,
Кіші жастан ұлықтардың ұлығы.
Бақыт- көзі, берекет – кеніші,
Мұхаммедқожа бек әлемнің қуанышы.
Еліміз жансыз тән еді бұрын сенсіз,
Шахтың шахы Жәнібек ханға етенесіз,- деп жырлаған [Мухаббатнама, 1986:91]. Ал, Құтылықтемірдің екінші інісі Сарайтемір Алтын Орда билігінде қаржы ісі уәзірі лауазымдық қызметін атқарған.
Жақында ғана анықталып, ғылыми айналымға енгізілген арабтық дерек көздеріне қарағанда, беклербек Құтылықтемір Маңғыстау өңіріндегі Шақпақ ата жер асты мешітін салдыртуға (немесе қайта жаңғыртып қалпына келтіруге) мемлекеттен қаражат бөлтіртіп, өз жәрдемін тигізген. Археологтардың пікірлері бойынша, жерасты мешіттерін салу үшін инженерлік біліктілік, көп қол күші керек. Мұндай көп қаражатты қажетсінетін архитектуралық кешенді құрылыс ісі оларды тұрғызатын шеберлер мен жұмысшыларға еңбек ақыны жоғары әрі көп мөлшерде төлеуді талап етеді. Ал, мұндай қаражат көзінің сопыларда болмағандығы өзінен өзі анық нәрсе [Нуртазина, Азмуханова, 2011:319].
Қорыта айтқанда, хорезмдік қонырат бектерінің белсенді іс-әрекеттерінің нәтижесінде де ислам діні және оның Ханафи мәзхабының жолы Алтын Орда мемлекеті территориясында діни сенімнің ең жоғары жасампаздық қалпы ретінде дамып, қалыптаса бастайды. Дей тұрғанмен, тарихшы Зікірия Жандарбек ислам Алтын Орда мемлекеті халықтарының арасына таралып, мемлекеттік дін деңгейіне дейін көтерілуін тек Иасауийа тарихатының жемісті еңбегінің нәтижесі ретінде қарастырып, бағалау керек деп есептейді.
Бірақ, З.Жандарбектің бұл ұсынысын дін тарихын зерттеуші бірқатар ғалымдар біржақты ұстаным деп санап, қолдау білдіре қоймауда. Олардың түсіндірмелері бойынша, түркітекті халықтар арасында ислам дінінің тұрақтануында суниттік бағыттың 4 мәзһабын (аш-Шафиға, әл-Маликийа, әл-Ханибила, Ханафи мәзһабы) ұстанған барлық сопылық бауырластықтар (иасауийа, кубрауийа, кадириийа, хайдарийиа, календарийа, т.с.с.) аянбай қызметтенген.
Мысалы, дін тарихын зерттеуші татар ғалымдары солардың бірегейі ретінде нақшбандийа бауырластықтарын айтамалайды. Олардың пікірлерін талдағанда байқалатыны, нақшбандийа бауырластықтары өз бастауларын Ахмед Иасауи мектебінен тарқататындықтарына қарамастан, күшейе келе көптеген өңірлерді иасауийа бауырластықтарынан тазарта алған. Сөйтіп, нақшбандийалықтар тек Орталық Азияда ғана емес, одан тысқары жатқан көп аймақтарда да, мысалы Повольжеде, Солтүстік Кавказда, Иранда, Таяу Шығыста, Түркияда, Үндістанда, Индонезияда, Малайзияда, Цейлонда, т.б. өңірлерде де жергілікті тұрғындарды өз уағыздарына ұйыта білген. Келе-келе олардың күшейгендіктері соншалық, жоғарыдағы айтылған өңірлерде бірден бір үстем бауырластықтарға айналған [Тагиров, 2005: 149-150; Шагавиев, 2016,141]. Ал, Қазақстандық дінтанушы Т.Құсайынов ислам діні Алтын Орда мемлекетінің маңғыстаулық өңіріне хорезмдік діни бауырластықтардың ішіндегі ең беделдісі атанған әл-Кадирийа тарихты демеуімен енді деп есептейді. Оның дәлеліне ол өзінің республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған мақаласында бірнеше мысал келтіреді [Жас Алаш, 2019 22 қаңтар].
Әл-Кадирийа – сопылық бауырластық. Негізін қалаған шейх Абд әл-Кадир әл-Жилани (1077-1166). Оның жолын қуушы ізбасарлары оны дін білгірі әрі уағыздаушысы деп аса құрметтеген. Бір жаратушыны мадақтайтын есімдермен атамалаған. Әкесі жағынан да, анасы жағынан да Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) тікелей ұрпағы деп дәріптеген. Оның дәлеліне шейхтің әкесін Әли б. Әбу Тәліптің ұлы әл-Хасаннан, ал, анасын оның екінші ұлы әл-Хусейннен тарқатқан. Ал, Абдулкадыр Жилани (толық есімі Мухиддин Абу Мухаммед бин Абу Салих Зенгидост) 1077 жылы Иранның Жилан қаласында дүниеге келіп, сонда өсіп-өнген. Жастайынан дін оқуына қызыққан. Жасы 18-ге толғанда Бағдат қаласына келіп, жоғары діни білім беретін оқу орнында оқуын одан әрі жалғастырған. 1166 жылы 91 жасқа толған шағында Бағдат қаласында қайтыс болып, сонда жерленген. Әл-Кадирийа да 12 сопылар бауырластығының құрамына кіреді. Көзқарастары сунниттік. әл-Джунайд әл-Бағдадидің (910 ж.ө.) «парасат мектебінің» заңдарын ұстанады. Әл-Кадирийа мұсылман әлемінде ең көп таралған бауырластық. Оның жетекші ұясы ханака (теке), немесе рибат болып саналады. Әрбір тарихат бір-бірінен тәуелсіз өмір кешеді. Бауырластықтың басқа сопылық ұйымдардан бір ерекшелігі зікірді дауыстап салуға әдеттенген. Зікір салуға әйелдерді де, басқа діндегі адамдарды да қатыстыра береді. «Әл-Кадирийа» эмблемасы 5-6-7 санды үш қатарлы жапырақтардан тұратын көк түсті роза. 5 саны ислам дінінің 5 негізін, 6 саны құлшылықты, ал, 7 саны зікірді бейнелейді. Абд әл-Кадир әл-Жиланиді сопылар Ибн Арабиден бері қарай «Кутб» (әулиелердің әулиесі) деп ұлықтаған [Энциклопедия «Ислам», 1995:46-47; 93-94]. Кутб-бұқараға жол көрсететін, оларды тура жолға салатын әулие дегенді білдіреді. Басқашалап айтқанда, әулиелердің әулиесі. Дәрежесі жағынан Хз.Пайғамбардың пайғамбарлығының мазмұндық мақамына сай келеді. Бұл мақам пайғамбардың жолын қуушыларға, кәміл ізбасарлары инсан камилдерге ғана бұйырылады. Мысалы, Ахмед Иасауиге де бұйырылған дегендей. Демек, ғұлама Абд әл-Кадир әл Жиланның ізбасарларының бірінің тариқатында тәлімделіп, туған қаласы Үргенішке қайта оралған қоңырат әулетінің түлегі – шейх Аладдин Номан әл-Хорезмидің алғашқылардың қатарында ислам дінін, оның Ханафи мәзһабы жолын Алтын Орда да мемлекеттік діни-идеологиялық ұстанымға дейін көтеріп, мәңгілікті орнығып қалуы үшін аянбай қызметтенуі заңды құбылыс, үлгі тұтарлық тұғыр. Мұндай түйіндемеге, араб жылнамашылары Ас-Сафади Салах Ад-Диннің әл-Бирзалидің, ибн Дукмактың, ибн Халдунның, әл-Айнидің деректері, сондай-ақ жиһанкез ибн Баттутаның сапарнамалық тарихи жазбалары дәлелдеме бола алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ахундова Н.Ф. Место суфизма в духовной жизни Золотоордынских и Хулагуидских правителей// Золотоординское обозрение//Golden horde review.2018.6 (3). C.489-503.
Бартольд В.В. Сочинения.Т.V.М., 1968
Бартольд В.В. Сочинения.Т.VІ.М., 1965
Бейсенбайұлы Ж. Беклербек Құтылықтемір// Қонырат: тарихы мен шежіресі.-Алматы: «Курсив» баспасы, 2016-348-362-беттер.
Васильев Д.В. Ислам в Золотой Орде. Историко-археологическое исследование. Астрахань: Издательский дом «Астраханский Кремль», 2007.191 с.
Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. Алматы: Қазақстан, 1997.128 б.
Жандарбек З.Йасауи жолы және қазақ қоғамы. Ғылыми зерттеу.-Алматы: Ел-шежіре, 2006. 256 б.
Жас Алаш республикалық газет.-2019 22 қаңтар.
Жас Алаш республикалық газет.-2019 12 ақпан.
Жүсіпұлы Сайдақ қожа. Жүзге кірмейтін қазақ рулары// Қазақ шежіресі (ғылыми дәйектер мен шежірелік мәліметтер негізінде жасалған)- Алматы: Атамұра, 1994.-95-107- беттер.
Зайнуддинов Д.Р. (1977-) Арабоязычные источники по истории Золотой Орды: анализ переводов В.Г.Тизенгаузена// Золотоордынская цивилизация. Сборник статей. Вып.3 Казань: изд-во «Фэн» АН РТ, 2010.252 с.
Зайнуддинов Д.Р. Биографический сборник Ас-Сафади Салах Ад-Дина как источник по истории Золотой Орды// Золотоордынское обозрение. 2016.№4. С.767-777.
Измайлов И.Л. Ислам в Золотой Орде//Ислам и мусульманская культура в Среднем Поволжье: история и современность. Очерки. Казань: Мастер Лайн, 2002. С.38-61.
Ислам.энциклопедия. -Алматы:Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы, 1995-287 б.
Ислам и власть в Золотой Орде. Сборник статей/ Под ред. И.М.Миргалеева, Э.Г.Сайфетдиновой. Казань:Институт истории им.Ш.Марджани АН РТ.2012. 332 с.
История Казахстана в арабских источниках. Т.1-2. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из арабских сочинений, собранные В.Г.Тизенгаузеном. Переработанное и дополненное издание. Алматы.2005. 721с.
Крамаровский М.Г. Ибн Баттута о тюркском исламе// Золотоордынское обозрение, 2014. №1(3). С.64-74.
Мұхаббат-наме. –Алматы, 1986.
Малов Н.М., и др. Религии в Золотой Орде-Саратов: Из-тво Саратовского университета. 1998-154с.
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.2.-М.-Л.: Изд.АН СССР,1960-315 с.
Сайфетдинова Э. Исламская культура Золотой Орды//Золотая Орда в мировой истории.-Казань, 2016.-С.457-463.
Селезнев Ю.В. Элита Золотой Орды.-Казань: Из-тво «Фэн» АН РТ,2009.232 с:
Сулейманов Р.Р. Суфизм в Татарстане в постсоветский период: разнообразие групп, распространение, влияние на умму региона// Религиоведческие исследования.-2016.- №2/14/.-С.87-124
Тагиров Р.Г. Суфизм в Повольже: особенности функционирования// Вестник Российского исламского университета, 2005-№1-С.149-150.
Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды-М.:Изд-во МГУ, 1973.
Шагавиев Д.А. Исламские течения и группы.-Казань:ЧУ ИД «Хузур»-«Спокойствие», 2016-141 с.
Ходжсон М. История ислама: исламская цивилизация от рождения до наших дней. Перевод с английского А.Н.Гордиенко, И.В.Матвеева, Н.В.Шевченко. М.:ЕКСМО, 2013.1088 с.

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.