ҚАЗЫҒҰРТҚА КЕМЕ ҚОНҒАНЫ РАС!

  • 26.11.2019
  • 67 рет оқылды
  • 0

Мағрипа Жылқыбаева,

физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Студент кезден айналысқан ғылыми жұмысты ары қарай кеңейте келе радиацияның қатты заттарға әсерін оптикалық тәсілдермен кешенді зерттеуге ұластырған едім. Бұл өзі бұрын-соңды болып көрмеген орасан көлемдегі аса тауқыметті жұмыс болды. Бүкілодақтық деңгейде ғана емес, әлемдік аренада бұрын-соңды ашылып көрмеген ғылыми жаңалықтарды алдыға тарту керек деген ауыр талап қойылды. Алынған әрбір нәтиже халықаралық деңгейде талқыланып, белгілі мамандардың пікірін алу міндеттелді. Сонымен бұл жұмысты біраз еңсергенде осы радиациялық зерттеулерде жер бетіндегілерге әлі де белгісіз ерекше құпияларды біздің жерде ашылған Алтын адам ұстап тұрған болар деген ой туды.
Оған қоса сол Алтын адамның күміс зеренше жазуы біздің көзге жете таныс игілікті нәрсе секілді боп, өзіне қарай сиқырлап тартқаны бар. Сөйтіп барып басқа киген тозақ ноқтасы біздің жанды қинаған-ақ. Ол өзі тілмен айтып жеткізгісіз азапты жылдар. Әйтсе де бұл мейірімді Адам өзі тығып ұстап келген бар ғылыми құпиясын алдымызға ақтарып салды. Ол өзі әлемдік деңгейдегі көл-көсір. Мынау әңгімеде содан бір титтей шөкімін оқырманға ұсынғалы тұрмыз.
Сонымен Қазығұртқа кеме қонғаны жайындағы әңгімені мен арнайы іздемесем де Алтын адам жазуы өз өзінен шығарып берді.
Иә, Қазығұртқа келгені бір кеме емес, үшеу екен. Олардың шыққан жері әйгілі үш Галактиканың ең жоғарғы Хаңгалактикасы. Оқымыстыларға белгілі Магагалактика, Мэгагалактика және Хаңгалактика бар. Сонда ол сонша алыстағы Хаңгалактикадан мынау Қазығұртқа неге келді?
Алтын адам жазуы бойынша біздің Қазығұрт алып тұлғалы, заңғар шыңды, сықасқан қалың орманды ерекше тау болған. Кеменің қонған орны сол кездегі алып таулардың бірі аталған Қаратаудың күнгей жақ беткейіндегі дәл осы Қазығұртқа қараған жағында үлкен үңгір болыпты. Сол үңгірде тозақты көтере алмай бір тәулік бұрын жантәсілім болған Қасқыр Ене жатыпты. Соның мұздап қалған денесінен шарананы сыртқа алып шығу үшін экипаж құрамында рух бар бір кеме келіп, Қазығұрттың әлгі үңгірге тұспалдау жағындағы шыңның үстіне қонады.
Лапылдаған отты кеме шыңның үстіндегі бүкіл орманды бір сәтте өртеп жіберген. Бұл өзі Жерді жиырма құлаш қалыңдықтағы алып мұзды экватор үстінен тіліп, оның екі жаққа қарай шегіне еруі үшін орасан санды күш иелерді шығындаған кезі еді. Мұзды еріту үшін жоғарғы кеңістіктен зорлықпен құлатылған әрбір күш иенің қызуы 16 мың градустан кем болмапты. Соншама күш иені шығындап, жерді құрсаған мұзды зорлықпен еріту кезінде оның солтүстік жақтағы шеті қазіргі Кереку тұсына жеткенде Қасқыр Енеге алып Рухты Хаңгалактикадан әкеп жүктепті. Содан ол бейшара толғақты көтере алмай өліп кеткен соң мұзы жаңа еріп жатқан жердің үстіндегі бірінші ақыл иесі болмақ шарананы қалайда тірі шығарып алу зәрулігі туған.
Бұл өзі бүкіләлемдік ерен оқиға. Сонымен Қазығұрттың шыңына қонған отты кеменің рух күштері өздерінің бой қуатын кезектесе жұмсап, анау қашықта тұрған үңгірдің ішіндегі жансыз денеден шарананы сыртқа қарай Өріс күшімен тартқылайды. Айнала түгел шылқыған су, мұздан жаңа босаған аймақ, ешқандай жылу атаулы жоқ болған соң, кемедегі тоғыз Рух бар күш-қуатын сарқып, әлсірейді. Қайта көтеріліп кетуге ылғалды жер тұтып алған кеме қозғалмайды. Содан соң бұларға көмек ретінде екінші кеме келген. Бірінші кемені орнынан көтеріп жіберіп, ол жерге өздері қону үшін қанша әрекет етсе де, шыңның үстіне мықтап жабысқан бірінші кеме қозғалмайды. Содан соң көмекке үшінші кеме келгенде екеуін жоғарыға шығарып жіберіп, бар қуатын бұл кемедегілер анау шарананы сыртқа шығаруға жұмсайды. Шығарады да.
Дегенмен, бойынан жаны кетпесе де өлімші күйдегі ол шарананы тірілту үшін бұлардан кейін де көп күш жұмсалған. Осы шарана екі аяқты ақыл иесі боп жер басып шыққанда есімі ЧИИИ АЛЛЛАСИ ПЭГИТИ — ЧИАЛЛЛАБЭГ болған. Бүгінгі тілдегі «человек» пен «человечество» осыдан алынған. Сол «человектің» бұл есімімен біздің жердегі Чи елі — Шиелі, Чиен — Шиен атаулары ғана байланысты емес, Шығыс аймақтағы Чита, батыстағы Чикаго, Тынық мұхит жағалауындағы ұзыншақ жолақты алып жатқан Чили дегендердің бәрі де «человечество» түп атасымен байланысты қойылғандар. Түркі тұқымдастарда жүрген Челаби әулие дегенің де сол Ата жайындағы.
Біздің халықта жаңа туған сәбиді қырқынан шығару деген бар. Онымен байланысты шілдехана деген атау сақталған. Итжейдесі деген де бар. Осының үшеуі де анау үңгірде туылған шаранамен тікелей байланысты шыққан. Қасқыр Енеден туылған соң төрт аяқтап жүріп қалмас үшін оны бірден екі аяқпен тік жүретін етуге бейімдеу үшін қырық күн бойы бейшара шарананың денесін созғылапты. Аяқ пен қолды екі жаққа кергілеген. «Человечество Бабасы» осындай азаптан өткенін біздің халық ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін жаңа туған баланы қырқынан шығару әдетін енгізген.
Анау шілдехана атауы сол шарананың ЧИЛТРИҢТИ атауынан алынып тұр. Қайсыбір елдер бұны «чилдрин» деп тұтынады. Хаңгалактикадан келген кемелер Қаратауға да қонған. Біреу емес, тоғыз рет келгені бар. Ол жағын еліміз дабыраламай, жасырын ұстап жүргені – белгілі себептен. Бұл өзі жеке әңгіме болатын орасан құпия. Дегенмен, Қазығұрт пен Қаратау алуан түрлі жер сілкіністердің кесірінен барынша шөгіп, бүгінде жай ғана төбешіктер секілді бейнеге түсті. Қазығұртқа келген үш кеменің радиация қалдығы ұзақ-сонар сақталған. Көптеген жылдар бойы кісілер барып, сол орыннан қуат алып, денсаулықтарына шипа тапқан да кез болыпты. Оған қоса бұл орында Таңбалы тас сақтаулы. Ашық емес, көмулі жатыр. Кеме келген тарихи орын өз тарихын бойында солай жасырып жатыр.
Кеме келді деген орындар әр жерде бар деп айтылып келді ғой. Соның бірі – Арарат. Бірақ Қазығұртқа келген кемелердің орны бөлек. Біздің кездегі 1999 жылы Қазығұртқа кеме қонғанына 50 мың жыл толғанын күнтізбеде белгілеп қойдық. Өйткені, бұның себебі ерекше. Ақыл иесі болып көрмеген мұздақ жердің үстіне саналы өмірдің бастамасын жасаған сол кемелердегі экипаж иелері. Жұмырбасты болып көрмеген иесіз Жердің үстінде ақыл иесін жарыққа шығару үшін өз бойындағы күш-қуатын сол кеме экипаждары жұмсады ғой. Олардың ерен еңбегі болмаса бүгінгі біз мынау жерде жүрмес едік. Қазығұртқа сонау Хаңгалактикадан кеме келіп қонбаса, Көкбөрі бейшара Қасқыр Ененің мұздаған денесінен өздігінен шыға алмас еді.
Сонда біздің Қазығұрт үстіндегі анау шың бар жасыл орманнан айырылып, радиация өртіне күйгенде сол құрбандығы үшін Көкбөрі шарана жарық дүниеге шықты. Бүгінде жай ғана аласа тау болып жатқан қарт Қазығұрт сонау мұз дәуірі кезінде бүкіл Жер бетінің адами тіршілігі бастау алу үшін өз арқасын лапылдаған радиация отына солай төсеген еді. Сонау Хаңгалактикадан кеме келіп қону үшін басқа емес, Қазығұрт шыңының таңдалуы, үлкен Әлем көлеміндегі ерек оқиға.
Қазығұрттың қасиеті ерекше. Осы ерекшелікті қазіргі жастар сезіне ме? Жеріміздегі әр шөкімнің әлемдік тарихы барын бағалай білуге сана жете ме? Иә, бүкіл әлемді Ақыл, Ой, Сана және Парасат төртеуі ұстап ұр. Осыдан біреуі кем болса, жоғалу қаупі төнеді. Қазығұрттай атақты жері бар елдің әр баласы аталған төрттікті бойында ұстауы керек. Әйтпесе жоғалу қаупі төнеді. Қазығұрттағы жасырын жатқан таңбалы тас ашылып, ондағы жазудың сыры да шешілер. Қазіргі біз әлі де сол жусаннан аласа бойлы күйден босана алмай тұрмыз ғой. Сұңғақ бойлы болуға жастар ұмтылуы керек.
Біз бұл мәліметтің бәрін Алтын адам жазуынан алдық. Оның бүге-шігесін жеткізу ұзақ әңгіме ғой. Ең бастысы радиация жайындағы мынау әлемге белгісіз талай құпияның көзін Алтын адамның ашып тұрғанында.

БІЛІМСІЗДІК НОҚТАСЫ ОСЫНДАЙ-АҚ БОЛСЫНШЫ!

Скандинавия жазуларын оқыды деген В.Томсен Орхон-Енисей ескерткішіндегі мәтінді ашып бергелі ғасыр өтті. Одан алынғаны мән-мағынасы тамтықсыз бес-алты сөйлем. Соның өзін түркітану саласындағы жетістік ретінде қарап, мектеп оқушылары мен студенттерге жаттатып жүргелі де жарты ғасыр. Тегінде байырғыдан қалған жазулардың сыры ашылар болса, одан үш түрлі жағдай күтілетін. Бірінші – бастан өткен өмірге қатысты теориялық мәліметтер. Екінші – өркениетті қалыптастырудағы практикалық жұмыстар. Үшінші – байырғы бабалар «кейінгі ұрпақтар көзімен көріп, қолымен ұстасын» деп қалдырған материалдық заттар.
«Томсен оқып берді» деген Орхон-Енисей ескерткішінен шығарып алған бұндайларың қанеки? Иә, ағайындар, Томсен берген бес-алты сөйлем ешкімге пайдасыз, тіпті керексіз бірдеңе. Оған қоса Орхон ескерткішін Енисейдікімен бірге атау қате. Орхон ескерткішінде сөз боп тұрған дүниелер соншалықты күрделі және бай мағлұматты екені сырт көзге ашық байқалады. Яғни, бұл ескерткішке қатысты автор бірнешеу дегенің. Оған қоса оның екінші жағында қытайша жазулар бар. Оның өзі жеке автордың дүниесі. Енисейдегі жағдай бұндай емес қой. Ол өте шағын көлемде. Жалғыз автордың бүгінгі ұрпаққа қалдырған дүниесі. Ең бастысы ашық аспан астында қалдырған жазуларда кісі есімдері көрсетілмейтін заң бар. Тек осы жағынан қарағанда да Томсеннің айтқандары өтірік екендігі айқын. Білге қағанды басқалармен қосып, жолай жапсырып тұр.
Томсеннің бізді алдағаны түркітанушыларға ғасырлық нәпақа болды. Сол уақыт мезгілінде ешкімге пайдасы жоқ, мән-мағынасы ашылмаған бос сөздік алданышты ермек еткен жиындар түркітанушы деген атауды даңғазалатып келді. Біздің замандағы түркітанушылар «түркі» атауы нені білдіретінін ажырата алмайды. Байырғыдан қалған жазуларды зерттеу кезінде көне сөздерді түсінуге танымы жетпегендер терминдерді жаппай бұзумен айналысты. Сөздегі дыбыстарды қысқартты. Тиесілі дыбыстарды басқа дыбыстармен алмастырды. Батыстық зерттеушілер өздерінің тіліне ыңғайлы болу үшін көне сөздегі «а» дыбысын «о», «е» дегендермен алмастырды. Сөздерді қысқартып қолдану кезінде керексіз дыбыстарды жалғай берді. Осындай алақолдықтың кесірінен Батыстағы көне кітапханаларда сақталып келген байырғы жыр-дастандарға дейін кісі баласы тани алмайтын мәтінді болып шықты.
Танымсыздық меңдеген ұрпақта матлогика атауымен жоқ еді. Соның нәтижесінде ауызда оңай айтылады деген көне дәуірлік терминдердің өзін бұлар быт-шыт қып өзгертті. Мысалы, ең оңай атау – Адай. Жаңа замандық зерттеушілер оны бір жазуда АД деп берсе, екінші біреулері ДАЙ деп жазған. Сөзтанудан мақұрым болған батыстық зерттеушілердің қайсыбіреулері өздерінің шығу тегімен байланысты ұстанған мынандай шам-шырағына қараңыз: «Русичи – это дждь бога внуки». Сонда бұл не? Орыс тілді зерттеушілердің алдына ұстаған осындай шам-шырағына еліктеген біздің Олжас Сүлейменов өзінің атақты «АзиЯ» кітабында түркі тұқымдастарға «собака вождь» тотемін ұсынды. Сонда түркі тұқымдастар иттен туған текті болуға тиісті екен.
Осыған лайықтап О.Сүлейменов фольклордағы Ақтайлақ, Қызылтайлақ атауларын төбет итпен байланыстырды. Түркітанушылар болса бұған еш қарсылық көрсетпеген күйі әлі келеді. Томсен «ашқан» жаңалықтан бері қарай азиялық түркітанушыларға ұстаздық еткендердің арасында О. Сүлейменов бар. О.Сүлейменовтың ортаға берген шығармаларында кітап сыртындағы атауы қандай болса ішкі мәтіндегі ой-жүйесі де дәп сондай Лай.
Бұл тек қана «Глиняная книга» поэмасына қатысты емес, барлық шығармасына түгелдей ортақ белгі. Олжастың өзі жазғандай «книга-псих». Мысалы, кейіндеу берген «Пересекающиеся параллели» кітабының атауына қараңыз. Табиғи заң бойынша параллель атауы иеленген сызықтар бір-бірімен еш жерде қиылыспайды. Қанша созсаң да сол параллель күйін сақтайды. Параллельдерді зорлықпен қиылыстыруы өзін өзі «я – отличник по математике, инженер-геолог, историк, лингвист, славист, профессионал-писатель» деп даңғазалап келген Олжас үшін оп-оңай ғой. Өйткені, бұл зерттеушінің қаламына ілінген терминдердің қай-қайсы да шатқыаяқты. Мысалы, немасқа берген анықтамасында оны «неговорящий, дикоговорящий, непонимающий» деп түсіндіреді. Сонда бір немасқа тиесілісі бір-біріне қарама қайшы үш сөз.
Италияға елші боп барғанда 10 мың данамен шығарып келген «Язык письма» жалпақ кітабында «Пасха» атауына берген анықтама сияқтысында «баран, мясо» дегенді келтіреді. Ағайындар-ау, Пасха кезінде қой сойып, ет таратып жатқан кімді көрдіңіз? Әуелім, қазақтың текеметін О.Сүлейменов «одеяло, покрывало» деп берген. Жерге төсейтін текеметті кім одеял етіп, үстіне жамылуда? Немесе покрывало етіп жүктің үстіне бүркеуде? «Слово о Полку Игореве» эпосын зерттеу арқылы түркінің мың бір сөзін тауып берді деп, Олжасты сыртынан мақтап келгеніңіз рас. Сондағы басты бір сөз мынау: Кура – кора, ограда, стена. Бұл атаудың нысанаға айналғаны мынадан: «Слово о Полку Игореве» эпосында «аттылар желе жортып, Кураға дейін тоқтамай барды» деген сөйлем бар. Осыны зерттеушілер Кураға байланысты көп айналдырған.
«Слово» зерттеуші орыс фольклористері Кура деген атауды «тауық шақырғанға дейінгі уақыт мезгілі болар» деп көрсеткен. Олжас болса бұны «Қора, шарбақ, қабырға» деп түсіндіреді. Сонда көз көріп тұрған қарыс қадамдағы бұндай белгілерді ат үстіндегі желісті кісілер нысанаға алушы ма еді? Ондай жүрістілер алысты көздейді. Олжас айтып тұрған жағдайды қарасақ, ат үстіндегілердің аула ішінде ойнаған бес-алты жасар сәбилердің шыбықты ат қып мініп, өзара жарысқандары секілді күй. Бұнымен салыстырғанда анау жоғарыдағы зерттеушінің «тауық шақырған кездегі уақыт» дегені ойға сиымдырақ. «Слово» эпосынан О.Сүлейменов түркі сөздерін тауып берді» деген біздің қуаныш әлгі тап-тақыр тастың үстінде самсаған жемісті ағаш өсіпті деген секілді күй. Сөз мағынасын түсінбей, терминтану дегеннен құралақан күйде түркітанушы болу мүмкін емес қой.
Түркітанудың тұтас ғасырға жалғасқан атауы мен оның шынайы болмысы сай емес. Өйткені, сөз мағынасын түсіну былай тұрсын, байырғылардан жеткен жазулардың болмысын ажыратуға білім жетпейді. Жер бетіндегілердің арасында аса дарындының бірі Орыс хан. Осы Орыс ханның алуан түрлі бүркеніш атпен жазған шығармалары көп. Содан қайсыбірі бүгінгі біздің ақыл-ойды сынау үшін әдейі жазылғандай, сайқымазақ кейіптегі. Соның бәрін қаз-қалпы көшіріп алып, тарихи оқиға ретінде көпшілікке ұсынып жүргендер бар. Бұныңыз алдыңа келген шығармаға талғаммен қарайтындай қабілеттің жоқтығынан.
Бәрінен де сорақысы түркітану мәселесінен қазіргілерге төраға боп жүргендердің ғылыми атақтылар екеніне қарамастан орта мектептік білімінің жоқтығында. Ұяттың зоры осында. Орта мектепте оқытылған пәндерден ештеме алмай шыққаныңда. Қазіргі жаңа қазақтарда түркітанудан басшылық жасап жүрген, түркітанудан жиын өтсе төрде отыратын россиялық екі ғылым докторы бар. Бұл екеуі біз егемендік алған кезде «Казахстан. Летопись трех тысячелетий» деген қолжазбасын 100 мың дана ғып Алматыда 1992 жылы шығартқызды. Іліми сауатсыздықпен қоса географиялық сауатсыздықтың нағыз шежіресі осы кітапта. Саясатты көздей отырып жазылған бұл кітапта қазаққа телінгені үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас атауымен қоса одан да сорақысы жер көлеміне қатысты. Қазақтың бар иелігі Амудария мен Сырдарияның Аралға құяр сағасының төңірегінде ғой. «Одан арыға сенің құқың жоқ» деген мағынада. Соның дәлелі ретінде бұл екі автор 7-8 өзеннің ескі-жаңа атауын ойша көшіріп әкеліп, Сырдария мен Амударияға жапсырған. Бұлардың қаламұш арқылы көшіп-қонған сол өзендердің арасында біздегі Жайықтың көне тілдегі атауы бар. Россияда ағып жатқан Ока өзені бар…
Баяғыда болып, бүгінде кеуіп кеткен өзендер емес, көз алдыңда жарқырап ағып жатқан тірі өзендердің орнына қаламұшымен зорлық жасаушы бұл екі автор сонау Оңтүстік Кавказ жақтан ағып келіп, Каспийдің Батыс жағына құйылған қазіргі Аракс өзенін «Амудария» деп жала жабуда. «Аракс дегенің Амудария» деп нығыздайды.
Түркітану саласында сауатсыздықтың асқындағаны сонша, О.Сүлейменовтың «түркі сөзі» деп бізді қуантқан «Кура-кора» дегені ешқандай да «ограда», «стена» емес, кәдімгі өзен атауы. Слово эпосында байырғы автор анау келе жатқан аттыларды осы Кура өзенінің жағасын жайлаған Куралаити еліне дейін тоқтаусыз жүріп барды деген болатын. Ондайға түсінігі мүлдем жетпеген бүгінгі танымсыздар атауы географиялық картада жазулы тұрған Кура өзенін де тани алмапты. Әнеки, анау картаға қараңыз. Армения мен Әзербайжан жерінің арасында, Аракс-Кура ойпатын кесіп өтіп, жарыса аққан қос өзен анау. Екеуі бірігіп, Каспийдің Оңтүстік Батыс шетіне құйылып жатыр. Сонымен географиялық атауларды білмейінше түркітанушы болам дегенді ойламау керек.
Иә, Томсен басқа кигізген сауатсыздық ноқтасы білімсіздікті қалыңдата келе көз алдыңда ағып жатқан өзендерді көрмейтін мешеулікке жеткізді.

АЛАҒАН ҚОЛЫМ — БЕРЕГЕН

Аристотельдің «Аспан туралы» деген еңбегінде «Бүкіл жанды дүниенің ішіндегі мүмкіндігі зоры және ортаға ең көп мөлшерде әсер ете алар қабілеттісі де адам. Сонымен бірге ол толып жатқан нәрсеге қатысты мұң-мұқтаждан арылмаған» деген жолдарының хатқа түскеніне мыңдаған жылдар өтсе де, бүгінгі біз үшін жазылғандай шынында. Қоршаған ортаға қатысты сыртқы табиғи факторлар жүйесінің әсерінен нағыз қорғансызы – кісі баласы. Электромагниттік, микросейсмикалық кернеулер мен қоршаған ортадағы жалпы өрістің өзге де құраушылары қалыпты күйінен ауытқып кеткен сәттерде жан иесінің организмі тұрмақ, технологиялық жүйелерге дейін төтеп бере алмайды.
Әсер етуші факторлар күшейген сәттерде құралдардың төзімділік қоры өзгеріске түсіп, трансформаторлар мен жанғыш заттар сақталатын қоймаларға дейін (резервуарлар да) жарылыс қаупі төнеді.
Айналадағы өріс өзгерісінен туар шектен тыс деформациядан түрлі өнімдер тасымалданатын (мысалы, мұнай мен газ) құбырларда сызат пайда болуымен қатар пойыздар мен автомобильдер соқтығысы да бізге аз шығын әкеліп жүрген жоқ.
Кісі тәні мен жан-дүниесіне әсер етуші құбылыстар түрі мен ауқымы жағынан өте күрделі де, сан алуан. Солардың ішіндегі ең қарапайымы, жиілігі бойынша 7-12 және 60 герц аймақты алып жатқан электромагниттік пен акустикалық толқындар.
Жалпы түрдегі өткізгіш құралдар, жоғарғы кернеуліктегі қосымша станциялар мен әуедегі ток тасымалдаушы сымдардың айналасында пайда болар электромагниттік өрістерге қоса өндірістік 50 Гц жиіліктегі электромагниттік толқындардың да денсаулыққа зиянды әсері бары енді ғана ашық айтыла бастады.
Пенде шіркін технологияны «жетілдіру» арқылы цивилизацияға асыққан сайын өз денсаулығынан ойсырай ұтылуда. Оның игілікті көздеп іске асырған ғылыми-техникалық табысының талайы алдынан кері нәтижемен шығарын әлі де толық сезіне қоймағанымен, кетпеннің сабы шекеге тиер кезең де көп күттірер емес. Соның бірі ХХ ғасыр тұрғындарының айнымас серігіне айналған 0,06 мегагерцтен 300 гигагерц аралықтағы жиілікті қамтыған радиотолқындар мен телехабарды таратушы станциялардың толқыны. Арнайы байланыс жүйелерімен радиолокациялық станциялардың беріп жатқан толқындары да денсаулықты жалмайтын қылқұрттың өзі екенін көбіміз сезбейміз де.
Техниканы дамыту барысында денсаулықты құрбанға шалған ұрпақ болған соң ба, әйтеуір жүйкені жалмар 50-60 децибелдік /дБ/ дыбыстар мен құлақтың есту қабілетін жоятын 80-90 дБ шуларға да етіміз үйреніп барады. Тіпті жасанды талшықтан тоқылған киімдер мен шектен тыс лас ортаның көмегі арқасында статикалық электрден қап киіп жүргенімізді де сезуден қалдық. Осының бәрі келіп, жүрекке салмақ түсіріп, физиологиялық зардап тарттыруда. Мезгілсіз шаршау мен сіркесі су көтермес ашушаңдық та алдымен осыдан бастау алуда.
Табиғат біздің жүрегімізді көлемді кардиоид бейнесінде жаратып, қоршаған көп өлшемді кеңістікте пайда болған жақсы-жаман өзгерістің бәрін де қалтқысыз сезіп отыруға бейімдеген. «Жүрегіміз неге үрейленеді?» деп, біз содан кейін барып санамен ойлай бастаймыз.
Жүрек-қан тамырларының меншікті тербеліс жиілігі жоғарыдағы аталған сыртқы толқындардың әсерінен күрт төмендеп, кісінің көңіл-күйі мен ой сергектігі құлдырай бастайды да, ойда жоқта дел-сал күйге тап болады. Сондай тежелу /кризис/ кезінде психикасында болып жатқан тосын өзгерісті көтере алмай, естен тануы мүмкін. Бұндай сәттерде өзіне-өзі қол жұмсау да көрініс беріп, түрлі жол апаттары да жиілеп кетеді. Өзі тудырған экологиялық ластан жаны жүдеген пендеге табиғи ортадағы ауытқулар қосымша болса, оның арты апатқа соқпай, қайда бармақ? Мысалы, соңғы он жылда бір кездескен аса ірі жол апатының 1990 жылы Москва қаласында болу себебін ғалымдар сол мезгілдегі планетаралық магнит өрісімен байланысты болған құбылыстарға сай күрделеніп кеткен ай тоғысынан көреді. Олай болса біздің бабаларымыздың «Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп, жаңа туған Айға қарап, тілек білдіретін әдеті орынсыз болмағаны ғой.
Биосфера ашық жүйе. Сондықтан, Күн мен Жердің, Жер мен Айдың орбиталық орналасуындағы өзгерістердің бәрі де қоршаған кеңістік арқылы денсаулыққа әсерсіз болмасын атам қазақ ерте ұғынып, «Құдіреттің әмірі Көктен келеді» деген қағиданы қалдырса, соның бәрі жаңалық болып бүгінгілерге енді ғана танылып жатқандай.
АҚШ астрофизиктері осыдан аз бұрын Күннің «энергетикалық тынысы» деген жаңалық ашты. Онда Күн 166 минутқа тән периодпен энергетикалық осцилляция жасап тұратыны анықталыпты. Сөйтсек, бүкіл жақын ғарыш әлемі үлкенді-кішілі планеталармен қоса Күннің сол тынысына белгілі бір ырғақпен, бірақ жарты периодқа сай қарама-қарсы фазада жауап қатып отырады екен. Ашып айтсақ, Күннің шығарған сәулесін жақын ғарыш әлемі периодтың бір жартысында жұтса, екінші жартысында өз үлесі арқылы оның есесін қайырып береді. Сонда бабаларымыздың «Алаған қолым береген», «Алмақтың да салмағы бар» деген асыл сөздері кісілік қатынаста ғана емес, бүкіл ғарыш деңгейінде орын алар ғылыми-пәлсапалық тұжырым болғаны ма деген ойға қаласың. Қуаты мен құдіретіне байланыссыз әлем ішіндегілердің бәрі де энергия алмасуының әділ заңына бағынады. Яғни, біздің әрқайсымыз табиғаттан алу үшін ғана жаралған жоқпыз, шама-шарқымызға сай оған берешекпіз де.
Ғарыштың алыс бөлігі мен тұңғиық шексіз әлем ішіндегінің бәрі де мүмкін энергия алмасуының осындай бір жүйелі заңына бағынар. Бірақ ондағы период біздің Күн жүйеміздегі периодтан өзгешелеу болуы да ықтимал. Қазірде жақсы таныс биоритмдер сол алыс ғарыштың энергиялық ритмінің бір көрінісі емесіне кім кепілдік бере алмақ? Ғарыш әлеміндегі периодты өзгерістерге сай жер бетінде ондағы тіршілік пен адам өмірінде де әр алуан өзгешеліктердің болып жататыны сөзсіз. Соны жақсы ұғынған көне көздер ұзақ мерзім төсек тартып жатқан кісінің бетінің бері қарауы мен ары кетуін ғарыштық периодтың ішіндегі ерекше сәттер – күздегі құс қайтар кез бен көктемдегі тобылғы гүлдейтін шаққа сәйкестіре қараған ғой.

ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС

Адамның психологиялық көңіл-күйіне, оның жан сезімі мен денсаулығына тек планета пен планетаралық түрлі жиіліктегі толқындар, жасанды электромагниттік сәулелер ғана емес, ырғақты әуендер мен өзара сөйлеген сөздер де әсер етеді. Сонымен бірге олардың жан сезімі мен кісі шабытынан басқа даусына да ықпалы бар.
Көңіл-күйі көтеріңкі, жаны сергек пенденің даусы да сыңғырлап, мөлдір шығады. Ал, шаршап-шалдығып, ұнжырғасы түсіп тұрғанның даусы да тұншығып, сүйкімсіз боп естіледі.
Ғалымдардың жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, жұтқыншақ пен көмейге әсер етер сыртқы факторлармен қатар кісінің өз организмінің күйі мен оның бұлшық еттерінің қозғалысына дейін үлес қосатыны анықталып отыр. Осымен қоса кері байланыстың да іске асып жататыны тіркелген. Мысалы, кісі ән салса немесе сөйлесе оның бүкіл денесі резонансқа (тербеліс барысында жиілік пен жиіліктің дөп келуі) түседі де ауру мүше болса, әрине, ол сау кезіндегідей бұл процеске үлес қоса алмайды. Ондағы резонанс түрі мен дене мүшелерінің өзара байланыстағы өзге де жұмыстарына басқаша әсер береді.
АҚШ ғалымы Батц рок әншілерінің денсаулығын зерттеу барысында олардың организмдегі дыбыстық байланыстарды дұрыс қолдана алмауынан ақырында түгелдей тамақ ауруына шалдығып қана тынбайды, асқазан мен бүйрек, бауыр, т.б. адам ағзасының ең маңызды мүшелерінің сырқатына ұшырайтынын да анықтаған.
Адам денсаулығы үшін өзінен шыққан дауыстармен қоса сырттан естілер ырғақтардың да үлесі зор. Мысалы, Британияның радиохабарлар тарату корпорациясы ағылшын жастарының есту қабілеті барған сайын төмендеп бара жатқаны жайлы дабыл көтеруде. Әсіресе белгілі «Би-би-си» радиостанциясында жұмыс істеуге үміткерлерді қабілетіне қарай іріктеу барысында, соңғы жылдарда жастардың есту қабілетінің өте құлдырап кетуі салдарынан дыбысты жазу техникасы мен дыбыс режиссерларының қызметіне адам таңдап алу қиындыққа соққан. Зерттеушілер бұның себебін рок музыкасына шектен тыс еліктеушілік пен оның қатты дыбысын тікелей құлаққа кигізіп тыңдайтын қалта магнитофондардың кең таралуымен байланыстыруда. Ал, 120-140 децибелдік дыбыс құлақты мүлдем тас керең етуге жеткілікті екен.
Ұлыбританияның тағы бір ғылыми қоғамы адам денсаулығына зиянды әсер етер дыбыстар тізбегін зерттеу барысында, тіпті ашуды әбден қоздыру үшін аса көп нәрсе қажет емесін де тауып отыр. Кісі бар пейілімен бір нәрсеге қарап отырғанда, мысалы, кино көріп отырса, ызасын келтіру үшін целлофанды шықырлатса жеткілікті екен. Ал, әйелдер мен қыздар сыбырласқандағы әсері де жүйкені осыдан кем жұқартпаса керек.
Сан түрлі қару-жарақ полигондарының ошағына айналған қазақ жерінде туылған балалардың акустикалық қабілетін сондай қамқорлықпен тексеріп көрген ғылыми қоғам бар ма екен? Жастардың көрер көзге құлдырап бара жатқан есте сақтау қабілеттерін зерттеп, «өспей жатып өшіп қалмасыншы» деп, қанат астына алатын мекеме қашан пайда болмақ?
Ұзаққа созылған ядролық дүмпулер мен сынақ ракеталары, құлақты жарған реактивті самолеттер дыбысы біздің ағзамызда қандай іздер қалдырды, психикамызға қандай үлес қосты, жасымызды қаншаға ұзартты, кім біледі, оның жайын? Ғылыми мәліметке сүйенсек, сырттан келген дыбысты естіген сайын тамақтың бұлшық еттері еріксіз қозғалысқа түседі. Құлақты жарған бомба дыбыстары тұрмақ, сүйкімсіз дауыспен талғамсыз айтылған әннің өзі орындаушысымен қоса тыңдаушысын да сырқатқа шалдықтырар күшке ие.
Тіршілікте тап болар көңілсіздіктермен қабат имансыздың аузынан шыққан дөрекі сөз, миға біздей қадалар долы әйелдің шәңкілі, қорқор тартқандай үйді басына көтерер қайсыбіреулердің қорылы сияқтының бәрі де жүйкені жұқартуы былай тұрсын, бүйрек пен бауыр, ет-жүректі де білдіртпей жалмайтынның нағыз өзі екені ғылыми дәлелін тауып отыр.
Құлап жатып, сүрінгенге күлгіш, өзінің түйедей кемшілігі тұрса, өзгенің түймедейін дабырлап, қайбір айтқыш адамдар бар. Өзгені мұқату арқылы төбесі көкке жеткендей болғанымен, өмірде денсаулықтан ойсырай ұтыларын білмейді-ау ондайлар. Неге десең, ауыздан шыққан әрбір сөз, ол мейлі жақсы болсын не жаман, дыбыспен бірге кеңістік арқылы энергия тасымалдайды. Жер-ғарыш аралық байланыста рухани дүниесі биік, пейілі таза жандардың аузынан шыққан жақсы тілек қоршаған тіршілік үшін де, жалпы ғарышқа да жағымды болмақ.
Тар пейілді, жаман ниетті пенделерден таралған сүйкімсіз сөздер, ауру қоздырғыш жағымсыз өрістер қорын толтырады. Ол қасында тұрып естіген адам үшін ғана емес, бүкіл қоршаған орта мен сол сөздің иесінің өзіне де зиян. Былғаныш сөздер айтушыға да, тыңдаушыға да сырқат жамайды. Қызғаншақ, дүниеқор пенделер мен өсекке жаны құмарлардың ұйқы безі мен бүйрек-бауыры апатқа алдымен тап болатынын ғылым анықтап отыр.
Аристотель «Зұлымға бәрі де жау көрінер, ол өзге тұрмақ өзіне де сенбейді. Ол ояу кезде де, ұйықтағанда да тыныштық таба алмайды және оның жаны да, тәні де ауыр сырқат азабынан құтылмайды» деген екен.
Сонымен бүгінгінің жандары ішкен су, жұтар ауа, жеген тамақтың улануымен қабат кеңістік ішінің түрлі дыбыстармен ластануынан да зиян шегіп қиналуда. Сол себептен де қоршаған орта үшін мінез-қылық қана емес, әрбір сөздің үлесі барын ескерсек, ойсыз әрекеттердің саны азая түсер еді-ау.

БҰҚАТУР МЕН ТҮЙЕ, ҚАЙ ЖЕРЛІКСІҢДЕР?

Үстідегі жаңа ғасыр басталған жылы біздегі білім жүйесінде жас түлектер мен ата-аналарды қуантқан ерекше жағдай көрініс берді. Соған дейін бірде бір рет болып көрмеген тест тапсырмалар жинағы әр пән бойынша жарыққа шықты. Солардың арасында ішкі құрамы сыртқы бетіндегі атауына сай, аса сауатты түрде даярланғандары баршылық. Сол көркем дүниенің арасында олақ әйелдің қолынан шыққан олпы-солпы киімсымақ секілдісі де бар еді. Біз шыққан тегін іздеп отырған анау асыл тұқымды «бұқа» мен «түйе» дәп осы жинақтың бетіндегі бір тапсырмасы.
Таң қалыстысы сол, бұл «бұқа» мен «түйе» сөздерінің табиғатына сай мал атауы ретінде жазылды ма, әлде жұмырбасты ақыл иесіне тән деп белгіленген нәрселер ме, ол жағы белгісіз. Аталып тұрған «бұқа» мен «түйенің» кіріп алған ортасы – атауы дардай, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсырмалар жинағы. Жалпы түрде пән атаулыны жинастырып, қаз-қатар тізіп, алдыға тартсаңыз, кез-келген кісіні алдымен қызықтыратыны – тарих пәні. Өйткені, тарих дегенің сен туған даланы мекен еткен ел-жұртыңның бастан өткерген шындығы. Тарихты халық жасайды. Ел мен жұрт оны өміршең етеді. Ғасырдан ғасырға өтіп, мыңжылдықтарды артқа қарай жіберген сайын елімен бірге қалыспай адымдайтыны оның бастан өткен тарихы. Сондықтан, ол барша жұртты пән ретінде алдымен қызықтырады.
Адамдар ел басынан өткен тарихынан ғибрат ала жүріп ілгерілейді. Ертеңгі көкжиекке көз салсаңыз, ел тарихымен жеткен даналық сізге сүйеніш болады. Ата тарих аз санды мен көп сандының қай-қайсысына да теңдесі жоқ қымбатты байлық. Ал, енді қанша қадірлі болса да төрт түліктің арасындағы мал атаулыны ата тарихтың кейіпкері ретінде қолдану дегенің болмайтын жағдай. Өйткені, қанша бағып-қағып, қамқорлық жасасаң да малдың ең ұзақ жасайтыны 25 жылға жете ме, жетпей ме, белгісіз. Сондықтан да, бұндай қысқа өмірлік тарихи атау ретінде ешбір халықта қолданбайды. Сонда мынау ел өмірінде бірінші рет жарыққа шыққан «Қазақстан тарихы» бойынша тест тапсырмалар жинағында бұл екі малдың атауы қандай рөлді атқару үшін енгізілген? Бұл жағын тарих атауындағы құндылықты ең алдымен өздері түсіне алмай тұрған жинақ құрастырушылардан сұрау керек.
Олақ әйел тіккен олпы-солпы киім секілді бұл жинақта тест тапсырма деген атауға сай келмейтін сұрақ түрлері өте көп. Соның біреуі «Шыңғысханның немересі Үгедей қашан өлді?» деген сұрақ. Шыңғысханның немересі түгілі өзін «қазақ еді» деп атауға келіспейтін қазіргі біздің ортада Үгедейдің қашан өлгенін білу неге керек? Тізе берсек, ауызға алуға тұрмайтын тест тапсырмалар бұнда жеткілікті. Жалпы түрде тест тапсырма арқылы емтихан өткізу дегеннің басты мақсаты қандай екенін мынау жинақты ұйымдастырғандар білмейтін секілді.
Емтиханның қандай түріне арналған тест тапсырма болса да емтихан тапсырушының ақыл-ой, білім деңгейін жылдам бағалауға арналады. Болашақ маманның ой-өрісі мен логикалық қабілеті қандай деңгейде екенін осы бір қысқа-қысқа сұрақтар арқылы жылдамдата бағалайсың. Тосын тапсырма арқылы талапкердің болашаққа қандай үміт арқалап тұрғанын жылдам анықтайсың. Тест тапсырманың игілігі сол, талапкердің қабілетін әділ түрде жылдам бағалап, уақытты үнемдейсің. Біз сөз етіп отырған анау тест тапсырма жинағы өз болмысы бойынша, бұндай талаптың маңына да жуымайды. Аннан-мыннан көшіріп алып, қоса берген қоқыс сұрақтар көп. «Бұқа» мен «түйені» де бұлар орыс тіліндегі жазбалардан ойсыз көшіріп берген.
Біз бұны сөз қылмай-ақ қояр едік, қазірде оқытылып жатқан «Қазақстан тарихы» пәні көпшілік қызығып оқитындай, жұртшылық сүйсіне қарайтындай мәліметті емес. Тарихи терминдерді танып-білу былай тұрсын, орыс тіліндегі жазбалардан көшіру барысында мәліметтерді ой елегінен өткізу атауымен болмаған. Оқытылып жатқан тарих атауына сай ғибрат алатын емес. Өңшең «басып алу», «тартып алды» деген секілді сүйкімсіздіктен тұрады. Ел-жұрттың мәдениеті, көркемдік әлемі деген ұғым бұнда мүлдем кездеспейді. Тарих шындығы ондай емес қой. Біздің елдікі ғана емес, кез-келген халықтың өзіндік тарихы аса салмақты, ауыз толтырып айтарлықтай бай оқиғалы, өркениеттік жағынан көркем. Ал, енді сол шындықты ашып көру үшін ыждаһатты еңбек керек. Біздің тарих жасырын емес, жазулы тұр. Бірақ соның тілін ұғып, шындығын ашып беретіндей ыждаһатты еңбек керегін ойламай жүрміз.
Бүгінгі біз үйренген нәрсе басқа тілде жазылған дайын мәліметтерді алдыға жайып салып, қазақшалап қою, осындай себептен барып бар-жоғы белгісіз, тамтықсыз тарих пайда болады. Бір кітаптан екінші кітапқа айнымай көшіріліп, қараған кісіні кері тебетін тарихи оқиғалар тізбегі кітаптарда жинақталған. Әуелім, оп-оңай тұрған тарихи атауларды дұрыстап көшіріп, көпшілікке жеткізу жағының өзі соншалықты кемтар. Мысалы, анау асыл тұқымды Бұқа – Бұқатур, түпнұсқа терминде тіпті де бұндай емес қой. Оның атауы Буитур болатын. Көпшіліктің алдында Буитур аталған тұлғаның толық есімі: Бурултаити Аки, Тууураңити – тураңдық Бурултай Аки аталған патша осы болатын. Баяғы өмірдегі Туран патшасы. Өз халқы бұл патшаны Буи Аки атаған. Сырттағылар Буитур деп жүр.
Туранды Буитур Аки басқарған кезде анау Бурултаи теңізі арнасынан асып-тасып жатқан ғаламат бейнедегі екен. Хааарабугази голли арқылы бұл теңізден шыққан кемелер Хазар теңізіне өтіп, одан Каспий арқылы Алау теңізіне дейін баратын. Алау теңізі Каспийдің Шығыс жақ оңтүстік жиегінде болған. Қазақтың Алау батыры басқарған осындағы Алауи елі Алау теңізін жағалай отырыпты. Бүгінде Арал аталып қалған біздегі анау теңіз сонау Буитур акидің кезінде даңқты Бурултай аталған. Бұл теңіздің жағалауға жақын шеттерінің алуан түсті болғаны сонша, Туран елінің жиегіндегісі аппақ тасты, одан шығысқа қарай созылған жиекте қып-қызыл тасты жағалау болса, Амударияның құйылған жерінде сап-сары тасты түбі болған. Уақыт өте келе бұның бәрі өзгеріске ұшырады. Арал дегенің теңіз ортасындағы немесе мұхиттағы құрғақ жердің бөлшегі ғой. Сондықтан да, су қойманы Арал атауға болмайды. Бурултаи теңізінің атауын қайта оралту керек! Теңіздің бітеліп қалған су көздерін ашып, бұны қайтадан шалқытуға болар еді. Қазіргі техниканың мүмкіндігін пайдаланып, ең болмаса бес жердегі көзін бұрғымен аршып беру қиындық туғызбайды. Қайсы нүктелерді бұрғылау керегін дәл анықтау бүгінгі заманда қиын емес. Қазіргі жағдайдағыдай дамба тұрғызу арқылы теңізді сақтаймыз дегенің бос ермек. Әр нәрсенің атқаратын рөліне қарай атауы болады. Сондағы дамбаның рөлі қорғану үшін шыққан. Осындай себептен де теңізге керекті реалды мүмкіндіктерге көңіл аудару қажет.
Сонымен тұрағын біз іздеген асыл тұқымды бұқа Туран даласына тиесілі болса, анау тест тапсырмалардағы «түйе» дегенің кәдімгі Баласағұн аймағымен байланысты. Бүгінгілер тек қана Баласағұн атап жүрген тарихи орын өз болмысы бойынша ерте дүние кезінде префектура болып құрылған көлемді жұрттың ортасындағы қалашық. Қазірде Жапонияға қатысты жиі қолданылатын префектура атауы тарихтың бастау кезінде дәл осы Баласағұн жұртында орнаған. Оны ұйымдастырған қайраткердің ел аузындағы есімі Лут Пайғамбар. Түпнұсқа жазудағы бойынша Лиииууутитити – Лиути. Бұл Бабаның Қасқырбай деген есімі бар. Осындай себептен қайсыбір халықтарда қасқырды «лютый» деп атады. Ал, енді Лут Бабаның ұйымдастырған префектурасының байырғы тілдегі қысқартылған атауы Пэрпалиути. Осы атауды танымсыздық билеген қазіргілер «түйе» деп алып жүр.
Кітап шығару ісіндегі «переплет» дегенді «орысша сөз» деп, қазір біз қашақтаймыз. Ал, енді соның орнына қолданылып жүрген кітап түптеу – переплет жұмысындағы толық мәнділікті бермейді. Кітап өндірісіндегі «переплет» атауының өзі анау Баласағұнда әлем бойынша бірінші қолға алынған кітап шығару ісімен байланысты. Сондағы үлкен жұрттың префектуралық атауын ұрпақтан-ұрпаққа жоғалтпай жеткізу үшін кітап өндірісіндегі «переплет» бүгінге дейін өміршең болып келді. Бұны сол байырғы тілде ашып жазсаңыз, Лут Пайғамбардың есімі көрінеді. Жер бетіндегі бірінші кітап осылайша Баласағұн жерінде шыққан.
Қазіргі біздің тарихтың ешкімді қанағаттандырмайтыны тарихи жазбалардағы терминдердің құнжың күйге ұшырауынан. Егер де терминдерді түпнұсқасы бойынша бұзбай атап, ертеңге жеткізсеңіз, ел-жұрттың бастан өткізген тарихы да, соншалықты мәнді, соншалықты бағалы болып, баршаны қуантар еді. Қазақ баласы тарихи жазбаларды біреулерден көшірмеу керек, өзі зерттеп, термин сырын бүгінгіге ашып бергені жөн. Біздің ортаға дерекнама жетіспейді. Ол түгілі қазіргі қазақ тіліндегі сөздік қордың өзін анау-мынау деп, сыртқа теуіп, құнсыз ету жапатармағай өтіп келді. Сөздің бағасын білмейінше, тарихыңды танып, өткеніңді түгендей алмайсың.

ТЕСІК

Тесік. Бұл – оның ауылдастары сыртынан қойған лақап аты. Қазан революциясынан әлдеқайда көп бұрында қазақ даласын жапа-тармағай жайлаған орыс кедейлері жетіле келе өзінше жасақ құрып, жер-жердегі алыс ауылдың қазақ байларын тонап, байыған да, кулакқа айналған. Қазақ жұртына қастандық жасаудың осындай жасырын түрлері асқындай келе қандай із тастағаны Тесік секілді кейіпкерлерден көрінеді. Бұл кісі біздің кезеңдегі 1954 жылға дейін өмір сүріпті. Шынайы аты – Төңерекбай. Жетісудағы атақты байдың екінші ұлы. Бұл жігіт – 27 жасында қос қабырғасын кулактың мылтық оғына жұлдыртқан кемтар.
Қазақ байларын орыстардың бұлай тонауы жаймашуақты жаз кездерінде өтпеген. Жеке-жеке қыстауда отырған қысқы айлардың ұзақ түндерінде болып жатқан. Содан ол әдет Қазан революциясының алды мен артында өте қарқындапты. 1915-1925 жылдар арасында бүкіл Республика бойынша неше мың отбасы бұндайдың құрбаны болды? Үйлерді тонайтын орыс жасақтарының тастап кеткен гранаталары мен атылған мылтық оқтарынан қанша қазақ жойылғанын ешкім есепке алмаса керек. Оқиғаны бастан өткергендердің артында қалған бірен-саран тұяғы болмаса, бұнымыз қағаз бетінде тіркелмеген жабулы эпизодтар. «Жуас түйе жүндеуге жақсы» кейпіндегі момын қазақтар соның бәрін де мін санамай, ішке жасырған бойы бұл күнге жетті.
Тесіктің өзі сол жылы бөлек қыстауда болған отау иесі. Үлкен үй тұрған әкенің қыстауы бұдан бір шақырымдай қашықтықтағы шағын ауылда. 1917 жылдың қараша айы қалың қарлы боп бәрін қысқан да қыстау аралық жолды да бітеп тастап, тұрғындарды бұйығы тірлікке көшіріпті. Жарым түнде шошып оянып, сыртқа жүгіре шыққан Төңерекбай жоғарғы ауылдың бар иті шабалана үріп, өте жайсыз жағдайдан хабар беріп тұрғанын сезеді. Әйеліне: «Атимнің ауылы тоналды-ау деймін, мен барайын» – деп, тұра жөнелгенде қабырғада сүйеулі тұрған айырды ұстай кетіпті. Қалың қарда малтығып әрең жеткен ол ауылға таяла бере қар үстінде қараңдаған топты көреді. «Бұл қайсың-ей!» деп, дыбыстаған сәтте атылған оқ бұны сұлатыпты. Қайта айырдың сабына тиіп, тайғанай тиген оқ Төңерекбайдың екі қабырғасын ғана жұлған. Әйтпесе, жүрекке дөп тимекші екен.
Бұл ауылдағы байдың үйін ол түні жиырма орыс пен бір батырақ қазақ тонапты. Ауыл-ауылдағы байлардың алыс қыстауына қарай орыстарға жол көрсетуші боп жалданған Нұрпейіс батырақты әлгі үйдің кәрі әжесі танып қойған. Бөлмелердің астаң-кестеңін шығарып, ақша мен алтын іздеген орыстардың жұмысы біткенде, үйдегінің бәрін мылтықпен айдап апарып бір бөлмеге тыққан да, дөңгелене отыруды талап еткен. Содан соң өздері есіктен сыртқа шыға бергенде ең артқы орыс әлгілердің ортасына қарай бір граната лақтырыпты.
– «Нұрпейіс-ау, бұның не, қарағым!» дегенді әже айтып үлгергенше, жарылған граната отырғанның бәрін сұлатқан. Бесіктегі бір сәби байқұс анасының денесімен қалқаланып осколка тиюден сау қалыпты. Қандай деңгейдегі ауыр жарақатты болса да, әлгі бейшара ана одан кейін де екі жыл тірі жатып, бар оқиғаны айтып кеткен. Үйлерді тонаушы орыстардың кесірінен ана мен әкеден бірдей айырылып, тұрдай жетімденген бесіктегі баланың аты Құлтай еді. Сексен жетіге келіп, дүниеден өтті.
Соғыстың батыс жақтағы ең ауыр майданында болған бұл кісіні ардагер ретінде де ешкім бағаламаған қалпы өмірмен қоштасты. Кеңестік дәуірдің бүкіл шындығы да осы кісілердің көз алдында өтіп, қабіріне бірге кетті ғой. Құлтайды кейінде асыраған әжесі сол жолғы басқа қыстауда тұрып, тірі қалған Ақбөпе апамыз. Одан кейінгі оқиғалардың тірі куәсі сол екеуі. Коммунист белсенділер ел ішіндегі жасанды аштықты қолдан қалай ұйымдастырғанын көзімен көріп, бар деталімен бастан өткергендер – осындай жалғыз жарымдар. Әрбір үйдің қора-қопсысын дүркін-дүркін тінтіп жүріп, мал біткенді сыпыра берген белсенділер ауыл ішіндегі әр шаршы метр жерді де жіті тексеріп, астық көмілген ұраларды іздепті. Ұрада сақталған дәндерді түп-түгел қаптап әкеткен. Үйдегі мөшекте тұрған ұн мен арпа, тарының да бір уысын қалдырмай түгел тартып алған. Сойылған малдың етіне дейін қоймай әкеткен. Елдің аштан қырылуы осындай дңгейдегі жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде болатын. Тіске басар ештеңені қалдырмай, үйлердің ішін тазартуы әлгі «аша тұяқ қалмасынмен» қатар өткізілген нәубет екенін бүгінгілер әрине білмейді. Ол кезеңнің де Құлтай секілді өзіндік тірі куәлері ортамызда жүргенін білген зерттеушілер болды ма?
«Керектінің бәрін Кеңестің өзі архивте сақтап кетті» деген сенімдеміз. Соғыс майданының батыс жақ бөлігіндегі ащы шындығы да сол Құлтай секілділердің жүрегінде жасырылған қалпымен қабіріне бірге кетті.
Иә, Құлтай – сонау 1917 жылдың қараша айында өткен қанды оқиғаның сәтінде бесікте жатқан кішкене куәгер ғой. Тесік – Құлтайдың орыстар атып өлтірген әкесінің үлкен ағасы. Сол жолғы оқиғада бұл кісі қос қабырғасын жоғалтып, ауыр жарақаттан бес жыл жатып, үлкен азапты бастан өткерген. Әйтеуір тірі қалып, кейінгі өмірді көрді. Ұзақ-сонар жалғасты жойқын аштықты да бастан өткерісті. Колхоздың шөбін шауып, жоңышқасын орған күшті білекті Тесік жақсы егінші де бола білген. Өле-өлгенше колхоздың сиырын да бақты.
Тесіктің қасында отыруға кісілердің жүйкесі шыдамаған. Жұлынған қос қабырғаның орны бос үңрейіп тұрғанда өкпе мен ішекқарындағы бар дыбысты сыртқа ашық естірткен нағыз микрофон секілді. «Ол кісі қалың киініп, белін буынып алса ғана өкпенің дыбысы тесіктен онша естілмейтін» – дейді, көзін көргендер. Осындай кемтар жанға шөп шаптырып, егін орғызған ол кездегі колхоздың коммунистері қандай иманды деңіз? Бұл кісі өмір сүрген жақтың таулары теңіз деңгейінен өте биікте, үстіне шығатын жалғызаяқ жолдары да тіп-тіке өрге созылған. Бұндай жолмен сиырларды тауға қарай айдау қандай азапты деңіз! Оқыра тигені быт-шыт боп ойға қарай қашып, дара-дара боп жоғалған сиырларды сай-саладан іздеп-табу бұл Тесікке қандай ауыр, десеңізші! Оны көзге елестету қиын. Ал, енді, сол еңбекке төленген ақының мөлшері қандай еді? Ол күндердегі колхозшыларда еңбекақы деген болып көрді ме? Басты мәселе, осындай сұрақпен байланысты. Колхоз атаулыда ешбір колхозшыға қамқорлық болған емес. Еңбекақы дегенді колхозшылар ауызға алмайтын.
Біздің ауылдағы колхозда беделді партия комитеті бар еді. Колхоз басшысымен оның бухгалтер, экономист дегендері жүрді. Ауылдағы жақсы киімді элитасы солар болатын. Тұрмысы бәрінен асқан тамаша жағдайдағы бұл төрттіктен өзге тәуірі: колхоздың зоотехнигі мен мал дәрігері ғана. Колхозшылардың айлық табысы деген ұғым ортада болмаған соң, жалпы халық өте жұпыны тұрмыс кешті. Әйтсе де, бір жақсы игілікті атап өтейік. Әр жылдың қыркүйек айында мал баққан колхозшыларға берілетін 3-4 тонна бидайдың құт-берекесін біз ұмыта алмаймыз. Біреуге екі тонна, біреуге бір тонна бидай берілетін. Колхозшыларға бидай беріп осылайша жарылқау сол кездегі бір жылдық еңбекақының өтемі ретінде ме? Ол жағы біз секілді балаларға белгісіз-тін. Десе де, сол өмірдегі әр отбасыға тиесілі жекеменшік түріне жатар заңды бес қой мен жалғыз сауынды сиырдан өзге «басы артық малдарды» колхоз белсенділері келіп, дүркін-дүркін тиеп әкетуі бала болсақ та ызамызды келтіретін еді. Кейінде бұл он бас қой ұстауға дейін рұқсат берген кеңшілікке ұласты. Колхозшылардан үздіксіз алынатын әлгіндей «басы артық малдар» ары қарай кімдердің игілігіне жұмсаларын тек қана колхоздың белсенділері білетін құпия боп қалды.Тесік пен Құлтай секілділер оларға өз малын санап беруді білгенімен одан арғы ісін аңғаруға ынталанбаған. Жанына үздіксіз батқан ауыр тауқымет бұларды үнемі мылқау боп жүруге үйреткендей.
Ұзақ-сонар көрген аштық зары Құлтай атаның бүкіл бойынан танылатын еді. Тесік нанға тойған күндерді көре алмады. Жамаулы киімнен құтылатындай шаққа жететінімізді ол білмей кетті. Сол атаның ми жүйесінде өшпестей боп қатталғаны баяғы түндегі оқиға. Және де сол кезеңдегі Ұзынағашты басып алған қара шапандылардың қазақтарға жасаған толассыз қастандығы!
«Қазан революциясына дейін өзінің тарихы болмаған ел» бұл қазақтағы Октябрьдің жемістері костюм ішіндегі Тесіктер екенін біз сездік пе?

СОНДАЙ ДА КЕРЕМЕТ БОЛАДЫ ЕКЕН!

Қазақ сахарасындағы өткен өмір мен бүгінгіні ұштастырар тірі куәлар шөлейттегі бұталардай сиреп қалған даланың дана қарттары ғой. Сол асылдың бір сынығы, тоқсанға иек артса да сара көңіл, даңғыл ойды сақтаған Жетісудағы Сансызбай Мақанұлының аузынан мына төмендегі уақиғалар желісін 1991 жылдың жазында хатқа түсіріп едік.
– 1927 жыл. Балаларын оқытпақ болған бірнеше үй Мағзұм молланікін жағалай қонып, Жиренайғыр деген жерде отыр едік, – деп бастады ақсақал әңгімесін. – Күн сайын он бес шақты бала сабақ аламыз. Мағзұм молланың кемпірі де сауатты. Мұхамедкерім мен Әбдікерім деген екі ұлы, реті келсе келіндері мен қызы да мұғалімнің қызметін еркін атқарар білімді жандар. Қараңғы түскенде олар біз сияқты білте шамға сығыраймайды. Уыс күлді, не топырақты сығымдап алып Мағзұм молла бір үрлесе жетіп жатыр, әр баланың алдына қояр бір-бір шырақ даяр боп шығады.
Қозы көгендеген апақ-сапақта жирен атты кісі келіп Мағзұмның үйін сұрады. Атын тер басқанға қарағанда ұзақ жолдан сабылып келе жатқандай. Молданікі мен біздің үй іргелес еді, кісіні атынан түсіріп ертіп бардым. Қонақ есіктен кіре-ақ екі қолын қусырып, басын иіп, молладан кешірім өтінумен болды. «Салып ұрып Тоқпаққа жеткенімде, – деді ол аптығып, – алдымнан үлкен дария пайда болды. Өткел іздеп жағалап ем, жалғызаяқ жолға түстім. Содан ақыры айналып, кейін осы жерге тірегені».
Істің жайы белгілі болды. Бәсе, атын мамаға байлап жатқанымда көзіме соншалықты жылы ұшырап көрінген. Қансорпасы шығып титықтаған жануарды танымай қалыппын ғой. Осыдан үш күн бұрын Мұхамедкерімнің осы жирен атын арқанымен ұры алып кеткен болатын.
Ұрлаған атын иесіне өз аяғымен әкеліп тұрған ұрының мына сиқына бір жағынан күлкім келсе, екінші жағынан жоқ жерден дария жасап, үш жүз шақырымдық сонау Тоқпақтан үнсіз қайырып алған Мұхамедкерімнің сиқырлы күшіне таңдана отырып, іштей үрейлендім де. Осы кезде Мұхамедкерім әкесіне қарап: «Мына қарақшыны есекке айналдырып жіберуге рұқсат етіңізші» деді ұрыға назалана қарап. «Немесе ит қылайын, әлде доңыз етейін бе? Ит болу да бұған артық, ол жеті қазынаның бірі ғой. Ал, доңыз етсем, бір кәпір сойып жеп қоюы мүмкін. Одан да сол есекке айналдырғаным дұрыс шығар». «Қой балам, оның болмайды» деді, Мағзұм жұмсақ үнмен. «Мінін түсініп, алдыңа өзі келіп тұрған пендеге зиян жасап қайтесің, обал болады». Мені сол сәтте шешем шақырып әкетті…
Бүкіл бала жиналып, түні бойы қой күзетеміз. Ақсүйек, соқыр теке, алтыбақан ойнап, қызықпен жүріп таңның атқанын сезбеуші едік. Бүгін де күндегі әдетпен ел орынға отыра кезекті қызметке кірістік. Ойын қызып, жасырынғандарды іздеп жүргенде қора сыртындағы жаңа «қарақшыға» көзім түсті. Бұрын барлығы төртеу еді, бүгін бесіншісі пайда болыпты. Ешкімге білдірместен бесінші қарақшы тұрған жаққа анда-санда ұрлана көз тігемін. Реті келгенде екі баламен бірге жақындап барып қараңғыда аңғарғаным, қолдарын екі жаққа созып, бүкірейіп, аяқтары талтайып, бет-аузы желкесіне қарап қалған бірдеме. Тағы бір ойынды өткізіп келіп тақала түсіп үңілсем, сұмдық-ай, еш қимылсыз сол күйінде қатып қалған бағанағы ұры. Бүкіл денем мұздап кетті.
Жасым жиырмада, ақыл тоқтатқан жігітпін. Топтан сытылып шығып, үйдегі шешеме келіп бар жайды айтып едім, «Қап, ел көрсе ертең Мағзұм туралы не ойлайды? Ұры болса да алдына келген соң кешіре салмай, Мұхамедкерімнің ол ісі сөкеттеу болған екен» деп, әкем екеуінің мазасы кетті. «Қой, мен бұны Мағзұмға айтайын. Таң атып, біреу-міреу көріп қалмай тұрғанда ол жерден алып кетсін» деді де, шешем киіне бастады.
Күзетшілер үйді-үйіне таң ағара тарасатын. Біреудің бастаған қызық әңгімесін қия алмай иіріліп тұрғанда біздің үй жаққа қарай тоңқаңдап бара жатқан төрт аяқты нәрсеге көзім түсті. Іштей бұл қандай мал деп аңырып біраз тұрдым. Қой ма десем, қойға ұқсамайды. өгізше дейін десем, оған келмейді. Жер де анық жарықтанбаған, алакөбең кез еді. Әлгі Мағзұмның үйіне таялып барды да тікесінен тік тұрды. Кісі! «Жүрісі күмәнді бұл неғылған жан?» деп, одан көз алмаған бойы мен де солай қарай аяңдадым. Ол есікке бармай бетін батыс жаққа бұрып сәл тұрды да, жаңа аяқтанған боташа икемсіз қимылмен ілгері аттады. Жүрісіне қарасаң сор батпақты кешіп бара жатқандай-ақ, аяқтарын әрең көтереді. Қолдары да салбырап, денесіне бағынусыз қалғандай. Мен жақындап қалғанда осы арадан тезірек құтылайыншы деген жанның кейпінше алдыға қарай ұмтыла түсті. «Мынаның дені сау ма?» деген оймен қой қора жаққа бұрылсам бесінші қарақшы орнында жоқ екен.
Келер жылы байларды тәркілеп бітіп, үкімет молда-қожаның соңына түсті. «Тұрымтай тұсына, балапан басына» болған аласапыранда кімнің қайда кеткені белгісіз, әйтеуір Алматының абақтысы лық толды. 1930 жылы жазықсыздан жазықсыз мен де тұтқынға түстім. Біз Мақыш батыр екеуміз екі шешен жігітімен бір камерада болдық.
Камера ішінде бар болғаны төрт орындық, оның әрқайсысын айнала істік темірлер қоршаған. Ұйқы қысқанда қалғып кетсең құрығаның, қисайған жағыңнан істіктер кірш ете қалады. Кеудемізге киім кидірмей әдейі жалаңаш ұстайды. Жарадан сау жер жоқ. Сұраққа апарып келгеннен өзге уақыттың бәрінде күні-түні сол орындықта отырғаның.
Күндік асың 200 грамм жылы су мен 200 грамм қара нан. Мені қойшы, жасым сонда бар болғаны 23-те ғана. Бәрінен де төрінен көрі жақын болған 50-60 жастағы қараңғы қара шаруа қарттарды айтсаңшы. Сақалдары қаудиып, бейшаралар сонша қорлауға түсердей не жазығы бар еді?
Сол кезеңде бүкіл еркек біткенді кәрі-жасына қарамай, көгендеп апарып «колхоз болуға қарсы» деген лақаппен жақсылап бір жасқап алу мақсат болған да сияқты. Бір күні сұраққа алып кеткен жерінен Мақыш ақын оралмады. Ертесіне жауаптан келе жатып Мақыштың қара шапанын танып, сәкіде серейіп жатқанның бетін ашсам сол екен. Шүйдесі күп боп ісіп кетіпті.
«Қайран азамат-ай! Қаншамызды сенің артыңнан жіберер екен?» деп, іштей күңірендім. Қазақтың астанасы сияқты Жамбыл ауданының орталығы да Кеңестің тұсында үш рет орын ауыстырды емес пе?! Жандосов байларды тәркілеуге келгенде Қарақыстақты орталық жасап, артынан Ұзынқарғалыға көшірілді. 1930 жылы Мақыш сондағы атқару комитетінде қызметте тұрған жерінен қамауға алынды. Жиырма күн өткенде жасы елу бестен асқандарды босатты. Мақыш сонда 55-56 шамасында еді-ау. «Құдай пендем десең, мені абақтының есігінен сыртқа шығарып ал» деп, 65 жастағы Ноғайбай жылап жүріп арманына жетті. Үйіне келгенде табалдырықтан аттай бере жантәсілім болыпты.
Ақыры Мақыш жайлы сөз қозғап қалған екем, оның ержүректігін танытқан көп уақиғаның бірін қоса айта кетпесем болмас. Бұны уақиғаға куә болған нағашымның аузынан естіген едім. Ертеректе бір топ серіктерімен Мақыш Іленің арғы жағына жолаушылап барыпты. Қонар жерді тапқанша қараңғы түсіп, оған қоса найзағай ойнап, нөсер құйып кетеді. Айдалада пана болар бұта жоқ, әйтеуір бір ауылға тап болармыз деген үмітпен тоқталмай жүріп отырса, жолда молалар кезіккен. Аттарын тебініп, тұсынан өте бере найзағай жарқ етіп, эха-ха деген дыбыс шыққандай болады сол арада. Осы сәтте Мақыш тізгінді тежеп, құлақ түріп тоқтап қалады да, оған мән бермеген өзгелері өте шығады. Найзағай іле тағы бір жарқ еткенде әлгі дыбыс қайта естіледі. Қатарында тұрып қалған балаға Мақыш тізгінді ұстата салып айбалтасын белге қыстырып, найзасын қолына алып, «Ана жерде не болып жатқанын көріп келейінші, сен осында тұра тұр» деп, қорғанның ішіне кіріп кеткен.
Дыбыстың дәл қай маңнан шыққанын жобалап, аңди басып келе жатқанда найзағай жарығында тікесінен тік тұрған қабырғадағы аппақ нәрсенің алдында қап-қара бірдеме қорбаңдағандай боп, Мақыш әлгі дыбысты дәл қасынан естіп тұрып қалады. Содан көзге түртсе білінбес қараңғыда тәуекелге бел буған батыр қорбаңдаған бәленің тұсын нобайлап келіп айбалтаны сілтейді ғой. Бірдеме жан түршігерлік дыбыспен өкіріп, бұған тап бергенде найзаны тірейді алдына. Ауыр дене найзаны ала құлайды.
Жаңбыр суымен қосылып көзге құйылған терді жеңімен сүйкеп сап Мақыш мола арасынан сыртқа шықса ешкім жоқ. Ілгері жүріп дыбыс берсе жауап болмайды. Жапан далада жалғыз қалған ол атының өзін қалдырмай ұстатып кеткеніне өкініп, сол араға түнеуден өзге амал таппайды. Шеттеу тұрған төрт құлақтың ішіне кіріп, шекпенін шешіп, суын сыққан соң арқаға жамылып, қабырғаға сүйеніп, мүлгіп отырса, сырттан біреу: «Мақышты өлтіргендер, шығыңдар бері!» дейді.
Жуан дауыс қайта естілгенде иесінің кім екенін дәл таныған Мақыш үрей туғызар үн шығарып, сынап көрмекке оқталып барып, қайда тұрғанын еске алғанда райынан қайтқан. Орнынан үнсіз көтеріліп, сыртқа шықса аналар шоқпарларын шошайтып жекпе-жекке дайын тұр дейді. Сөйтсе суыт жүріспен ұзап кеткен жолдастары бала далбақтап арттан жеткенде Мақыштың аты бар да өзі жоғын көріп, тізгінді сонда ғана тежеген екен. Үрейден тілі күрмеліп қалған бала жарытып не айтсын? Мүрде арасында тығылып жатқан қарақшылардың қармағына түскен ғой деген ойға қалдырады. Енді таңды күтсе, қарақшылардың ізін таппасын ойлап, Мақыштың кегін суытпай қайтаруға бет алғандары сол екен.
Таң атып, жер беті жарықтанғанда көрден шығарып қойған жас әйелдің мәйітінің жанында кеудесіне найза қадалған қоңыр аюдың сұлап жатқанын көреді. Мақыштың сілтеген балтасы жауырынды қаққа бөліпті. Көз ұшындағы қырқада жүрген кісіні қол бұлғап шақырып, жөн сұраса сол қырқаның арғы бетінде отырған сайдың ауылының малшысы екен бұл. Ертіп әкеліп аюды көрсеткенде, осыдан бір күн бұрын жерленген қыздың мүрдесін тауып, кісі хабарды ауылына жеткізеді.
Жас мүрделердің ашылып, жоғалуы кейінгі жылдары жиілеп кеткенімен ешкімнің батылы жетіп себебін әлі іздестіре қоймаса керек. Ендігі кезек байдың жалғыз қызына келгенде найзағай жарқылы мен оның сұлулығын қызықтап мәз болған аю бірден бас салмай, ойынға айналдырып тұрғанда Мақыш тап болған. Ат үстінде тұрып-ақ батыр оның дыбысын танып түссе керек қой. Мәйітті қайта жерлеп, одан соң Мақыштарды неше күн қонақ етіп, көптеген таралғы-тартумен алдына мал айдатып шығарып салады. Еліне келген соң Мақыш ол малдың бәрін түгел қырық үйлі кедейге бөліп берген.
Мінеки, сондай ақ көңіл де, батыр жанды жазықсыздан жазықсыз абақтыда өлтіріп тастады. Бір Мақыш па, халқым деген батыл жүректінің қаншауы сұраусыз кетті, іздеусіз қалды сұрапыл заманда? Жұртты жаппай жазалаудың науқаны Кеңес елінде 1937 жылға телініп жүргенімен қазақ үшін ол сонау 1916 мен 1928-1930 жылдарда-ақ қарқындап басталған болатын. Содан атақты отыз жетіге жеткенге дейін талайдың қылша мойны қырқылып үлгермеп пе еді?
Ешбір кінәм болмаса да мені екі жыл ұстады. Босанып шыққан соң Алматыдағы кірпіш зауытына орналасып, бір күні кешке қарай ауылдас кісінің үйіне бардым. Ас алдымызға енді келгенде қаңтардың бір қап аязын алып, есіктен қаба сақал біреу кірді. Әлгінің түрі қызық, екі көзі екі жаққа қараған, аузы мен мұрны да жетіспепті. Бірі батысқа, екіншісі шығысқа бұра тартып тұр. Бетіне көз тоқтатуға кісінің дәті шыдай алатын емес. Аман-саулықтан соң үй иесі оған: «Бұл өзіміздің ауылдағы Сансызбай ғой» деді мені меңзеп. Қисық бет іле: «Ее, солай ма?» деп жымиғанда бет-аузы мүлдем басқа боп өзгере қалып, дем сәтте біздің бұрынғы көрші Мұхамедкерім пайда болғаны. Бірақ одан гөрі жүдеулеу екен.
Екеуміз қайта амандастық. «Мені көргеніңді ешкімге айтпа» деді ол. «Сиқырлы күштің» кереметі-ай!» деп ойладым мен сонда. Баяғыда қол-аяғы балғадай ұры жігітті қисық-қыңыр қарақшы етіп қораның шетінде таңға дейін қақитып қойғаны анау. Егер әкесі араласпағанда оның сол күйінде қанша тұрарын кім білсін, әуелі есекке айналдырып жіберер ме еді? Енді міне, өз түрін өзі кісі танымас күйге түсіріп алыпты.
«Халықтың басына бәле төніп келеді. Бұл жерден көшіп кетейік» дегенді 1925-1926 жылдарда неше рет айтып, әкесін иландыра алмаған соң ақыры сол 1927 жылы бір малын сойып, елден бата алып, ат арбаға азғана төсеніші мен екі қап кітабын тиеп, кішкене қызы мен әйелін отырғызды да қалаға тартып кеткен. Сөйтсек, ол үлкен зобалаңның келе жатқанын терең ілімнің арқасында алдын ала сезіпті ғой.

Алдыңғы «
Келесі »

Пікір қалдыру

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды.