Шетел тілін үйретудегі рөлдік ойындардың тиімді жолдары

  • 10.12.2012
  • 12119 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушы­сының алдына қойған мақсаты тіл үренушілерді шет тілінде сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды басты міндет деп біледі. Осындай әдістердің ішінде коммуникативтілік әдісті алға қоюға болатыны сөзсіз. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын арттыру, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту – өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, олардың шығармашылық қабілетіне жол ашу.
Шетел тілін оқытудың ұтымды әдістерін қолдану нақ бір ғана технологияны бастан-аяқ қол деп түсінген дұрыс емес. Әр технология­ны немесе сол технологияның қандай да бір элементтерін сабақ барысында қандай да бір сатыда тиімді қолдану, жандандыру нәтижеге жеткізеді.
Жұптық жұмыстың да шетел тілін үйретудегі алатын орны ерекше. Балалар белгілі бір тақырып бойынша диалог құра отырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады.
Топпен жұмыс оқушылардың бойында жауаптылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыта отырып, оқушыларды өзара көмек­ке, бірлесе ізденуге дағдыландырады.
Оқытудың ұтымды әдістері оқушылардың шетел тілін оқуға қызығушылығын, сауат­тылығын арттыруға, ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға, сөздік қорын байытып қана қоймай, баланың бойындағы мақсаткерлік, дербестік, адамгершілік, белсенділік, тағы басқа да жақсы қасиеттерді дамытатыны сөзсіз.
Бұл әдіс бойынша оқытудың мақсаты – сөйлесу, сөйлету. Сөйлеу бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырылуы қажет. Міне, бұл – коммуникативтілік әдістің негізгі міндеттерінің бірі. Ал, қарым-қатынас мақсаты – өзара қарым-қатынас жасаумен байланысты міндеттерді шешу.
Ойын – ойнатудың әдістемелік мәні және жағымды эмоция сыйлаушы құрал. Ойын ойнату аяқ астынан болғандықтан, ойламаған жерден ойынға кірісу қызығушылықты тудырады. Ойын ойнау барысында оқушы ешбір бүкпесіз, бар жан-тәнімен ойынға кірісіп кетеді де, белсенділік пайда болады, үйренушілер лидерлік танытады. Тілді үйренгісі келмейтін адамның өзі ойын ойнаған кезде, оны ұмытып кетеді. Ойын қатысымдықты қалыптастыратын әдіс болғандықтан, ол оқытудың ешбір әдіс-тәсілімен салыстыруға келмейді. Шет тілі сабағын ойын арқылы оқыту барысында үренушілердің пәнге деген көзқарасы өзгеріп, өзге және өзінің досын басқаша көруге мүмкіндік туады. Ойынды қолдану оқу үрдісінің басқа шақтарына да жақсы әсер етеді.
Рөлдік ойынның мәні:
а) тіл үйренушінің сол тіл арқылы қатынас жасауына деген қызығушылығын арттырады;
ә) ойын барысында тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады;
б) тіл үйренушінің шет тілі пәні бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады.
Рөлдік ойындар студенттердің болашақ маман­дығының ерекшелігімен толығырақ танысуға да септігін тигізеді. Зерттеушілердің пікірінше, «рөлдік ойын, оның табысы көп жағдайда оқытушыға байланысты. Ол мұғалімнің ұйымдастыру және өткізу қабілеттеріне қатысты».
Рөлдік ойындарда міндетті түрде тіл үйрену­шілердің өзара әлеуметтік рөлдік қатынас­тары қалыптасады. Рөлдік ойын сөйлеу мәдениетін дамытуға да өз септігін тигізері анық. Ол болашақ маманның өзін-өзі ұстай білу қабілетін, мамандыққа қатысты терминдерді қолдана білу деңгейін дамытады.
Сөйтіп, ойын – сауатты сөйлеу, дұрыс тыңдап, түсіну деңгейлерін жоғарылататын, қатысымдыққа жетелейтін құралдың бірі болып табылады. Ол – үйренушілерді шет тілінде сөйлету құралы. Сабақ сөйлеу әрекетіне негізделуі керек. Шет тілі сабағында ойын ойнату және шет тілі пәнінің басты мақсаты – ойын арқылы шет тілінде сөйлету негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Ойынның кұрылымын оқу әрекетіне салғанда оқу үрдісін мақсатты қатысым үрдісіне айналдыруға болады. Мәселен, үйренушілерге бірдей екі нәрсені, не болмаса суретті көрсетіп, осы екі нәрсенің арасындағы айырмашылықтарды атап беріңіз деген кезде, олар оны оқу үрдісінің мақсаты деп қабылдамайды. Ол тіл сөйлету мақсатына жету құралы болып табылады. Сөз соңында айтарымыз, кез-келген тақырыпқа сабақта рөлдік ойындар ойнатудың тиімді екені анық.

Индира Изембаева
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кукушин В.С. «Современные педагогические технологии». Ростов, 2003 г.
2. Сущенко С.А. «Социальная психология». Ростов, 2005 г

Алдыңғы «
Келесі »