Қаңтар – 2013 жыл – Жылан жылы

  • 10.12.2012
  • 9918 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мерейтойлар

01 – Кеңес Одағының Батыры, 8-гвар­дия­лық атқыштар дивизиясының командирі И. В. Панфиловтың туғанына 120 жыл (1893-1941).
– Қазақстанның Халық әртісі, драматург Бикен Римо­ваның туғанына 90 жыл (1923-2000).
– Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Аққағаз Мәмбе­тованың туғанына 90 жыл (1923-2004).
– Қазақтың әйгілі әншісі, Халық қаһар­маны Роза Бағ­ла­нованың туға­нына 85 жыл (1922-2010).
– Жазушы, тіл білімінің маманы Әбділ­ха­мит Нарым­бетовтың туғанына 85 жыл.
– Социалистік Еңбек Ері, Қазақ­станның ең­бек сіңірген зоотехнигі Шайх­слам Мусин­нің туғанына 80 жыл (1933-2004).
– Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың ту­­ға­нына 75 жыл (1937-2008).
– Жазушы Әмзе Қалмырзаев 60 жас­та.
02- Қазақтың танымал сахна шебері Шол­пан Жандар­бекованың туғанына 85 жыл.
– Селекционер-ғалым Аман Шо­таев 70 жаста.
04 – Қазақстанның халық әртісі Әсия Абы­лаева 75 жас­та.
10 – Атақты дирижер Фуат Мансуров 85 жас­та.
17 – Ақын Нұрхан Жанаев 80 жаста.
28 – «Алаш» партиясын ұйым­­дас­тыру­шылардың бірі, ақын, публицист, ғалым Ахмет Байт­ұрсынұлының туғанына 140 жыл (1873-1937).
Биыл…
– Абылай ханның туға­нына 300 жыл (1713-1781).
– Ақын, сазгер Ақан сері­нің (Ақжігіт Қорамсаұлы) туға­ны­­на 170 жыл (1843-1913).
– Қазақ батыры, Арыстанбай Айбасұлының туғанына 320 жыл (1693-1748).
– Ақын, ағартушы Арғынбек Алашбайұлының туғанына 130 ­жыл (1883-1946).
– Ақын, әнші, күйші Жалғас­бай Аралбаевтың туға­нына 120 жыл (1893-1979).
– Қазақстанның халық ақы­ны Нұрхан Ахмет­бековтың ту­ға­нына 110 жыл (1903-1964)
– Тарихшы-шежіреші, 18 жыл Хиуа ханы болған Әбілға­зы Баһа­дүр ханның туғанына 410 жыл (1603 – 1664).
– Кіші жүз ханы Әбіл­хайыр­дың туғанына 330 жыл (1693-1748).
– Қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы Отыншы Әлжановтың туға­нына 140 жыл (1873-1918).
– Мемлекет қайраткері, Қазақ кеңестік автономиясын құруға бел­сене қатысқан Әлиасқар Әлі­бе­ковтың туғанына 120 жыл (1893-1937).
– Атақты әнші, сазгер Әміре Қашаубаевтың туғанына 125 жыл (1888 – 1934).
– Айтыс ақыны Сапарғали Әлім­бетовтың туғанына 125 жыл (1888-1956).
– Алаш қозғалысының қай­рат­кері Есім Байғаскиннің ту­ға­нына 120 жыл (1893-1937).
– Ақын, шежіреші Байкөкше Бал­ғынбайұлының туғанына 200 жыл (1813-1892).
– Батыр Барақ Сатыбал­дыұлы­ның туғанына 270 жыл (1743-1840).
– Би, күйші Бейсенбі Дөнен­бай­ұлының туғанына 210 жыл (1803 – 1872).
– Батыр Барлыбай Тауасар­ұлы­ның туғанына 260 жыл (1753-1822).
– Би Бекбауыл Тегенұлының ту­ғанына 225 жыл (1788-1874).
– Қоғам қайраткері, публи­цист Мұхамед-Мақсұт Хами­доллаұлы Бек­­метовтың туға­ны­на 130 жыл (1883-1912).
– Би, мәмілегер Бөкен Қоса­лыұлы­ның туғанына 350 жыл (1663 – 1756).
– Алаш қайраткері, журналист Қайратдин Болғанбаевтың туғанына 120 жыл (1893-1937).
– Күйші, сазгер Дәуітбай Тау­дан­бекұлының туғанына 140 жыл (1873-1937).
– Бұқар жыраудың туғанына 340 жыл (1693-1787).
– Ақын Есентай Сасанұлының туғанына 170 жыл (1843-1925).
– Қоғам қайраткері, журналист Сара Есованың туғанына 110 жыл (1903 – 1984).
– Қоғам қайраткері Тел Жаман­мұрыновтың туғанына 125 жыл (1888-1938).
– Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным Сарғалдаққызы Абылай келінінің туғанына 230 жыл (1783-1853).

МЕРЕКЕЛЕР МЕН АТАУЛЫ КҮНДЕР
1-2 – Жаңа жыл мерекесі.
1 – Бейбітшілік күні. Рим Папасы Павел VI жариялаған. 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы аталмыш мерекені ресми жариялады.
7 – Христиандардың Рождество мерекесі.
15 – Діндердің дүниежүзілік күні БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
21 – Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады.
26 – Кеденшілердің халықаралық күні. 1983 жылдан бастап атап өтіледі.
27 – Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылы қаңтардың 27-де Освенцим концлагері тұтқындары азат етілген бұл күнді бірқатар елдер атап өтеді.
28 – Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Дели декларациясы негізінде атап өтіледі.
Оқиғалар
09 – Осыдан 20 жыл бұрын (1993ж.) Қазақстан Президентінің Ресейде, Франция­да, Германияда, Иранда, Бе­ла­русте, Грузияда, Қырғызстанда, Мол­­довода, Өзбекстанда, Украинада, Түрік­менстанда өкілетті өкіл­діктер (елшіліктер) ашу туралы Жарлығы жа­рияланды.
13 – Осыдан 20 жыл бұрын (1993ж.) «Қазақ­стан Республикасының мем­лекеттік шекарасы туралы» Заң қа­был­данды.
14 – Осыдан 20 жыл бұрын Бей­жінде Қазақ­стан Республикасы мен ҚХР арасында азаматтық және қыл­мыс­тық істер бойынша құқықтық кө­мек туралы шартқа қол қойылды.
15 – Осыдан 75 жыл бұрын (1938 ж.) Павлодар, Гурьев, Қызылорда облыстары құрылды.
17 – Осыдан 85 жыл бұрын (1928 ж.) Ақмола округі құрылып, оның құрамына Ақмола, Павлодар және Семей губернияларының 15 ауданы енді.
19 – Осыдан 20 жыл бұрын Қа­зақ­стан мен Армения арасында өзара қатынас негіздері туралы шартқа қол қойылды.
21 – Осыдан 80 жыл бұрын (1933 ж.) ВКП (б) Ортаалық комитеті Ф.И. Голощекинді Қазақстан өл­ке­лік коми­тетінің бірінші хатшысы мін­детінен босатты.
22 – Осыдан 20 жыл бұрын (1993 ж.) ҚР Прези­дентінің жарлығымен ҚҒА-сы Қазақстан ҰҒА-на айнал­дырылып, оған ең жоғарғы ғылыми мекемесі мәртебесі берілді. Бірақ кейін­­­­нен қоғамдық ұйымдар қата­ры­на жат­қызылды.
28 – Осыдан 20 жыл бұрын (1993 ж.) Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
29 – Осыдан 60 жыл бұрын (1963 ж.) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төр­ал­қасының Оңтүстік Қазақстан өл­ке­сінің бір бөлігін Өзбек КСР-нің құ­­ра­мына беру туралы» Жарлығы жарияланды. Соның салдарынан Өз­бек­станға Киров, Мақтаарал аудандары мен Қызыл­құм аудандарының ішінара бөліктері, Қызылорда облы­сының бұрын Өзбек КСР-і ұзақ мер­зімге пайдаланып келген 1 150 мың гектар жері, барлығы 3 мил­лион 500 мың гектар жерінен айырылды. Бұл кезде Қазақстанды И. Юсупов бас­қарып тұрған еді. Осыншама жер КПСС билігіне Л. И. Бреж­нев келіп, Д.А. Қонаев Қазақ­стан бас­шы­лығы­на қайта оралғаннан кейін ғана қай­тарылды.

Алдыңғы «
Келесі »